ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ «СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ Жаңартылған білім мазмұнының технологиясы және өлшемдік бағалау
Межелік бақылау
Тексерген: Уәшова М.У.
Орындаған: Данелқан А.А.
Тобы: ДГИ-101в
2 курс
Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер.
Блум таксаномиясы
Критериалды бағалау жүйесі
Жиынтық және қалыптастырушы бағалау үдерісі
ОББЖЖББМОӘ мақсаты, міндеті
Білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты – білім сапасын көтеру. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы біртіндеп басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. Жаңартылған білім беру оқушыға да, мұғалімге де өз мүмкіндігін дамытып, жетілдіруге көмектеседі.
Қазіргі заманғы білім жүйесінің міндеті – интеллектуалды, өмір бойы оқуға дайын, жылдам өзгеретін қоғамға бейім ұрпақты тәрбиелеу.
География пәніндегі жаңартылған білім бағдарламасы пәннің негізгі ерекшеліктеріне байланысты берілген. Егер бұрын география жаңа жерлерді, елдерді, оларды зерттеуге қатысты мәліметтерді оқытса, қазір адамдардың қоршаған ортаны тиімді пайдалануы, экожүйенің тұтастығы, адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайту, пайдалы қазбаларды сақтау жолдарын табу, табиғатта болып жатырған процестерді, әлемдегі саяси, демографиялық, экономикалық өзгерістерді зерттеуге бағытталған.