Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет5/19
Дата29.03.2017
өлшемі9,45 Mb.
#12535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Топырақты өңдеу


Егiн себуге дейiнгi қара сұлының көгі, дана/м2

күзде

көктемде


1975-1977жж.

ұ бақылауға

Жазықкескiштi культивация (бақылау)

Жазықкескiштi культивация

Жазықкескiштi культивация+

БИГ-3


Жазықкескiштi культивация+ БИГ-3

тырмалау
өңдеусiз


тырмалау

БИГ-3
өңдеусiз


153
343


149

403

-
+190
-

+254


 

Бұл жағдайда топырақты ерте көктемдегi тырмалаудан бас тартуға болады. Нестеренко А.М. және басқалардың тәжiрибелерiнде бұл бас тартудың тұқым себу алдында арамшөп тұқымдарының көп өнуіне әсер ететiндiгi анықталған (8- кесте).

Топырақты ерте көктемде өңдемеу қара сұлының тұқымдарының көбірек өнуіне әсер етедi. Танаптар қара сұлымен ластанған жағдайда бұл оның көгін  егiн себу алдындағы культивациямен толығырақ жоюға мүмкiндiк бередi.

Күзгi терең қопсытудан кейін (25-27 см) топырақ iрi кесектi болғанда БИГ-3 тырмалау керек болады.

Iрi кесектi сүдiгердi күзде тырмалау көктемде қара сұлының көгінің  көп шығуына және жаздық бидайдың өнімінің жоғары болуына әсер етедi. 

 Сонымен қатар жазықкескiшпен саяз өңдегенде өнім  терең өңдеудегiден кем болмаған.

Зерттеулерде күзгi топырақ өңдеу тереңдiгiнiң танаптардың көп жылдық атпатамырлы арамшөптермен ластануына елеулi әсерi байқалмаған. В.Т.Иванов, Л.Н.Иодко және басқалардың (21) деректерi бойынша дәндi-отамалы ауыспалы егiстегi танаптардың атпатамырлы арамшөптермен ластануы бiр шаршы метрде 6,4-7,4 данадан болған.

Атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптердi не күзгi, не көктемгі топырақ өңдеумен толық жоюға болмайды. Көп жылдық арамшөптермен күрестi ең жақсысы таза сүрi танапта жүргiзу.

Арамшөптермен сүрi танаптағы күрес.  Сүрi танапта көп жылдық атпатамырлы арамшөптерге қарсы әлсiрету принципiн толығырақ пайдалануға мүмкіндік туады. Алғы дақыл жиналғаннан кейiн танапта аз жылдық арамшөптер басым болғанда БИГ-3 тырмаланады, ал атпатамырлы немесе тамырсабақты арамшөптер басым болғанда КПШ-9, КТС-10-01 культиваторларымен өңделедi.

Келесi жылы арамшөптер жаппай өнгенде бiрiншi культивация жүргiзедi. Одан кейінгі 2-3 өңдеудi атпатамырлы арамшөптердің шығуына қарай, көбінесе 20 күннен кейiн, 10-12 см тереңдiкте жүргiзедi. Бесiншi өңдеудi тамыздың екiншi жартысында 25-27 см тереңдiкте жүргiзу ұсынылады. Канаданың Саскачеван провинциясында арамшөптермен күрес табысты болу үшiн сүрi танапты төрт реттен көп өңдеу керек .

АҚШ-та өңдеудi 10-14 күннен кейiн қайталап тұру ұсынылады. Сонымен қатар көп жылдық арамшөптерде қоректiк заттардың 2-3 жылдық қоры болатыны айтылады .

Канзас штатында ұзақ жүргiзiлген арнайы тәжiрибелер сүрi танапта далалық шырмауықты өз уақытында және керектi құралдармен өңдегенде екi жылда толық жоюға болатынын көрсеткен. Ол үшiн арасы 12 күн болатын 16 культивация керек болады. Өңдеу тереңдiгi – 10 см

Изели Д. деректерi бойынша атпатамырлы арамшөптерде қоректiк заттардың ең аз мөлшері, маусымның аяғы мен шiлденiң басында келетiн, шанақтану кезеңiнде болатын көрінеді. Туындыгер, далалық шырмауықтың өркенiнiң 5 жапыраққа дейiн бiр жылдық өсімдік сияқты дамитынын, сонан кейiн ғана оның тамырларының атпа ұрпақ беретiнiн атайды.

Атпатамырлы арамшөптер туралы келтiрiлген мәлiметтер оларды толық жою үшiн сүрi танапты мұқиятөңдеп, ауыспалы егiстiң басқа танаптарында да жүйелi күрес жүргiзу, оның iшiнде химиялық күрес те бар, керектiгiн көрсетеді.

Сүрi танапта тамырсабақты арамшөптердi жою үшiн КПЭ-3,8; КТС-10 культиваторларын пайдаланған жақсы. Танап жатаған бидайықпен ластанғанда осы култьиваторлармен, тамырсабақтары орналасатын – 14-16 см тереңдiкте 4-5 рет өңдеу тиiмдi.

Бұтақты бидайықпен күрес бiршама қиын, себебi оның тамырсабақтары жатаған бидайықтiкiне қарағанда терең орналасқан. Солтүстiк Қазақстан жағдайында бұтақты бидайықтың тамырсабақтары қара және күңгiрт қоңыр топырақтарда – 28-30 см, қоңыр және ашық қоңыр топырақтарда – 24-26 см, сортаң жерлерде – 16-18 см тереңдiкте орналасады.

Бұтақты бидайықпен күресте алдымен терең қопсытқыштарды қолданады, ал соңынан қайта жабдықталған КПЭ-3,8 культиваторын жiбередi. Бұл культиватордың тiрегiндегi қазтабанының орнына, жалпақ болаттан жасалған, екi ұшында жүзi бар арнайы қопсытқыш қашау бекiтiлген. Қайта жабдықталған терең қопсытқышты қолдану арқылы бiр жердi қайталап өтудiң санын азайтуға болады.

Қашау темiрдi қолдану құралдың серiппелi жұмыс органдарын 24-30 см тереңдетуге мүмкiндiк бередi. ғайта жабдықталған культиватормен сүрi танапты төрт рет өңдеу соқамен жыртуды пайдаланбай-ақ бұтақты және жатаған бидайықтың тамырсабақтарынан тазартады.

Сүрi танапты толықтай өңдегенде жатаған бидайыққа қарсы тұншықтыру тәсiлiн пайдалануға болады. Алғашқыда жатаған бидайықтың тамырсабақтары табақты сыдыра жыртқышпен ұсақталады, сонан соң өркендерi (бiзшелер) пайда болғанда соқамен терең жыртады. Бұл тәсiлдi ерте таза сүрi танаптарда қолданған қолайлы.

Бұтақты бидайықпен күресте, тамырсабақтарын жер бетiне тақау шығару үшiн, жердi соқамен жыртады, сонан соң культиватормен тамырсабақтарын тарайды. Сонымен қатар, ауа райы құрғақ және ыстық болғанда, тамырсыз қалған тамырсабақтар құрғап қалады.

Аз жылдық арамшөптер сүрi танапты өңдегенде бiршама тиiмдi жойылады. Бiрақ-та, оларды, әсiресе қара сұлыны, сүрi танапты өңдеу кезiнде толық жоюға қол жетпейдi, себебi тұқымдардың бiр бөлігі тек келесi жылдары өнеді. Сонымен қатар, азжылдықтармен күресте ауа райының және өңдеудiң тереңдiгiнiң де әсерi байқалады. Жазы құрғақ жылдары азжылдықтарды жою нашарлау болады.

Сүрi танапты өңдеудiң басында 8-10 см терең жүргiзiлген культивация да күрестiң тиiмдiлiгiн кемiтедi, себебi қопсытылған жер тез құрғап кетедi.



Себу мерзiмi. Топырақ қорғау егiншiлiгiнде дәндi дақылдарды оңтайлы мерзiмде себудiң маңызы өте  зор, олар жаздық бидай үшiн – 15-25, ал сұлы мен арпа үшiн - 25-30 мамыр.

Тың игерудiң алғашқы жылдарында жаздық бидайды себудiң ерте мерзiмдерiн пайдалану танаптардың жаппай  қара сұлымен ластануына, өнімділіктiң күрт төмендеуіне және үлкен экономикалық шығынға әкелiп соқты. Қорған облысы жағдайында жаздық бидайды кеш мерзiмде себу үшiн күрестiң пионерi Т.С.Мальцев болды. «Колхоз өндірісi» жорналында ол 1944 жылы қара сұлымен ластанған танаптарда жаздық бидайдың ерте пiсетiн сорттарын мамырдың жиырмалары кезiнде, ал арпа мен сұлыны мамырдың үшiншi онкүндiгiнде, кейде маусымның басында себу керектiгiн жазды (43). Тек осы мерзiмде себу ғана қара сұлының жаппай өнуіне қол жеткiзiп, оларды егiн себу алдындағы культивациямен жоюға мүмкiндiк бередi. Ол мынадай бiр оқиғаны келтiредi, 1948 жылы 400 га танапқа бидайды ерте себуге мәжбүр етiптi. Бидайдың арасында қара сұлының өте  көп екендiгi 25 мамырдың өзінде белгiлi болды. Т.С.Мальцев 25 мамырда танаптың алты жерiн табақты сыдыра жыртқышпен өңдеп, 26 мамырда қайтадан бидай сеуiптi. Күзде бұл жерлер 19 ц/га өнім  берсе, танаптың қалған бөлігінен 5 ц/га өнім  алыныпты. «Мен мұны жергiлiктi жердiң ұсыныстарына кедергi жасап, қолбайлау болатындарға көрсету үшiн жасадым, олар көздерiмен көрдi себебi келушiлер ол мөлдектерге дейiн соқпақ жол салған болатын», – деп жазды ол.

Солтүстiк Қазақстан жағдайында қара сұлымен күрестiң ең сенiмдi жолы – себу алдындағы культивация, ол жаздық бидайды таза сүрi танаптарда мамырдың төртiншi-бесiншi бескүндiгiнде сепкенде де тиiмдi.. Қара сұлымен күрестiң осындай шаралары Канадада кең қолданылады .

М.В.Карпенконың деректерi бойынша, 20 жыл iшiнде орта есеппен бидайдан ең жоғары өнім  20-30 мамыр аралығында сепкенде алынған. 5-10 мамырда себумен салыстырғанда гектарынан 3,4-3,5 ц қосымша өнім  жиналған. Қара сұлымен ластанған танаптарда қолайлы мерзiмде себу ерте мерзiмде себумен салыстырғанда қара сұлының санын 98% төмендеткен.

Кеш өнетін арамшөптермен (итқонақ, тауық тарысы) күресте себу мерзiмiнiң әсерi шамалы, себебi олардың көгі бидай егiстерiнде егiн көктегеннен кейiн жазғы жауындардан соң шығады.

Арамшөптермен күресте себу мөлшері мен жұмыс сапасының да маңызы бар. М.Қ.Сүлейменовтiң деректерi бойынша тұқымның себу мөлшерін гектарына 1,0-1,5 млн өнгiш дәнге дейiн кемiту сүрi танапқа себiлген жаздық бидайдың арамшөптермен ластануын бақылау вариантымен салыстырғанда 31%, басқа алғы егiстерде - 28% арттырған. Ол арамшөптермен күрестiң арнайы шараларынсыз себу мөлшерін гектарына 2,0-2,5 млн өнгiш дәннен төмендетуге болмайтынын ескертедi. Керiсiнше, себу мөлшерін ұсынылғаннан сәл жоғарылату әр шаршы метрдегi арамшөптердің массасын 3-17% төмендетедi .

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстерiнде шүй немесе себiлмеген жерлердi қалдыруға болмайды. Олар арамшөптердің ошағына айналады. Себiлмей қалған жерлердi аз жылдық арамшөптер (қара сұлы, қаңбақ, гүлтәжi т. б.) жайлап алады. Отамалы дақылдардың егiсiнде жеткiлiктi күрес болмаған жағдайда арамшөптер, әсiресе кеш өнетіндер, қарқынды дамиды.
1.9 Дәріс

1.9.1 Мәдени өсімдіктердің бәсекелестiк қабiлетiн арттыру. 

Мәдени өсімдіктердің бәсекелестiк қабiлетiнiң артуына олардың агротехникасының жекелеген шараларын дұрыс таңдау арқылы қол жеткiзуге болады. Ең алдымен оларға тұқым себу мерзiмi мен тәсiлдерi, себу мөлшері мен тұқым сiңiру тереңдiгi, тыңайтқыштарды қолдану жатады.

Тұқымды терең және саяз себу, егiннiң сиреуi арқылы олардың арамшөптерге қарсы бәсекелестiгiн нашарлатады. Сондықтан жаздық бидайдың тұқымын қолайлы тереңдiкке, 6-8 см сепкен дұрыс .

Арамшөптердің өсіп-өнуіне тыңайтқыштар елеулi әсер етедi. Тыңайтқыштың тиiмдi немесе керi әсерi болуы мүмкiн. И.И.Хорошилов пен В.И.Хорошилованың мәлiмдеуi бойынша қара сұлымен күштi ластанған майлы зығырдың егiсiнде минералды тыңайтқыштар керi әсер еткен. Зығыр егiсiнiң қара сұлымен ластануы 5 есе артып, соның әсерiнен зығырдың өнімi 4 есе төмендеген.

Азот тыңайтқыштары қара сұлының тұқымдарының тыныштық күйiнен шығуын тездетедi. Тұқым себудiң соңғы мерзiмiндегi егiстiктерде фосфор тыңайтқыштарын пайдалану дәндi дақылдардың өнімділігін арттырады.

Осындай мәлiметтер бидай егiстерiнде де алынған. Канада туындыгерлерiнiң бiр қатары қара сұлымен, далалық қышамен, жабайы шомырмен ластанған бидай мен арпа егiстiктерiндегi тыңайтқыштардың тиiмдiлiгiнiң төмен болатынын мәлiмдейдi. Боуден мен Фризеннiң деректерi бойынша жаздық бидай егiсiнiң әр шаршы метрiнде қара сұлының 82 өсімдігі болғанда тыңайтқыш пайдалану 11,0 ц/га өнімділікке қол жеткiзген, ал қара сұлы болмағанда өнімділік 19,4 ц/га, яғни 8,4 ц/га артық болған .

Фосфор тыңайтқыштарын пайдаланғанда мысыққұйрық итқонақ өзінiң массасын көбейтедi. Шырмауық, ақ алабұта, жатаған бидайық тыңайтқыш пайдаланғанда өздерінің массасын азайтады .

В.А.Смирнов фосформен қоректенудiң жақсаруы арпа мен қос жарнақты арамшөптердің 2,4-Д гербицидiне төзімдiлiгiн арттыратынын хабарлайды. Фосформен қамтамасыз ету деңгейi төмен болғанда азоттың көбеюі  бұл өсімдіктердің 2,4-Д гербицидiне төзімдiлiгiн кемiтедi. Туындыгер, қоректiк деңгейi жоғары болғанда ауыстырылмайтын егiстiкте де 8 жыл гербицидтi пайдалану оған төзімдi қос жарнақты арамшөптердің жиналуын туғызбағанын анықтаған.

Тыңайтқыш пайдаланылған танапта барлық кездескен арамшөптердің iшiнде, тек масақты гүлтәжi ғана өзінiң санын және тұқым өнімділігін арттырды.

          Жалпы алғанда, керектi мөлшерде тыңайтқыш пайдаланған жоғарғы деңгейдегi агротехника және гербицидтердi пайдалану дақылдардың арамшөптерге қарсы бәсекелестiк қабiлетiн күшейтедi. СолтүстiкҚазақстанның жағдайында бұл мәселе толық зерттелмеген және ғылыми тексерудi керек етедi.



1.9.2 Арамшөптердi егiстiктерде жою. 

Арамшөптермен егiн сепкеннен кейiнгi күрестiң басты агротехникалық шараларына егiстi көгі шыққанға дейiн және көгі шыққаннан кейiнгi тырмалау, отамалы дақылдардың қатараралығын өңдеу жатады. Тырмалаудың тиiмдiлiгi топырақтың беткi қабатындағы арамшөптердің жас өркендерiн (ақ жiпше кезеңi) жоюға негiзделген.          Отамалы дақылдардың (жүгерi, картоп) егiстiктерiн көктегенге дейiн және көктегеннен кейiн тырмалау тиiмдi және кең қолданылады. Дәндi дақылдардың егiсiн тырмалау сақтықты талап етедi.

 Мұнда СЗС-2,1 тұқым сепкiшiнен кейiнгi жердiң бетiндегi аңыз қалдықтарының, арамшөптер өркенiнiң болатынын, қажеттi гидроцилиндрлi тырмалардың, үлкен алқаптардың болуын ескеру  керек.

          Дәндi дақылдарды  көктегеннен кейiн тырмалау Қарағанды НИИСХ-ның тәжiрибе шаруашылығында кеңiнен қолданады. Ол үшiн мұнда жиналған өсімдік қалдықтарынан жұмысты тоқтатпай-ақ тазалауға мүмкiндiк беретiн гидроцилиндрлi кең алымды (30 м) тiстi тырмалар пайдаланылады .

 1.9. 3 Арамшөптермен ауыспалы егiстегi күрес.

 Ауыспалы егiсте дақылдарды алмастырып отыру арамшөптермен күрестiң тиiмдiлiгiн арттыратыны бұрыннан белгiлi. А.Тэер өзінiң «Ұтымды ауыл шаруашылығының негiздерi» атты кiтабында бұл туралы: «Арамшөптердi жою үшiн егiстiктерде дақылдар алмасуы өте  керек, себебi кейбiр астық тұқымдастар басқаларға қарағанда белгiлi арамшөптердің көбеюіне жағдай жасайды, олардың өсуiне, пiсiп- жетiлуiне кедергi болмайды, ал кейбiр өсімдіктер өз маңына арамшөптердi жолатпайды», – деп жазған болатын (65).

          Ресейде арамшөптермен күрестегi ауыспалы егiстiң пайдасы туралы А.Ермолов жазды. Ол ауыспалы егiстiң арамшөптермен күреске мүмкiндiк беретiнiн атап көрсетті . Ол қарақұмық себу арқылы танаптың жатаған бидайықпен ластануын төмендетуге болатынын мысалға келтiредi.

          Д.Изели Америка құрлығының солтүстiгiнде кездесетiн 1200 арамшөптердің ауыспалы егiсте дақылдарды алмастырып отырғанда 20 түрiнiң ғана сақталатынын хабарлайды.

          Арамшөптермен күресте әр түрлi тұқымдастықтарға жататын дақылдарды алмастыру ерекше тиiмдi, бiрақ Солтүстiк Қазақстан жағдайында мұндай ауыспалы егiстер қолданылмайды. Дәндi-сүрi танапты ауыпалы егiстерде арамшөптермен күрестiң негiзгi ауыртпалығы сүрi танапқа түседi. Сүрi танаптан алыстаған сайын егiстiктердiң арамшөптермен ластануы арта түседi.

          Кестеден көрінгендей, сүрi танаптан алыстаған сайын бидай егiсiнiң арамшөптермен ластануы арта түседi, бiрақ ол бидайды жүгерiден кейiн немесе ауыстырмай өсіргендегiге қарағанда төмен. Мұнда көп жылдық арамшөптердің саны сүрi танаптан кейiнгi бiрiншi бидайға қарағанда 5,5-11,6 есе артқан.

          Жүгерiнiң арамшөптермен күрес қабiлетiнiң төмендiгiн жаздағы қатараралығын өңдеу арқылы көп жылдық арамшөптердi жоюға мүмкiн еместiгiмен түсiндiруге болады.

          Ауыспалы егiске кеш себiлетiн бұршақ-сұлы қоспасын немесе арпаны енгiзгенде, онан кейiнгi бидайдың ластануы сүрi танаптан кейiнгi үшінші бидайға қарағанда 1,7-1,5 есе азаяды (75). Арамшөптердi пәрменді жою үшiн гербицидтер пайдалану керек. Гербицидтердiң рөлі, сүрi танабы жоқ, мал-азықтық ауыспалы егiстерде ерекше артады.

          Н.М.Дядик пен С.И.Гилевичтiң мәлiмдеуiнше Қостанай облысы жағдайында ауыспалы егiстер арамшөптермен күрестiң маңызды құралы болып табылады.

          ҚазАШҒЗИ-ның зерттеулерi  сүрi танабы бар және кеш себiлетiн дәндi дақылдар кiрген ауыспалы егiс танаптарының ластануы төмен екенiн көрсеткен. Ауыстырылмайтын бидай егiсiнде гербицид пайдаланбаған жағдайда ең көп арамшөп – 53 дана/м2, оның iшiнде 34 көпжылдық болды. Олардың құрғақ массасы 104,4 г/м2, немесе ауыспалы егiстердегiден 4-6 есе көп болды.

          Ауыспалы егiс сүрi танапсыз болғанда көп жылдық арамшөптердің саны артады. Егiстiктердi арамшөптерден тазартудың шешушi құралы – гербицидтер. Ауыстырылмай себiлген бидай егiсiнде гербицидтердi пайдаланғанда арамшөптердің саны 2 есе, ал олардың құрғақ массасы 5 есе кемiген .

           Арамшөптердің бiр ерекшелiгi, агротехника бұзылса, кешендi күрес шаралары сақталмаса болды, танаптарда олар қаптап шыға келедi. Осыған байланысты А.А.Измаильскийдiң осыдан жүз жылға жуық уақыт бұрын айтқан мына сөздерi бүгiн де көкейкестiлiгiн жойған жоқ: «Ауыл шаруашылығының  қолайсыз жағдайларымен күресте ... мен бiрiншi орынға танаптардың арамшөптермен ластануымен күрестi қоямын, ал бұл күрестiң табысы үшiн сүрi танаптың дұрыс өңделуiнiң орасан зор маңызы бар ...» . 


1.10. Дәріс

    Гербицидтер және оларды пайдалану туралы жалпы деректер 

1.10.1.Ауыл шаруашылығы дақылдарының танаптарында гербицид қолдану 
1.10. 2 Гербицидтердi сүрi танаптарда пайдалану

1.10.3.Арамшөптермен күресiң биологиялық шаралары
Гербицидтер және оларды пайдалану туралы жалпы деректер 
Химиялық күрес арамшөптердің қлуiне әкелiп соғатын химиялық заттарды қолдануға негiзделген. Бұл заттарды гербицидтер деп атайды. Ол латынның herba – шөп және ceado -өлтiремiн деген сөздерiнен құралған. Гербицидтердi пайдалану ауыл шаруашылығының тиiмдiлiгiн елеулi түрде арттырды. У.К. Шоу және Л.Л. Джексон АҚШ-та ақырғы жиырма жылда 186 млн га артық жерде арамшөптермен күресте 2,4- Д гербицидiн қолдану жиналған астықтың мөлшерін 56 млн тоннаға көбейткенiн мәлiмдейдi.

Қазіргі егiншiлiкте арамшөптермен күрестi гербицидсiз табысты жүргiзу iс жүзiнде мүмкiн емес. Өндiрiсте талғап әсер ететiн, жер бетiне шашылатын немесе топыраққа сiңiрiлетiн гербицидтер (2,4-Д, триаллат, трефлан, прометрин, эрадикан т.б.) кең тараған

Гербицидтердiң  талғап әсер етуi мәдени өсімдіктер мен арамшөптердің морфологиялық және биологиялық ерекшелiктерiне байланысты. Мысалы, астық тұқымдас өсімдіктердің (дара жарнақтылар) жапырақтары жiңiшке, сабаққа сүйiр бұрышпен  орналасқан, нашар ылғалданады, өсу нүктесi жапырақтар қынабымен жабылған.

Қос жарнақтыларға жататын көптеген жалпақ жапырақты өсімдіктердің жапырақтары көлденең орналасқан, жақсы ылғалданады, өсу нүктесi ашық орналасқан. Гербицидтердiң өсімдіктерге енуi заттар алмасуын, белоктар мен көмірсутектерiнiң түзiлуiн, тотығу және тотықсыздану процестерiн бұзады. Хлорофильдi ыдыратып, ең соңында өсімдіктердің опат болуына әкелiп соғады. Кейбiр мәдени дақылдардың гербицидтерге төзімдi болуы олардың жасушаларында гербицидтiң күшiн жоятын ерекше ферменттердiң (жүгерiнiң симазинге) болуына+ немесе гербицидтерге антидот++ (топик, эрадикан) қосуға байланысты.



+ гербицидтер, олардың сипаттамасы, жiктелуi туралы толық мәлiметтердi арнайы әдебиеттерден (3, 7, 9, 61, 62, 67)алуға болады.

++ антидот – мәдени өсімдіктердің гербицидтерге төзімдiлiгiн арттыратын химиялық зат.  

          Гербицидтер ерiтiндiлер (2,4-Д амин тұзының судағы ерiтiндiсi), суспензиялар (симазиннiң, прометриннiң, атразиннiң суланған ұнтақтары), эмульсиялар (2,4-Д бутил эфирi, триаллат, трефлан, эптан), түйiршiктер (триаллат, 2,4-Д бутил эфирi), ағатын құрғақ суспензия (гранстар) түрiнде қолданылады.

          Гербицидтердi ұшақ арқылы, жер бетiне бүрку (тұтастай, жолақтап, штангалы бүрку, дистанциялық) тәсiлдермен қолданады. Суармалы егiншiлiкте су арқылы пайдалануға болады (гербигация).

          Аз жылдық және көп жылдық арамшөптердің дара және қос жарнақтыларын жою үшiн гербицидтерұштастырыла немесе қоспасын пайдаланады. Мысалы, жүгерi егiстiгiнде – эрадикан (азжылдықтарға қарсы) тұқым сепкенге дейiн және 3-5 жапырақтар кезеңiнде 2,4-Д (көп жылдық қосжарнақтыларға қарсы) қолданады. Бидай егiсiнде – триаллат (қара сұлыға қарсы) тұқым сепкенге дейiн және 2,4-Д (қосжарнақтыларға қарсы) түптену кезеңiнде пайдаланады.

          Кейбiр жағдайларда гербицидтердiң қоспасы немесе гербицид пен тыңайтқыш, гербицид пен микротыңайтқыштың қоспаларын қолданады. Жүгерi егiстiгiнде эптан мен 2,4-Д амин тұзының қоспасын пайдалануға болады . Картопта прометрин мен натрий трихлорацетатын қолдануға болады .

          Целиноград ауыл шаруашылығы институтының егiншiлiк кафедрасының тәжiрибелерiнде (М.И.Тангиев, Г.П.Судникович) 1974-1975 жж. еркекшөп егiсiне 2,4-Д амин тұзын және аммиак селитрасын (15 кг/га ә.з.), суперфосфатты (15 кг/га ә.з.), аммофосты (15 кг/га ә.з.), молибдендi (200 г/га ә.з.) қолданудың пайдалы әсерi байқалған. Жеке 2.4-Д пайдаланғандағымен салыстырғанда еркекшөптен 21-36% қосымша өнім  алынған.

          Алдына қойған мiндеттерiне және өсімдіктерге тигiзетiн әсерiне қарай гербицидтердi әр түрлi мерзiмде пайдалануға болады: 1) тұқым себер алдындағы мiндеттi түрде топыраққа дереу сiңiру арқылы енгiзу (триаллат, трефлан, эптам, эрадикан, прометрин); 2) тұқым сепкеннен кейiнгi дереу топыраққа сiңiру арқылы енгiзу (прометрин); 3) мәдени дақылдар көктеп шықпай тұрып қолдану (2,4-Д, 2М-4Х); 4) мәдени дақылдар көктеп шыққаннан соң қолдану (2,4-Д, иллоксан); 5) өнімді жинағаннан кейiн қолдану (2,4-Д, түйiршiктi триаллат, раундап); 6) сүрi танаптарды өңдеу кезiнде (раундап, ураган).

          Гербицидтердiң ұшақ арқылы, жер бетiне бүрiккiштер арқылы қолданғандағы пайдалы әсерi ауаның температурасына, желдiң жылдамдығына, жауынға, жұмсалған ерiтiндiнiң мөлшеріне және гербицидтiң өсімдік тканьдарына ену жылдамдығына байланысты болады.

          Арамшөптердің жер бетiндегi бөліктеріне әсер ететiн гербицидтердiң ең жоғарғы улылығы температура 18-240С болғанда байқалады. Ауаның температурасы 25-300С болғанда олар нашар әсер етедi, ал 8-100С болғанда әсерi тiптi байқалмайды .Желдiң жылдамдығы 4 м/сек жоғары болғанда гербицидтердi шашуға болмайды.

          Ерiтiндiлердiң пайдалану мөлшері: өте  шағын көлемдi – гектарына 5 л дейiн, шағын көлемдi – желдеткiштi және ұшақ бүрiккiштерiн пайдаланғанда – 10-50 л/га, штангалы бүрiккiштердi пайдаланғанда – 50-75 л/га, әдеттегi көлемдi – 200-300 л/га, көп көлемдi, гектарына 300 л артық болып келедi .

          Жер үстiлiк штангалы бүркуге (түгелдей және жолақтап) ОПШ-15-01, ОП-2000-2-01, ОП-3200, ПОМ-630, ПОМ-630-1, ОМ-630-2 штангалы бүрiккiштерiн қолданады.

          Жер үстiлiк желдеткiштi (дистанциялық) бүркуге ОПВ-1200, ОП-2000, ОМ-630, ОМ-320 агрегаттарын пайдаланады .

          Гербицидтердiң көпшiлiгiнiң адамдар мен жануарларға әсерi төмен болса да, олар адамның денесiне белгiлi бiр мөлшері тигенде улы әсер етедi. Сондықтан гербицидтермен жұмыс iстегенде сақтық жасаған дұрыс. Жұмысқа кiрiспей тұрып жұмысшылардың қауiпсiздiк техникасы жөнінде нұсқаудан өтiп, арнайы киiм алуы керек. Бұл мәселе бойынша арнайы әдебиеттерде толығырақ жазылған .

          Агрономдарға гербицидтердi сақтау жағдайына көңіл бөлу керек. Шет елдерде оларды жылы, құрғақ, желдетiлген ғимараттарда сақтау керектiгi жөнінде нұсқау бар. Мысалы, трефланды сақтағанда температура +40С төмен түспеуi керек, ал 2,4-Д қатуына жол бермеу керек. Гербицидтегi әсер ететiн затының мөлшерін тексерудiң де маңызы зор. Сақтау кезiнде, әсiресе ұзақ сақтағанда гербицидтiң әсерлiлiгi төмендейдi. Мұндай гербицидтердi пайдалану үлкен шығын шығарғанмен тиiмдiлiгi төмен немесе болмауы да мүмкiн, оған жол беруге болмайды


1.10.1.Ауыл шаруашылығы дақылдарының танаптарында гербицид қолдану 

          Арамшөптердің әсерiнен болатын өнімнің төмендеуінiң 75-80% көпжылдықтардың үлесiне тисе, қалғандары азжылдықтардың үлесiне тиедi . Тек күзгi және көктемгі топырақ өңдеу арқылы дәндi дақылдар мен жүгерi егiстiктерiн көп жылдық атпатамырлы арамшөптерден тазартуға болмайды. Ауыспалы егiске сүрi танапты енгiзу күрестiң тиiмдiлiгiн күрт арттырады.

БОАЗҒИ-ның арамшөптермен күрес зертханасының зерттеулерi сүрi танаптан алыстаған сайын егiстiктердiң атпатамырлы арамшөптермен ластануы жылына екi есеге  жуық артып отыратынын анықтаған          

          Топырақ қорғау егiншiлiк жүйесiнде қосжарнақты арамшөптермен күресте бiраз табыстарға қол жетсе, ал азжылдық астық тұқымдас арамшөптермен (қара сұлы, мысыққұйрықтар, тауық тарысы, түктi тары) күресте жағдай басқаша. Көптеген зерттеушiлер дәндi-сүрi танапты ауыспалы егiсте астық тұқымдас арамшөптердің, әсiресе тары тәрiздес түрлерiнiң көбейiп келе жатқанын көрсетеді          Қазіргі кезде астық тұқымдас арамшөптерге, оның iшiнде тары тәрiздес түрлерiне қарсы қолданылатын гербицидтер бар. Оларды кең пайдалануға бағасының қымбаттылығы мен ауылдың экономикалық қиындығы қолбайлау болуда.

          Отандық және шетелдiк зерттеулер көрсеткендей, бидай мен арпа егiстерiндегi қара сұлымен күресте, оны 76-89% дейiн құртуға мүмкiндiк беретiн триаллат гербицидi тиiмдi Триаллат  (авадекс) сұйық және түйiршiктi түрде шығарылады.

Трефланды пайдаланғанда бидайдың тұқымын гербицид бар қабаттан төмен себу керек. Бұған СЗС-2,1 тұқымсепкiштерiн пайдаланғанда толық мүмкiндiк бар.  Трефланның әсер ететiн спектрi триаллатқа қарағанда әлдеқайда кең, ол мысыққұйрыққа, қара сұлыға, гүлтәжiне, шырмауық таранға, қаңбаққа улы әсер етедi .

          Жүгерiнiң кең қатарлап сепкен жағдайда арамшөптерге қарсы бәсекелестiк қабiлетi төмен. Күрестiң агротехникалық шаралары арамшөптердi тиiмдi жоя алмайды. А.М.Нестренконың (1985) тәжiрибелерiнде арамшөптерге (тары тәрiздестер, қара сұлы, аз жылдық және көп жылдық қосжарнақтылар) қарсы күресте трефланды (2 л/га) және триаллатты (2,5 л/га, эрадиканды (5 л/га) және 2,4-Д амин тұзын (2,5 л/га) ұштастыра пайдалану жоғары тиiмдiлiгiн көрсеткен. Гербицид қолданылған варианттарда қатараралық өңдеу жүргiзiлген жоқ. Бақылау вариантында өнімділік 137,8 ц/га болғанда жүгерiден 78-94 ц/га қосымша көк балауса алынған.

          Күнбағыс және картоп егiстерiнде бiр жылдық дара және қос жарнақты арамшөптерге қарсы прометрин гербицидiн пайдалану тиiмдi. Прометриндi күнбағысты сепкенге дейiн, себумен бiрге немесе сепкеннен соң көгі пайда болғанға дейiн топыраққа бiрден сiңiру арқылы жүргiзедi. Дәрмек бойынша сiңiру мөлшері гектарына 2,0-6,0 кг (ә.з. 1,0-3,0кг).

          Картопты отырғызған соң бiрден прометриндi шашып, топыраққа тырмамен араластырады. Жұмсалу мөлшері дәрмек бойынша 3,0-5,0 кг/га (ә.з. 1,5-2,5 кг/га). Картоп түйнектерiн гербицид шашылғаннан кейiн тек үш айдан соң пайдалануға болады.          Целиноград ауыл шаруашылығы институтының егiншiлiк кафедрасының зерттеулерiнде еркекшөп егiсiнде 2,4-Д амин тұзын 2-3 кг/га мөлшерінде қолдану тиiмдiлiк көрсеткен. Еркекшөптiң бiрiншi жылғы егiсiнде гербицид пайдалану келесi жылғы шөптiң түсiмiн бақылаумен салыстырғанда 44,5-71,3% арттырған.

          Егер бiрiншi жылы гербицид пайдаланылмаса, екiншi жылы еркекшөптi жинағаннан кейiн 35-40 күн өткен соң (шiлденiң аяғында тамыздың басында) қолдануға болады. Азот фосфор және микротыңайтқыштармен араластырғанда 2,4-Д амин тұзының арамшөптерге әсерi күшейедi (М.И.Тангиев, Г.П.Судникович, 1972-1975 гг.). 



1.10. 2 Гербицидтердi сүрi танаптарда пайдалану 

          Сүрi танаптарда гербицид кең қолданылуда. Оған мына жағдайлар себеп болуда:

1) жаппай және талғап әсер ететiн гербицидтердi пайдалануға болады;

2) әсерiн күшейту үшiн гербицидтiң пайдалану мөлшерін көбейтуге болады, мұны мәдени дақылдардың егiсiнде жасай алмайсың;

3) гербицидтердi пайдалану механикалық өңдеудiң санын азайтуға мүмкiндiк бередi, бұл нитрификация процесiн төмендетедi, топырақ ылғалдылығын сақтайды және топырақтың жел эрозиясына төзімдiлiгiн арттырады;

4) гербицид пайдалану мен механикалық өңдеудi ұштастыра жүргiзу, ең зиянды атпатамырлы арамшөптердi түбегейлi жоюға мүмкiндiк бередi;

5)    жанар майдың шығынын азайтып, топырақ өндейтін құралдардың тозуын төмендетедi.

Солтүстiк Қазақстан жағдайында ең тиiмдiсi 2,4-Д тобының гербицидтерi. П.П.Колмаков пен А.М.Нестеренконың (33) деректерi бойынша далалық шырмауықты құрту үшiн  сүрi танапты төртiншi культивацияның орнына 2,4-Д эфирiмен 1,6 кг/га ә.з. мөлшерінде бүрiккен пайдалы. Гербицидтiң арамшөптiң тамырына сiңуi оның терең қабатта өлуiне әкелiп соғады. Үш рет жазықкескiшпен (10-14 см) және 2,4-Д эфирiмен (1,6 кг/га ә.з.) өңделген сүрi танап атпатамырлы арамшөптерден толық тазаланып, бес механикалық өңдеу жүргiзiлген бақылау вариантымен салыстырғанда 2,6-3,0 ц/га қосымша өнім  берген.

Қазіргі кезде сүрi танапта арамшөптердi, әсiресе атпатамырлы және тамыр сабақты арамшөптердi, құртатын жаппай және талғап әсер ететiн гербицидтер бар. Арамшөптерге бiраз өсуге мүмкiндiк бередi де (жатаған бидайықтың түтiктенуi, қалуендердiң жапырақтануы, далалық шырмауықтың сабақтануы), сонан кейiн маусымның екiншi жартысында 3-4 л/га раундаппен өңдейдi. Атпатамырлы арамшөптердi күштiрек басу үшiн раундап (2 л/га) пен 1 л/га ә.з. 2,4-Д эфирiнiң (изопропиламин тұзы) қоспасын пайдалануға болады. Раундаптан кейiн (1,0-1,5 кг/га ә.з.) он күннен соң 2,4-Д басқа түрлерiн пайдалануға болады. Арамшөптер 5-12 күннiң iшiндеөледi.

Жаппай әсер ететiндер тобына жататын Ураган (глифосат-тримезиум) гербицидiн 2-6 л/га мөлшерінде қолдануға болады .
1.10.3.Арамшөптермен күресiң биологиялық шаралары

          Көптеген елдерде арамшөптермен күрестiң биологиялық тәсiлдерiн зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде (28, 55, 56). Зерттеулердiң негiзгi мақсаты – арамшөптердің табиғи жауларын (фитофагтарды, ауруқоздырғыштарды) iздеу, басқа жақтан әкелу және қоныстандыру болып табылады.

          Мысалы, күнбағыс егiсiнде сұңғылаға қарсы күресте фитомиза шыбынын қолданудың пайдалы тәжiрибесi бар. Ростов облысында 1974 жылы фитомиза шыбыны 30869 гектар жерге жiберiлдi. Биологиялық тәсiлдi пайдаланудың нәтижесiнде сұңғыланың 82-90% жойылды .

          АҚШ-та, Канадада түйетiкенмен күресте Rhinocyllus conicus бiзтұмсығын және басқа жәндiктердi пайдаланады. Бiзтұмсықтың личинкалары түйетiкеннiң өнімділігін 98% төмендетедi .

          Сиыржоңышқаның 3-4 жылдық егiсiндегi арамсояумен күресте тамыз айында Альтернария саңырауқұлағын пайдаланады. Аналық суспензияның бiр килосы 300-400 л/га су пайдаланып 2-3 га жердi өңдеуге жетедi.

          Фитофагтарды таңдау өте  қиын, ұзақ мерзiмде, ойластырылып, сақтықпен жүргiзiлетiн жұмыс. Фитофагтарға мынадай шарт қойылады: өте  терең маманданған болуы, жауларының болмауы, жаңа жағдайларға жақсы үйренiсетiн болуы керек.

          Биологиялық тәсiлдiң тиiмдiлiгiнiң ең жақсы мысалы ретiнде кактус опунциясына қарсы Австралияда кактус көбелегiн пайдалануын айтуға болады. Он жылда (1925-1934 жж) опунциядан 24 млн. га жайылым тазартылған.Арамшөптермен күресте биологиялық тәсiлдердiң болашағы  зор.
1.11 Дәріс Ауыспалы егіс

1.11.1.Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері

1.11.2.Ауыспалы егістердің тәсімін кұру принциптері және оларды жіктеу.
1.11.1 Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері

Ауыспалы егіс дегеніміз - ғылымға негіздеп дақылдар мен орналасу орнына және белгілі бір мерзімге қарай кезектестіріп орналастыру.

Жүйелі түрде дақылдарды және сүрі жерді кезектестіріп орналаластыруын ауыспалы егістің тәсімі деп атайды. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы ең кең тараған дәнді-сүрі жер ауыспалы егісінің тәсімі: 1-сүрі жер, 2-жаздық бидай, 3-жаздық бидай, 4-арпа.

Дақылды ұзақ уақыт бір танапта ғана өсіруі ауыстырылмайтын егіс деп, ал шаруашылықта бір ғана дақылды ауыстырмай еге беру дара дақыл деп аталады.

Ауыспалы егістерде кейде бір дақылды бірнеше жылдар бойы егіп, содан соң оны басқа дақылға ауыстырады. Ондай егістерді қайталама егістік деп атайды. Мысалы, жаздық бидайды, жүгеріні, мақтаны және басқа дақылдарды қатарынан 2-3 жыл бойы себеді де, содан кейін басқа дақылға ауыстырады.

Ауыспалы егістің әр бір танабында әдетте бір дақылды өсіреді, өйткені осындай жағдайда ауыл шаруашылық техниканы тиімді пайдалануға, жұмыстарды жақсы ұйымдастыруға және қарқынды технологияларды пайдалануға мүмкіншілік туады. Бірақ егіс аудандары кішігірім болғандықтан бір танапта биологиясы және өсіру агротехникасы ұқсас дақылдарды орналастыру қажет болады. Ауыспалы егістердің осындай танаптарын құрама танаптар деп атайды. Әр бір ауыспалы егіс бірнеше буындардан тұрады. Буын деп жақсы алғы дақылдан басталып келесі топырақ құнарлығын жақсартатын дақылдың алдында аяқталатын ауыспалы егістің бөлігін атайды. Ауыспалы егісте буынды бастайтын жетекші алғы егістің аты буынға беріледі. Көбінесе ауыспалы егістерде келесі буындар кездеседі: сүрі жер, шөпті, отамалы және бұршақты. Мысалы, сүрі жер және бұршақ буындарынан құрастырындған ауыспалы егістің тәсімі:



  1. сүрі жер

  2. жадық бидай сүрі жер быны

  3. жаздық бидай

  4. ас бұршақ бұршақ буыны

  5. мал азықтық дақылдар (арпа, сұлы)

Ауыспалы егісте отамалы және шөпті буындарының тәсімі

  1. Жүгері

  2. Арпа шөптермен бірге себілген отамалы буын отамалы буын

  3. Көпжылдық шөптер

  4. Көпжылдық шөптер шөптік буын

  5. Арпа

Ауыспалы егістің тәсімі бойынша барлық дақылдардың және сүрі жердің толық айналып өткен кезеңі ауыспалы егістің айналымы деп аталады. Оның ұзақтығы ауыспалы егістегі танаптың санына әдеттегідей тең болады. Төтенше орынды танапта дақылдармен сүрі жері кезектесіп орналасып, ал олардың айналым кезеңі такаптардың егі есе кебейген санына тең болған топырақ қорғау ауыспалы егістер және тыс танабы бар айналымы немесе толық емес ауыспалы егістер алады.

Ауыспалы егістің тыс танабы бұл ауыспалы егістің тәсімінен шығарылып бірнеше жыл бойы бір ғана дақыл өсірілетін танабы. Көбінесе тыс танаптарда көп жылдық шептер, жүгері өсіріледі.

Алғы дақыл деп өткен жылы осы танапта өсірілген дақылды немесе сүрі жерді атайды. Ауыспалы егісте әрбір дақыл немесе сүрі жер соңғы дақылға алғы егіс бола алады. Ауыл шаруашылық тәжірибеде ауыспалы егістерге түзетулерді енгізу, дақылдармен сүрі жердін, кезектесуін өзгерту қажет болады. Мысалы, сүрі жердің жағдайы жақсы болған кезде (арамшөптері жоқ, топырақтың физикалық қасиеттері оңтайлы болуы және т. б.). Осындай жағдайда бұл танапта дақылдарды сеуіп, ал сүрі жерге арамшөптермен қатты ластанған немесе физикалық қасиеттері нашар ауыспалы егістердің танаптарын бөліп шығару қажет. Дақылдардың және сүрі жердің алмасуына түзетулерді енгізген кезде олардың ауыспалы егістегі орналасу принциптерін бұзбау керек. Дақылдардың және сүрі жердің кезектестіру принциптерін бұзбай, олардың ауысу жүйелігіне түзетулерді енгізуге мүмкіншілік беретін ауыспалы егістің қасиетіне ие болу оның икемділігі деп аталады.

Айналым мерзімдері ұзақ және биологиясы ұқсас дақылдардан құрастырылған ауыспалы егістердің икемділігі жоғары болады.

Дақылдардың кезектестіру қажеттілігі әр түрлі себептерге байланысты. Олардың ішінде ерекше орынды қоректік заттарды тиімді пайдалану және топырақтағы қарашірік балансын реттеу алып отыр.

Ауыл шаруашылық дақылдар қажетгілігі, сонымен қатар топырақтан қоректік заттарды сіңіру қабілеттері өзгеше болады. Топырақтаң шығыдайтын әр түрлі дақылдардың, қоректік заттардың мөлшері олардың өнімділігіне жеке химиялық құрамына байланысты болады. Егіншілік тәжірибесінде қандай болсын өсімдіктің өсіру топырақтағы заттардың (оларды сырттан енгізбей) азаюына байланысты, Топырақтағы қоректік элементтердің азаюы өсімдіктің түріне байланысты. Бұдан басқа қоректік элементтерді пайдалануға қатынасы бойынша өсімдіктер таңдаулы қасиеттерге.

Астық дақылдар топырақты біршама азот және фосфор, картоп калиймен кедейлетеді. Тамыр жүйесінің әр түрлі қабатта орналасуы қоректік заттарды топырақтын әр түлрі қабаттардан пайдалануына себепші болады.

Негізгі ауылшаруашылық дақылдарының алғы егістері. В.Г.Ротмистров барлық ауыл шаруашылық дақылдарды тамырлардың бойлау тереңдігі бойынша үш топқа бөлді: таяз орналасқан тамыр жүйесі — картоп, зығыр, қарақұмық, ас бұршақ, тары, орташа терендікте орналасқан тамырлары - қара бидай, бидай, арпа, сиыр жоңышқа, терең бойлайтын тамыр жүйеісі - әр түрлі өсімдіктер қиын еритін қосылыстардан қоректік заттарды әр түрлі сіңіру қабілеттеріне ие болады.

Қарақұмық тамыр іріндерінің жоғары ерітетін қабілетіне байланысты қиын еритін қосылыстардан пайдаланып, басқа одан кейін өсірілетін дақылдарға жеңіл сіңетін түрде қалдырады.

Ауыл шаруашылық дақылдарының тамыр жүйесінің құрылысындағы айырмашылығы топырақ ылғалдылығының пайдаланғанда байқалады. Қуатты тамыр жүйесі бар өсімдіктер (жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, жоңышқа ылғалды төменгі қабаттардан пайдаланады, ал басқа өсімдіктер ылғалды топырақтың жоғарғы қабаттарынан жұмсайды.

Әр түрлі өсімдіктер құрғақ заттардың қалыптасуына судың әр түрлі мөлшерін жұмсайды. Қант, жүгері, күнбағыс, көпжылдық шөптер тары, арпа сияқты өсімдіктерге қарағанда суды көбірек жұмсайды және топырақты күштірек құрғатады. Сондықтан ауыспалы егісте әр түрлі дақылдарды алмастырып қоректік заттарды және топырақ ылғалын тиімді пайдалануға мүмкіншілік туады.

Танапата дақылдардың алмасуы топырақтың физикалық жағдайын, әсіресе оның құрылымы мен тығыздығын жақсарту қажет.

Бір жылдық дақылдарды қарқынды өндеулер мен қайталама өсіру топырақтың тым борпылдақ болуына, ал бұл топырақ құрылымының нашарлауына келтіреді. Құрғақ дала, дала және аймақтарының жағдайында жел эрозиясының қауптілігі байқалады. Көпжылдық шөптер және басқа дақылдар қалың қыртысты (шымды) құрады, топырақ құрылымын жақсартады, төзімді агрегаттардың санын көбейтеді, су және жел эрозиясынан қорғайды.

Топырақ құрылымының қалыптасуынын өсері өтетін дәрежесі бойынша дала дақылдарын мынадай ретпен орналастыруға болады: көп жылдық бұршақ-дәнді шөп қоспалары, көпжылдық бұршақ шөптер, бір жылдық бұршақ-дәнді шоп қоспалары, күздік дәнді дақылдар, жүгері, жаздық денділер, астық бүршақтылар, зығыр, картоп және тамыржемістілер.

Ауыспалы егіс дақылдарының орналасуының биологиялық себептері өсімдіктерді зиянкестер және арамшөптерден қорғаута, арамшөптердің зиянды әсеріне, сонымен қатар топырақта улы заттардың жинауынан қорғайтын қажеттілігіне тығыз байланысты.

Жоғарыда айтылғандай, арамшөптердің белгілі түрлері кейбір дақылдарға бейімделген. Осындайда аурулар мен зиянкестер туралы айтуға болады. Сондықтан дақылдарды алмаспай өсіруі арнаулы энто және фитофактардың санының, белгілі бір арамшөптердің көбеюіне, тамырлардың бөліп шығаратын зиянды заттардың жинаулын, микроорганизмдердің тіршіліктерінің пайда болған заттардың кобеюін дақылдарды дұрыс алмастыру арқылы шешуге болады.

Ауыспалы егістің тәсімін жасау және танаптарда дақылдардың кезектесуін дұрыс ұымдастыру үшін алғы дақылдардың сапалық қасиеттерін білудің маңызы өте зор.

Алғы дақылдарды бағалағанда бірнеше талаптарды ескереді:

1. Келесі дақылды себер алдында тамыр өсетін топырақ қабатындағы өнімді ылғалдың мөлшері.

2.Топырақта өсімдікгерге сіңімді түрде қореқтік заттардың болуы.

3.Ауыспалы егісте өсіретін дақылға зиян келтіретін аурулардың және зиянкестердің жоқтылығы.

танаптық жұмыстарды жүргізу үшін вегетация кезеңінің ұзақтығының жеткіліктілігі.

1.11.2.Ауыспалы егістердің тәсімін кұру принциптері және оларды жіктеу.

Ауыспалы егістерді құрастырған кезде өрбір дақылға барынша қолайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз әсерін азайту керек. Әрбір дақылдың биологиялық ерекшеліктері, олардың тіршілік факторларына қатынасы, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне, су және қоректік режимдеріне, танаптардың ластануына, сонымен қатар микроорганизмдердің тіршілігіне әсері анықталады. Ауыспалы егістің тәсімін құрастырғанда топырақ құнарлығын тиімді пайдалану кажетілігін ескеру керек. Ауыспалы егістердін төсімін құрғанда мына қағидаларды ұстану қажет:

1.Ауданның үлкен бөлігін негізгі дақылдарға бөлу керек.


  1. Құнды дақылдарды, сондай-ақ топырақ құнарлығына, арамшөптердін жоқтылығына және тіршілік факторларына, басқа да жағдайларға талабы жоғары дақылдарды ең жақсы дақылдан кейін орналастыру керек. Олар өз кезегімен келесі дақыл үшін жақсы алғы дақыл болғаны жөн.

  1. Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау керек.

  1. Топырақты өте тереңге күшті құрғататын дақылдардың (күнбағыс, қант қызылшасы, судан шөбі қайталана егілуіне, көп жылдық шөптерден кейін қүнбағыстың орналасуына жол бермеу керек.

  2. Дәнді бұршақ дакылдарын қайталап өсіру тиімсіз, өйткені олардан кейін бірінші жылы топырақта жиналған азотты, осы элементке қажеттілігі жоғары дақылдар оны пайдалана алмайды.

6. Сүрі жерге отамалы және дәнді бұршақ дақылдарын орналастыруға болмайды. Бұл жағдайда олардың құнды алғы егіс артықшылығын басқа дақылдар пайдаланбайды.

7. Нашар алғы егістен кейін танаптарды сүрі жерге қалдыру керек.

8. Суландырылатын және жауын-шашын жеткілікті жерлерде көп жылдық шөптерді бірінші жылы күздік немесе жаздық астық дақылдарының немесе бір жылдық шөптердің жамылғыларының астында өсірген тиіші.

9. Астық (арпа, сұлы, жұмсақ бидай) және жармалық мәдени дақылдадың қайталама егістері болуы мүмкін.

10. Ең жақсы алғы егістердің соңғы әсерін барынша толығымен кажет; мысалы, сүрі жерден кейін жаздық қайталама егістерін егуге болады.

11.Арамшөптерді азайтатын дақылдарды арамшөгптерге сезімтал дақылдармен кезектестіріл орналастырады.

12.Зиянкестері мен аурулары ұқсас және арнаулы арамшөптері бар дақылдардың қайталама егісіне жол беруге болмайды.

13.Далалық және құрғақ далалық аймақтарда эрозия қауіптілігін төмендету үшін мамандырылған ауыспалы егістерде отамалы дақылдарды қайталап егу тиімді емес.

14. Ауыспалы егісте күзде-қыста және жазда болатын жауың-шашынды тиімді пайдалана алатын дақылдардын кезектесуің үйлестіру керек.

15.Өсу-даму кезеңдерінің ұзақтығы әр түрлі дақылдарды кезектестіру керек.

Егіншілік тәжірибесінде қолданылатын ауыспалы егістердің көп түрлілігі оларды жіктеуді қажет етеді. Нақты бір шаруашылықта әр түрлі ауыспалы егістерді тиімді үйлестіруі ауыспалы егіс жүйесін құрайды. Әдебиеттерде әр түрлі ауыспалы егістердің жіктеулері болғанымен, олардың барлығының негізіңде үш белгі бар: өнімнің негізгі түрі (далалық, мал азықтық, арнайы), биологиясы және өсіру агротехникасы бойынша өзгеше дақылдардың топтарының ара катынасы (дәнді отамалы, дәнді-шөпті, сидералды, жеміс алмасу, топырақ қорғайтын т.б.) және танаптардың саны.

Бірақ мұндай жіктеу түсінуді қиындатады және ауыспалы егіске дұрыс атын беретін белгілерін анық бөліп шығаруға мүмкіндік бермейді. Мысалы, топырақ қорғайтын ауыспалы егістерді осы жіктеу бойынша бөліп шығаруға мүмкіндік бермейді. Ауыспалы егістердің мазмұнын және ерекше белгілерін толығырақ деңгейде Л.П. Роктанен және В.П. Томилов ұсынған жіктеу көрсете алады (6- кесте).


6 кесте Ауыспалы егістердің жіктелуі

Ауыспалы егістердің белгілері

Дақылдардың құрамы бойынша

Буындардың ерекшеліктері бойынша

Танаптардың саны бойынша

Қосымша белгісі бойынша

Сүрі жерлік, Отамалы, Шөптесін, бұршақты

Дәнді, мал азықтық, көкөністік,

Техникалық



Екі танапты, үш танапты, төрт танапты

және т.б.



Суармалы топырақ қорғайтын, сидералды тыс танабы бар көп жылдық шөптер

Құрастырылған, сүрі жерлі-отамалы,

шөпті-сүрі

жерлі,

шөпті-бұршақ



Құрастырылған мал азыктык-дэнді,

көкөністік — мал

азықтық.

Дәнді-техникалық және т.б.

Бақшалық-көкөністік және

т.б.





.

Ауыспалы егістің сүрі жерлі және шөпті буындарынан құрастырылған мысалы:



  1. Сүрі жер

  2. Жаздық бидай Сүрі жер буын

  3. Жаздық бидай

  4. Біржылдық бұршақ-дәнді қоспалары

  5. Жаздық бидай шөпті буын

6.Мал азықтық дақылдар
Дақылдардың құрамы бойынша ауыспалы егіс дәнді болып табылады, өйткені дәнді дақылдардың үлесі көбірек (66,6%), құрастырылған буындарының айырмашылығы бойынша шөпті-сүрі жерлі, ал танап саны бойынша — алты танапты. Ауыспалы егістің толық аталуы — сүрі жерлі-дәнді-шөпті алты танапты.

Топырақ қорғайтын ауыспалы егістер. Өсімдіктердің қалдықтары аз болуына байланысты, жеңіл топырақтардың құнарлығы төмен болатын ауыспалы егістерде, жазықтілгіштермен өңдеуге қарамастан жел эрозиясының, ал егіс беткейлерде су эрозиясының қауіптілігі байқалады. Сондықтан осындай танаптарда арнайы сүрі жерді және дақылдарды жол-жолмен орналыстырып, арнайы топырақ қорғайтын ауыспалы егістер игеріледі (7-кесте).

7 кесте Дақылдарды және сүрі жерді бес танапты топырақ қорғайтын ауыспалы егісте орналастыру




Тақ жолақтар

Жұп жолақтар

1

Сүрі жер

Үшінші жылғы көп жылдық шөптер

2

Жаздық бидай

Төртінші жылғы көп жылдық шөптер

3

Жаздық бидай, күзде көп жылдық шөптер орылған егістің үстінен себу

Бесінші жылғы көп жылдық шөптер шөпке шабылғаннан кейін жартылай сүрі жер бойынша өндеу

4

Бірінші жылғы көп жылдық

шөптер


Көп жылдық шөптер қыртысының үстінен жазық бидайды себу

5

Екінші жылғы көп жылдық шөптер

қыртыстың үстінен жаздық бидайды себу



Мал азықтық ауыспалы егістер.

Мал азықтық ауыспалы егістер дақылдардың түріне, орналасу орнына және пайдалану мақсатына байланысты ферма маңындағы және жайылым-пішен шабатындарға бөлінеді. Мал шаруашылық қора-қопсыларының маңындағы мал азықтық ауыспалы егістерде сүрлемдік және мал азықтық дақылдар, біржылдық шөптердің егістері орналасады, ал жайлым-пішен шабатын ауыспалы егістерде көбінесе көп жылдық шөптер басым болады.


Екі танапты


  1. Сүрлемдік жүгері 1 Сүрлемдік жүгері (4-5 жыл)

  2. Арпа 2 Көпжылдық шөптер (4-5 жыл)


Үш танапты


  1. Сүрлемдік жүгері 1 Сүрлемдік жүгері

  2. Арпа 2 Бір жылдық шөптер

  3. Сүлы 3 Арпа


Төрт танапты

1 Сүрлемдік жүгері 1 Сүрлемдік жүгері(бір жылдық шөптер)



  1. Арпа 2 Арпа

  2. Мал азықтық тары 3 Сұлы

  3. Арпа 4 Көп жылдық шөптер
    (шықпа танап)

Жел эрозиясына күшті ұшырайтын топырақта алты танапты жайылым-пішен шабатын ауыспалы егістер қолданылады.

1. 2/3 бөлігі сүрі жер (алқаптың ені 30 м)+1/3 белігі көп жылдық шөптер (алқаптың ені 10 м)

2. 2/3 бөлігі бір жылдық шөптер + 1/3 бөлігі көп жылдық шөптер (шөп шабылғаннан кейін жартылай пар түрінде ендеу.

3.Үшінші жылдан бастап көпжылдық шөптер өсіріледі /3-6 жылдары/.

Бұл ауыспалы егістің игеруі осындай тәсім жүргізіледі (30-сурет).

Көпжылдық шөптердің егістерін 6 танапқа бөледі. Бірінші жылы басыңқы желге көлденең бір танапты ені 30 және 10 м алқаптарға бөледі. Кең алқаптарды сүрі жер түрінде өндейді, ал жіңішке алқаптарда шөп жамылғысын бұрынғы күйінде сақтайды. Келесі жылы сүрі жер алқаптарына біржылдық шөптер егіледі, ал буферлік алқаптарда (10 м) шөп шабылған соң жартылай сүрі жер түрінде өндейді. Күзде бір жылдық шөптердің өнімін жинағаннан соң танап өндеусіз көпжылдық шөптермен егіледі (еркек шөп).
1.12 Дәріс Топырақ өңдеу

1.12.1Топырақ өңдеудің ғылыми негіздері

Топырақтың қатты фазасының физикалық негізгі сипаттамасы оның меншікті массасы (тығыздығы) болып табылады.

Топырақтың меншікті массасы деп оның абсолютті құрғақ, қатты фазасы күйіндегі көлемдік бір өлшемінің массасын айтады. Бұл қатты фаза массасының көлеміне қатынасымен аңықталады.

Топырақтың қатты фазасының меншікті массасы, оның құрамына енетін бөліктерінің орта қатынасыны байланысты . мысалы, саздың меншікті массасы 2,7 г/см³, құмдікі – 2,65 г/см³, қарашіріктікі – 1,4 г/см³. Топырақтың меншікті массасы әдетте осы көрсетілген шамада былайша айтқанда оны құрайтындардың меншікті массасының орташа көрсеткішіне тең болады. Тығыздық (р) – біртекті заттың бірлік көлемдегі массасымен анықталатын физикалық шама. Біртекті заттың тығыздығы оның барлық нүктелерінде бірдей болады. Бұл кезде тығыздық зат массасының (m) көлемге (v) қатынасы бойынша анықталады: p=m/ v.

Біртекті емес заттың тығыздығы оның барлық нүктесінде бірдей болмайды. Бұл жағдыйда тығыздықтың орташа деңгейі есептеліп шығарылады :( p=m/ v).



Топырақ тығыздығы деп табиғи жағдайдағы 1 см³ құрғақ топырақтың грамм есебімен алынған массасын айтады. Су және ауа режимдері топырақ тығыздығына байланысты.

Топырақтың жыртылған қабатының тығыздығы 0,б – ден 1,5 г/см³ аралығында өзгереді, оған себеп болатын топырақтың қасиеті мен ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы. Құмдақ топырақтың бұл көрсеткіші 1,82 г/см³ болса, нығыз қара топырықты жердің көрсеткіші -1 г/см³. Топырақты өндеген кезде оған органиқалық тыңайтқыштар енгізілсе, оның тығыздығы кемиді. Топырақ қасиетеріне, өсімдіктің өсіп жетілуіне тығыздық жан- жақты әсер етеді. Су тәртібіне, ауа айналымына және биологиялық белсенділігіне топырақтың аса тығыз болуы тым қолайсыз. Өйткені, топырақ неғұрлым құрғақ болса, соғұрлым өсімдіктерге жайсыз тиеді. Топырақ тығыздығы 0,1 г/см³ артса, өсімдік пайдаланбайтын ылғал мөлшері 10 процент кобейеді. Егер топырақ тығыздығы 1,45 г/см³ асатын болса, онда қолайла газ алмасу жағдайы бұзылады. Топырақ тығыздығы шамадан тыс болса, себілген тұқымының далалық шығымы төмендейді, өсімдік тамырларының топырақ қабатында терең бойлауы мен оның жан-жақа жайылу көлемі кемиді. Тығыздық 1,4 - 1,55 г/см³ шамасына жеткен кезде –ақ тамыр жиелерінің өсуі тежеле бастайды, ал 1,6 г/см³ асатын болса, онда мүлдем өспейді. Осының бәрі дақылдардын биологиалық өнімділігін және өнімін төмендетеді.

Шамадан тыс қопсытылған топырақ құрылысы да өсімдікке қолайсыз келеді. Топырақ қабатыныың ең қолайлы тығыздығы – белгілі бір өсімдіктерге есептегенде 1 – 1,3 г/см³ болып саналады.

Қолайлы тығыздық топырақтың әр қабаты үшін бірдей болмайды. Топырақтың үстіңгі қабатындағы ылғалдың буға айналып кетпеуі үшін оның 4 -5 см дейінгі қыртысының тығыздығы мейліншекем болғаны орынды.

Отамалы дақылдар (картоп, жүгері, т. б.) үшін топырақтың орташа тығыздығы , дәнді дақылдарға қараганда әдетте 0,1 – 0,2 г/см³ төмен болады. Көпжылдық шөптер, тары, зығыр дақылдары тығыздығы жоғары топырақты қажет етеді.

Топырақтың көлемдік массасы бір мағыналы көрсеткіш емес, ол тек топырақтың орналасуымен (түйірлердің өз ара орналасуы), сол сияқты оның қатты бөлігіне де байланысты.

Көлемдік масса топырақ кеуетігінің жалпы кеуек көлемі мен оның жіктелуінің сандық және сапалық жағын көрсетеді.

Алайда өсімдіктің өнімділігі үшін олардың шешуші маңызы бар.

Топырақ негізі үш фазадан ( бөлетен) тұрады: топырақтын қатты бөлегі топырақ ауасы және оның ылғалы. Топырақтың қатты фазасындағы бөлшектердің аралығындағы кеуектік көлемінің жиынтығын топырақтың жалпы көлеміне ( барлық үш фазасына) шыққандағы проценті жалпы кеуектік ( ұсақ кеуектік) немесе кеуектік деп аталады.

Топырақ қыбатындағы жұмыста кеуектердің мәні ерекше зор. Топырақ түйіршіктері аралығындағы кеуек куыстарға су мен ауа орналасып, олар әрі алмасып отырады. Топырақтың қатты фазасының жоғарғы қабатындағы кеуек куыстарда қоректік заттарды сіңімді түрде айналдыру процесі жүргізіледі.

Топырақ түйіршіктері аралығындағы кеуек куыстарда өсімдік тамырлары, микроорганизмдер және басқа да тірі жәндіктер орналасады. Сондықтан бұлардың саны мен сапасына топырақ құнарылылығы да тығыз байланысты деуге болады.

Әр түрлі топырақтар мен дақылдар үшін кеуектердің ең қолайлы мөлшері -48 – 65 процент аралығында болады. Бұл, әрине, механикалық құрамы женіл, қарашірігі тапшы, құрылымы төмен, ылғалы шамалы топырақтар үшін жеткіліксіз. Топырағының жалпы кеуек қуыстылығы 50 – 60 процентке дейін болатын егіс танаптары жиі кездеседі, ал зерттеу натижелеріне қарағанда ең қолайлысы оның 53 – 58 проценттей деңгейде болғаны жөн.

Топырақтың жыртылған қабатының құрылымы. Топырақтың жыртылатын қабатының құрылымы ең маңызды бөлігі екені белгілі. Ал оның негізгі көрсеткіші капиллярлы және капиллярсыз топырақтағы кеуек қуыстылықтардың арақтынасы болып табылады. Топырақтың жыртылған қабатының құрымы - өңделетін жердің негізгі сапалық қасиетінің өлшемі. Топырақтағы ылғал мен ауа рехимінің қолайлы болуы үшін топырақтың кеуекті қуысты топтарының өзара қатынасы болуы шарт: топырақтағы капиллярлы кеуек қуыстарда ылғалды минискілі күші арқылы ұстайтын болса, ал капиллярсыз кеуекті қуытықта ылғалды гравитациялақ күштынң әсерімен төмен қарай жылжытады.

Капиллярлық қуыстар топырақ түйіршіктердің (агрегатының) ішінде капиллярсыз қуыстықтар топырақ түйіршіктерінің аралықтарында орналасқан. Топырақтары кеуек қуыстардың жалпы саны мен капиллярлы және кипиллярсыз кеуектілінің арақатасы өңделген топырақ құрылымының көрсеткіші болып саналады.

Капиллярсыз топырақ кеуектілігінің саны топырақтың ылғал өткізгіштігін, газ алмасуын (аэрациясын) және диффузиялы конвенция арқылы ылғалдың жойылуын анықтаса, капиллярлы топырақ кеуектілігің саны оның ылғал сыйымдылығым көрсетеді. Жерді өңдеудегі басты мақсаттың бірі – топырақтың жыртылатың қабатының құрылымын реттеп жөнге келтіру. Ылғалы жеткілікті, мол және артық аймақтарда, топырақты аэрациямен қамтамасыз ету оның су мен ауа режиміне ең қолайлы жағдай туғызады.

2.Топырақтың физика – механикалық және технологиялық қасиеттері. Жер өңдеу сапасына топырақтың физика – механикалық және технологиялық қасиеттері үлкен әсер етеді. Топырақтың мынандай технологиялық қасиеттері бар,байланыстылығы, созылмалылығы, жабысқақтығы, жетілуі, қаттылығы, меншікті кедергі. Енді осыларға тоқталып өтейік.

Топырақ байланыстылығының ең аз шегі оны созғанда, ең көп шегі оны сыққанда, орта шегі ол ығысқанда байқалады . сазды құрылымды қара топырақтың байланыстылығы құрылымсыз топырақтарға қарағанда әлдеқайда төмен. Егіс танабында сазды топырақты ығыстырғанда оның ылғалдылығы молайған сайын байланыстылығының шегі азаяды және өсімдік тамырларының барлығы да ,топырақ байланыстылығына үлкен әсер етеді. Топырақ байланыстылығының мөлшері топырақтың механикалық құрамына және оның ылғалдылығына байланысты. Саз балшық ,саздақ топырақтардың байланыстылығы құмдық және құмды топырақтарға қарағанда көбірек. Құрылымдық топыраққа қарағанда үгітілген топырақтың байланыстылығы күштірек болады. Топырақ байланыстылығы неғұрлым жоғары болған сайын, оны бұзуға соғұрлым көбірек күш жұмсайды.

Топырақтың пісіп – жетілуі дегеніміз оның өңдеуге дайындығы, өйткені белгілі бір ылғалдықта құрылымды топырақ женіл де және жақсы түйіршіктенеді, оны өңдеуге қуат мөлшері де аз жұмсалады. Топырақтың механикалық құрамына байланысты оның пісіп-жетілу жағдайы, салыстырмалы ылғалдық 40...70 процент, соған сәйкесті абсолюттік ылғалдық 15...30 процент болғанда пайда болады.

Топырақты піссіп-жетілген мезгілінде өңдегенде, оның құрылымдарының да пайда болатыны белгілі. Сондықтан топырақты

«пісіп-жетілген» кезінде механикалық өңдеу- оның құрылымын жақсартудың бірден-бір тәсілі. Топырақтың «пісіп-жетілуі» оның механикалық құрамына байланысты. Мысалы, механикалық құрамы саздақ қара топырақтардың жетілуі, далалық ылғал сыйымдылық шегі 40 – 70 процентке, ал сазды топырақтың бұл көрсеткіші – 50 – 65 процентке жеткенде басталады.

Топырақ қаттылығы өсімдіктердің өніп - өсуіне үлкен әсерін тигізеді. өйткені топырақ қаттылағы тым жоғары болса, солғұрлым өсімдіктердің өсуіне, оның тамырларына үлкен кедергі туғызады. Топырақ қаттылығы 25 – 30 кг/см² ден жоғары болса, өсімдіктердің өсуі нашарлайды. Топырақ қаттылағын білу, оның физикалық жагдайы туралы толығынан пікір айтуға мүмкіндік береді. Топырақтың қатты кезіндегі бөлшектерінің түйіршіктерінің бір – біріне өзара ілініскіштік күші, оның механикалық құрамына, қарашіріктігіне, құрылымына және ылғалдығына байланысты. Әсіресе, топырақ ылғалдылығы мен топырақтың ұсақ түйіршіктері, ұнтағы оның қаттылығына әсер етеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғи жағдайдағы 1 см³ құрғақ топырақтың грамм есебімен алынған массасы?

2. Топырақтың физика – механикалық және технологиялық қасиеттерінің анықталуы ?

3. Топырақ қаттылығының өсімдіктердің өніп - өсуіне тигізетін әсері ?



1.13. ДәрісТопырақты өңдеу тәсілдері мен әдістері

1.13.1Топырақты өңдеудің мақсаттары мен технологиялық операциялары.

(қопсыту, аудару, араластыру, тығыздау, тегістеу, арамшөптерді астынан кесу, профильдеу)


Егілетін өсімдікке қолайлы жағдай туғызу мақсаты үшін машиналар мен құралдардың жұмыс органдары арқылы топыраққа механикалық әсер етуді — топырақты өндеу деп атайды.

Өңдеудің көмегімен табиғи құнарлылықты тиімді құнарлылыққа айналдырады. Мұндай жағдайдың әсерінен мәдени өсімдіктер өздеріне қажетті ылғал және қоректік заттармен қамтамасыз етіледі. Егіншіліктің ұзақ жылдарғы тарихы ішінде өңдеудің тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап, осы заманғы топыракты еңдейтін құралдар мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті. Топырақты өңдеу — өткен және қазіргі заманғы егіншілік жүйелерінің міндетті буыны.

Өндеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін физикалық, бұлар арқылы химиялық және биологиялық процестерінің жоғары қарқынды жүруіне эсер етеді және олардың топырақтағы өзгерістері мәдени өсімдіктер үшін колайлы жағдайларды жасайды. Бұл жөнінде В. Р. Вильямс «...су және қоректік заттар есімдікке тікелей топырақ арқылы бірігіп әсер етеді», деген болатын.

Өсімдіктердін минералмен қоректену теориясының авторы Ю. Либих кезінде, топырақтағы болатын қоректік заттарды өсімдікке сіцімді колатын, еқ қарапайым және арзан тәсілі — топы­ракты механикалық өңдеу,— деп тікелей қорытынды жасаған бо­латын.

Өндеудің көмегімен ылғалы мол аудандардағы артык ылғалды жоюға, ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жинауға болады. Арамшөптермен күресуде топырақты өндеудің роліне баға жетпейді.

Алайда өңдеудің топырак құнарлылығына тигізетіл пайдалы әсерінен басқа жағымсыз мәні де болады. Әсіресе, ауа райы мен топырак жағдайын және жер бедерін есепке алмау, казіргі заманғы кұралдармен топыраққа үнемі интенсивті эсер ету, ондағы, қарашірік мөлшерінің азаюына, құрылымдық және су мен физикалық қасиеттерінің нашарлауына әкеп согады. Жел эрозиясы мен дефляцияның әсерінен топырақ құнарлылығынын, жойылуы — оның ыдырап тозуы (деградация) формасының шегі болып табылады. Бұдан туатын қорытынды, қазіргі кезеңде өңдеудің топы­рақ құнарына теріс әсерін азайтып, оның пайдалы әсерін күшейту үшін — еңдеуді қосымша шаралармен ұштастыра жүргізу қажет.

Казіргі кезде егіншіліктегі ғылыми-техникалық прогреске байланысты топырақ өңдеудің тәсілдері мен құралдарының саны тұрақты өсіп келеді. Мұның өзі бір жағынан топырақ құнарлылығына қарқынды әсер етуіиің қажеттілігінен туса, екінші жағынан құнарлылығы төмендеген топырақтарға да егін егудін қажеттігінен туып отыр.

Жалпы өңдеу арқылы топырақтын су, ауа, жылулық, микро биологиялық және коректік режимдерінің колайлы болуына жеткізеді. Өсімдіктер түбірінің әдеттегі тіршілік әрекеті үшін ауаның маңызын теріске шығармай, ауа режимін реттеу, көптеге жағдайларда топырақты өңдеудің тікелей міндеті бола алмайты нын мойындауға тура келеді. Топырактың жырту қабатына қолайлы құрылым беру және колайлы су режимін жасауға ұмтылудан. өзі қолайлы ауа режимі (аэрациясын) қамтамасыз етеді деген сөз.



1Топырақты өңдеудің мақсаттары мен технологиялық операциялары.

Топырақты өндеу егіншілікте қуат көп кететін және қымбат шара болып саналады. Қазіргі уақытта дақылдарды өндеудің жалпы жұмыстар көлемінен оған 40% энергетикалық және 75% еңбек шығыны кетеді (Рассадин А.Я. 1985). Егер топырақты-климатты жағдайлармен дақылдар талабына байланысты қолданған топырақты өндеу шаралары дәлелденген болса ғана, энергетикалық ресурстардың көп шығындары тиімді болады,

Топырақты өндеу деген өсімдіктердің тамыр жүйесінің қалыптасып, дамуына қолайлы жағдай туғызу үшін топыраққа машина мен құралдардық жұмыс органдарымен механикалы әсер етуі. Топырақты өңдегенде келесі мақсаттар шешіледі:

• топырақтың жыртылатын қабатында қолайлы құрылыс пен ұсақ түйіршікті құрылым жасау. Ылғалдылығы жеткіліксіз жағдайда капиллярлы қуыстылық капиллярсыз қуыстылықтан 2-3 есе асу керек;



  • арамшөптерді, ауру қоздырғыштарды және зиянкестерді құрту;

  • көпжылдық өсімдіктердің шымын құрту;

  • органикалық және минералды тыңайтқыштарды, гербицтерді, арамшөптердің тарайтын вегетациялык, мүшелері мен тұқымдарын, өсімдік қалдықтарын (керекті жерде) енгізу;

  • топырақтың жыртылатын қабатында қоректік заттардың қайта таралуы арқылы және микробиологиялық процесстерді белсеңдіру арқылы топырақтың қоректік режимін жақсарту;

  • мәдени дақылдардың тұқымын өткізу үшік қолайлы туғызу;

  • топырақтың жыртылатын қабатын арттыру және оны мәдениелендіру;

• келесі далалы жұмыстарды (себу, егінді күту және ору т.б.) өткізу үшін қолайлы технологиялық жағдай туғызу;

• болуы мүмкін теріс әсерді алдын ала қайтару (шамадан тыс шандануы, тығыздалуы ж.б.).

Эрозия болудың қауіптілігі бар ылғалы жеткіліксіз аймақтарда топырақ өндеудің негізгі талаптарының бірі - топырақты минималды шаңдату мен топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтырын максималды сақтау.

Бұл және басқа да мақсаттарды шешу үшін қопсыту, аудару, араластыру, тығыздау, тегістеу, арамшөптерді кесу, профильдеу (сала, жүйектер және басқа жасау) сияқты технологиялық операциялардың көмегімен жасалынады.



Қопсыту — топырақты өндеудің негізгі технологиялық, ол арқылы қабаттың құрылысы өзгереді. Өсімдіктердің дүрыс өсіп-дамуы үшін топырақтьщ оңтайлы тығыздығы керек. Дақылдардың көбі үшін ол 1,1-1,3 /см3 аралықта болады. Терең қопсытқаңда өсімдіктердің тамырлары аналық жынысқа жетеді.

Қопсытқанда біржола топырақтың агрегаттарға уатылуы да жасалынады, жел эрозиясы бар аймақтарда топырақтың беткі қабатында диаметрі 1 мм ден ұақ агрегаттардың көп болғаны дұрыс емес, өйткені олардың эрозияға шалдығуы мүмкін.

Қопсыту үшін соқаларды, сыдыра жыртқыштарды, культиваторларды, ротациалы тырма (мотыга), дизельді культиваторлар, фрезалар, жазықкескіш терең қопсытқыштар, Мальцев соқасы қолданылады.

Аудару — топырақ қабаттарын тігінен өзара аудару. Бұл операцияда топырақтың жоғарғы өнделетін бөлігі астына аударылып, астыңғы жағы үстіне шығарылады. Аудару тыңайтқыштарды, гербицидтерді, арамшөптердің түқымдары мен вегетативті мүшелерін, өсімдік қалдықтарын топыраққа енгізу үшін, топырақтың төменгі бөлігінің микробиологиялық әсерін арттыру үшін керек. Аударғанда арамшөптер, зиянкестер мен өсімдікгер ауруларының патогендері. Жыртылатын қабаты терең емес топырақтарда жыртылатын қабат аудару арқылы мәдениеттеледі. Аудару теріс те өсер етеді. Далалық аймақтарда ол топырақты ашық қалдырады, соның әсерінен ылғал мен құнарлы қабат жойылады:

Аудару үшін соқаларды, және дискілі сыдыра жыртқыштарды, дискілі тырмаларды қолданады.



Араластыру — жыртылатын қабатқа біркелкілік келтіру мақсатымен жасалатын опырақ орналасуын өзгерту. Бұл жағдайда жыртылатын қабатта қоректік элементтердің,топырақ микроорганизмдерінің тыңайтқыштардың, құрылымды бөліктердің, өсімдік қалдықтарының ыдырау өнімінің біркелкі таралуы болады Аудару құнарлы қабатқа жыртылатын қабатының астыңдағы құнарлылығы төмендеу қабат қосылғанда өте қажетті болады.

Тыңайтқыштарды, гербицидтерді жергілікті енгізгенде топырақтан булы - ылғалды конвекциялы-диффузды булануға кедергі болатын тығыз қабатша болғанда араластыруды өткізуге болмайды.

Араластыру үшін шым аударғышы жоқ соқаларды, роторлы құралдарды (фреза) және қопсытатын машиналарды қолданады.

Тығыздау - қопсытуға қарсы технологиялық операция. Шамадан тыс қопсыған топырақ қарашіріктің қарқынды минерализациясына әсер етеді. Егер тұқымды борпылдақ топыраққа сепсе ол біркелкі өнбейді, далалық өнгіштігі төмендейді және өскіңдер сирек болады, егер топырақ отырса өсімдіктердің тамырларына зақым келуі мүмкін.

Тығыздалғанда топырақ агрегаттары жақын орналасып, капилярсыз қуыстар азаяды.

Тығыздаған соң себілген дәндер мен топырақтың жақсы байланыс қамтамасыз етіледі, астыңғы қабаттардан тамыр жүйесі орналасатын аймаққа ылғал көтеріледі, қатты жел режимінде топырақ бөлшектерінің ұшып кетуі азаяды. Топырақ тығыздалғанда топырақтан ылғалдың диффузды булануының қарқындығы азаяды. Ең жоғарғы болуы мүмкін тығыздықты келесі тендеумен анықтауға болады:

Мұнда, Р — топырақтың жоғарғы болуы мүмкін тығыздығы, г/см3.

d - топырақтың өзіндік салмағы;

w — ең теменгі су сыймдылығының көлемі, %.

Тығыздалғанда топырақ температурасы 2-3°С көтеріледі, бұл жағдай құрғақ және ыстық жазда өсімдіктер дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Ол тығыздалуға бейімделген, кебірленген, құрылымсыз топырақтарда судың ағуын және топырақтар мен оның ауалы режиміне қолайсыздануына әсер етеді.

Топырақ тығыздалуы әр түрлі жұмыс істейтін беті бар және салмағы бар катоктармен жасалынады.



Тегістеу — топырақтың бетін тегістеу. Ол булануды азайтады, топырақтан судың өндіріссіз шығынын айзатады әсіресе ұсақ тұқымды дақылдарды еккенде дәннің біркелкі болып түсуін қамтамасыз етеді. Тегістелген танаптарда егін күту және өнім өру үшін жасалатын далалы жұмыстардың сапасын көтереді.

Тегістеу — суарылатын жагдайда дақылдар өсіргенде керек операциялардың бірі. Ол тырмалармен, катоктармен, волокушалармен, грейдерлармен, малалармен (суарудың алдында) шлейфтармен жүргізіледі.



Арамшөптерді астынан кесу - өсіп жатқан арамшөптерді өлтіру үшін және көпжылдық арамшөптердің тамыр жүйесін жүдету үшін бағытталған технологиялық операция. Ол көбінесе басқа технологиялық операциялармен бірге - қопсытумен, аударумен, араласумен жүргізіледі. Кейбір жағдайларда осы технологиялық операция жеке жасалынады: кескіш табандары бар қопытқыштармен қатар арасын өндегенде, тамырсабақтарды қопсытқыштармен тырнағанда т. б.

Профильдеу — топырақтың бетіне әр түрлі тегіс еместіктерді, жүйектер, жоталар, салалар, шұңқырлар ж.б. сияқты анықталған пішіндерді жасау. Ылғалдылығы аз жағдайда бұл элементтері күзгі жаңбырлар мен кектемгі еріген судың жақсы және соның арқасында топырақтың шайылуын алдын ала болдырмауына, топырақтағы су қорын арттыруға әсер етеді. Ылғал артық болғанда және жылу аз жағдайда топырақтың жылу және ауа режимдерін жақсарту үшін дақылдарды жоталарда қолданады.

Профильдеу үшін арнайы бейімделген соқаларды, шұңқыр жасағыштарды, шеңберлі және эрозияға қарсы катоктарды және т. б. Қолданады.



Бақылау сұрақтары:

1.Тығыздау-түсініс 2.Тегістеу- түсініс 3. Арамшөптерді астынан кесу- түсініс 4. Профильдеу- түсініс



1.14. Дәріс Қазақстанның орманды – далалық, далаық және құрғақ

далалық аймақтарында жаздық дақылдар үшін топырақ өндеу жүйесі

1.14.1Парда топырақты өңдеу.

1.14.2Негізгі топырақ өңдеу

1.14.3 Топырақты себу алдындағы және сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйелері
1.14.1Парда топырақты өңдеу.

Дегенмен, пардың негiзгi мақсаты – арамшөптермен тиiмдi күресу. Бiздiң егiстерде кеңiнен тараған және айтарлықтай зиян келтіретін келесі арамшөптер: бір жылдық арамшөптердің ішінде кәдімгі қарасұлы, гүлтәжі, итқонақ, тауық тарысы, және т.б. Көп жылдықтардың ішінде: далалық шырмауық, сары қалуен, талшықты сүттегені, жатаған бидайық, бұтақты бидайық және т.б.

Солтүстiк Қазақстан аймағында таза пар жаздық бидай үшiн ең жақсы алғы дақыл және оның тиiмдiлiгi парды дұрыс өңдеу технологиясына байланысты.

 Таза парда арамшөптермен кұресу үшiн негiзiнде мына технология ұсынылады. Көктем–жаз бойыжазықтiлгiштермен (КПШ-9, КПШ –11, КПШ-5, ОПТ-3-5) 8 - 12 см тереңдiкке өңдеу.  Культивациялардың арасы 18 – 21 кұн.  Жаз аяғында топырақ ПГ-3-5  терең қопсытқышпен 25-27 см – ге дейiн өңделедi.

Әрине әр танаптың ластану дәрежесiмен арамшөптер түрлерi қанша алуан болып тұрса, күресу ерекшелiктерi де соншалық өзгерiп отырады.

Парда қарасұлымен тиiмдi күресу үшiн танапты егiн жинағаннан кейiн өңдеу қажет. Бұл тәсiлдiң негiзгi мақсаты қарасұлы тұқымдарын топыраққа сiңiру. Топырақ жазықтiлгiш (КПШ-9 және т. б.) және оған тiркелген инелi шанышпалы БИГ-3 тырмамен өңделедi. Көктемде қарасұлы жаппай көктеп шыққанда культиваторлармен 3-4 рет кесiп жойып отырады. Бiрақ кез келген культиваторларды пайдалану арамшөптердi жою тиiмдiлiгiне әсер тигiзуiмүмкiн, мысалы КПШ-9 культиваторы қарасұлыны кесуге тиiмсiз, бұл культиватор таяз тереңдiкте бiркелкiжүрмейдi, топырақ бетiн құрғатып жiбередi де қарасұлы тұқымдары  шықпай қалады. Осы мақсатпен ескi СЗС-2,1 сепкiш машиналарды қолданғаны әлдеқайда тиiмдi болады. Осы құрал таяз жүрiп бiр жылдық арамшөптердi жақсы кеседi, таптағыштармен топырақ бетiн тегiстеп отырып, топырақтан артық ылғал ұшуына жол бермейдi.

Жел эрозиясына қаупi жоқ топырақтар бiр жылдық арамшөптермен тым ластанып кеткенде, пар танабын 6-8 жылда бiр рет аударып жыртуға болады  Топырақтың механикалық құрамы жеңiл болғанда  парға шыққан танаптар.  жолақтап орналастырылуы  қажет немесе ықтырма дақылдармен қорғалады.

Егер жаз жауынды болған жағдайда пар ауыр КТС-10-01, КПЭ-3,8 культиваторлармен және оған тiркелген тiстi тырмалармен өңделедi. Кесiлген өсiмдiктер қайтадан өнбеу үшiн тiстi тырмалармен арамшөптер сабақтары таралып отырғаны жөн. Кейбiр жағдайда   бiр  жылдық   арамшөптердi   жою үшiн сыдыра жыртқыштарды да  пайдаланады (ЛДГ-15, ЛДГ-20).   атпатамырлы арамшөптермен күресу үшiн бiрiншi кұзден бастап өңдеу жұмыстарын жүргiзедi. Көктем және жаз айларында әр 18-20 күннен кейiн арамшөптердi сабақтану кезеңдерiне жеткiзбей-ақ кесiп отыру қажет. Осы мақсатта КПШ-9, КПШ-11, КПШ-5 құралы өте тиiмдi. Өңдеу тереңдiгi 10-12 см, пар танабы 20-30тамызға  дейiн 4 рет өңделуi қажет.

Далалық шырмауықпен де күресу ерекшелiктерi бар. Бұл атпатамырлы арамшөптен тазарту үшiн кейбiр уақыттабiрнеше культивация жұргiзуi де өз нәтиже бермейдi. Бұл арамшөптi жою ұшiн жаз басында культивация жүргiзiлiп, шiлде айынын бiрiншi он күндiгiнде өңдеулер тоқтатылады және далалық шырмауық өзiнiң кұштi жер асты вегетация массасын дамытқан кезде, оны 25–30 күннен кейiн гербецидпен бүркiп жояды. Жақсы нәтиже диален (1,2 кг/га ә. е. з.), 2,4–Д (1-1,2 кг/га) гербецидттерi бередi.

Тамырсабақтылар арамшөптермен ластанған танапта күресу жұмыстары олардың жеке биологиялық ерекшелiктерi есепке алынып жүредi. 

Жатаған бидайықпен күресу үшiн тамырсабақтар орналасқан қабаттан, культиватор пышағын сәл тереңiрекжүргiзiп,  тамырларды тамырсабақтардан кесiп тастайды және культивацияны бiрнеше рет қайталайды.Арамшөптердi  әлсiрету әдiсiмен жойғанда негiзгi өңдеудi КПЭ-3,8, КТС-10-1 машиналар арқылы 12 – 14 смтереңдiкке жүргiзедi. Айтылған культиваторлардың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн қос құралды  К-701 тракторға тiркеп пайдалану қажет.

Егер шаруашылықта парға қалдырылатын танап бұтақты бидайық арамшөбiмен ластанған болса, қолданатын күресу технологиясы өзгеше болады. Бұтақты бидайықтың тамырсабақтары топырақтың терең 20 – 25 см қабатында орналасады. Мұндай танапты маусым айында қайырмалы соқалармен (тамырсабақтардан 2-3 см терең болатындай) 25-30 см тереңдiкке дейiн жыртады. Содан кейiн жаз бойы парды арамшөп шыққан сайын ауыр культиваторлармен 10-12 см– ге өңдеп отырады.

БАШҒЗИ зерттеулерi бойынша бұтақты бидайық парды ОПТ-3-5 культиваторымен 3-4 рет өңдегенде жойылатыны анықталды. Құралдың өңдеу тереңдiгi 25 – 27 см және арамшөп сабақтарын тарап алу құралымен жабдықталуы тиiс.

Бұдан басқа қазiргi уақытта жаппай жоятын гербициттердi қолдануға болады (раундап 2-4 кг/га, ураган 4-6 кг/га). Бiр айдан кейiн танап жазықтiлгiш құралдармен 10 – 12 см тереңдiкке өңделiп, тамыз айының аяғында терең қопсытылады (20 – 22 немесе 25 – 27 см). Топырақ бетiнде қалған сабан қалдықтары топырақты жел эрозиясынан сақтап отырады және ылғалды тиiмдi  пайдалануға мүмкiндiк бередi.

 Парда ықтырма жасау. Таза жазықтiлгiштi пар топырақтың 1 м қабатында 120 мм шамасында ылғал қорын жинайды. Ал ықтырма жасаған жағдайда мұндай парда 150-170 мм ылғал жиналуы әбден мүмкiн. Бакаев  Н. М. (1975) мәлiметтерi бойынша ықтырмалы пар, жазықтiлiгiштi пармен салыстырғанда, жаздық бидайдың өнiмiн 3,4 ц/га-ға дейiн арттырған.

Ықтырма жасау үшiн шiлде айының бiрiншi он күндiгiнде әр  8-12 м ден кейiн, 2-3 қатардан құралатын қыша жолағын себедi. Қышаның себу тереңдiгi 4-5 см, себу мөлшерi 500-600 г/га. Ықтырма себуге СЗС-2,1 сепкiш машинасын немесе арнайы ықтырма себу үшiн жасалған СКН-3 машинасы қолданады. Кұзге дейiн қыша өсiмдiктерi 80-100 см биiктiкке дейiн өседi. Қысқа қарай олар қатайып, жел күшiнен жатып қалмай қар тоқтады. Көктемде топыраққа қар суы жақсы сiңу үшiн, кұзде ықтырма арасын терең қопсытады.

Ықтырма жасауды жоспарлаған жағдайда жалпы топырақтағы ылғал мөлшерiн анықтап алғаны дұрыс. Егер жауын - шашын мол болып топырақта жеткiлiктi ылғал қоры сақталып отырса, ықтырмамен жиналған артық ылғал топыраққа сiңбей көктемде танап бетiнен ағып кетiп, су эрозиясын қоздырады. Сондықтан жақсы ылғалданған топырақта ықтырма жасаудың қажетi жоқ. Басқа жағдайларда танап бедерiн есепке ала отыра, ықтырмаларды баурайлар бойында жасауды болдырмау керек.

Ылғалды тиiмдi пайдаланудың басқа жолы, танапта сабан қалдықтарын қалдыру. Бұл тәсiл топырақта органикалық зат мөлшерiн арттырудың тиiмдi жолы. БАШҒЗИ деректерi бойынша (И. А. Васько, 1987), жылда танап бетiнде 1-2 т/га мөлшерiнде сабан қалдықтарын қалдырған кезде, 4 – танапты ауыспалы егiсiнiң 4 айналымында,бақылаумен салыстырғанда, пардан кейiн бiрiншi дақылда, себу алдында тиiмдi ылғал қоры 7,4-10,2 мм, екiншiдақылда 7,3-10,6 мм, үшiншi дақылда 17,0-19,1 мм-ге артық болған. Сабан қалдықтарын танап бетiне тастаған жағдайда топырақтың су өткiзгiштiгi артып булану мөлшерi азаяды.

Сабанды қалдыру тәсiлi жыртылатын қабатта қарашiрiк қалыптасуына және оны сақтауға мүмкiндiк бередi.Жаздық бидай танабында, жыл сайын, 2 т/га көлемiнде сабан қалдыру тәсiлi нәтижесiнде, 12 жыл iшiнде топырақтың0-10 см қабатында қарашiрiк мөлшерi 0,17 % артқан. 

 1.14.2 Негізгі топырақ өңдеу. Солтүстiк Қазақстанда астық дақылдар танаптарды қыркүйек айынан бастап босата бастайды. Негiзгi топырақөңдеу жұмыстарын аз ғана уақыт iшiнде қыс түскенге дейiн бiтiрiп, үлгеру қажет. Топырақты өңдеу үшiн шамасымен  бiр айдай уақыт бар.

Осы мерзiм ауаның құрғақшылығымен, төмен атмосфералық температураларымен сипатталады. Кейбiр жылдарды санамағанда топырақтың ылғалдылығы негiзiнен төмен болады. Осы себептен барлық топырақ өңдеу жұмыстарын ұқыпты, қысқа мерзiмде жасап үлгеру керек.

Даланың барлық аймақтарында, күзде жазық тiлгiштермен өңдеудiң қажеттiлiгi сөзсiз. Өңдеу тереңдiгiтопырақтың құрамына, жылдың жалпы жағдайына, танаптың ауыспалы егiстегi орнына, топырақтың ылғалдығына көп байланысты және осы барлық факторларға үйлесiмдi болу керек.



Кәдiмгi ауырсаздақ карбонатты қара топырақтар (Қостанай, Солтүстiк Қазақстан облыстары).

Бұл топырақтар өзiнiң борпылдақ құрылысымен және қарашiрiк мөлшерi жоғары болғандықтан (6 %), жақсы суөткiзгiш қасиеттерiмен сипатталады. Көп жылдық зерттеулер нәтижелерi бойынша бұл топырақтарда күзде негiзгi өңдеу 10-14 см тереңдiкке жүргiзгенi және 4-5 жылда бiр рет 20-22 см – ге терең қопсыту пайдаланғаны жақсы нәтиже бередi.

Өзтұстiк карбонатты қара топырақтар Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында тараған. Бұл түр топырақтарда лай фракциясы кездесетiн болғандықтан, топырақ қабаты тез тығыздалады. Сондықтан негiзгi өңдеу кезектестiрiлiп бiр жыл терең қопсыту (25-27 см), келесi жыл   таяз   өңдеу  (10-12 см) тәсiлiн пайдаланып отыру қажет. Таяз өңдеудi құрғақ, қуаңшылық жылдары пайдаланғаны дұрыс.

Өзтүстiк қара, механикалық құрамы орташа, жеңiл (құмдақ, саздақ, орташа саздақ) топырақтар өзiнiң құрамында құм фракциясы жоғары мөлшерде кездесетiндiктен су өткiзгiштiгi жоғары болады. Осы себептен топырақты әр түрлi тереңдiкте өңдеудің қажетi жоқ. Бұл топырақтар күзде 12-14 см өңделiп, 5-6 жылда бiр рет терең қопсытылады.

Өзтүстiк қара топырақтарда БАШҒЗИ зертеулер нәтижесi (Зинченко И. Г.) негiзгi топырақ өңдеу тиiмдi тәсiлi келесi 19, 20, 21 кестелерден байқалады.

Кестелерден байқағанымыздай, негiзгi өңдеу әр түрлi тереңдiкте және терең жасалған варианттарды салыстырғанда, тек парда терең өңделiп, ауыспалы егiстiң 2 - 4 дақылында таяз өңдеу тәсiлi қолданғанда, бидай өнiмi басқа өңдеу тәсiлдерiмен салыстырғанда жоғары болып шықты.

 Күңгiрт қара қөзыр, карбонатты ауыр саздақ топырақтарда, негiзгi өңдеу кезектестiрiлiп әр түрлi  тереңдiкке жүргiзiледi. Күңгiрт қара қөзыр механикалық құрамы жеңiл топырақтарда негiзгi өңдеудi таяз 12-14 см – ге жүргiзiлгенi орынды. 

Қар тоқтату. Солтүстiк Қазақстан жағдайында жауын-шашын мөлшерi 250-400 мм аралығында өзгерiп отырады. Айлар бойы,жыл iшiнде олардың түсуi бiркелкi емес, сондықтан жауған жауын-шашынды сақтау және оны аса тиiмдi түрде пайдалану алғашқы мақсаттардың бiрi. Көктемде жауған жауын топырақта сақталмай, тез буланып кетедi. Жазда жауған жаңбыр булануға және өсiмдiктердiң пайдалануына жұмсалады. Топырақта жазда ылғал жиналмайды.

Топырақтың төменгi қабатында жиналған ылғал - өсiмдiктердi толық сумен қамтамасыз ететiн ылғал. Вегетация кезеңiнде жаздық бидай 200-260 мм шамасында пайдалы ылғалды қажет етедi. Ол ылғалдың жартысы жазғы жауыннан, жартысы топырақ қабатынан қамтамасыз етiледi. Астық дақылдарында (жаздық бидай, арпа, сұлы) тамырлардың екі түрі қалыптасқаны баршамызға мәлім: түп  және қосалқы тамырлары. Қосалқы

тамырлары 20-25 см тереңдікке дейін тарайды және жазда жауын суларын тиімді пайдаланады.

Бірақ Солтүстік Қазақстан жағдайында маусым-шілде айларында қуаңшылық жиі қайталанып отырады. Осындай жағдайда қосалқы тамырлардың дамуы нашарлайды немесе мүлде дамымай қалады. Осы қуаңшылық кезеңінде өсімдікті ылғалмен қамтамасыз ететін тамыр түрі - түп тамыр болып қалады. Түп тамырлар топырақ қабатында  жеткілікті ылғал болған жағдайда топырақтың тереңдегі қабаттарына дейін тарайды.

Тамыр жүйесі жақсы дамыған астық дақылдары ылғалды төменгі топырақ қабаттарынан сіңіріп алады. Ылғал жеткілікті болған жағдайда жаздық бидай тек түп тамырлар арқылы 12-15 ц/га –дан 20 ц/га-ға дейін өнім массасын қүрастыра алады (М. К. Сүлейменов).

Топырақта негізгі ылғал қоры күзде жиналады (салқын ауа райы және жасыл өсімдіктер болмаған жағдайларда). Күзгі жаңбыр топырақтың жоғарғы 30 см қабатына ылғал жиналуын қамтамасыз етеді.

Ал топырақтың тереңгі 1-1,5 м қабатына дейін ылғалды сіңіріп, белсенді түрде жинау үшін қысқы жауын-шашынды пайдаланғаны аса қажет. Солтүстік Қазақстан жағдайында қар түрінде 60-100 мм жауын-шашын түседі. Бұл қарды толық, танапта сақтаған жағдайда топырақ су режимін әлдеқайда жақсартуға мүмкіндік болар еді. Бірақ күшті жел танап бетінен қарды сайларға ұшырып әкетеді. Қарды тоқтату үшін арнайы агротехникалық шараларды қолдану керек. 

8 кесте - Топырақтың бір метр қабатындағы ылғал қоры және оны бағалау әдісі

Ылғалдану дәрежесі

Өнімді ылғал мөлшері,

мм


Жоғары

150  жоғары

Жақсы

120 – 150

Орташа

90 – 120

Төмен

60 – 90

Өте төмен

60

 

Жаздық бидайдан қанағаттанарлық өнім  алу үшін топырақ қабаты кем дегенде 70-80 см тереңдікке дейін ылғалдануы қажет. Өнімді ылғал қоры топырақтың жыртылатын қабатында 15 мм төмендегенде қуаңшылық, ал 9 мм-ге төмендегенде қуаң кезеңі басталғанының белгісі.  

Қазіргі уақытта диқан қар тоқтату мақсатында СВУ-2,6, СВШ-7, СВШ-10 машиналарды пайдаланады.

Соқамен жыртылған танаптардан қардың біраз бөлігі  танаптан ұшырылып әкетілетін. Қар тоқтату тәсілі тек жазықтілгіштермен топырақ өңдеу жүйесі енгізілгеннен кейін мүмкін болды. Танапта күзден қалған аңыз сабақтары, алғашқы жауған қарды сақтап  шамасымен 15 см қар қабатын қалыптастырады. Осы әдіс  машиналар арқылы қар тоқтату жүмыстарының жүргізілуіне мүмкіндік береді.Егін жинағанда аңыз кем дегенде 15 см биіктігімен қалдырылады. Күзде жазықтілгіштермен негізгі өңдеу жүргізілгенде, операция барысында пайда болған топырақ кесектерімен, түйіршіктері көтеріліп, жалпы аңыз биіктігін 20 см–ге дейін жеткізеді, осы жағдайды қар қабаты да 20 см жетуі мүмкін

Қар тоқтату машиналарымен жасалған қар жалдарының арасындағы ең тиімді қашықтық 5-6 м және бүл жүмысты қыста 2 рет жүргізілуі керек (Васько И. А.). Нәтижеде, қыстың аяғына дейін танапта 40-50 см қабатында қар жинауға мүкіндік туады. Топырақты тереңгі қабаттарына дейін ылғалдандырылуын қамтамасыз ету үшін, күзде жазықтілгіш құралдармен топырақ 25-27 см–ге терең қопсытылып қыста екі рет қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Осы технология жаздық бидай өнімін жауынды жылдары 2-3 ц/га, ал қуаңшылық жылдары 5-7 ц/га қосымша өнім қалыптасуына себеп болады.

Қар жалдарының ең тиімді орналастыру бағыты, негізгі желге көлденең жасау. Солтүстік Қазақстан аймағында желдің негізгі бағыты оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығыстан болатын болса, қар жалдары да осы желге қарсы жасалып, танаптардың ұзын жақтарының бойынан орналастырылады. Кезінде танаптардың ұзын жақтары негізгі желге қарама-қарсы қаратып кесілген. Қар жалдарын орналастыру барысында болатын шамалы ауытқулар (300шеңберінде) қар тоқтату тиімділігіне айтарлықтай әсер тигізбейді. Егер танаптар еңкісті  болған жағдайда қар жалдарын еңкіске көлденең жасайды. (Бакаев Н. Н.).

Қар тоқтату тиімділігі оның жасау мерзіміне байланысты, алғашқы қар тоқтату жұмысы қар қалыңдығы 12-15 см-ге жеткенде желтоқсан айында жасалады және қардың бетінде міндетті түрде қатқан 3-5 см қабыршақ болу қажет. Қатқан қардан жасалған қар жалдары желге төзімді, бұзылмайды және қар тоқтатуға тиімді.

Қарды СВУ-2,6 машинамен тоқтатқан жағдайда қар жалдары биік болмайды (30-35 см) және осы себептен қыста қар тоқтату жұмысын екі рет жасауға тура келеді. Соңғы шыққан СВШ-10 машинасы қардан қалыңдығы 12-15 см, биіктігі 50-60 см қар жалын жасайды. Ал қар қалыңдығы 18-20 см жағдайында қар жалдары 70-80 см-ге дейін жетеді. Сондықтан осы машинамен бір мәрте өтудің өзі де жеткілікті.

Топырақтағы ылғалды сақтау мәселесіне де көп назар аудару қажет. Әсіресе көктемде қар еріп болғаннан кейін топырақ бетінен едәуір мөлшерде ылғал буланады. Зерттеулер бойынша ірі кесекті топырақтардан күн сайын 3-4 мм ылғал жоғалып отырады. Егер топырақты тегістеп, сәл тығыздағанда ылғалдың жоғалуы тәулікте 0,5-1,0 мм-ге дейін азаяды. Сондықтан күзгі негізгі өңдеу жүмысында топырақ бетін ірі кесек түрінде қалдырмай, оның жақсы ұсатуын қамтамасыз ету керек (Бакаев Н. М.).Топырақтағы ылғалды тиімді пайдаланып сақтау үшін қосымша, топырақ беті ұсақталған сабанмен жабылғаны дүрыс. Васько Н. А. қорытындылауы бойынша егін жинаған кезінде сабанды танап бетінде жыл сайын үздіксіз 1-4 т/га мөлшерінде қалдырып отырғанда, топырақтың микроклиматы жақсарып, өнімді ылғал 20-30 мм-ге, ал жаздық бидай өнімі 1-3 ц/га артады .
1.14.3 Топырақты себу алдындағы және сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйелері

Солтүстік Қазақстан жағдайында топырақты себу алдындағы өңдеу жүйесі келесі жұмыстардан қалыптасады: ерте көктемде өңдеу, аралық культивация және себу алдында культивация.



Ерте көктемде топырақты өңдеу.

Негізгі міндеттері:

1.     Топырақтан ылғалдың булануын азайту және тұқымдарды біркелкі сіңіру үшін - топырақты тегістеу.

2.     Топырақтан ылғалды жоғалтпау үшін ұсақ түйіршікті борпылдақ топырақ үстін жасау, кеуіп қалған қатты топырақ қабыршағын жару.

3.     Топыраққа арамшөптердің тұқымдарын және қодранды (падалица) сіңіру, олардың жақсы өніп-өсуіне және культивациямен қырқып тастауына жағдай жасау.

Аңызды танаптарда бүл жұмыстар БИГ-3 инелі тырма және ЗКК-6А шығыршықты таптауыш арқылы жүргізіледі.

БАШҒЗИ қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан қуаң даласында ерте көктемде топырақ өңдеу жұмыстары негізінен күзден тегістелмеген танаптарда жүргізілгені тиімді деп есептелінеді. Мұндай жағдайда алғы дақылдан сақталған аңыз бен өсімдік қалдықтары топырақты буланудан қорғайды,  арамшөп тұқымдары жақсы, бір уақытта өнеді. Басқа жағдайларда ерте көктемгі топырақ өңдеу жұмыстары топырақ қабатындағы ылғалдың жоғалуына да себеп болуы мүмкін

Күзгі терең өңдеуден кейін танап беті негізінен ірі кесекті болып қалады. Танапты тырма мен өңдеудің алғашқы міндеті - ірі кесектерді жару, ұсату, топырақтағы саңылауларды жабу, топырақ үстін тегістеу. Егер күзде топырақтың ылғалдылығы қолайлы дәрежеде болса, жазықтілгіштермен өңдегеннен кейін танап беті ірі кесекті емес, тегіс болып қалады, бірақ мұндай жылдар сирек кездеседі. Сондықтан көктемгі топырақ өңдеу әдісі танаптың жалпы жағдайына байланысты және  осыған назар аударып, дұрыс  шешім қабылданғаны жөн.

Егер күзде, өңделмеген танаптар болса, ерте көктемгі топырақ өңдеу жұмыстары сыдыра жыртқыш құралдармен (ЛДГ-10) жасалады, сыдыра жыртқышпен өңдеуден кейін топырақ міндетті түрде таптауышпен өңделеді. 

Қарасұлымен ластанған танаптардағы ерте көктемгі өңдеу жұмыстары теріс әсерін тигізу мүмкін. Қүралдармен өңделген борпылдақ топырақтардан ылғал ұшып кетіп, топырақтың беткі қабатында жатқан қарасұлы тұқымдары, бидайдың себу мерзіміне  дейін  өнбей қалады да, сепкеннен кейін өніп, егістерді ластайды. Осы себептен, мүндай танаптардағы топырақ күзден тегістелуі қажет (25 кесте).

Егер көктемде қарасүлыға қарсы гербицидтер енгізілетін болса, (триаллат, авадекс) ерте көктемгі өңдеу сыдыра жыртқышпен жасалады. Танаптағы аңыз және сабан қалдықтары жақсы туралып ұсатылуы қажет.

Сортаңданған, құнарлылығы төмен, тез сазданатын топырақтарда ерте көктемгі өңдеу жұмыстары міндетті түрде қажет. Сортаңданған топырақтар құрғаған кезде топырақтың жоғарғы қабаты қатып, жарылады. Өңдеу жұмыстары топырақ бетінде борпылдақ, ұсақ түйіршікті қабатты қалыптастырады. 



Аралық культивация

Дала аймағында топырақтың физикалық пісіп-жетілуі шамамен сәуірдің соңғы он күндігінде басталады, осы кезең алғашқы көктемгі өңдеулер үшін қолайлы. Ал жаздық бидайдың себу мерзімі мамыр айының екінші жартысында болса, арпа мен сүлыны себу айдың аяғында қолайлы. Яғни ерте көктемгі өңдеу жұмыстарынан  бастап жаздық бидай себу мерзіміне дейін 25-30 күн, арпамен сұлы үшін 35-40 күн аралығы бар. Осы мерзім аралығында арамшөптер көктеп, топырақтан әжептәуір ылғал жұмсайды. Арамшөптер тым өсіп кетсе, олармен күресу  шығындары артады және себу жұмыстарының сапасы төмендейді.

Сондықтан арамшөптер жаппай көктеп 2-4 жапырақ кезеңінде,  әсіресе қарасұлы арамшөбі (шамасымен 10-15 мамыр), жалпы саны танаптың бір шаршы метрінде 50 өсімдіктен көп болғанда, арнайы топырақ өңдеу жұмыстарын жүргізеді, оны аралық культивация деп атайды. Аралық культивация  5-6 см тереңдікке жүргізілу тиіс, себебі терең өңделген топырақ тым кеуіп кетуі мүмкін. Аңызы сақталған танаптарда ең тиімді құрал - таптауыштармен жабдықталған, дискілі сыдыра жыртқыштар. Аралық культивация үшін СЗС-2,1 Л машинасын пайдалану да жақсы нәтиже береді.

Кейбір шаруашылықтарда ауыр КПЭ-3,8 культиваторларды қолданып, топырақты 7-8 см тереңдікке өңдейді. Мұндай өңдеуден кейін топырақ тырмамен немесе таптауышпен міндетті түрде тегістелуі керек.

Борпылдақ топырақта аралық культивация тісті тырмалармен жүргізілуі де мүмкін.

Себу алдындағы культивация

Бүл культивация дәл себу алдында жүргізіледі. Мақсаты - арам-шөптерді жою және түқым себуге қолайлы жағдай жасау.

Солтүстік Қазақстанда негізінен осы мақсатта сепкіш машинаны пайдаланады СЗС-2,1 ол бір өткенде төрт операцияны бірақ жасайды: себу алдында культивация, тыңайтқыш енгізу, себу және таптау. Осы себептен арамшөппен аз ластанған танаптарды сепкенде сепкіш машинаның бір өткені жеткілікті. Негізінде осы тәсіл пардан кейін бірінші және екінші танаптарда жоспарланады. Бірақ көп жағдайларда тек сепкіш машинаны пайдалану, арамшөптерді толық жоюға мүмкіндік бермейді. Ол үшін келесі шараларды қолдану қажет:

1. Арамшөптермен ластану дәрежесі жоғары болғанда: себу алдында культивация ЛДГ-15 сыдыра жыртқыштармен  екі рет немесе тырмамен жабдықталған КТС-10-01 ауыр культиватормен жүргізіледі. Өңдеу тереңдігі себу тереңдігінен аспау қажет.

2. Арамшөптермен ластану дәрежесі орташа болса, келесі тәсілдерді пайдалануға болады: 1) Себу алдында культивация сыдыра жыртқыштармен бір рет жүргізіледі және себу; 2) СЗС-2,1 сепкіш машиналармен айқас себу; 3) Себу және себуден кейін тырмалау.

3.  Ластануы төмен: сепкіш – культиваторлармен себу. Топырақ дымқыл болған жағдайда, сепкеннен кейін танапты тырмалау қажет.

Бір ескеретін жай, топырақты өңдегеннен кейін себу бағыты алғашқы топырақ өңдеу бағытына көлденең болу қажет.

Себуден кейін 2-3 күн өткесін тырмалау жүргізіледі. Тырмалау тәсілі топырақтың тегістелуіне жағдай жасап күзгі егін жинағанға дайындайды.

Себу алдындағы топырақ өңдеу жұмыстарын жүргізген жағдайда келесі ұстанымдарды қадағалау қажет:

1.     Далалық жұмыстар алдын-ала жоспарланады. Далаға шыққаннан кейін жалпы жылдың ауа райы, топырақтың ысу жылдамдығы және арамшөптердің көктеу мерзіміне байланысты далалық жұмыстары бір қайта қаралып түзетіледі.

2.     Жоспарланған жұмыстар ең қысқа мерзімде ұқыпты орындалуы қажет.

3.     Жұмыстардың орындалу сапасына үлкен мән берілуі тиіс, топырақты өңдеу технологиясы аймақтық егіншіліктің талаптарына сай болу қажет.

4.     Себу алдындағы жүмысқа пайдаланатын техника аса ұқыпты реттеледі. Сыдыра жыртқыштардың дискілері мен культиватор табандары арамшөпті бірден кесетіндей өткір болу қажет.

Бақылау сұрақтар:

1. Парда топырақты өңдеу қалай жүргізіледі

 2.Парда ықтырма жасау негіздері.

 3.Негізгі топырақ өңдеу, түсініс.

4.Қар тоқтату қашан және неге жүргізеді

5. Топырақты себу алдында өңдеу, оның себебі

6. Аралық культивация және себу алдындағы культивация айырмашылығы
1.15 дәріс Егiншiлiк жүйелерi 

1.  Егiншiлiк жүйелерiнiң қысқаша тарихы және жiктелуi

2. Қазіргі егiншiлiк жүйелерiнiң құрамды буындары және теориялық негiздерi 

3.     Солтүстiк Қазақстанның егiншiлiк жүйесi

Егiншiлiк жүйелерi деп “жердi тиiмдi пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтауға және арттыруға, ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім  алуға бағытталған агротехникалық, мелиоративтiк және ұйымдастыру шараларының өзара байланысқан кешенiн айтады” . Егiншiлiк жүйесiнiң шын мағынасын түсiну үшiн егiншiлiк сөзі беретiн екi ұғымды ажырата бiлу керек. Бiрiншiсiнде егiншiлiк ауыл шаруашылығының бiр саласы туралы түсiнiк берсе, екiншiсiнде сол саланы дамытуға бағытталған ғылымның бағыты туралы ұғым бередi.

Қазіргі егiншiлiк ғылымы топырақтың құнарлылығы  мен  мәдени  өсімдіктердің тiршiлiк жағдайларын топырақты өңдеу, арамшөптермен күресу және ауыл шаруашылығы дақылдарын алмастыру арқылы реттеудiң шараларын зерттеу және жетiлдiру туралы iлiм болып табылады.



Егiншiлiк ауыл шаруашылығының саласы ретiнде - мәдени дақылдарды өсіру үшiн жердi пайдалануға негiзделген өсімдік шаруашылығының салаларын біріктіреді . Егiншiлiк жүйесi ауыл шаруашылығын жүргiзу жүйесiнiң құрамдас мүшелерінiң бiр бөлігі болып табылады және өсімдік шаруашылығы саласының инфрақұрылымын көрсетеді. Егiншiлiк жүйесiнiң толық мазмұны, Қазақстанның әр облысына  арналып дайындалған және басылып шығарылған ”Ауыл шаруашылығын жүргiзу туралы ұсыныстарда” берiлген

Егiншiлiк жүйесiнiң түсiнiгiн тар мағынада, топырақтың тиiмдi құнарлылығын жұмылдыруға, сақтауға және толықтыруға бағытталған шаралардыңң жүйесi деп тануға болады. Академик В.Р.Вильямс егiншiлiк және өсімдік шаруашылығы ұғымдарын теңдестiруге қарсы болды. Ол:  “… топырақтың тиiмдi құнарлылығына ондағы ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруде үзiлiссiз ыдырайтын қарашiрiндiнiң орнын толтыратын жүйе керек.  Бұл жүйе – егiншiлiк жүйесi,” – деп жазды . Егiншiлiк жүйесiнiң тарихи дамуында оған қойылатын мiндеттер күрделене түстi.

Қарапайым егiншiлiк жүйелерiнiң негiзгi мiндетi, бәрiнен бұрын, топырақтың табиғи құнарлылығын жұмылдыруға байланысты болды. Оның орнына келген егiншiлiктiң сүрi танапты жүйесiнде құнарлылықты жұмылдырумен қоса, сүрi танапта көң сiңiру арқылы, жарым-жартылай болса да, оны толықтыру жүргiзiле бастады.

Егiншiлiктiң жемiс алмастыру жүйесiнде, оның ең жақсы варианттарында, құнарлылықты жұмылдыру, сақтау ғана емес, оны жемiс алмастыру ауыспалы егiсiн пайдалану, органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы ұлғайтылған мөлшерде толықтыру мәселесi шешiлетiн болды.

Ауыл шаруашылығында ғылыми-техникалық прогрестiң дамуы, бiр жағынан, жақсы жетiлдiрiлген құралдармен өңдеу арқылы топырақ құнарлылығына қарқынды әсер етсе, ал екiншi жағынан, табиғат-климат жағдайларының қолайсыздығынан егiншiлiкке жарамсыз немесе жарамдылығы шамалы деп саналған жерлердi өндіріске енгiздi. Осыған байланысты қазiргi егiншiлiк жүйелерiнiң ең басты мiндетi жел және су эрозиясының алдын алу және одан топырақты қорғау және құрғақшылықпен күрес болып табылады. Бұл аймақтардағы егiншiлiк жүйелерiн тіпті топырақ қорғау егiншiлiк жүйелерi деп атай бастады . Егiншiлiк жүйесiне әдеттен тыс бұл атаудың берiлу себебi, топырақты эрозиядан сақтандыру және қорғау шараларының кешенiн қолданбай өсімдіктердi ойдағыдай өсіру мүмкiн еместiгiнде болып отыр.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін тұрақты арттыру, топырақтың құнарлылығын да тұрақты арттыру керектiгiне әкелiп соғады. В.Е.Егоров және басқалар атап көрсеткендей “қарқынды егiншiлiкте топырақ құнарлылығын кеңейтiлген түрде толықтыру, жалпы егiншiлiктегi үдемелi өнім  өндірудiң мiндеттi шарты болып табылады”.

“Құнарлылықтың элементтерiн керектi мөлшерде кеңейтiлген толықтыруға үйренбей алынатын өнімнің үдемелi өсуi мен тұрақтылығына қол жеткiзуге болмайды. Егiншiлiктiң материалдылығын, өнім  алу үшiн оған берiк материалдық негiз құру керектiгiн, келіссеңіз де, келіспесеңіз де елемеуге болмайды,”-деп А.Н.Каштанов және басқалар жоғарыда айтылған ойды тереңдете түседi. Осылайша, қазiргi егiншiлiк жүйесi топырақтың құнарлылығын жұмылдыру, сақтау, толықтыру мәселелерiн шешу арқылы, ауыл шаруашылығының бiр  саласы болып табылатын өсімдік шаруашылығының алдында тұрған мiндеттердi орындаудың негiзiн қалайды.

ТМД елдерiнiң жерлерiнiң көп бөлігінде өсімдік тіршілігіне қолайлы жағдайлар жоқ. Мысалы, АҚШ территориясының 60% астамын жылдық жауын-шашын мөлшері 700 мм және одан да артық болатын жерлер алып жатыр, ал ТМД елдерiнде ондай жерлердiң ауданы 1% ғана құрайды. Сондықтан мұндай жағдайдағы егiншiлiк жүйелерiнiң ең басты мiндетi тұрақты мөлшерде өсімдік шаруашылығы өнімдерін жинау және оның әр жылдағы ауытқуын мүмкiндiгiнше азайту болып табылады .



Егiншiлiк жүйелерiнiң тарихы және оларды жiктеу. Егiншiлiктiң жүйелерiнiң дамуы, егiншiлiктi қарқындатудың сатыларын белгiлейдi. Жердi пайдаланудың белсендiлiгiнiң деңгейiне қарай егiншiлiк жүйелерiн төрт топқа бөледі: қарапайым (латынша primitivus –  тұңғыш, алғашқы), экстенсивтi (латынша extensivus –кеңейтетiн), экстенсивтiден қарқындыға өте тiн (жақсартылған) және қарқынды (латынша intensio -қуатты, күшейтiлген).

Егiншiлiктiң қарапайым жүйелерi, топырақтың тек табиғи құнарлылығы мен оны өңдеудiң қарапайым құралдарын пайдалануға негiзделген егiншiлiктiң алғашқы кезеңiне сәйкес келедi. Бұл егiншiлiктiң қарапайым түрлері болатын. Орманды аймақта отамалы-отты, ал далалы аймақта тыңайған және тыңайтылған егiншiлiк жүйелерi қолданылды.



Отамалы-отты жүйеде ағаштар шабылып, түбiрлерi қопарылып, өртелдi. Күл жердегi қоректiк заттардың мөлшерін арттырды. Осылайша ағаштан босатылған жерлерде екi-үш жыл дәндi дақылдар, зығыр өсiрiлдi. Топырақтың физикалық қасиеттерi төмендеп, құнарлылығы түскен, арамшөптермен ластанған жердi тастап, жаңадан дайындалған жерге ауысып отырды.

Егiншiлiктiң тыңайған жүйесiнде дәндi дақылдар себу үшiн далалық тың жерлер игерiлдi. Жоғарыда келтiрiлген себептерге байланысты (өнімнің төмендеуі, танаптың ластануы) 6-10 жылдан кейiн ол жердi тыңайтуға тастап, жаңа игерiлген тың жерге ауысып отырған. Бiрақ, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс артқан сайын, егiстiктердiң мөлшері ұлғайды. Жердiң тыңаюына қалдырылған уақыт азая бастады. Егер ертеректе жердi тыңайтуға 25-30 жылға қалдыратын болса, ендi 8-15 жылдан кейiн қайта жырта бастады. ұзаққа созылатын тыңайту, қысқа мерзiмдi түрiне (перелог) айналды. ғысқа мерзiмдi тыңайған жердiң ұзақ мерзiмдiге, одан селеулi далаға айналуы П.А.Костычевтың және В.Р.Вильямстың еңбектерiнде толық жазылған .

Егiншiлiктiң экстенсивтi жүйелерi. Егiншiлiктiң қарапайым жүйелерiнен  экстенсивтi жүйелерiне ауысуда жердiң тыңаюына қалдырылуы екi жылға дейiн қысқарды және  өз мiндетiн ендi орындай алмайтындай болды. Сол кездегi жетiлдiрiлмеген құралдармен сүрi жерлiк өңдеуге көштi. Мұндай сүрi жерлердi шаруалар қайталап сүрiленген жер деп атады. Сүрi жерлердi өңдеудiң технологиясы жетiлдiрiле келе танапты бiр жылда өңдеуге көштi. Бұл егiншiлiктiң тыңайған жерлi жүйесiнен сүрi танапты жүйесiне ауысқанының белгiсi едi.

Егiншiлiктiң сүрi танапты жүйесi. Сүрi танапты жүйе үш танапты – сүрi танап-күздiктер-жаздықтар – ауыспалы егiске негiзделген болатын. Тың жерлердi жырту немесе ағаштан тазалауға қарағанда жұмсақ тұрақты егiстiктi өңдеу аз күш жұмсауды керек ететiн едi. Сүрi танапта арамшөптердi пәрмендi жойғанда және топырақтың құнарлылығын қалпына келтiргенде жердi қысқа мерзiмге тыңайтуға қалдырудың қажетi болмай қалады. Жерлер тұрақты түрде өңдеуде болатын, ауданы үнемi кеңiтiлiп отыратын егiстiкке айналды. Ендi ол жерлерден бұрынғыдан көп халықты асырауға жететiн өнім  алуға мүмкiндiк туды.

Жақсартылған дәндi егiншiлiк жүйесi. Сүрi танапты егiншiлiк жүйесiн жақсарту ауыспалы егiске шаруашылықтың мамандануына байланысты картопты, беденi, зығырды енгiзу арқылы жүрдi. Таза сүрi танапты ылғалы жеткiлiктi, топырағының құнарлылығы төмен аймақтарда жасыл сүрi танаптарға алмастыру да сүрi танаптың егiншiлiк жүйесiн жақсартудың бiр жолы едi.

Егiншiлiктiң шөптанапты жүйесi. ХХ ғасырдың отызыншы жылдары академик В.Р.Вильямс шөптанапты егiншiлiк жүйесiн “социалистiк ауыл шаруашылығына лайық бiрден-бiр жүйе” ретiнде ұсынды және теориялық негiздеуiн жасады . В.Р. Вильямс ұсынған шөптанапты ауыспалы егiстi А.С.Ермолов 1879  жылдың өзінде жақсартылған дәндi жүйенiң бiр варианты ретiнде берген болатын. Бiрақ, В.Р.Вильямс оған теориялық база дайындады. Ол П.А.Костычевтың топырақтың құнарлығының негiзi ретiнде қаралатын оның берiк түйiршiктi құрылымын жасаудағы бiрнеше жылғы жердi тыңайтқандағы өсімдіктердің түрлерiнiң алмасуының рөлі туралы iлiмiне сүйене отырып, бұл ұзақ процестi ол ауыспалы егiске астық және бұршақ тұқымдас шөптердiң қоспасын енгiзу арқылы тездетудi ұсынды.

Бiрақ, шөптанапты егiншiлiк жүйесi ойлаған жерден шықпады. Оны елдiң барлық жерлерiнде бiрдей енгiзу күткен нәтижеге қол жеткiзбедi. Шөптанапты жүйенiң монополиясына қарсы А.Г.Дояренко, Д.Н.Прянишников, Н.М.Тулайков, ал кейiнiрек басқалар қарсы пiкiр бiлдiрдi . КСРО Миинистрлер Кеңесi 1962 жылы академик В.Р.Вильямстың iлiмiндегi қателiктер туралы қаулы қабылдауға мәжбүр болды.



Егiншiлiктiң қарқынды жүйелерi.  XVIII ғасырдың аяғында сүрi танапты жүйенi алмастырған жемiс алмастыру жүйесi бұл бағыттың нақты өкілі болып табылады. Алғашқыда сүрi танап бедемен алмастырылса, кейiнiрек оған отамалы дақылдардың (тамыржемiстiлер, картоп) танабы қосылды. Дақылдар келесi ретте алмастырылып отырды: беде-күздiктер-тамыржемiстiлер-жаздық дәндi дақылдар.  Беденi шауып алғаннан соң көң төгiп, жердi жартылай сүрi танап тәрiздi өңдейдi.

Көңді отамалы дақылдар өсiрiлетiн танаптарға да сiңiредi. Бұл ауыспалы егiстiң ерекшелiгi онда жыл сайын әр түрлi биологиялық топқа жататын дақылдар кезектестiрiлiп өсiрiлетiн. XIX ғасырдың екiншi жартысынан бастап онда минералды тыңайтқыштарды да пайдалана бастады.

Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердiң құрылымын оңтайландыру мәселесi күннен-күнге қаттырақ көтерiлуде. Жер көрiнiстерiнiң элементтерiне тек пайдақорлықпен қараудан бас тартып, аумақты пiшiндi ұйымдастыруды талап етедi. Жер қорын ландшафты пайдалану экологиялық тұрақтылыққа және егiншiлiктi қарқындатудың бейiмделген жолдарын қарауға жол ашады, климат пен топырақтың әлеуеттiк қорларын толығырақ пайдалануға мүмкiндiк бередi.

Агроландшафты егiншiлiкке көшу мына кезеңдерден құралатын шаралардың кешенiнен тұрады: 1) ландшафты аналитикалық бағалау; 2) мәдени агроландшафты құрудың жоспары; 3) аумақты оңтайлы ұйымдастыру (ландшафты ретке келтiру). Ең алдымен бұл бұрынғы жердi ретсiз пайдаланудың келеңсiз нәтижелерiн жөнге келтiру: құнарлылығы төмен егiстiк жерлердi айналымнан шығару, су қорғайтын аймақтарды, суағарларды, табиғи лимандарды белгiлеу, эрозияға қатты ұшыраған жерлердi шалғындау, аумақты жолақтап және пiшiндеп ұйымдастыру, дақылдары топырақ қорғау тиiмдiлiгiне қарай ауысып отыратын арнайы ауыспалы егiстердi қолдану. Мысалы, су айыратын дөңес жерлерде отамалы дақылдарды, еңкiстiгi аз беткейлерде бiржылдық жаппай себiлетiн дақылдарды, еңкiстiгi жоғары болғанда контурларға бiржылдық дақылдар және көпжылдық шөптер жолақтап орналасқан топырақ қорғау ауыспалы егiсiн пайдалану.

АҚШ, Канаданың қазiргi егiншiлiгiнде ландшафты егiншiлiктi пайдаланудың дәлелдi мысалдары жеткiлiктi. Ол жыртылған жерлердi ұзақ уақыт оның құнарлылығын жоғалтпай тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi .

 Егiншiлiктiң балама жүйелерi. Баламалы жүйелердiң басты ерекшелiгi онда өнеркәсіптік жолмен өндiрiлген химиялық заттарды – тыңайтқыштар, гербицидтер, пестицидтер және фунгицидтердi – пайдаланудан бас тарту. Ол адам өмірi үшiн қауiпсiздiгi жоғары тағамдық заттар алуға; қоршаған ортаны белсендi қорғауға; энергия мен шикiзаттарды үнемдi пайдалануға; табиғи экожүйеге ұқсастықты сақтауға қол жеткiзу үшiн керек. Ол жүйелердiң мәнi ұқсас болғанымен аталуы әр түрлi болуы мүмкiн: органикалық, экологиялық, биологиялық, органобиологиялық, биодинамикалық. Батыс Еуропа елдерiнде, АҚШ-та, Канадада фермерлердiң бiр процентiне жуығы баламалы жүйенi қолданады.



2.     Қазіргі егiншiлiк жүйелерiнiң құрамды буындары және теориялық негiздерi 

Көрсетілген егiншiлiк жүйелерi олардың алуандылығын қамтымайды, тек олардың тарихи даму процесiнiң бағыты туралы ғана түсiнiк бередi. Егiншiлiк жүйелерiнiң алуандылығын осы күндерi кездестiруге болады. Егiншiлiк жүйелерiнiң бiлгiрi А.С.Ермолов: «… егiншiлiктiң жүйелерiн өзара салыстырудан,мына жүйе артық, ал ана жүйе басқалардан нашар деп қорытынды шығаруға тырысудың қажетi жоқ; барлық жүйе өз уақытында, өз орнында жақсы және керiсiнше, орынсыз және мезгiлсiз пайдаланылған жүйелер нашар және шаруашылық иесiн жоқшылыққа ұшыратады» - деп жазған болатын . Алпысыншы жылдары Солтүстiк Қазақстанның тың жерлерiнде сүрi танапты егiншiлiк жүйесiнiң орнына отамалы егiншiлiк жүйесiн күштеп енгiзу мұның көрнектi мысалындай болып табылады.

Қазіргі кезеңде ТМД елдерiнде пайдаланылып жүрген егiншiлiк жүйелерiнiң көпшiлiгi бүтiндей және толығымен қарқынды болып табылмайды. Бұл, әсiресе, топырақ-климат жағдайлары қолайсыз аймақтардың егiншiлiк жүйелерiне тән. Бiрақ оларға да белгiлi бiр деңгейдегi қарқындылық сәйкес келедi. Дж. У. Кук атап көрсеткендей «… ауыл шаруашылығының қарқынды жүйесi – бұл тек жемiстi жүйе және барлық даму егiншiлiктiң өнімділігін арттыруға бағытталған» . Егiншiлiк жүйесiнiң өнімділігі көбінесе оның аймақтың жағдайларына сәйкес келуiне байланысты. Осыдан 150 жыл бұрын М.Г.Павлов «Тиiмдi шаруашылықтың нышаны жергiлiктi жердiң белгiсi бар кезеңдiк өмірге сәйкестiк» - деген болатын .

Егiншiлiк жүйелерiнiң теориялық негiздерi. Егiншiлiк жүйелерiнiң теориялық негiздерiне топырақтың құнарлылығы туралы iлiм және егiншiлiктiң заңдары жатады. Топырақ пен өсімдік – егiншiлiктегi өндірістің басты құралдары болып табылады. Топырақтың құнарлылығын арттыруға бағытталған барлық шаралар ең соңында тек өсімдік арқылы жүзеге асады. Олардың өнімi егiншiлiктiң негiзгi мақсаты болып табылады. К.А.Тимирязев: «… шаруаның нағыз асыраушысы жер емес, өсімдік және егiншiнiң бар шеберлiгi өсімдіктi сол арқылы егiншiнi «жердiң өкiмдiгiнен» босату» - деп жазды да: «… мәдени өсімдік, оның қоятын талабы – егiншiлiктiң негiзгi ғылыми мiндетi осы; ал қалғандарының оған қанша қатынасы болса, сонша маңызы бар» - деп жалғастырды .

Топырақ құнарлығының материалдық жағдайларын – ылғал қорын, өсімдіктiң қоректiк заттарын, органикалық заттарды тұрақты толықтырып oтыру–әлеуеттi (ықтимал) және тиiмдi құнарлылықтың өсуiнiң керектi шарты. Топырақ құнарлылығын ұдайы ұлғайту кешенi – егiншiлiк жүйесiнiң құрамды бөлігі. Топырақ құнарлылығын ұдайы ұлғайтуда органикалық тыңайтқыштарды пайдалануды арттыру мен танапта өсімдік қалдықтарын қалдыру арқылы органикалық заттардың мөлшерін ұдайы өсірудiң маңызы зор. Ю. Либих көңді«ауыл шаруашылығының  жаны» деп бағаласа, Д.И.Менделеев «көң ғасырлар бойы жердiң ең табиғи тыңайтқышы» дедi .Егiншiлiк жүйесiнiң ғылыми негiзiн егіншiліkтің төменгі объективті заңдары құрайды: өсiмдiiк тiршiлiгi факторларының тең бағалылығы және айырбастауға болмайтындығы туралы; минимум; оптимум; өсімдік тiршiлiгi факторлары жиынтығының бiрлескен әсерi туралы; қайтарма заңы; өсімдік тiршiлiгi факторлары тиiмдiлiгiнiң төмендеуі; шығынның орнының толуының кемуi . Табиғат заңы деп М.Г.Павлов негiзсiз атаған, жемiс алмастыру қағидасын бөлiп айтқан дұрыс. Кейiннен А.В.Советов жемiс алмастыру заңы дегеннен де, жемiс алмастыру қағидаты деген дұрыс екенiн дәлелдеп бердi.

Өсiмдiк шаруашылығының негiзгi мақсаты - өсірілген өсімдіктен табыс табу. Бүгiнгi күнде ол күмән туғызбайды. Егер мемлекеттен көмек болмаса, шығынды өсімдік шаруашылығымен айналысуға мүмкiндiк жоқ. И.А.Стебут «Егiншiлiк шаруашылықтың мақсаты егiстiк алқаптағы жерден – танаптан мүмкiндiгiнше жоғары және тұрақты табыс алу» - деп жазған болатын. Сонымен қатар технологиялық шығындар ұлғайғанда дақылды өсіруден алынатын кiрiстiң жоғарылауы ең жоғарғы өнімге жетпей тоқтайтынын ескеру керек (А.С.Образцов, 1990).

Егiншiлiк жүйелерiн жобалау және игеру келесi қағидаларға негiзделуi керек: топырақ пен өсімдіктiң бiрлiгi, аймақ ерекшелiгi, экология талаптары, ресурс және қуат шығынын азайту мүмкiндiгi, жыртылған жерлердiң, жайылым мен шабындықтардың оңтайлы ара-қатынасын сақтау. Игеру процесiнде егiншiлiк жүйелерi кезең-кезеңмен мқлшерлi көрсеткіштерге қол жеткiзудi және нормативтiк құнарлылыққа шығуды қамтамасыз етуi керек. Жоғарыда айтылғандардың негiзiнде, егiншiлiк жүйесi деп – мәдени өсімдіктердің тұрақты өнімділігін, топырақ пен климаттың ресурстық мүмкiндiгiн тиiмдi және толық пайдалануды қамтамасыз ететiн ұйымдастыру, экономикалық және агротехникалық шаралардың ғылыми негiзделген аймақтық кешенiн атайды  деуге болады.



Қазіргі аймақтық егiншiлiк жүйелерiнiң құрамды буындары және сұлбасы. Қазіргі аймақтық егiншiлiк жүйесi, өсімдік шаруашылығы жүйесi деген дұрысырақ, топырақ құнарлылығын жұмылдыру мен ұдайы арттыруды, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудiң технологиясын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн 15-тен астам құрамдас буыннан тұрады.

Егiншiлiк жүйесiнiң ең жоғарғы тиiмдiлiгi оның барлық құрамдас буындары толық игерiлгенде және бiрлесе әсер еткенде алынады. Буындарының аталуы бiрдей болғанымен олардың мазмұны әрқашан аймақтың егiншiлiгiне байланысты болғандықтан, нақты егiншiлiк жүйесi мiндеттi түрде аймақтық болып келедi. Егiншiлiк жүйесiнiң аталуы белгiлi бiр буынға сәйкестiрiлiп берiлген жағдайда оның мазмұнын толық көрсетпейдi, сондықтан оны аймақтық, жергiлiктi жердiң немесе облыстың атына сәйкес қойған дұрыс. Мысалы, «Солтүстiк Қазақстан егiншiлiк жүйесi», «Батыс Сiбiр егiншiлiк жүйесi» және с.с.

 Топырақ қорғау егiншiлiк жүйесiнде астық өндірудi энергетикалық бағалау.  Қазіргі егiншiлiкте өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру үшiн үлкен мөлшерде қуат жұмсау керек, сондықтан технологияларды тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, энергетикалық тұрғыдан да бағалаудың маңызы артып келедi.  Энергетикалық бағалаудың мәнi бiр жағынан ауыспалы егiстiң гектарына және өнімнің бiрлiгiне жұмсалған энергетикалық шығынды, ал екiншi жағынан өнім де жиналған және оны өндіруге жұмсалған қуаттың қатынасы арқылы анықталатын энергия тиiмдiлiгiнiң  коэффициентiн анықтау. ҚАШҒЗИ (Васько И.А. және басқалар, 1995) деректерi бойынша  төрт танапты дәндi-сүрi танапты ауыспалы егiстегi жалпы қуат шығыны 9878 мДж/га болса, дәнде жиналған қуат мөлшері – 23700 мДж/га болған, яғни энергетикалық коэффициент –2,40. Қуаттың негiзгi шығыны айналымдағы заттардан (тұқым, жанар май, тыңайтқыш) тұрады-82,12%, ал негiзгi қорлар (тракторлар, ауыл шаруашылығы машиналары)- 16,58%, еңбек ресурстары – 1,30% құрайды. Ауыспалы егiсте дәндi дақылдардың үлесi өскен сайын энергетикалық шығын көбейе түседi, себебi жанар майдың, тұқымның, тыңайтқыштардың, өсімдік қорғауға пайдаланылатын заттардың жұмсалуы арта түседi. Соқа пайдаланылатын кәдiмгi технологияға қарағанда, топырақ қорғау технологиясының энергетикалық тиiмдiлiгi жоғары.

 

Практиқалық-тәжірибелік бөлім



Егіншілік пәннен практиқалық сабақтар

3-курс


(5В080100 «Агрономия» мамандығы)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет