Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі



Дата07.05.2017
өлшемі200,18 Kb.
#16168

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ОӘК 042-14.1.01.1.20.59/02-2015

ПOӘК

«Химиялы-технологиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары»

пәннінің студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы


№ ___ басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ХИМИЯЛЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕРДІҢ

НЕГІЗГІ ПРОЦЕСТЕРІ ЖӘНЕ АППАРАТТАРЫ

5В072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін

ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2015

Алғы сөз

1. ӘЗІРЛЕНДІ

Н.Тусипов ___________ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасының аға оқытушысы

« » 201 ж.

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасы мәжілісінде қаралды

« » 201 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________ М. Акимов

2.2. Инженерлі-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде қаралды

« » 201 ж. № хаттама

Төрайым _________ С.Толеубекова

3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланды және басылымға рұқсат етілді

« » 201 ж. № хаттама

ОӘК төрайымы _______________ Г. Искакова

4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН



Мазмұны

1

Жалпы ережелер................................................................................................




2

Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар......................................




3

Курс форматы және саясаты............................................................................




4

Баға қоюдың саясаты .......................................................................................




5

Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу.................




6

ОСӨЖ және СӨЖ мазмұны.............................................................................




7

«Химиялы- технологиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары» пәні бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі................................................................................................................





1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән бойынша жалпы мәліметтер



  • Оқытушының аты-жөні – Тусипов Нурлан Оразханович

  • «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасы

  • Байланыс ақпараты - № 9 оқу ғимараты, № 109 кабинет, тел: 36-02-15

  • Сабақ өткізетін аудиториялар № 104

  • Пәнің аталуы – «Химиялы-технологиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары»

  • Кредит саны – 4

1.2 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме (кесте 1)

Кесте 1 – Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Курс


Семестр

Кредитер

Дәріс

(сағ.)


ПС

(сағ.)


Лаб.

(сағ.)


ОСӨЖ

(сағ.)


СӨЖ

(сағ.)


Барлығы (сағ.)

Қорытынды бақылау нысаны

2

4

3

30

30




60

60

180

емтихан

1.3 Жоғары сапалы химия өнімдерін алуға мүмкіндік беретін жаңа, тиімділігі жоғары технологиялық процестер мен аппараттарды өндіріске енгізу үшін «Химиялы-технологиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары» жөніндегі білімді терендету және жетілдіру қажет.

1.4 Пәнді оқыту мақсаты - «Химиялы-технологиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары» курсының оқыту барысында технологиялық процестердің негізгі түрлерімен таныстыру, осы процестерді өткізу үшін қолданылатың аппараттар мен машиналардың инженерлік есептеу методикасын оқып үйрену.

1.5 Пәнді оқытудың маңызы - студенттерге жуйеленген анализын қолдану негіздерін; процестер мен апараттарды жалпы оқып білу; есептеу схемесын шығару және өндеу; технологиялық процестердi тиiмдiлігін жоғарлату жолдарын қарастыру.

Студенттер келесілерді білуі керек:



  • технологиялық процестерді қолдану туралы;

  • аппараттар мен машиналардың құрылысың және жұмыс істеу тәртібін;

  • аппараттар мен машиналардың геометриялық өлшемдерің анықтауды;

  • процестердің шығын сипаттамалырың есептеу;

  • процестерді басқару және оларды оптимизациялау;

  • есептеулерді іс жүзінде асыру және т.б.

1.6 Пәнді оқу нәтижесіде студенттер төмендегілерді білу қажет:

    • технологиялық процестердің теориялық негіздерің;

    • аппараттар мен машиналардың қолдануда және құрастыру нәтижесінде туындайтын инженерлік есептерді шешуге;

    • аппараттар мен машиналардың геометриялық өлшемдерің анықтауға;

    • процестерді басқару және оларды оптимизациялау;

    • аппараттар мен машиналардың құрылысың және жұмыс істеу тәртібін меңгеруге.

1.7 Курстың пререквизиттары:

  • теплотехника;

  • қолданбалы механика;

1.8 Курстың постреквизиттары:

  • процестерді автоматтандыру.



2 ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Курсты оқыған кезде берілген тақырыптың (бөлім) негізгі жағдайларын қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта оқу-әдістемелік кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді. Әрбір тақырып (бөлім) бойынша қысқаша конспекті өзін-өзі тексеру сұрақтарымен аяқталады.

Ең маңыздысы дұрыс оқулық таңдау. Бір уақытта бірнеше оқулықты пайдаланудың қажеті жоқ. Ұсынылып отырған әдебиеттердің ішінен тек біреуін ғана негізгі етіп алу керек. Басқа оқулықтар немесе әдістемелік нұсқауларды тек оқып жатқан материал жоқ болған кезде немесе негізгі оқулықта қысқаша көрсетілген кезде қана пайдаланылады.

Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Оқулықпен жұмыс істегенде міндетті түрде оқулықта немесе кешенде көрсетілген мысалдарды талдау және өздігінен есептер шешу қажет. Осыдан кейін ғана өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру керек. Теорияны практикалық есептерді шешу кезінде дұрыс қолдана білсеңіз, онда оқу материалы меңгерілген деп санауға болады.


3 КУРС ФОРМАТЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ



Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан жүргізіледі. Курс форматы - аралас. Дәріс сабақтарында күрделі, мәселелі сұрақтарды қарастырады. Мысалы дәрістер құрылымы мынадай – сабақ мәнін талқылау немесе блиц-сұрақ (1015 минут), дәріс (3540 минут), материалдарды бекіту. Сабақты мұндай құрылымда жүргізу студенттен жүйелілікті, ұсынылған әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай білуді және дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді.

Практикалық сабақтар теориялық материалдарды тереңірек қарастыруды қажет ететін мәселелерді шешуге арналған.

Аудиториялық ОСӨЖ уақытында сіздердің дәріске немесе лабораториялық сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген өздік жұмысын орындау кезінде туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз.

Сонымен қатар аптасына бір рет, кафедрада бекітілген график бойынша, мен жекелей немесе топпен консультация түрінде ОСӨЖ сабағын өткіземін.

Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер менің көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған тапсырмалар түрлері, ОСӨЖ және СӨЖ жоспары – кестесінде көрсетілген.

Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде, менің сіздерге қойатын талаптарымның барлығын орныдайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын.

1. Дәріс, практикалық сабақтарға қатысу әрбір студент үшін міндетті жағдай. Сабақтарға кешікпей келу және сабақ үстінде бір–бірлеріңізбен сөйлеспей отыруларыңызды сұраймын. Өткен материалдарды өтеу үшін студентке оқытушы тапсырма береді және ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа сіз максимал баға алалмайсыз.

2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканатынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғанан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады, ал босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.

3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында және шамаңыз келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және уақытында тапсыруларыңыз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе оқытушының ескертуіне құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және ол студентті тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі.

4. Аудиториялық сабақ уақытында Сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар.

5. Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болулары керек.

6. Біреуден көшіріп алу және плагиат (дайын тапсырмаларды қолдану немесе көшіріп алу және басқа студенттердің көмегін пайдалану) үшін Оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.

7. Межелік аттестация қорытындысы, студенттің сабаққа қатысуымен, өзіндік жұмысты орындауымен, сабақта ауызша және жазбаша жауаптарға байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.

6. Қорытынды аттестация (емтихан) тестілеу арқылы өткізіледі. Әрбір тесттік тапсырманың бес жауабы болады, оның біреуі дұрыс. Тесттік тапсырмалар пәннің жұмысшы бағдарламасына қатаң сәйкес келеді және барлық тақырыптарды қамтиды.



4 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ


Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі түрде жүзуге асырылады:

- ағымдағы бақылау «Химиялы-технологиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары» пәнінің оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі)

- межелік бақылау (7 және 15 апталар)

- қорытынды бақылау (бір рет академиялық мерзімнің соңында өткізіледі – компьютерлік тестілеу түрінде емтихан)

Ағымдағы бақылау кезінде студенттің дәріс және практикалық сабақтардағы жұмысы бағаланады, сонымен қатар үй тапсырмаларын орындау, рефераттарды жазу және т.с.с.

Межелік бақылау – оқытушының қатысуымен тесттерге жауап беру және аудиториялық бақылау жұмыс орындау.

Пән бойынша баға 100 %-тік шкала бойынша пайыздық мөлшерімен қойылады. Қорытынды рейтінгті есептеуде баллдарды жинақтау принципі қолданады, яғни бірінші межелік бақылау алдында жиналған баллдардың -50% екінші межелік бақылаудың баллдарына 50% қосылады. Емтихан бағасы бірінші межелік бақылаудың 30%, екінші межелік бақылаудың 30% және емтихан нәтижесінің 40% қосылып қойылады.

Студенттердің рейтингтерін есептеу кезінде жұмыстардың барлық түрлері есепке алынады:



  • сабаққа қатысу (СҚ);

  • ауызша жауап беру (АЖ) – 20 балл

  • практикалық сабақтың тапсырмасын шығару – 13 балл

  • СӨЖ орындау жоспары бойынша үй тапсырмасын (ҮТ) орындау

  • әр студентке өзіндік жұмысы (ӨЖ) графигі (3-кесте) бойынша реферат орындау;

  • басқа жұмыстары бойынша, мысалы жұмыспен өтеу (ЖӨ - отработка)

Емтиханға екінші межелік бақылаудың рейтингісі 50% жоғары студенттер жіберіледі.

5 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

Кесте 2 - Пәннің мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу.



Тақырыптың атауы

Сағат саны

ДС

ПС

ЗС

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1. ХӨНПА пәнінің негізгі заңдары.

2

2

-

4

4

2. Химиялық өнімдерінің негізгі физикалық қасиеттері.

2

2

-

4

4

3. Процестер мен аппараттарды модельдеу негіздері.

2

2

-

4

4

4. Механикалық процестер.

2

2

-

4

4

5. Гидромеханикалық процестер. Тұндыру.

2

2

-

4

4

6. Центрифугалау. Сүзу.

2

2

-

4

4

7. Араластыру.

2

2

-

4

4

8. Жылу процестері.

2

2

-

4

4

9. Жылу алмасу бетің анықтау.

2

2

-

4

4

10. Буландыру.

2

2

-

4

4

11. Көп корпусты буландыру қондырғылары.

2

2

-

4

4

12. Массаалмасу процестері.

2

2

-

4

4

13. Кептіру.

2

2

-

4

4

14. Кептіру.

2

2

-

4

4

15. Абсорбция. Адсорбция.

2

2

-

4

4

Барлығы

30

30




60

60


6 ОСӨЖ және СӨЖ МАЗМҰНЫ


7 «ХИМИЯЛЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ПРОЦЕСТЕРІ ЖӘНЕ АППАРАТТАРЫ» ПӘНІ БОЙЫНША БАЛЛДАРДЫҢ ҮЛЕСТIРIЛУI

Кесте 2


Апта

Бақылау түрі

Баллдар

Ескерту

1

2

3

4




1÷7 апталарда дәрістерге және практикалық сабақтарға қатысу

30




1

Тапсырмалар түрлерімен танысу

-

Практ. саб.

2

Есеп шығару: Ұсақтағыштарды есептеу

20

Практ. саб.

3

1,2,3 дәріс тақырыптары бойынша ауызша жауап беру

20

Практ. саб.

4

Аудиториялық бақылау жұмыс

20

Практ. саб.

5

Есеп шығару : Тұндырғыштарды есептеу

20

Практ. саб.

6

4,5,6 дәріс тақырыптары бойынша ауызша жауап беру

20

Практ. саб.

Есеп шығару

80

СӨЖ

7

Межелік бақылау

80

Практ. саб.




1÷7 апталарда оқу нәтижесінде барлық баллдар

300







8÷15 апталарда дәрістерге және практикалық сабақтарға қатысу

30




8

Есеп шығару: Жылуалмастырғыштарды есептеу.

5

Практ. саб.

9

Есеп шығару: Жылуалмастырғыштарды есептеу.

5

Практ. саб.

10

8,9,10 дәріс тақырыптары бойынша ауызша жауап беру

20

Практ. саб.

11

Аудиториялық бақылау жұмыс

20

Практ. саб.

Есеп шығару

40

СӨЖ

12

Есеп шығару

20

Практ. саб.

13

11,12,13 дәріс тақырыптары бойынша ауызша жауап беру

20

Практ. саб.

14

Есеп шығару

20

Практ. саб.

Есеп шығару

40

СӨЖ

15

Межелік бақылау 2

75

Практ. саб.




8÷15 апталарда оқу нәтижесінде барлық баллдар

300




Емтихан баллдардың жиынтығы

400




Академиялық мерзімнің баллдардың жиынтығы

1000




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет