Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті


-зертхана Тапсырма: Ауыспалы егістердің нобайларын құрастыру принциптері



бет14/19
Дата29.03.2017
өлшемі9,45 Mb.
#12535
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

8-зертхана

Тапсырма: Ауыспалы егістердің нобайларын құрастыру принциптері

Ауыспалы егістерді құрастырған кезде өрбір дақылға барынша қолайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз әсерін азайту керек. Әрбір дақылдың биологиялық ерекшеліктері, олардың тіршілік факторларына қатынасы, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне, су және қоректік режимдеріне, танаптардың ластануына, сонымен қатар микроорганизмдердің тіршілігіне әсері анықталады. Ауыспалы егістің тәсімін құрастырғанда топырақ құнарлығын тиімді пайдалану кажетілігін ескеру керек. Ауыспалы егістердін төсімін құрғанда мына қағидаларды ұстану қажет:

1.Ауданның үлкен бөлігін негізгі дақылдарға бөлу керек.



  1. Құнды дақылдарды, сондай-ақ топырақ құнарлығына, арамшөптердін жоқтылығына және тіршілік факторларына, басқа да жағдайларға талабы жоғары дақылдарды ең жақсы дақылдан кейін орналастыру керек. Олар өз кезегімен келесі дақыл үшін жақсы алғы дақыл болғаны жөн.

  1. Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау керек.

  1. Топырақты өте тереңге күшті құрғататын дақылдардың (күнбағыс, қант қызылшасы, судан шөбі қайталана егілуіне, көп жылдық шөптерден кейін қүнбағыстың орналасуына жол бермеу керек.

  2. Дәнді бұршақ дакылдарын қайталап өсіру тиімсіз, өйткені олардан кейін бірінші жылы топырақта жиналған азотты, осы элементке қажеттілігі жоғары дақылдар оны пайдалана алмайды.

6. Сүрі жерге отамалы және дәнді бұршақ дақылдарын орналастыруға болмайды. Бұл жағдайда олардың құнды алғы егіс артықшылығын басқа дақылдар пайдаланбайды.

7. Нашар алғы егістен кейін танаптарды сүрі жерге қалдыру керек.

8. Суландырылатын және жауын-шашын жеткілікті жерлерде көп жылдық шөптерді бірінші жылы күздік немесе жаздық астық дақылдарының немесе бір жылдық шөптердің жамылғыларының астында өсірген тиіші.

9. Астық (арпа, сұлы, жұмсақ бидай) және жармалық мәдени дақылдадың қайталама егістері болуы мүмкін.

10. Ең жақсы алғы егістердің соңғы әсерін барынша толығымен кажет; мысалы, сүрі жерден кейін жаздық қайталама егістерін егуге болады.

11.Арамшөптерді азайтатын дақылдарды арамшөгптерге сезімтал дақылдармен кезектестіріл орналастырады.

12.Зиянкестері мен аурулары ұқсас және арнаулы арамшөптері бар дақылдардың қайталама егісіне жол беруге болмайды.

13.Далалық және құрғақ далалық аймақтарда эрозия қауіптілігін төмендету үшін мамандырылған ауыспалы егістерде отамалы дақылдарды қайталап егу тиімді емес.

14. Ауыспалы егісте күзде-қыста және жазда болатын жауың-шашынды тиімді пайдалана алатын дақылдардын кезектесуің үйлестіру керек.

15.Өсу-даму кезеңдерінің ұзақтығы әр түрлі дақылдарды кезектестіру керек.

Егіншілік тәжірибесінде қолданылатын ауыспалы егістердің көп түрлілігі оларды жіктеуді қажет етеді. Нақты бір шаруашылықта әр түрлі ауыспалы егістерді тиімді үйлестіруі ауыспалы егіс жүйесін құрайды. Әдебиеттерде әр түрлі ауыспалы егістердің жіктеулері болғанымен, олардың барлығының негізіңде үш белгі бар: өнімнің негізгі түрі (далалық, мал азықтық, арнайы), биологиясы және өсіру агротехникасы бойынша өзгеше дақылдардың топтарының ара катынасы (дәнді отамалы, дәнді-шөпті, сидералды, жеміс алмасу, топырақ қорғайтын т.б.) және танаптардың саны.

Бірақ мұндай жіктеу түсінуді қиындатады және ауыспалы егіске дұрыс атын беретін белгілерін анық бөліп шығаруға мүмкіндік бермейді. Мысалы, топырақ қорғайтын ауыспалы егістерді осы жіктеу бойынша бөліп шығаруға мүмкіндік бермейді. Ауыспалы егістердің мазмұнын және ерекше белгілерін толығырақ деңгейде Л.П. Роктанен және В.П. Томилов ұсынған жіктеу көрсете алады (8- кесте).



28 кесте.Ауыспалы егістердің жіктелуі

Ауыспалы егістердің белгілері

Дақылдардың құрамы бойынша

Буындардың ерекшеліктері бойынша

Танаптардың саны бойынша

Қосымша белгісі бойынша

Сүрі жерлік, Отамалы, Шөптесін, бұршақты

Дәнді, мал азықтық, көкөністік,

Техникалық



Екі танапты, үш танапты, төрт танапты

Және т.б.



Суармалы топырақ қорғайтын, сидералды тыс танабы бар көп жылдық шөптер

Құрастырылған, сүрі жерлі-отамалы,

шөпті-сүрі

жерлі,

шөпті-бұршақ



Құрастырылған мал азыктык-дэнді,

көкөністік — мал

азықтық.

Дәнді-техникалық және т.б.

Бақшалық-көкөністік және

т.б.





.

Ауыспалы егістің сүрі жерлі және шөпті буындарынан құрастырылған мысалы:

  1. Сүрі жер

  2. Жаздық бидай Сүрі жер буын

  3. Жаздық бидай

  4. Біржылдық бұршақ-дәнді қоспалары

  5. Жаздық бидай шөпті буын

  6. Мал азықтық дақылдар

Дақылдардың құрамы бойынша ауыспалы егіс дәнді болып табылады, өйткені дәнді дақылдардың үлесі көбірек (66,6%), құрастырылған буындарының айырмашылығы бойынша шөпті-сүрі жерлі, ал танап саны бойынша — алты танапты. Ауыспалы егістің толық аталуы — сүрі жерлі-дәнді-шөпті алты танапты.

9– зертхана

Тапсырма:

1- сағат Алғы егістерге қысқаша сипаттама

Ауыспалы егіс дегеніміз - ғылымға негіздеп дақылдар мен орналасу орнына және белгілі бір мерзімге қарай кезектестіріп орналастыру.

Жүйелі түрде дақылдарды және сүрі жерді кезектестіріп орналаластыруын ауыспалы егістің тәсімі деп атайды. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы ең кең тараған дәнді-сүрі жер ауыспалы егісінің тәсімі: 1-сүрі жер, 2-жаздық бидай, 3-жаздық бидай, 4-арпа.

Дақылды ұзақ уақыт бір танапта ғана өсіруі ауыстырылмайтын егіс деп, ал шаруашылықта бір ғана дақылды ауыстырмай еге беру дара дақыл деп аталады.

Ауыспалы егістерде кейде бір дақылды бірнеше жылдар бойы егіп, содан соң оны басқа дақылға ауыстырады. Ондай егістерді қайталама егістік деп атайды. Мысалы, жаздық бидайды, жүгеріні, мақтаны және басқа дақылдарды қатарынан 2-3 жыл бойы себеді де, содан кейін басқа дақылға ауыстырады.

Ауыспалы егістің әр бір танабында әдетте бір дақылды өсіреді, өйткені осындай жағдайда ауыл шаруашылық техниканы тиімді пайдалануға, жұмыстарды жақсы ұйымдастыруға және қарқынды технологияларды пайдалануға мүмкіншілік туады. Бірақ егіс аудандары кішігірім болғандықтан бір танапта биологиясы және өсіру агротехникасы ұқсас дақылдарды орналастыру қажет болады. Ауыспалы егістердің осындай танаптарын құрама танаптар деп атайды. Әр бір ауыспалы егіс бірнеше буындардан тұрады. Буын деп жақсы алғы дақылдан басталып келесі топырақ құнарлығын жақсартатын дақылдың алдында аяқталатын ауыспалы егістің бөлігін атайды. Ауыспалы егісте буынды бастайтын жетекші алғы егістің аты буынға беріледі. Көбінесе ауыспалы егістерде келесі буындар кездеседі: сүрі жер, шөпті, отамалы және бұршақты. Мысалы, сүрі жер және бұршақ буындарынан құрастырындған ауыспалы егістің тәсімі:


  1. сүрі жер

  2. жадық бидай сүрі жер быны

  3. жаздық бидай

  4. ас бұршақ бұршақ буыны

  5. мал азықтық дақылдар (арпа, сұлы)

Ауыспалы егісте отамалы және шөпті буындарының тәсімі

  1. Жүгері

  2. Арпа шөптермен бірге себілген отамалы буын отамалы буын

  3. Көпжылдық шөптер

  4. Көпжылдық шөптер шөптік буын

  5. Арпа

Ауыспалы егістің тәсімі бойынша барлық дақылдардың және сүрі жердің толық айналып өткен кезеңі ауыспалы егістің айналымы деп аталады. Оның ұзақтығы ауыспалы егістегі танаптың санына әдеттегідей тең болады. Төтенше орынды танапта дақылдармен сүрі жері кезектесіп орналасып, ал олардың айналым кезеңі такаптардың егі есе кебейген санына тең болған топырақ қорғау ауыспалы егістер және тыс танабы бар айналымы немесе толық емес ауыспалы егістер алады.

Ауыспалы егістің тыс танабы бұл ауыспалы егістің тәсімінен шығарылып бірнеше жыл бойы бір ғана дақыл өсірілетін танабы. Көбінесе тыс танаптарда көп жылдық шептер, жүгері өсіріледі.

Алғы дақыл деп өткен жылы осы танапта өсірілген дақылды немесе сүрі жерді атайды. Ауыспалы егісте әрбір дақыл немесе сүрі жер соңғы дақылға алғы егіс бола алады. Ауыл шаруашылық тәжірибеде ауыспалы егістерге түзетулерді енгізу, дақылдармен сүрі жердін, кезектесуін өзгерту қажет болады. Мысалы, сүрі жердің жағдайы жақсы болған кезде (арамшөптері жоқ, топырақтың физикалық қасиеттері оңтайлы болуы және т. б.). Осындай жағдайда бұл танапта дақылдарды сеуіп, ал сүрі жерге арамшөптермен қатты ластанған немесе физикалық қасиеттері нашар ауыспалы егістердің танаптарын бөліп шығару қажет. Дақылдардың және сүрі жердің алмасуына түзетулерді енгізген кезде олардың ауыспалы егістегі орналасу принциптерін бұзбау керек. Дақылдардың және сүрі жердің кезектестіру принциптерін бұзбай, олардың ауысу жүйелігіне түзетулерді енгізуге мүмкіншілік беретін ауыспалы егістің қасиетіне ие болу оның икемділігі деп аталады.

Айналым мерзімдері ұзақ және биологиясы ұқсас дақылдардан құрастырылған ауыспалы егістердің икемділігі жоғары болады.

Дақылдардың кезектестіру қажеттілігі әр түрлі себептерге байланысты. Олардың ішінде ерекше орынды қоректік заттарды тиімді пайдалану және топырақтағы қарашірік балансын реттеу алып отыр.

Ауыл шаруашылық дақылдар қажетгілігі, сонымен қатар топырақтан қоректік заттарды сіңіру қабілеттері өзгеше болады. Топырақтаң шығыдайтын әр түрлі дақылдардың, қоректік заттардың мөлшері олардың өнімділігіне жеке химиялық құрамына байланысты болады. Егіншілік тәжірибесінде қандай болсын өсімдіктің өсіру топырақтағы заттардың (оларды сырттан енгізбей) азаюына байланысты, Топырақтағы қоректік элементтердің азаюы өсімдіктің түріне байланысты. Бұдан басқа қоректік элементтерді пайдалануға қатынасы бойынша өсімдіктер таңдаулы қасиеттерге.

Астық дақылдар топырақты біршама азот және фосфор, картоп калиймен кедейлетеді. Тамыр жүйесінің әр түрлі қабатта орналасуы қоректік заттарды топырақтын әр түлрі қабаттардан пайдалануына себепші болады.

2- сағат

Тапсырма: Негізгі ауылшаруашылық дақылдарының алғы егістері

В.Г.Ротмистров барлық ауыл шаруашылық дақылдарды тамырлардың бойлау тереңдігі бойынша үш топқа бөлді: таяз орналасқан тамыр жүйесі — картоп, зығыр, қарақұмық, ас бұршақ, тары, орташа терендікте орналасқан тамырлары - қара бидай, бидай, арпа, сиыр жоңышқа, терең бойлайтын тамыр жүйеісі - әр түрлі өсімдіктер қиын еритін қосылыстардан қоректік заттарды әр түрлі сіңіру қабілеттеріне ие болады.

Қарақұмық тамыр іріндерінің жоғары ерітетін қабілетіне байланысты қиын еритін қосылыстардан пайдаланып, басқа одан кейін өсірілетін дақылдарға жеңіл сіңетін түрде қалдырады.

Ауыл шаруашылық дақылдарының тамыр жүйесінің құрылысындағы айырмашылығы топырақ ылғалдылығының пайдаланғанда байқалады. Қуатты тамыр жүйесі бар өсімдіктер (жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, жоңышқа ылғалды төменгі қабаттардан пайдаланады, ал басқа өсімдіктер ылғалды топырақтың жоғарғы қабаттарынан жұмсайды.

Әр түрлі өсімдіктер құрғақ заттардың қалыптасуына судың әр түрлі мөлшерін жұмсайды. Қант, жүгері, күнбағыс, көпжылдық шөптер тары, арпа сияқты өсімдіктерге қарағанда суды көбірек жұмсайды және топырақты күштірек құрғатады. Сондықтан ауыспалы егісте әр түрлі дақылдарды алмастырып қоректік заттарды және топырақ ылғалын тиімді пайдалануға мүмкіншілік туады.

Танапата дақылдардың алмасуы топырақтың физикалық жағдайын, әсіресе оның құрылымы мен тығыздығын жақсарту қажет.

Бір жылдық дақылдарды қарқынды өндеулер мен қайталама өсіру топырақтың тым борпылдақ болуына, ал бұл топырақ құрылымының нашарлауына келтіреді. Құрғақ дала, дала және аймақтарының жағдайында жел эрозиясының қауптілігі байқалады. Көпжылдық шөптер және басқа дақылдар қалың қыртысты (шымды) құрады, топырақ құрылымын жақсартады, төзімді агрегаттардың санын көбейтеді, су және жел эрозиясынан қорғайды.

Топырақ құрылымының қалыптасуынын өсері өтетін дәрежесі бойынша дала дақылдарын мынадай ретпен орналастыруға болады: көп жылдық бұршақ-дәнді шөп қоспалары, көпжылдық бұршақ шөптер, бір жылдық бұршақ-дәнді шоп қоспалары, күздік дәнді дақылдар, жүгері, жаздық денділер, астық бүршақтылар, зығыр, картоп және тамыржемістілер.

Ауспалы егіс дақылдарының орналасуының биологиялық себептері өсімдіктерді зиянкестер және арамшөптерден қорғаута, арамшөптердің зиянды әсеріне, сонымен қатар топырақта улы заттардың жинауынан қорғайтын қажеттілігіне тығыз байланысты.

Жоғарыда айтылғандай, арамшөптердің белгілі түрлері кейбір дақылдарға бейімделген. Осындайда аурулар мен зиянкестер туралы айтуға болады. Сондықтан дақылдарды алмаспай өсіруі арнаулы энто және фитофактардың санының, белгілі бір арамшөптердің көбеюіне, тамырлардың бөліп шығаратын зиянды заттардың жинаулын, микроорганизмдердің тіршіліктерінің пайда болған заттардың кобеюін дақылдарды дұрыс алмастыру арқылы шешуге болады. Ауыспалы егістің тәсімін жасау және танаптарда дақылдардың кезектесуін дұрыс ұымдастыру үшін алғы дақылдардың сапалық қасиеттерін білудің маңызы өте зор.

Алғы дақылдарды бағалағанда бірнеше талаптарды ескереді:

1. Келесі дақылды себер алдында тамыр өсетін топырақ қабатындағы өнімді ылғалдың мөлшері.



  1. Топырақта өсімдікгерге сіңімді түрде қореқтік заттардың болуы.

  2. Ауыспалы егісте өсіретін дақылға зиян келтіретін аурулардың және зиянкестердің жоқтылығы.

4. Себу алдында топырақ өңдеуге және өнім жинағаннан кейін танаптық жұмыстарды жүргізу үшін вегетация кезеңінің ұзақтығының жеткіліктілігі. Ғылыми-зерттеу және өндірістік мәліметрдің қорытындыларының негізі бойынша В.Н. Степанов негізгі ауыл щаруашылық дақылдарына келесі ең жақсы алғы егістердің жіктеуін келтіреді .Көптеген ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша А.Ф. Неклюдов орман дала аймағында алғы егістерді таңдау картограммасын құрастырған Автор оны дала аймағында да қолдануға болатынын ескертеді.

29 – кесте Негізгі ауылшаруашылық дақылдарының алғы егістері




Дақыл

Алғы егістер

1

2

Күздік дәнді бидай, қара бидай, арпа

Таза сүрі жер (құрғақшылық аймақтарда), екпе сүрі жер, күздік дақылдар

Ерте жаздық бидай

Таза сүрі жер (құрғақшылық аймақтарда), отамалы, дәнді бұршақ, күздік дақылдар, сүрі жерден кейінгі бидай

Сұлы арпа

Отамалы (күнбағыстан басқасы), дәнді бұршақ, күздік дақылдар

Жүгері

Күздік дәнді бұршақ дақылдар, картоп, қант қызылшасы, жүгері

Күріш

Беде, жоңышка, соя, ас бұршақ, бидай, арпа, күріш

Дәнді бұршақ

Отамалы, күздік, жаздық дәнді дақылдар

Картоп

Күздік, дәнді бұршақ, көп жылдық шөптер қыртысы

Тамыржемістілер

Күздік, қант қызылшасы (суармалы), жаздық бидай сүрі жерден кейін

Күнбағыс

Күздік, дәнді бұршақ дақылдар, жаздық бидай, арпа. Бұрынғы орынға ең кем дегенде 6-7 жылдан бұрын қайтамалау

Мақта

4 жылға деін өсірілген жоңышқа, мақта (қайталама егістер 4-7 жылдан кеін)

Сора

Көп жылдық шөптер, дәнді бұршақ, тамыржемістілер, жүгері, сора (қайталама)

Бұршақ тұқымдас шөптер

Күздік және жаздық астық дақылдар

Солтүстік Қазақстандағы негізгі дақылдарға Н.В. Шрамко (1983) алғы егістердің келесі үш категориясын ұсынады /30– кесте/

30– кесте Солтүстік Қазақстандағы негізгі танаптық дақылдарының алғы егістерін бағылау

Дақыл


Алғы егіс



Жақсы

қанағатты

қанағатсыз

Бидай

Тыңайтылған таза сүрі жер, бұршақ-сұлы қоспалы пішінге, сүрі жерден кейінгі бидай

Ас бұршақ, жүгері, тары, арпа, сұлы, сүрі жерден кейінгі екінші бидай

Қарақұмық, үш жыл бойы бидайдың қайталама егістері

Арпа

Тыңайтылған таза сүрі жерден соң екінші және үшінші бидай

Тыңайтылған таза сүрі жер, жүгері

Сүрі жерден кейін үшінші бидай, жүгеріден кейін үшінші дақыл

Сұлы

Тыңайтылған таза сүрі жерден кейін бидай

Тыңайтылған таза сүрі жерден кейін бидай, тыңайтылмаған таза сүрі жер

Сүрі жерден кейін үшінші бидай, жүгеріден кейін үшінші дақыл

Қарақұмық

Тыңайтылған таза сүрі жер

Тыңайтылған таза сүрі жерден кейін бидай, тыңайтылмаған таза сүрі жер

Сүрі жерден кейін екінші және үшінші бидай,

Тары

Тыңайтылған таза сүрі жерден кейін бидай

Тыңайтылған таза сүрі жерден кейін екінші бидай,

Сүрі жерден кейін үшінші бидай

Ас бұршақ

Тыңайтылған таза сүрі жер, сүрі жерден кейін бидай

Тыңайтылған таза сүрі жерден кейін екінші бидай, тыңайтылмаған таза сүрі жер

Сүрі жерден кейін үшінші бидай және жүгеріден кейін астық дақылдар

Жүгері сүрлемге

Жүгері, арпа, сүрі жерден кейн бидай

Сүрі жерден кейін екінші бидай

Сүрі жерден кейін үшінші бидай

10-зертхана.

Тапсырма: Әр түрлі аудандарға ұсынылған ауыспалы егістер

Солтүстік және Орталық Қазақстанның дәнді ауыспалы егістері.

Осы аймақтың негізгі саласы бұл жаздық бидайдың тауарлы астығын өндіру болып табылады. Егістік аудандардың құрамында 60-70% дәнді дақылдар. Жаздық бидайдың ең жақсы алғы егісі таза немесе ықтырмалы сүрі жер. Оның егістерін сонымен қатар жүгеріні сүрлемге немесе жем шөпке, бір жылдық және көп жылдық шөптерден, дәнді бұршақ дақылдардан кейін орналастырады. Осы аймақта ең тиімдісі бұл қысқа айналымды сүрі жер дәнді, сүрі жер дәнді, отамалы және сүрі жер -шөпті-дәнді ауыспалы егістер. Көп жылдық шөптер (шықпа танап) негізгі дақылмен бірге себілмей (жамылғысыз) өсіріледі.

Ротация айналымының ұзақтығы және ауыспалы егістегі жердің меншікті келемі жауын-шашының мөлшеріне байланысты болады.

Жеті танапты

1 Таза немесе ықтырмалы сүрі жер 1 таза немесе ықтырмалы

сүрі жер

2 жаздық бидай 2 жаздық бидай

3 жаздық бидай 3 жаздық бидай

4 сұлы 4 жүгері

5 жаздық бидай 5 жаздық бидай

6 жаздық бидай 6 жаздық бидай



Алты танапты

1 таза немесе ықтырмалы сүрі жер 1 таза немесе ықтырмалы сүрі жер



  1. жаздық бидай 2 жаздық бидай

  2. жаздық бидай 3 жаздық бидай

  3. жүгері 4 бір жылдық шөптер

  4. жаздық бидай 5 жаздық бидай

  5. мал азықтық дақылдар 6 мал азықтық дақылдар

Бес танапты

1 таза немесе ықтырмалы сүрі жер 1 таза немесе ықтырмалы сүрі жер



  1. жаздық бидай 2 жаздық бидай

  2. жаздық бидай (тары) 3 жаздық бидай

  3. жаздық бидай 4 жүгері

  4. мал азықтық дақылдар 5 жаздық бидай

(қаракұмық)

(арпа, сұлы)

Бес танапты (көп жылдық шөптер шықпа танабы)


  1. таза немесе ықтырмалы сүрі жер

  2. жаздық бидай

  3. жаздық бидай (тары, қарақұмық)




  1. жаздық бидай

  2. көп жылдық шөптер (шықпа танап)

Төрт танапты

1 таза немесе ықтырмалы сүрі жер 1 таза немесе ықтырмалы сүрі жер



  1. жаздық бидай 2 жаздық бидай

  2. жаздық бидай (тары) 3 жаздық бидай

  3. жаздық бидай 4 арпа

Үш танапты


  1. таза сүрі жер 1 таза сүрі жер

  2. жаздық бидай 2 жаздық бидай

  3. жаздық бидай 3 мал азықтық дақылдары (арпа,сұлы)

11-зертхана

Тапсырма: Топырақ қорғайтын ауыспалы егістер

Өсімдіктердің қалдықтары аз болуына байланысты, жеңіл топырақтардың құнарлығы төмен болатын ауыспалы егістерде, жазықтілгіштермен өңдеуге қарамастан жел эрозиясының, ал егіс беткейлерде су эрозиясының қауіптілігі байқалады. Сондықтан осындай танаптарда арнайы сүрі жерді және дақылдарды жол-жолмен орналыстырып, арнайы топырақ қорғайтын ауыспалы егістер игеріледі (31-кесте).

31 кесте Дақылдарды және сүрі жерді бес танапты топырақ қорғайтын ауыспалы егісте орналастыру



Тақ жолақтар

Жұп жолақтар

1

Сүрі жер

Үшінші жылғы көп жылдық шөптер

2

Жаздық бидай

Төртінші жылғы көп жылдық шөптер

3

Жаздық бидай, күзде көп жылдық шөптер орылған егістің үстінен себу

Бесінші жылғы көп жылдық шөптер шөпке шабылғаннан кейін жартылай сүрі жер бойынша өндеу

4

Бірінші жылғы көп жылдық

шөптер


Көп жылдық шөптер қыртысының үстінен жазық бидайды себу

5

Екінші жылғы көп жылдық шөптер

қыртыстың үстінен жаздық бидайды себу

Осы ауыспалы егістің ұзақтығы он жыл. Дақылдардың және сүрі жердің жолақтары бойынша орналасу тәсімі 32 кестеде көрсетілген.

32 кесте Айналымы он жылдық 5 танапты топырақ қорғайтын

ауыспалы егістің айналым кестесі



Танап

Жылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

I

Сүрі танап

Шөп


3- жыл

Бидай

Шөп 4-жыл



Бидай

Шоп


5-жыл

Шөп

1-жыл


Бидай

Шөп

2-жыл


Бидай

Шөп

3-жыл


Сүрі танап

Шөп

4-жыл


Бидай

Шөп

5-жыл


Бидай

Бидай

Шоп 1-


жыл

Бидай

Шөп


2-жыл

II

Бидай

Шөп


4- жыл

Бидай

Шөп 5-жыл



Шөп 1-

Жыл


Бидай

Шөп 2-

жыл


бидай

Шөп 3-

жыл


Сүрі

танап


Шөп

4-жыл


Бидай

Шөп

5-жыл


Бидай

Бидай

Шөп


1-жыл

Бидай

Шөп 2-


жыл

Сүрі

танап


Шөп 3

жыл


III

Бидай

Шөп


5- жыл

Шөп

1-жыл


Бидай

Шөп 2-

Жыл


Бидай

Шөп 3-

жыл


Сүрі

танап


Шөп 4-

жыл


Бидай

Шоп 5-

жыл


Бидай

Бидай

Шөп 1-


жыл

Бидай

Шөп 2-


жыл

Сүрі

танап


Шөп

3- жыл


Бидай

Шөп


4-жыл


IV

Шөп 1 – жыл Бидай

Шөп 2-

жыл Бидай



Шот 3-

жыл Сүрі


Шеп 4-

жыл


Бидай

Шш 5-

жыл


Бидай

Бидай

Шөп 1-


жыл

Бидай

Шоп 2


-жыл

Сүрі

танап


Шөп 3-

жыл


Шөп

4-жыл


Шөп 5-

жыл


V


Шөп 2

жыл Бидай_



Шөп

3-жыл


1 Сүрі танап

Шөп

4-жыл


Бидай


Шөп 5-

жыл


Бидай

Бидай

Шөп 1


-жыл

Бидай

Шөп


2 жыл

Сүрі

танап


Шөп 3-

жыл


Бидай

Шөп 4-


жыл

Бидай

Шоп 5-


жыл

Шөп 1-

Жыл


Бидай

Шартты белгілер: Ш-1, Ш-2, Ш-3, Ш-4, Ш-5 – көп жылдық шөптер

12-зертхана

Тапсырма: Мал азықтық ауыспалы егістер.

Мал азықтық ауыспалы егістер дақылдардың түріне, орналасу орнына және пайдалану мақсатына байланысты ферма маңындағы және жайылым-пішен шабатындарға бөлінеді. Мал шаруашылық қора-қопсыларының маңындағы мал азықтық ауыспалы егістерде сүрлемдік және мал азықтық дақылдар, біржылдық шөптердің егістері орналасады, ал жайлым-пішен шабатын ауыспалы егістерде көбінесе көп жылдық шөптер басым болады.



Екі танапты


  1. Сүрлемдік жүгері 1 Сүрлемдік жүгері (4-5 жыл)

  2. Арпа 2 Көпжылдық шөптер (4-5 жыл)


Үш танапты


  1. Сүрлемдік жүгері 1 Сүрлемдік жүгері

  2. Арпа 2 Бір жылдық шөптер

  3. Сүлы 3 Арпа

Төрт танапты

1 Сүрлемдік жүгері 1 Сүрлемдік жүгері

(бір жылдық шөптер)


  1. Арпа 2 Арпа

  2. Мал азықтық тары 3 Сұлы

  3. Арпа 4 Көп жылдық шөптер
    (шықпа танап)

Жел эрозиясына күшті ұшырайтын топырақта алты танапты жайылым-пішен шабатын ауыспалы егістер қолданылады.



1. 2/3 бөлігі сүрі жер (алқаптың ені 30 м)+1/3 белігі көп жылдық шөптер (алқаптың ені 10 м)

  1. 2/3 бөлігі бір жылдық шөптер + 1/3 бөлігі көп жылдық шөптер (шөп шабылғаннан кейін жартылай пар түрінде ендеу.

  2. Үшінші жылдан бастап көпжылдық шөптер өсіріледі /3-6 жылдары/.

Бұл ауыспалы егістің игеруі осындай тәсім жүргізіледі (30-сурет).

15 сурет. Жел эрозиясына күшті ұшыраған жерлерде жайылым-пішен шабатын ауыспалы егісті жүргізу тәсімі


Көпжылдық шөптердің егістерін 6 танапқа бөледі. Бірінші жылы басыңқы желге көлденең бір танапты ені 30 және 10 м алқаптарға бөледі. Кең алқаптарды сүрі жер түрінде өндейді, ал жіңішке алқаптарда шөп жамылғысын бұрынғы күйінде сақтайды. Келесі жылы сүрі жер алқаптарына біржылдық шөптер егіледі, ал буферлік алқаптарда (10 м) шөп шабылған соң жартылай сүрі жер түрінде өндейді. Күзде бір жылдық шөптердің өнімін жинағаннан соң танап өндеусіз көпжылдық шөптермен егіледі (еркек шөп).
Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет