Алоэдан алынатын дәрі-дәрмектер:
Жас алоэ жапырағынан емдік-сабур ұнтағы алынады.Сабур қара, қоңыр түсті, өте ащы болады. Сабур басқа дәрі-дәрмектердің құрамына да араластырылады.
Алоэнің басты ем болатын аурулары және қолданылуы:
1.Ересектер және балалар талма ауруына алоэден 9 г, шикі пинелин 30г, байжу 30г, қызылмия 15г ұнтақтап оқ-дәрі жасайды. Әр ретте 1,5г ішеді.
2.Тіс ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэден 1г ұнтақтап, оны тіске басады. Мен өзім жасап көрген осы тексеру жұмыстарына түрткі болған мына оқиға. Мен көп тәтті жегеннен бе екен тісім ұдайы ауыратын,ауырған кезде соншалық көзден жас шығаратын. Сол кезде мен тісіме сан алуан дәрілерді пайдаландым, бірақ ешбірі көмектеспеді, сол кезде бір көп көрген бір апай айтып, мен алоэның жапырағын ұнтақтап ауырған тісіме басып тістедім біраздан соң ауруым басылды содан бері сөйтіп істеудемін.
3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда: алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.Күйік шалғанда, іріңді жаралар пайда болғанда алоэны қойып, дәкемен таңып тастау керек және әр екі сағат сайын ауыстырып тұру керек.Ол үшін алоэның жапырақтарын жуып, бинтке қойыңыз да, аздап жаншыңыз. Содан кейін барып, ауырған жерге қойыңыз.
4.Кеңірдекшелер демікпесіне жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5мг ішеді. Сонымен қоса гайморит ауруына шырынын алып балмен немесе спирт сұйықтығына қосып сұйық күнде ішетін болса ауруынан айығуға көмектеседі.
5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэнің жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі. Мен бұған өзім көз жеткіздім қалай десеңіз ағама шиқан шығып қатты қиналған еді сол кезде ең алдымен баяғыдан белгілі «Ихтиоловая» мазін жақтық сол кезде одан пайда болмады,сосын алоэның жапырағын тіліп, шиқанның аузына қойып лейкопластермен жабыстырып қойдық. Соныңнәтижесінде шиқан жиналып жарылды.
6.Иммунитетті көтеру үшін алоэ шырыны мен балдың қоспасын жасайсыз. Шырынды алу үшін 15 сантиметр болатын бірнеше жапырақты үзіп алып, сумен бір рет шайып жіберіңіз. Таза стақанды, дәкені немесе мәрліні аласыз. Қолыңызды тазалап жуыңыз да, сол мәрлінің бетіне әбден кескілеген алоэны қоясыз. Оны қолыңызбен қатты сығып, суын стақанға тамызасыз. Дайын шырынды балмен араластырасыз (1:1). Бұл қоспаны күніне 3 рет бір шәй қасықпен тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрыңыз.Пайдалану уақыты – үш апта.
7.Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне 2-3 рет алоэ шырынын ішіңіз. Ларингит (тамақ ауырсынуы) кезінде, тамағыңызды, аузыңызды алоэ шырынымен шайыңыз.
8.Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |