Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет13/20
Дата03.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#8730
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Жай (фенотиптік) сұрыптау — жалпылама сұрыптаудың күрделенген түрі, таңдалып алынатын өсімдіктерде селекцияға қажетті белгілер айқын көрінсе жақсы пайдаланылады. Сондықтан бұл әдіс өте терең тұқым қуатын белгілерге жүргізілсе ғана әсерлі болып табылады.

Өсімдіктің гүлдену сатысына дейін пайда болатын белгілеріне (сабағының биіктігі, қыс жағдайында саңырауғқұлақ ауруларына төзімділігі) қарап жүргізіледі, таңдалған өсімдіктерді өзара зорлап тозаңдандырмайды, ал сұрыптаудың әрбір айналымы бір жылда аяқталады. Ол үшін өсімдіктерді бағалап, сұрыптау талабына үйлеспегендерін алшақтатады,

9-сұрет. Кәдімгі мезгілді сұрыптаудың кескіні.

ал калған өсімдіктер өзара айқас тозаңданады. Бағалы генотиптерді сұрыптау әсері жоғары болу үшін, кейде қолдан қолайсыз жағдайлар жасап, сұрыптау да мүмкін.

Селекцияда масақтағы дәннің саны (масақ өнімі), 1000 дәнінің салмағы, жатып қалмауға икемділігі, дән құрамындағы протеин мөлшері және басқа да белгілерінің бағалануы тек гүлдену сатысынан өткенде ғана немесе өнімді орып алғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін. Сондықтан, таңдалып алынған өсімдіктерді өздігінен тозаңдануға мәжбүр етеді, ал мезгілді сұрылтаудың бір айналып шығуы екі жылға созылады. Ол үшін өздігінен тозаңданған, таңдалған, егістік және лаборатория жағдайларында баға алған сұрыпталған тұқымдарды әр өсімдіктерден бірдей мөлшерде алып араластырады да, дұрыс тозаңданулары үшін алыстатылған алаңдарға егеді. Одан алынған тұқымдарды-себуге және сұрыптаудың келесі айналымын жүргізуге пайдаланады. Селекцияның алға қойған мақсатына және алғашқы ұрпақтың сапасына байланысты мезгілдік сұрыптауды екіден бес айналымға дейін жургізеді. 10-сұретте аналық және аталық өсімдіктердің бір-біріне сәйкес келу мүмкіншіліктеріне (ЖСМ) байланысты мезгілдік сұрыптау жүргізудің кескіні келтірілген.



Бірінші жылы алғашқы ұрпақтар қосындыларынан ең жақсы өсімдіктерді таңдап алады, оларды өздігінен тозаңдандырады және анықтағыш өсімдіктермен будандастырады. Будандастыру кезінде сұрыпталып алынған өсімдіктерді аналық және аталық ретінде де пайдаланулары мүмкін. Бірінші жағдайда масақтың немесе сабақтың бір жартысын өздігінен тозаңдануға мәжбүр етеді, ал екінші жартыны анықтағышпен будандастырады. Екінші жағдайда сыналатын өсімдік аталың форма ретінде қолданылады, ол үшін тозаңдардың жартысын өздігінен тозаңдандыруға, ал жартысын — анықтағыш өсімдіктердің бірнешеуін тозаңдандыруға пайдаланады. Екінші жылы топкросстық будандарға (таңдалған ұрпақ SоХ анықтағыш), бір-біріне сәйес келу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет