Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Тақырыбы: «Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері»
Бағыты: «Ғылыми-техникалық прогресс-экономикалық өсудің негізгі буыны»
Секциясы: математика, информатика
Мектебі: А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейі
Сыныбы: 7 «а»
Орындаған: Елмұратова Сымбат
Жетекші: Игембаев Сәулет, математика пәнінің мұғалімі, білім магистрі
Жосалы кенті
2016 жыл
Пікір
Бұл жұмыста оқушы қазақтың байырғы өлшемдеріне тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып өзінің қазақтың байырғы өміріне аса қызығушылықпен қарайтынын, заман талқысына өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі ауызекі тараған математикалық өлшемдерді жинап, оларға сипаттама берген. Қазақтың байырғы өлшемдерін әдебиетпен байланыстыра білген. Бұл берілген жұмысты математикадан қосымша сабақтарда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін кеңінен дамытуға қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын.
Жұмыс архив деректерінен, интернет желісінің материалдарынан және ұлы ғалымдардың еңбектеріне негізделіп жазылған. Мектеп әкімшілігі «Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері» тақырыбындағы жұмысын аудандық ғылыми — жобалар сайысына ұсынды.
Жетекшісі: Игембаев Сәулет Қонысбекұлы
Зерттеу жұмысының мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін арттыру, оқуға саналы сезімге, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері: Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шыдамдылығы дамыған, шешен, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру.
Байырғы өлшемдердің математика курсында алатын орнын анықтау.
Тақырыпқа сәйкес өлшемдерді іріктеу және оларды қарастыру.
Қосымша мағлұматтар қарастыру.
Күтілетін нәтиже:
Осы жобада анықталған зерттеулер мен жинақтар математикадан қосымша сабақтарда кеңінен қолданылса, оқушыларды логикалық ой-өрістері кеңінен дамыған, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиеленген тұлға қалыптасады.
Қазіргі заман өзектілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Зерттеу обьектісі: байырғы өлшемдердің қолданымдары.
Аңдатпа
Зерттеудің өзектілігі – тұлғаның барлық көрсету және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту басты факторлардың бірі. Осы жұмыстың арқасында танымдық әрекеттің белсенділігі артады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін арттыру, оқуға саналы сезімге, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері: Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шыдамдылығы дамыған, шешен, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру.
Байырғы өлшемдердің математика курсында алатын орнын анықтау.
Тақырыпқа сәйкес өлшемдерді іріктеу және оларды қарастыру.
Қосымша мағлұматтар қарастыру.
Аннотация
Актуальность исследования - развитии творческого мышления по основным фактором работы. Благодаря этой работе развилась познавательная активность.
Цель исследования:
Повышение логического мышления, сознательного чувства учиться, трудиться и воспитывать самостоятельно.
Развитие современных научных и технологических процессов, открытие своих творческих способностей;
Знакомство с достижениями номинальный размер коренных слов.
Задача исследования:
Определение критериев коренных место в курсе математики.
Критерии их отбора и рассмотрения в соответствии с тематикой.
Дополнительные сведения рассмотрение.
Анализ и объяснение по найденным материалам и фотографий;
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3 1. Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері..................................................................................................................5
1.1. Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері туралы түсінік.......................................................................................................................5
1.2. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде ұзындық өлшеміндегі өлшем сөздер .......................................................................................................................7
1.3. Халықтың уақытын анықтау белгілері ........................................................15
2. Халық өлшемдері..............................................................................................18
2.1. Көне өлшемдерді қайта жаңғырту................................................................................................................18
2.2. Байырғы қазақ өлшемдері – қазақ халқының қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктер .............................................................................19
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................23
КІРІСПЕ
Еліміздің әрбір парасатты азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін, дінін, өткенін білуі қажет, себебі өзін, өз халқының жақсысын түсіне білген адам ғана өзгені де сыйлай алады. Туған тілінің асыл қазынасының тұнығынан тұшынып іше білген, оның інжу- маржанын мөлдіретіп тізіп ала білген ұрпақ қана халқын сүйеді, елінің ертеңін ойлайды.Байтақ далада сан ғасыр көші - қонды күндер кешкен қазақ халқы жан сезімін өлең – жырымен ағытқан, ақыл мен ойдың кені даналық сөз өнерінде деп қадірлеген, қылпылдап тұрған қылышқа қыңбаса да, жүйелі сөзге жүгінген. Сөз асылы жыраудан – жыршыға, атадан – балаға ұласып, тот баспай, ғасырлар аттап, біздің дәуірімізге жеткен.
Ғылым мен техника дәуірлеген бүгінгі таңда еліміздің болашағы, халқымыздың тірегі болар ұрпағымызға сапалы да нәрлі білім берумен бірге ұлттық тағлымдарды бойына сіңіре тәрбиелеу басты міндет. Физиканы және математиканы оқыту кезінде халқымыздың ұлттық ерекшеліктеріне көңіл аудара отырып, математикалық білімінің өмірде қолданылуы басым келетін құнды тәлімдерін пайдаланған абзал. Өмірде қолданылуы басым дейтініміз — халқымыздың этноматематикалық білімі өскен ұясынан, баққан малынан, еккен егінінен, түрлі жасаған қолөнер бұйымдарынан, салған әні мен күйінен, яғни күнделікті өмірінен бастау алып дамуында.
Еліміздің әрбір парасатты азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін, дінін, өткенін білуі қажет, себебі өзін, өз халқының жақсысын түсіне білген адам ғана өзгені де сыйлай алады.
Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар.
Мөлшерсіз дүние жоқ. Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік жарасымды өлшемі, мөлшері бар. Өлшем — өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа қажетті заттардың сандық және сапалық көрсеткіші. Өлшемнің ұзындық, қалыңдық, көлемдік, сондай-ақ жол сапарға байланысты қашықтық мөлшері бар.
Ата-бабамызда бұл замандағыдай дәл өлшейтін аспап-жабдықтары болмаған. Сондықтан да ертеде мөлшер негіздеріне қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың, бүтін бітімі немесе бөлігі, еңбек құралдарының үлгісі, мал өрісі көші-қон шегі, өзге де материалдар сандық және салыстырмалы түрде, сондай-ақ адамның дене тұрқы да алынған. Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атаулары бүгінгі ұрпақ құлағына жат естіліп, ұғымына қабыспауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол – тарихи тәлім, өнеге.
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз, өңделіп, жаңарып жетуі нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасты.
Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар. Міне, сондықтан менің ғылыми жұмысымның тақырыбы «Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері» деп аталады.
Зерттеудің мақсаты:
Қазақтың байырғы өлшем сөздерінің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін, қатты және сұйық заттардың өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға мүмкіндік жасау;
Қазіргі заман талабына сай ғылыми - техникалық процестерді игеріп, өз мүмкіндігімді ашу;
Адамзат дүниесі дән өлшейтін мысқалдан бастап, астық өлшейтін шойын таразыларға толы екенін, оны игерудегі жетістіктер жөнінде танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Байырғы өлшемдердің математика курсында алатын орнын анықтау.
Тақырыпқа сәйкес өлшемдерді іріктеу және оларды қарастыру.
Қосымша мағлұматтар қарастыру.
1. Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері
1.1. Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері туралы түсінік
Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар.
Мәселен, өлшем бірліктерін білдіретін қазақтың көне сөздері өте көп кездеседі. Адамзат дүниесі дән өлшейтін мысқалдан бастап, астық өлшейтін шойын таразыларға толы. «Тарих дегеніміз адамзаттың кең арналы тәжірибесі, адам баласының ғасыр айдынында жүздесуі» дейді Марк Блок. Расында да мұқалуды білмейтін сөзді немен салыстыруға болар еді ? Мысалы «жұп» сөзін алайықшы, «тең» дегенді білдірмей ме ? Адамзат ана мен әке болып тең бөлінеді. Тау болса, ойпат неге болмасқа ? Яғни, әлем қарама – қарсылықтан жаратылған.
Қазақтың байырғы өлшем сөздерінің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін, қатты және сұйық заттардың өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға әбден болады. Біздің халқымыздың ауыз әдебиетінде татымдай, шынтақтай, қолдаяқтай, шейін, дейін, қарай, таман, салым, тарта, жуық, таяу, торсықтай, есе, рет, қиян – қырлы, қара – құрым, үш тұмша, найза бойы, баданадай, қарыс, қадақ, тұтам, тамам, уыс, күректей, қасықтай, астаудай, шымшым, шаршы, кез, елі, қырық құрау, қарыс, аршын, адым, таспа, сүйем, батпан, тамшы, титтей, шайнам, табан, шайқам, әммә, тарыдай, уыс, бір ауық, кесек, тақыр, мысқал, азды - көпті, айшылық, күншілік, жылшылық, ұдай, құлаш, ықылым, кешелі – бүгінді, шым – шымдап, тосат, пұт, қылаң, мүшел, барабар, қат, т. б. сөздер өлшем бірліктері ретінде қолданылып келген.
Қазақ халқының мақал – мәтелдерінде жоғарыдағы өлшем сөздер жиі кездеседі. Мәселен : «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады», «Көңіл азып, тон тозса, берген көйлек кез болар», «Біреудің мінінің бір елі артықтығы ба», «Өмір көрген түлкінің үш – үштен іні «болады» (орыс мақалы).
Енді кейбір өлшем сөздердің мағынасына тоқталайық. Мәселен «батпан» сөзін алайық. «Батпан»-орыс патшаларының Ресейдің бұратаналар мекендейтін бөлігінде пайдалануға рұқсат берген көне азиялық салмақ өлшемі» деп жазады И. Е. Андреевскийдің басшылығымен шықан «Энциклопедиялық сөздіктегі» «Батпан» мақаласында.
Батпан туралы орыс әдебиетіндегі алғашқы дерек А. Никитиннің «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты кітабынан бастап кездеседі, Қазақтарда батпан өлшемі өте ерте заманнан бастап – ақ белгілі болған. Ол салмақ өлшемінің ең ауыр түрінде қолданылған.
Халық ауыз әдебиетіндегі «Батырлар жырында» алып батырлардың күрзісі үнемі батпан өлшемімен көрсетіледі. Егер Бұхарада бір батпан 7 пұт 32 фунтқа тең болса, Талас өңірінде 12 пұтқа тең болған. Батпанға ұқсас қазақта«дыр» деген сөз бар. Дыр – үлкен, ірі, зор. Батпан да, дыр да - өлшем. Өлшем - өлшеу бірлігі мөлшер, шама. Заттың көлемін, салмағын, қысымын, ыстық – суықтығын, т. б. сапаларын белгілі өлшем арқылы анықтайды. «Батпан», «дыр» - көлемдік өлшемдер.
Көлем – белгілі бір заттың аумағы, мөлшері, бір нәрсенің шегі, аясы. Көлемдік өлшемдер деген – көлемге лайықты, аумақтық, мөлшерлік өлшемдер. Өте аз көлемдік өлшемді білдіретін өлшем сөздердің бірі «шынашақ», «шынашақтай». «Шынашақ» - саусақтың кішкентайы. Оның бұлай аталуы бітіміне байланысты туған.
Түркі халықтарының бірі – құмық тілінде «шинчеки» сөзі қазақ тіліндегі «болмашы, өте кішкентай» мағынасында қолданылады. Осы « шинчеки » сөзі енді «шынашақ» тұлғасында өз тілімізде аталып жүр.
Ал«Әшмүшке»,«түйірдей»,«тырнақтай»«кенедей»,«тұрымтайдай», «тарыдай»,«титімдей»,«титтей»,«уыстай»,«тоқымдай»,«мытым»,«шымшым», «ұлтарақтай»,«тілдей», «тістем», «пәмдә», «мысқал», т. б. сөздері кішкене деген өлшемді білдіреді. Дәлірек айтар болсақ, мысқал – жиырма бес грамға тең салмақ өлшемі, 1 қадақта 96 мысқал бар.
Ал «қадақ» - екі жүз грамға тең салмақ өлшемі. «Қадақтай» - кішкентай, аз.
Ауыз әдебиетіндегі «Ер Тарғын» жырында :
Келген қалмақ көп еді,
Көп те болса қалмақтан,
Алты күн айғай салғанда,
Азғантай қалды қадақтай – деп жырлайды.
« Үш ғасыр жырлайды » еңбегінде :
Мысқалы мың теңгелік асыл заттар,
Барады арзан болып жылдан – жылға,
Жақсыны жау да болса, дұшпан тұтпа,
Жаманның басында тұр заман ақыр, -делінсе, «Гауһарды мысқалдап өлшейді» - дейді қазақ мақалында. Мысқалдау – аз, аздау, там – тұмдау,мысқалдай – болар, болмас, кішкентай, азғантай. Әш - мүшке – қадақтың сегізден бір бөлігі.
Шығыс аңыздарының желісіне құрылған дастандар қазақ халқының бай мәдени мұрасының едәуір бөлігін құрайды. Олар дала халқы өмірінде дәстүрлі фольклормен қатар орын алады.
Мысалы, Атымтай жомарт, Қасым жомарт дастандарында жомарттық пен қонақжайлылық жырлана отырып, қазақтың байырғы өлшеуіш мазмұнындағы сөздері өте көп қолданылады.
Ажалына мен себеп болдым – ау деп,
Көзімнен қан аралас ақты тамшы, немесе Алуаны асап жеді табақтан,
Ашыққанда түйе өткендей тамақтан.
Екеуі де, әсіресе патша алды,
Артығырақ он екі, он үш қадақтан.
(« Қасым жомарт » дастанынан.)
Мұндай өлшем сөздер « Құлқаныс – Зеберше », «Қарқабат » дастандарында да жиі кездеседі.
Бір ауыз жүрегіме от тастадың ,
Қалмады сабыр-тағат шыдайтұғын.
Құлқаныс, арызым бар,тоқтағын тез,
Кәмілге бір-екі ауыз сөйлеңіз сөз . « Қарқабат » дастанынан :
Ауыздары он қарыс,
Қайтпайтын жаудан ер еді, немесе Бес мысқал мойнындағы жарқыраған,
Гауһардың менің таққан белгім еді.
1.2. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде ұзындық өлшеміндегі өлшем сөздер
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде ұзындық өлшеміндегі өлшем сөздер кез, аршын, сүйем, құлаш, тұтам, шынтақ, қарыс, елі, табан, т. б. түрінде кездеседі.
Кез – көне өлшем бірлік сөзі. Шамамен 70 – 80 см - ге тең ( дәлірек айтқанда 71, 12 см-ге) ұзындық өлшемі. Мысалы, « әлгі құлын алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты » (қазақ ертегілерінен ).
Батырлар жырында :
Саурылған екі кез,
Шүйел белің құрған тез.
Сия берер айтсам сөз..
Ал « Алпамыс» жырында :
Аузын ашты келді де,
Жұдырықпен бір ұрып,
Қырық кез болат сандықты.
Кез басқа мағынада да кездеседі. Кез – метр. Кез – ұзындығы бір метрге тең ағаштан жасалған өлшемдік құрал. Кез – садақ оғының ойыс (ашаланып) келген түбі, серіппеге ілінер жері. Кез – түйенің екі өркешінің аралығындағы ойыс жер. Кезде – матаны кезбен өлшеу, кезге салу, метрлеу.
Құлаш- иық деңгейінде көтерілген қолдың екі саусағының арасына тең өлшем.
1 құлаш = 8 қарыс = 2,5 шариат кезі = 167,5 см.
2 таяқ тастам жер = 1 құлаш
Елі –сұқ саусақтың екінші буынының еніне тең өлшем:
1 елі ≈ 2 см
Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың керіп ұстаған арасы.
1 қарыс ≈ 23 см
Шынтақ - ежелден бері қолданылып келе жатқан шамамен екі қарысқа тең өлшеуіш.
Аршын – метрге тең өлшем, кез. Аршын – заттың көлемін аршынмен өлшеу, мөлшерлеу. Мысалы:
Мұндай құс кез болып қалса керегінде,
Ет берер кісінің ебі болса.
Таңырқап талай адам тұратұғын,
Жарты аршын құйрығының ағы болса.
( Үш ғасыр жырлайды.)
Тағы да :
Ұзыны елу аршын,он кез еді,
Демімен тартады ішкі көрсе нені.
Балаңды бұл ретте қосып бер деп,
Қалайда қинап отыр өте мені.
(Т. Ізтілеуов. «Рүстем-Дастан»,1961 ж.)
Алты жүз аршын болсын биіктігі,
Ай тұрсын алтын арай, сүйіп мұны.
(« Әбілхарис » ертегісінен. )
Аршын – ерте кездерде қолданылған ұзындық өлшемі. Ол қазір қолданылып жүрген «метр» өлшеміне жуық . Аршын сөзінің төркіні парсы тілі. Олардағы «әрш» сөзі бізде «шынтақ» деген мағына береді. Кейде шынтақ пен саусақ ұшына дейінгі аралықты да «арш» деп атайды. Міне, осылардың түбірлерінің біріне « ын » жұрнағы қосылып, ұзындық өлшемін білдіретін «аршын» атауы пайда болған.
Сүйем – қазақтың ұзындық өлшемін білдіретін метрологиялық сөз. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты керген кездегі ұзындық. «Сүйем» сөзі монғол тілінде «соом» тұлғасында, ал тунгус – маньчжур тілдерінде «суум» дыбыстық құрамында көрініп, бұларда да қазақ тіліндегі мағынада қолданылады. Бірақ осылардың бәрі сөздің алғашқы тұлғасы мен тұңғыш мағынасы емес. Оған себеп – қырғыз тіліндег «соомей», тунгус – маньчжур тілдеріндегі «суу» сөздері біздің тіліміздегі «сұқ қол» дегеннің орнына жұмсалады. Сондықтан «сүйем» өлшеміне саусақтың қатысы барлығына орай, осы сөздің тууына негіз болған деген ойды түйіндеуге болады. 1 сүйем ≈ 18 см
Мағынасы ескіріп, көнерген, бірақ кезінде қоғам өміріндегі, тарихындағы кезендерді еске салатын сөздерді историзм деп атайды. Мысалы, лек,тұрық, жүздік, мыңдық, жүзбасы, мыңбасы,үйір – үйір, отар – отар, ұйқы – тұйқы, үшбу, бума – бума, будақ – будақ, қыруар, т.б. Осылардың ішінен лек сөзіне тоқталып өтейік.
Лек – тілімізде көп жағдайда қос сөз түрінде келіп (лек – лек, лек – легімен) «шұбырған топ» мағынасын береді. «Лек» сөзінің тағдыры да «қыруар» сөзімен сәйкес. Көне сөздік бойынша мұның да парсы тілі арқылы қазақтарға енген үнді сөзі екенін білеміз. Ендеше лек сөзі жүз мың деген сандық өлшемді мегзейді.«Лек–легімен» дегеніміз, шындап келгенде, өлшеусіз, есептелмес, «жүз мыңдаған» сияқты нақтылы санды ұғындырады. Бұған керісінше, шамалы, қаралы, некен – саяқ, шақты,едәуір, бірқыдыру, қас пен көздің арасында, анағұрлым, сонша,т.б. – жобалы өлшем сөздер.
1.3. Халықтың уақытын анықтау белгілері
Халық уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірбие жинақтап, оны қолданудың сәті мен жолдарын және соған лайықты сөз өрнектерін де таба білді. Жылды, тоқсанды, айды, аптаны, тәулікті бөлудің шаруашылыққа сай реті мен ыңғайын да орайластыра келтіре білді. Ал мерзім, мезгіл өлшемдеріне келгенде халық өлшемі мен атауы да бай. Ұлттық ұғымда мерзім – уақыттың, мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді (Мысалы: бие сауым, күн, ай, тоқан).
Мезгіл сол уақыттың бір сәтін ғана айқындайды. Мысалы: елең-алаң, түс-кеш, түн ортасы т.б. Қыс, көктем, жаз, күз – мезгіл өлшемдеріне жатады Мерзім өлшемдері: бір сәт, қас қағым, ә дегенше (1 сек), сүт пісірім (5-10 мин), бие сауым (1,5 сағат), ет пісірім (2,5-3 сағат), жарты күн, бір түн (тәуліктік) (24 сағат), апта (7 күн), ай (30-31 күн), тоқсан (3 ай), жыл (365 күн) немесе 12 ай, ғасыр (100 жыл). Адам өмірі де: жас (1 жыл), мүшелмен (12 жас) есептеліп, бір мүшел (13 жас), екі мүшел (25 жас), үш мүшел (37 жас), төрт мүшел (49 жас) ... т.с.с. бөлінеді. Мерзім өлшеміне күн, ай аттары да жатады. Уақыт мезгілдерін анықтауда және оның жиіліктерін жіктеп, айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әрі түрге де өте бай. Мысалы: елең-алаң, құланиек, таң сәрі, құлқын сәрі, таң бозара алакеуім, таң біліне, таң ата, күн шыға, күн қызара, күн қыза, күн көтеріле, күн арқан бойы көтеріле, түске жақын, тал түс, шаңқай түс, талма түс, сәске түс, түс ауа, түс қайта, бесін, екінді, кеш, көлеңке басы ұзара, күн бата, ымырт, іңір, апақ-сапақ, жөппелдеме, намаздыгер, ақшам (намазшам), ақшам жамырай, бей уақыт, қас қарая, түн қараңғысы, ай туа, түнортасы, жұлдыз сөне т.б. Мұнан тек уақыт шамасы ғана емес халқымыздың таным-түсінік, ой, әр істің байыбына терең бойлау, бағдарлау, тіл қабілетінен жоғары тұрғанын дәлелдеп береді. Мезгілді қазақтар күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап та анықтаған.
Мысқалдан батпанға дейін.
Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Енді халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке-жеке тоқталайық. Мұны халықтың өзі белгілегеніндей салмақ өлшемі, көлем өлшемі мен мөлшері, ұзындық өлшемі, қашықтық өлшемі, уақыт және мезгіл өлшемдері деп бөлуге болады.
Салмақ өлшемдерін халық былайшы жіктеген. Мысқал (1гр), қадақ (750 г), келі (1к), пұт (16кг), батпан (100 кг). Бұл өлшемдер мен бірге халық салмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
Көлем өлшемдері бір заттың немесе малдың саны, көлемі мен мөлшерін, аумағын шамамен белгілейді. Мысалы: бір шымшым, бір шөкім, бір уыс, қос уыс, бір тілім, (нан), бір түйір, бір қолтық, бір шүйке,бір құшақ, бір қап, бір шелек, бір қасық, бір тамшы, бір арқа, бір шана, бір арба, бір табақ, бір шоқ( үкі, тал), бір топ(адам), бір қарын, бір сандық, бір қалта тағы сол сияқты. Мал саны мен көлемін де осылай шамамен ажыратады. Яғни бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір, оншақты, жиырма шақты... заттың көлеміне, аумағына кейде бармақтай, шыншақтай, жұдырықтай, құмалақтай, етектей, алақандай деген теңеу сөздер де қолданыла береді.Сұйық заттарға мөлшер сөзі қолданылып,оны мөлшерлеп есептейді. Халыққалыңдық өлшемін де ұмытпаған. Мұны олар көбіне жылқы қазысының жұқа,қалыңына қарай айтқан. Айталық бұлт, пышақ сырты, қылыш сырты (бұлар 3 – 5мм шамасы), шынашақ, елі, бармақ(бұлар 1–2,5см),екі елі...,сере, табан (7–10см) т.с.с. Басқа заттардың қалыңдығы да көбінесе елімен яғни саусақ қырымен өлшенеді. Оны елі дейді.
Ұзындық және қашықтық өлшемі мүлде екі ұғымды, екі түрлі өлшемді білдіреді. Бір заттың (таяқтың, арқанның) ұзындығын анықтайды және ол (1;5см),екі елі, үш елі...,тұтам,сынық сүйем (14–15см),сүйем (17-18см),қарыс,кере қарыс (20-22см), кез (50см), аршын (75см), құлаш (1,80-2м), т.б. Балтасап,кебіс басындайдеген өлшемдері де бар. Сол сияқты ұзын, қысқа деп шамамен есептей береді.
Қашықтық өлшемдері жердің қашықтығын (ауылдың ара қашықтығына) қолданылатын өлшем екені белгілі. Бұл өлшем түрлері былайша аталады: адым (қадам)(1м), таяқ тастам(10-15м), әй дейтін жер(100м), дауыс жететін жер(250-300м), шақырым (1км), иек астында, бір төбе астында(4-5км), қозы көш жер(5-6км), көз ұшында(6-7км), тай шаптырым(4-5км), құнан шаптырым(8-10км), ат шаптырым(25-30км), бір күндік жер,айшылық жол...т.б.
Көш жер – ұзындық өлшемі. Ол әр түрлі мағына алады. Мысалы,
Қозы көш жер орта есеппен 14,5 км,
Күзгі көш жер орта есеппен 25,5 км,
Орта көш жер шамамен 90 км.
Бұл межелер ауыл ішінде бұл күндері де жиі айтылады.
Ел ішінде тереңдік, биіктік өлшемдері де бар. Бұған терең, тайыз, биік, аласа деген сөздер қолданылады. Бір айта кетерлік жай жоғарыдағы аталған өлшемдер бірі-бірінің орнына жүрмейді.
2. Халық өлшемдері
Ауа райын бақылау, ыстық, суықты және оның өзіне тән өлшемін белгілеуде де халықтың өзіндік тәжірибелері мен қағидалары аз емес. Қанжылым, жылы, ыстық, суық, салқын, мұздай тағы да осылайша анықтап бір заттың, судың, астың немесе ауа райын белгілейді. Ауа райын жылы, ыстық, қапырық, қайнап тұр, күйіп тұр, аспан айналып жерге түскендей, ми қайнататын ыстық... деп жаз айындағы күн райын айтса, қыста: шуақ, май тоңғысыз, шыбынсыз жаз, суық, салқын, аяз, үскірік, бет қаратпас аяз, тіфу десетүкірік жерге түспейтін аяз деген теңеулер арқылы күннің қаншалықты суық екенін анықтап, соған сәйкесәрекет ете бастайды.
XX ғасырдың басына дейін ел ішінде XYIII ғасырдағы Әз-Тәуке хан басшылығымен жасалған әйгілі «Жеті жарғы» заң негізі құқықтық негізде шығын және құн мөлшерін де белгіледі. Дау – жанжал немесе ұрыс кезінде адам өлімі мен дене жарақатына сай айып, құн өлшемін бекітті. Мысалы: ер адам құны 100 жылқы. Біреудің белін сындырған толық адам құнын төлейді. Бір көзін шығарса адамның жарты құның төлейді. Ұрыс-төбелесте бас бармақ сынса 100, шынашақ сынса 20 қой төлейді. Дене зақымынан бала өлі туса: 5 айлық бала үшін – 5 ат, 5 айдан 9 айға дейінгі бала үшін әр айға бір түйе. Аталған заң негізінде 100 түйе 300 атқа немесе 1000 қойға теңестірілген (Ақиқат, N 6. 1993, 43 бет). Бұл мөлшерлердің әлеуметтік, мемлекеттік маңызы да өте зор болды.
Саудада әр заттың, малдың құнын, белгілеуде де орайлы әдістер мен жолдар таба білген. Ақшалай саудада тиын мен теңгені, алтын, күміс жамбы (қойтұяақ, тайтұяақ) сияқты құнды металдарды қолданған. Ал, айырбас саудада әркімнің келісіміне сәйкес шамамен түйені – құлынды биеге, биені – бұзаулы сиырға, сиырды – тай, құнанға, тайды – 3 – 4 қойға айырбастаған. Сөйтіп мал, бұйым саудасында да әр затқа лайық кесімді өлшемдері болған.
Қазақтарда әр түрлі өлшемдер жиі кездеседі. Олардың көбінің мағынасы әлі зерттелмеген. Кейбір көне өлшемдерді келтірейік.
1 көнек сүт шамамен 6 – 7 литр
1 шелек шамамен 12,3 литр,
1 қап шамамен 4 пұт = 65 – 66 кг.
1 мысқал шамамен 4,46 г,
1 қадақ бидай шамамен 19,47 кг,
1 жамбы күміс шамамен 6 кг,
1 кез шамамен 62 см,
1 пітір бидай шамамен 3 кг,
1 ширек шай шамамен 250 г,
1 әшімөңке шай шамамен 50 г,
1 таймөңке шай шамамен 25 г.
1 қайнатым шай шамамен 6,5 г,
1 шөкім тұз шамамен 12,5 г,
1 қазық бойы шамамен 3 метрдей,
1 көген шамамен 25,5 м,
1 бұршақ шамамен 3 – 4 сүйем,
1 сүйем шамамен 18 см.
Халық өлшемдерінің қырлары өте көп.
Қашықтық өлшемі:
Адым ( қадам ) 1 метр
Таяқ тастам 1015 метр
«Әй » дейтін жер 100 метр
Дауыс жететін жер 250-300 метр
Шақырым 1 километр
Тай шаптырым 4 – 5 километр
Қозы көш жер 5 – 6 километр
Салмақ өлшемі:
Мысқал 1 грамм
Қадақ 400 грамм
Келі 1 килограмм
Пұт 16 килограмм
Батпан 100 килограмм
Ұзындық өлшемі:
Елі 1,5 сантиметр
Тұтам, сынық сүйем 14 – 15 сантиметр
Сүйем 17 – 18 сантиметр
Қарыс 20 – 22 сантиметр
Кез 50 сантиметр
Аршын 75 сантиметр
Құлаш 1,80 метр
Мерзім ( уақыт өлшеуіші ):
Бір сәт 1 секунд
Сүт пісірім 5 – 10 минут
Бие сауым 1,5 сағат
Ет пісірім 2,5 – 3 сағат
Бір түн,бір күн 24 сағат
Апта 7 күн
Ай 30 – 31 күн
Тоқсан 3 ай
Жыл 365 күн
Ғасыр 100 жыл
1 мүшелмен 12 жыл
1 мүшел 13 жас
2 мүшел 25 жас
3 мүшел 37 жас
4 мүшел 49 жас
2.1. Көне өлшемдерді қайта жаңғырту
Халық тұрмыста қазақтың байырғы өлшемдерін қолданған. Кейде адамдардың іс-әрекетін, қадір-қасиетін бағалап, басқамен салыстырғанда « бес саусақ бірдей емес» деген сөзді мәтел есебінде айтады.
ұлаш иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі, бір құлаш шамамен 166 – 170 см немесе 1 құлаш = 8 қарыс. Құлаш сауда саттық жұмысында, тұрмыста сондай - ақ салықты өтеу кезінде пайдаланылған. Құлаштың сала, кере, көш құлаш атты түрлері бар.
Аршын көне түрік заманында қолданылған ұзындық бірлігі. Ол кездегі мәні белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда XVI ғ. бастап бір аршын шамамен 71, 12см - ге тең ұзындық өлшемі ретінде қолданылған. Парсы тілінен енген бұл өлшемнің бастапқы дәл мағынасы шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі аралық. Кейбір деректерде қан аршыны деген атпен аталып, саусақтың ұшына дейінгі аралыққа тең өлшем деп те атайды.
Кез байырғы деректерде аршын мен мағыналас айтылады.
1 кез =62 - 71. 12см
Көш жер ұзындық өлшемі. Олар түрлі мағына береді.
Мәселен: Қозы көш жер орта есеппен=14, 5км
Күзгі көш жер орта есеппен=25, 5км
Орта көш жер шамамен = 90км
1 шақырым = 1 км
Қарыс толық жазғандағы бас бармақ пен ортаңғы саусақтың ұштарының арасына тең ұзындық бірлігі. Ол қолдағы саусақтың үлкен кішілігіне байланысты, шамамен 19 - 21 см, болады. Тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Киіз үйдің уығы 12 - 16 қарыс мөлшерінде жасалады.
Тұтам бүгілген төрт саусақ пен алақан арасындағы қуыстың ұзындығына тең өлшем. 1тұтамшамамен 8 - 8, 5см - ге тең.
Сүйем =18см. Сынық сүйем бас бармақ пен сұқ саусақтың екінші буынына дейінгі керілген аралық, шамамен 13 - 16см.
Ат шаптырым шамамен = 30км
Тай шаптырым шамамен = 15км
Арқан бойы шамамен=7 - 8м шамасында
Қадам адам адымына тең ұзындық бірлігі. 1 қадам шаммен 60 - 70 см болады.
Шынтақ қолдық ортаңғы саусағының ұшынан шынтақтың бүгілген жеріне дейінгі аралық. Қазақстанда кең тараған Бұхар шынтағы шамамен 40 - 41 см.
Қолдың қары немесе қары кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы ұшына дейінгі аралыққа тең ұзындық бірлігі, шамамен 80 - 85см. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та қарсы ретінде пайдаланылады. Ол 1м шамасына болады.
Уақыт өлшем бірліктері:
1 тәулік (сөтке) = 24сағат
Тал түс түскі сағат 12 дәл
Сиыр түс сағат 9 – 10 мөлшері.
1 мүшел жыл 12жыл
1 ғасыр 100 жыл
Аудан өлшем бірліктері: қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер мөлшерін өлшеуге пайдаланылған бірліктерінің ішінен ең көп қолданылғандары танап және тепе
Танап - Қазақстанның суармалы аудандарында 1 танап=1820, 23шаршы метрге тең деп қолданылады.
Тепе - байырғы аудан бірлігі, Қазақстанда ол шамамен екі шаршы шақырымға тең. Қазақта ат басындай алтын, тайтұяқ алтын деген, алтынға байланысты да өлшем бірліктері бар. Бұлардың шамасының қаншалықты екені зерттеуді қажет етеді.
2.2. Байырғы қазақ өлшемдері – қазақ халқының қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктер
Байырғы қазақ өлшемдері – өлшем-мөлшер, мөлшердің сандық бірлігі. Мөлшерсіз дүние жоқ. Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік жарасымдық пішіні, мөлшері бар. Өлшем – өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа қажетті заттардың сандық және сапалық көрсеткіші,оның ұзындық, қалыңдық, көлемдік, қашықтық мөлшері бар.Ертеде дәлдік өлшем аспаптары жоқ кезде қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың бүтіні немесе бөлігі сандық және салыстырмалы түрде, сондай-ақ адамның дене тұрқы да алынған.Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атауы бізге жат естіліп, ұғымымызға жатпауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол –тарихи тәлім, өнеге.
Сондай-ақ уақыт мөлшерін болжауға Күннің, Айдың немесе басқа да аспан шырақтарының көкжиекпен салыстырғандағы орны алынған. Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтарда уақыт мөлшерін судың белгілі бір ыдыстан ығысып шығу мерзімі бойынша анықтаған. Жетілдіріле келе бұл ыдыстар су сағатына айналған. Мұндай бірліктердің басым көпшілігі адамның көзбен шамалауымен, жұмсалған күш сезімімен, белгілі бір қашықтықты жүріп өту мерзімімен мөлшерленген. Сондықтан халық арасында жылқыға байланысты «ат шаптырым жер», «бие сауым уақыт», «екі елі қазы» тәрізді қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады. Халық арасында сұйықтықты (қымыз, шұбат, т.б.) сақтайтын көнек, жанторсық, торсық, мес, саба тәрізді мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қолданылған. Мысалы, торсыққа жеті – сегіз аяқ (литр) қымыз сыйса, местің сыйымдылығы екі жарым – үш торсыққа тең.
Заманында ата-бабаларымыздың кеңінен қолданған «қолдың қары» өлшемі ағылшын «ярдымен» шамалас. Ал Ресейде 17 – 20 ғасырларда қолданылып келген ағылшын футы (foot – табан) байырғы қазақ өлшемі «табанға» жуықтау келеді: «табан» өлшеміне қазақ табанның енін алса, ағылшын футы – табан тұрқына тең. Сондай-ақ ағылшынның дюйм (голландша – үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқының байырғы «бармақ» өлшеміне («Бармақ елі қазы») сәйкес келеді. Орыстың «верстасы» мен қазақтың «шақырымы», орыстың «долясы» мен қазақтың «мысқалы», сондай-ақ ағылшынның «фунты» мен қазақтың «қадағы» шығу төркіні, атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады.
Орта Азия мен Қазақстанда ұзындықтың ең көп тараған байырғы өлшемдері қолдың қары немесе қары – кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80 – 85 см шамасы) тең ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та (шамамен 1 м) қары ретінде алынады.
Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19 – 20 см) бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Мысалы, киіз үйдің уығы он екі – он алты қарыс мөлшерінде жасалады.
Қарыстың туынды бірлігі – сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17 – 18 см). Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді. Сүйем – шамамен аршынның ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең. Елі – сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б. елімен өлшенген.
Буын – ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық (шамамен 5 – 6 см) бірлігі. Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою-өрнектің мөлшері осы буынмен өлшенген. Ол тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған.
Қадам – адамның бір адымына тең ұзындық (шамамен 60 – 70 см) бірлігі. Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен тараған кейбір салмақ өлшемдері:
Табақ – шамамен он екі орыс фунтына тең салмақ бірлігі. Ол үлкен табақ (шамамен 11,7 – 12 кг) және кіші табақ (шамамен 3,9 – 4 кг) болып екіге бөлінеді. Үлкен табақ астық салығын төлеу кезінде, ал кіші табақ сауда-саттық, алыс-беріс жұмыстарында қолданылған. Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Ол Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында шамамен 65 – 66 кг-ға, ал кей жерлерінде алты пұтқа (96 кг), тең болған.
Батпан – Ресейдің шет аймақтарында (негізінен азиялық бөлігінде) пайдаланылған салмақ бірлігі. Көне орыс жазбаларында ол 10 фунтқа тең делінеді.
Қадақ – ертедегі шығыс елдерінің көбісінде қолданылған салмақ бірлігі. Ол Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді.
Мысқал – Шығыс елдерінде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде, Үндістанда, Шығыс Африкада, Орта Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Мысқал 4,31 г-ға тең болған, алтын мен күміс ақшалардың, бағалы заттар, дәрі-дәрмектер мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылған. Қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер аумағын өлшеу үшін қолданған өлшем бірліктерінің ішінде ең көп тарағаны – танап. Қазақстанның суармалы егіншілік аудандарында (Тараз, Қазалы, Шымкент, т.б.) 1820,83 шаршы метрге тең. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік мәні бар терминдеріміз нақты мәнге ие бола алмаған. Мұның үстіне уақытпен бірге өлшемдер жиі өзгеріске ұшырап отырған.
Қорытынды
Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік мәні бар терминдеріміз нақты мәнге ие бола алмады. Мұның үстіне уақытпен бірге өлшемдер жиі өзгеріске ұшырап отырған.
Қазақта бар өлшемдер,
Сөзімді менің көркемдер.
Елі, қарыс қадам бар,
Қазақша нағыз өлшемдер.
Жақсы – жаман арасы,
Бес елі деп өлшенер.
Білу үшін шырағым,
Білмегенді сұрағың,
Жүрген елдің ойында,
Ескі өлшемдер мол екен.
Бұл өлшемдерді білейік,
Есте ұстап жүрейік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Балалар Энциклопедиясы, ІІ том.
Қазақ халқының салт дәстүрі. С.Қалиев, М.Оразаев Алматы 1994.
Интернет желісі.
Достарыңызбен бөлісу: |