Қазақстан Республикасының Экономикалық



бет1/4
Дата18.03.2017
өлшемі1,19 Mb.
#11692
  1   2   3   4







№ исх: 15-1/254-вн/и от: 27.01.2016



жоба

Қазақстан Республикасының

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіні орындауы туралы екінші кезеңдік баяндама
1. Әдіснама

1. Осы Қазақстан Республикасының Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіні орындауы туралы екінші кезеңдік баяндама (бұдан әрі – баяндама) Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 16 және 17-баптарына сәйкес ұсынылады.

2. Шолуда Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитеттің 2010 жылғы 3-21 мамырдағы 44-сессиясында берілген қорытынды ескертпелерде ұсынылған ұсынымдарды іске асыру нәтижелері баяндалған.

3. Талдау кезінде мемлекеттік органдар қабылдаған ресми құжаттар, статистикалық деректер, мақалалар, баяндамалар және ресми көздерден алынған өзге де ақпараттық-талдамалық материалдар, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтық ұйымдардың сайттары пайдаланылды.

4. Баяндаманы дайындау барысында мемлекеттік органдардың, БҰҰ Даму Бағдарламасының (бұдан әрі – БҰҰДБ), үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдерінің қатысуымен талқылаулар өткізілді.

1-қосымшада Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері көрсетілген.

2. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитеттің 44-сессиясында берілген ұсынымдар бойынша баяндама

Ұсыным 7-тармақ

5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2-бабының 3-бөлігіне, Азаматтық іс жүргізу кодекстің 3-бабының 3-бөлігіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 1-бабының 4-бөлігіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 3-бабының 8-бөлігіне және 1-бабының 3-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар көрсетілген кодекстер алдында басым болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа тікелей қолданылады.

6. Адам құқықтары саласында ратификацияланған халықаралық шарттар нормаларының дұрыс және бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Жоғарғы Соты «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» 2008 жылғы 10 шілдедегі нормативтік қаулыны қабылдады, бұл да халықаралық шарттарды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

7. Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Сот төрелігі институты аясында халықаралық актілерді, оның ішінде Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіні зерттеу сабақтарының тақырыптары көзделген.

8. Статистикалық есептерде республика соттары қарастырған, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіге сілтемелері бар істерді жеке есепке алу көзделген.

9. Сот жұмысының қағидаттары қолданыстағы заңнаманың нормаларын мүлтіксіз қолдануға, сот төрелігін іске асыру мәселелеріне қатысты халықаралық шарттардың нормаларын сақтауға негізделетінін атап өту қажет. Халықаралық шарттардың барлық ережелері ұлттық заңнамаға енгізілгендіктен, судьялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сүйенген жағдайда да халықаралық шарттарды қолданады.

10. Сот төрелігін іске асырған кезде қолданылатын халықаралық шарттарға, оның ішінде Пактіге сілтемелерді сот шешімдеріне енгізу мәселесі бойынша жұмыс жалғасуда.

Ұсыным 8-тармақ

11. Адам құқықтары туралы хабардарлықты арттыру мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (бұдан әрі – Уәкіл) сайты жұмыс істейді, Уәкілдің бюллетені, ақпараттық жадынамалары тұрақты негізде шығарылады. Омбудсмен қызметі ашық және БАҚ-та кеңінен жарияланады. Адам құқықтары, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени құқықтары саласындағы ақпараттық материалдарды Уәкіл мекемесінің қызметкерлері өңірлердегі әлеуметтік, білім беру, балалар, пенитенциарлық мекемелерге барғанда таратады.

12. Уәкіл қызметі туралы жыл сайынғы есепте лауазымды адамдарға жолданған барлық өтініштер мен ұсыныстар көрініс табады.

13. Ұлттық құқық қорғау мекемелері (Уәкіл және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия) халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық аясында мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғамның өкілдері үшін адам құқықтары саласында оқытушы семинар-тренингтер өткізеді.

14. Сонымен қатар, келіп түсетін шағымдарды қараған кезде, азаматтарды жеке қабылдау барысында Уәкіл мекемесінің қызметкерлері азаматтарға олардың құқықтарын, құқықтарды қорғау әдістерін түсіндіреді. 2010-2014 жылдар ішінде Омбудсмен атына азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын бұзу туралы барлығы 2 233 өтініш келіп түсті, Уәкіл мекемесінің қызметкерлері Қазақ саңыраулар, соқырлар қоғамының 96 медициналық-әлеуметтік, балалар ұйымдарына, оқу-өндірістік кәсіпорындарына мониторинг жүргізу мақсатымен барды. 2010-2014 жылдарға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына азаматтардың құқықтарын бұзу туралы келіп түскен өтініштер жөніндегі анық ақпарат 3-қосымшада көрсетілген.

15. Қазақстан халқының негізгі құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету және қорғау жөнінде мемлекет қолданатын шаралар туралы ақпараттандыру бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде республикалық және өңірлік БАҚ-та 1669 материал жазылды. Оның ішінде телеарналарда – 93 сюжет, баспа БАҚ-та – 255 мақала, интернет-ресурстарда – 424 жарияланым, өңірлік БАҚ-та – 897 материал.

16. Аудиторияны ақпараттық жұмыспен барынша толық қамту мақсатында мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес БАҚ-тардан басқа 13 тілдегі 32 этнос газеті және 11 тілдегі журнал қосылды. Бұдан басқа, телеарналарға бағдарламалар 7 тілде, радиоға бағдарламалар 8 тілде шығады.

Ұсыным 9-тармақ

17. Адам құқықтары саласындағы оқушылардың білімі, олардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары 9-11 сыныптарда 34 сағат көлеміндегі «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін, 5-9 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасын оқу барысында қалыптасады. Осылайша, 7-9 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәнінің шеңберінде «Адам және қоғам» бөлімі оқытылады.

18. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 285 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдени деңгейін арттыру жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған кешенді жоспарда сот жүйесі қызметкерлерінің және балалармен жұмыс істейтін мамандардың хабардарлық деңгейін арттыру көзделген. Бұдан басқа, Үкіметтің 2008 жылғы 29 қарашадағы №1116 қаулысымен бекітілген «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама» іске асырылды.

19. Аталған құжаттарға сәйкес құқық қорғау органдары мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларында да құқықтық мәселелерді, Конвенцияларды оқыту көзделген.

20. ІІМ жоғары оқу орындарында (Алматы және Қарағанды академиялары, ІІМ ҚАЖК академиясы, Ақтөбе заң институты) «ІІО адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі қызметі» пәні оқытылады.

21. ІІМ және ІІД оқу орталықтарындағы сабақтарда адам құқықтары саласында ҚР ратификациялаған халықаралық Конвенцияларды және шарттарды зерделеу жүргізіледі.

22. Халықтың полицияға деген сенім дәрежесін арттыру мақсатындағы жұмыс жалғастырылуда, 2014 жылдың басынан бастап ІІМ барлық елге арналған 1402 бірыңғай хабарласу нөмірі бар бірыңғай сенім телефоны (Call-орталық) жұмыс істейді. Енді әр азамат Қазақстанның кез келген жерінен «сенім телефонына» тегін қоңырау шалып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық және басқа да бұзушылық фактілері туралы хабарлай алады.

23. Осы шара полиция қызметкерлерінің адам құқықтарын кемсітуге жол бермеу жөніндегі әрі қарайғы әрекеттеріне тиімді әсер етеді.

Ұсыным 10-тармақ

24. 2012 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (бұдан әрі - АҚУ) Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің халықаралық үйлестіру комитетінде «В» мәртебесін алды.

25. АҚУ қызметі мынадай бірқатар Париж қағидаттарына сәйкес келетінін атап өту қажет:

- АҚУ-ды Парламент Палаталарымен келісім бойынша Президент бекітеді. Басшылыққа алынатын құжатта Уәкілді лауазымынан босату негіздерінің түпкілікті тізбесі келтірілген.

- АҚУ лауазымды адамдардан адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты кез келген ақпаратты сұрату, мониторинг жүргізу мақсатында мекемелерге, оның ішінде жабық мекемелерге бару, үлкен қоғамдық маңызы бар жағдайларда Президентке, Парламентке және Үкіметке жүгіну құзыреті берілген.

- АҚУ мекемесі барлық аумақтық бірліктерден өтініштерді алады және қарайды, оның ішінде өз интернет-ресурсы арқылы. Қазіргі уақытта АҚУ өңірлік өкілдіктерін құру мәселесі пысықталуда.

- АҚУ мемлекеттік органдарға ұсынымдар жолдайды. Қазақстан Республикасының Президентіне жолданатын Қызметі туралы жыл сайынғы есепте Уәкіл жолдайтын барлық өтініштер мен ұсынымдар көрсетіледі, бұл олардың іске асырылуының бақылануына кепілдік береді.

- АҚУ азаматтық қоғам институттарымен де, халықаралық ұйымдармен де мәселелердің кең спектрі бойынша белсенді ынтымақтасады.

- АҚУ қызметі ашық және БАҚ-та және Уәкіл сайтының (ombudsman.kz) парақшаларында кеңінен жарияланады.

- АҚУ әзірлеу және Парламенттің қабылдауы деңгейінде адам құқықтары саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және талқылауға қатысады.

- АҚУ адам құқықтарының бұзылуы туралы жеке шағымдарды қарайды.

- АҚУ адам құқықтарын бұзу оқиғаларын қарауға бастама жасайды.

- АҚУ өз қызметінде тәуелсіз және бір де бір заң шығарушы, сот және атқарушы билік органдарына бағынбайды, олардың құрамына кірмейді және олардың құрылымдарына жатпайды.

- Уәкілдің жыл сайынғы есебі баспа түрінде жарияланады және Уәкілдің сайтында еркін қолжетімділік жағдайында орналасады.

Ол үшін қажетті заң шығармашылық бастама құқығы болмағандықтан, Париж қағидаттарына толығымен сәйкес келтіру АҚУ құзыретінен тыс.

26. Әлеуметтік және экономикалық құқықтарды қорғау мәселелері АҚУ қызметінде басымдықты болып табылады. Атап айтқанда, АҚУ мүгедектігі бар адамдарды саяси-қоғамдық өмірге тарту, еңбек және әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және еңбек қатынастарын үйлестіру, балалардың құқықтарын қорғау, мәжбүрлеп қоныс аудартудан азаматтардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендіру және еңбек арқылы оңалту және басқа да мәселелер бойынша бастамалармен шықты.

Ұсыным 11-тармақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

27. 2015 жылы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заңы қабылданды, сондай-ақ арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылды. Аталмыш Бюроға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның профилактикасы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық қудалау функциялары берілген.

28. Бұл ретте алдын алу-профилактикалық қызмет жаңадан құрылған орган үшін басымды болып табылады.

29. Жаза бұлтартпастылығы қағидаты табысты іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасағаны үшін әшкереленген шенеуніктер атқаратын қызметі мен шендеріне қарамастан, заңның барынша қатаңдығы бойынша жауапты болады.

30. Қылмыстық-құқықтық саясат сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін лауазымды адамдардың қатаң жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

31. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қатал жауапкершілік қажеттілігі Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген.

32. Осындай қағидаттық тәсіл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылған. Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарға мерзімнің ескіруі қолданылмайды, шартты түрде соттауға тыйым салынған, мемлекеттік қызметте лауазымға орналасу құқығына өмір бойына тыйым салу енгізілді.

33. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін басшылардың дербес жауапкершілігі жөніндегі нормалармен толықтырылды. Онда «мүдделер қақтығысы» сияқты маңызды ұғым бекітілген.

34. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтумен қатар олардың әлеуметтік кепілдіктері де жетілдірілуде.

35. Мемлекеттік аппараттың еңбекақысын кезең-кезеңмен, үнемі көтеріп отыру мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік өзін-өзі сезінуін арттыруға және олардың өз міндеттерін адал және әділ негізде орындауы үшін жағдайлар жасауға арналған.

36. Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасында құқық тәртібі органдарына деген сенім деңгейін арттыруға, мінсіз жүріс-тұрыспен және құзыреттіліктің жоғары деңгейімен ерекшеленетін персоналды қалыптастыруға бағытталған шаралар көзделген.

37. Сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Судьялар корпусын қалыптастыру тетігін жетілдіру, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру жөніндегі шаралар қабылданды.

38. Жер-жерде ақпаратқа колжетімділік кеңейтілді, оған электрондық үкіметті, сондай-ақ мемлекеттік және жекеше құрылымдардың интернет-ресурстарын қалыптастыру жөніндегі шаралар ықпал етті.

39. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кедергісіз ақпарат алуы, оның ішінде мемлекеттік органдардың сенім телефондары мен веб-сайттары арқылы кедергісіз ақпарат алуы үшін жағдайлар жасалды.

40. Елдің инвестициялық тартымдылығын күшейту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті, халықтың сапалы және тез арада мемлекеттік қызметтерді алуын қиындататын әкімшілік кедергілер жойылуда.

41.  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның және  «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңның қабылдануымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасалды, рұқсаттар саны мен қызметтің лицензияланатын түрлері күрт азайды.

42. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін бағалау және оның сапасын сыртқы бақылау жүйесі қалыптастырылды.

43. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімдерін бұзу саны (2012 жылмен салыстырғанда 8,7 есеге) және оларды көрсету сапасына шағымдардың саны (25%-ға) жыл сайын төмендеп келеді, сондай-ақ автоматтандырылған қызметтердің үлесі (2 еседен астам) және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесі (51%-ға) ұлғайды.

44. Мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру деңгейі артуда, бұл бәсекеге қабілетті ортаның қалыптасуына, бюджет қаражатының ашық және тиімді игерілуіне ықпал етеді.

45. Экономиканың мемлекеттік емес секторында кәсіпкерлік қызметті жүргізу, жұмысқа орналасу және халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

46. Тұтастай алғанда, аталған шаралардың қабылдануы Қазақстанға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет деңгейі бойынша Орталық Азия өңірінде де, ТМД елдері арасында да көшбасшы орындардың бірін алуға мүмкіндік берді.

47. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Сот жүйесін реформалау

48. Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бойынша бірізді шаралар жүргізілуде.

49. Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің 2014 жылы жарияланған рейтингіне сәйкес, «Сот тәуелсіздігі» көрсеткіші бойынша 2011 жылы 111 орында болған Қазақстан өз көрсеткіштерін 25 тармаққа жақсартып, 86 орынға ие болды.

50. Әлемдегі сот төрелігі туралы БҰҰ бағдарламаларымен жұмыс істейтін Халықаралық судьялар қауымдастығының (ХСҚ) Қазақстан Республикасының Судьялар одағын 2011 жылы толық құқықты мүшесі ретінде қабылдауы судьялардың тәуелсіздігін нығайту жөніндегі мемлекет жүргізетін жұмысты тану болып табылды. Қазақстан Республикасы Судьялар одағының ХСҚ кіруі Қазақстан сот жүйесі негізгі көрсеткіштер бойынша халықаралық сот төрелігі стандарттарына сәйкес келетінін растайды.

51. Аудандық соттармен қатар мамандандырылған аудан аралық экономикалық, әкімшілік және қылмыстық соттар, әскери соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылып, толыққанды жұмыс істеуде.

52. Азаматтық сот өндірісін жаңғырту мақсатында 2015 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі (АПК) қабылданды. Жаңа кодекс «заңның үстемдігін қамтамасыз ету» екінші реформасы шеңберінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында орын алған бірқатар шаралардың іс жүзінде іске асуын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, бес буынды сот жүйесінен үш буындыға өту, сотта азаматтық-құқықтық даулар бойынша прокурордың қатысуын қысқарту, барлық сот процестерін аудиовидеофиксациялауды енгізу, инвестициялық дауларды қараудың жаңа тәртібі туралы нормалар енгізілуде.

53. 2011 жылы сот дауларын сотқа дейінгі қалпына келтіру тәсілі ретінде медиация институты енгізілді. Жаңа АПК-да сонымен бірге қалпына келтіретін сот төрелігінің дамуына, соттардың жүктемесін азайтуға ықпал ететін медиация институтының одан әрі дамуы және бiтiстiру рәсiмiнің жаңа түрін – сотта судья жүргізетін соттағы медиация көзделген.

54. Сот та, медиатор да жүргізетін медиациялардың іске асуы сотта өткізіліп жатқан тәжірибені растады. 2014 жылы 9000-нан астам медиативті келісім жасалды, бұл кем дегенде 18000 азаматтың татуласқанын білдіреді.

55. Сот құрылысын оңтайландыру жөніндегі жұмыстың қисынды жалғасы ретінде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді.

56. 2014 жылдың шілде айында халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын бірнеше жаңа институттар мен нормаларды, атап айтқанда қылмыстық теріс қылықтар, тергеуші судьялар, процестік келісімдер, сынамалар институттарын, бас бостандығынан айыруға балама жазаларды кеңінен енгізуді, сотталғандарды электрондық қадағалауды (электрондық білезік) және т. б. көздейтін жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстері қабылданды.

57. 2014 жылдың қараша айында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Осы заңдардың ережелері бірқатар түзетулерді енгізу, сондай-ақ соттардың қызметін регламенттейтін нормаларды түзету жолымен сот жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

58. 2014 жылы Жоғарғы Сот Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп судьялардың өмір бойғы қамтылымын енгізу тетігі бойынша ұсыныстарды пысықтады, оларды қарастыру нәтижелері бойынша 2015 жылғы шілдеде Парламент кемінде 15 жыл судьялық жұмыс өтілі бар отставкадағы судьялардың өмір бойғы қамтылымы институтын енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.

Ұсыным 12-тармақ

Пактіде бекітілген әр құқыққа қатысты тікелей немесе жанама кемсітуден қорғау

59. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 2-тармағына сәйкес тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

60. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты себептермен немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу заңмен қудаланады (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 145-бабы).

Ұсыным 13 – тармақ

61. Қазақстанда мүгедек адамдардың үлесі ел халқының жалпы санынан 3 % немесе 627,2 мың адамды құрайды.

Мүгедектердің жалпы санының 56,3 % - ер адамдар, 43,7 % - әйелдер; жас белгісіне қарай мүгедектердің 11 % балалар, 64,5 % – жұмысқа қабілетті жастағы адамдар 24 % – қарт адамдар. Мүгедектердің 54 % қалада, 46 % ауылдық жерлерде тұрады.

62. Мемлекетте әлеуметтік жағдайына байланысты кемсітушілікке тыйым салынған. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңға сәйкес мемлекет саясаты мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікке тыйым салу қағидатына негізделеді.

63. Мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде бекітілген толықтай әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтар мен бостандықтарға ие.

64. Мүгедектерге арналған әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақыларды, өтемақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдерді қамтиды.

Республикадағы барлық мүгедектер жұмыс өтіліне және жалақысына қарамастан мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады, ал зейнеткерлік жасқа толған кезде – базалық зейнетақы төлемін алады.

Еңбекке қабілеттілікті жоғалту қатері туындаған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын адамдар Әлеуметтік сақтандыру қорынан негізгі жәрдемақыларға қосымша әлеуметтік төлемдер алады.

2010 жылдан бастап, Қазақстанда ең төменгі жалақының 1,05 мөлшерінде мүгедек балалардың күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы енгізілді.

65. Мүгедектер жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оңалтудың техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Соңғы үш жылдың өзінде, мүгедектерге арналған оңалту құралдары мен қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік шығыстары 6,7 млрд-тан 9,5 млрд-қа дейін өсті.

66. Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен мүгедектерді әлеуметтік қолдауға 1,1 трлн. теңге бөлінеді (5,7 млрд. АҚШ доллары, 5 млрд. еуро).

67. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен кезең-кезеңмен бекітілетін Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) іске асырылуда.

68. Іс-шаралар жоспарының шеңберінде заңнаманы жетілдіру, Қазақстанда кедергісіз орта қалыптастыру, мүгедектердің тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер беру бойынша жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілуде.

69. 2015 жылы мүгедектердің өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

70. Қазақстанның барлық өңірлерінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдары объектілерінің қолжетімділігіне бағалау және оларды алдағы уақытта мүгедектердің мұқтаждықтарына сай бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 24 мыңнан астам объект тексерілді, оның ішінде мүгедектерге тек 22 % ғана қолжетімді болып шықты.

71. Қалыптасып келе жатқан қолжетімді орта жағдайларында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі халықты әлеуметтік қорғау органдары мүгедектерге көрсететін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша төмендегі шарадарды қабылдайды:

- І және ІІ топ мүгедектері үшін протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоспағанда, оңалту жабдықтарының барлық түрін үйіне жеткізу ұйымдастырылды;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және консультация беру үшін Онлайн қолдау қызметі құрылып, жұмыс істейді;

- аудан орталықтарынан шалғай орналасқан елді мекендерде тұратын азаматтар үшін, «Қазпочта» АҚ және мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандары зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға құжаттар қабылдауды, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі мүгедектікті белгілеуді ұйымдастырады;

- инватакси қызметін дамыту үшін өңірлерге республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінеді.

2015 жылдың соңына қарай Қазақстанның зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау мүгедектікті белгілеу жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйымдарының 70 % ерекше мұқтаждықтары бар азаматтардың қажеттіліктеріне қарай бейімделетін болады.

72. Басқа азаматтармен тең дәрежеде мүгедектердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы.

73. Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытуға көңіл бөлінеді, даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шаралар кешені іске асырылуда. Бұл шаралар Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген.

2020 жылға қарай балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасаған мектептердің үлесі - 70, ал 2030 жылғыға қарай 100 %-ды құрайды. 2030 жылға қарай, жалпы білім беретін мектептерде оқи алатын мүмкіндіктері шектеулі балалардың 70 %-ы инклюзивті білім берумен қамтылатын болады.

74. Мүгедектерді жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылады. Республикада 80 мыңнан астам мүгедек жұмыспен қамтылған. Соңғы 5 жылда 30,9 мыңнан астам мүгедек «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушылары болды, оның шеңберінде 17,5 мың адам жұмысқа орналастырылды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында арнайы жұмыс орындарымен қамтитын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау, кәсіпорынның штаттық санына байланысты мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша квоталау механизмін жетілдіру көзделген.

75. Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шешімдер әзірлеу үкіметтік емес сектормен бірлескен түрде жүргізіледі.

Бұл жұмыстың тиімді тетіктерінің бірі 2005 жылдан бастап Үкімет деңгейінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істейтін Үйлестіру кеңесі болып табылады, олардың 30 мүшесінің 16 мүшесі (немесе 53,3 %) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері болып есептеледі.

2013 - 2014 жылдары елімізде орталық атқарушы органдар мен облыс әкімдерінің бірінші басшыларында Мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілер институты жұмыс істей бастады.

Қиын өмірлік жағдайда қалған адамдардың өмірін жақсартуға өз үлесін қосуда мүгедектер мен олардың қоғамдық ұйымдарының бастамаларын қолдайтын және ынталандыратын жыл сайынғы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» атты республикалық акциясы өткізіледі.

76. Елде мүгедектерге толерантты қарым-қатынасты қалыптастыруға, олардың әлеуетін және республика дамуына қосатын үлесін насихаттауға бағытталған қоғамдық ағартушылық науқандар жүргізіледі.

77. 2014 жылы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті «Гендерлік ерекшелікті ескере отырып, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасы» атты іріктемелі зерттеу жүргізді. Аталмыш зерттеуге Қазақстан 2008 жылдың желтоқсанында қосылған БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын әзірлеу барысында бастама жасалды. (http://www.stat.gov.kz).

78. Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан 2015 жылдың ақпанында ратификациялады.

Ұсыным 14-тармақ

79. Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруы бірқатар нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

80. Қазақстан Республикасының Конституциясы көші-қон мәселелерін құқықтық реттеу негізі болып табылады, оған сәйкес Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.

81. Халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясында (21-бап) «…Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар» екені белгіленген.

82. ТМД шеңберінде 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім әрекет етеді (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысымен ратификацияланған).

83. Сондай-ақ, 2008 жылғы 14 қарашада Кишинев қ. ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің еңбекші мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайларын реттейтін ТМД қатысушы-мемлекеттердің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылды (ҚР 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 235-IV Заңымен ратификацияланған), онда тараптар еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты құлдық, кез келген басқа да мәжбүрлі жай-күйге, мәжбүрлі еңбекке, қинау, адамның ар-намысы мен ожданына қатыгездікпен және қорлай қарау немесе жазалау жағдайларына жол бермеуге міндеттенетін ережелер көзделген.

84. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы № 240-V Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 97-бабының 1-тармағына сәйкес, мүше мемлекеттің жұмыс берушілері және (немесе) жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушілері мүше мемлекеттердің еңбекшілерін ұлттық еңбек нарығын қорғау жөніндегі шектеулерді ескермей, еңбек қызметін жүзеге асыруға тартуға құқылы. Бұл ретте мүше мемлекеттер еңбекшілерінің жұмысқа орналасу мемлекетінде еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алуы талап етілмейді.

85. Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 16 тамызда күшіне енген «Халықтың көші-қоны туралы» Заңды (жаңа редакцияда) қабылдады.

Заңда алғаш рет заңды түрде көші-қон ағымдарының негізгі түрлері белгіленген:

- тарихи отанына оралу мақсатында;

- отбасын біріктіру мақсатында;

- білім алу мақсатында;

- еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында;

- гуманитарлық және саяси уәждер бойынша.

86. Заңда этникалық көші-қонға қатысты бұрын жүргізілген саясаттың идеологиясы жалпы сақталған, бірақ сонымен бірге Этникалық мигранттарды тарихи отанына ықпалдастыру жағдайларын жақсартуға бағытталған бірқатар нормалар да көзделген.

87. Қазақстанды халықаралық еңбек нарығына интеграциясын қамтамасыз етуге, ішкі еңбек нарығын қорғауға және жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға, этникалық қазақтардың елге кіруі мен қоныстануының бірыңғай жағдайларын құруға, оларды қоныстану аймағына байланысты әлеуметтік қолдауға, оралмандардың басымдықты аймақтарда қоныстануын ынталандыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Аталған заңда мыналар көзделген:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет