Марктон. Орегон штатында (Солтүстік Америка) сұрыпталып шығарылады.
Ботаникалық сипаттамасы: түршесі аристата (Aristata). Ақ дәнді, қылтықты. Сыпыртқысы қомақты, қысыңқы. Масақша қабыршақ жіңішке, ұзын, масақшалары қос дәнді, үш дәнділері көп (40 пайызға дейін), қылтықгылығы жақсы көрінген. Қылтығы білігінде нәзік бұратылған, орташа дамыған, қаралау түсті.
Дәні ұзын қабықты, ұшы үшкір дән негізі жалаңаш, басқа масақшаларында әлсіз түкті қылтанақтары бар. Түсі - ақшыл-сары. Дәні қабықты, ірі (1000 дән салмағы 25-40г), қабықтылығы орташа (22-30 пайыз).
Сабағы жапырағы, түп түрі. Сабағының биіктігі орташа, сабақ буындары мен жапырақ қынабы, тығыз түкті, Жопырақ тақтасының шетінде кірпікшелер байқалады.
Шаруашылыктағы бағалы белгілері: орташадан ерте піседі, вегетациялық кезеңі 70-100 тәулік. Жатып қалуға, шашылуға орташа төзімді. Қара күйе ауруларына төзімділігі жоғары. Өзек татымен шалдығуына бейім.
Сорттың өнімділігі 9-20,6 ц/га. Ақтөбе, Алматы Жамбыл, Орал облыстарында аудандастырылған.
Мирный. Льгов тәжірибс-селекция стансасында жеке сұрыптау әдісімен 3 ХІ23 (62-90, 63-75) будандары шағылыстыру арқылы алды.
Авторлары: С.С.Зеленский, А.Д.Понамаренко, 1981 жылы аудаңдастырьшған.
Сыпыртқысы қомақты, біржақты, өнімді. Масақшаларының көшпілігі қос дәнді. Қылтығы жоқ. Дәні москвалық түрге жатады, ірі, ұшы доғал, сәл бүкір (дөңес). Гүл қабыршағының түсі ақ, дәннің гүлінің ең қабаты ашық. Дәннің негізінде селдір қылтанақгар бар. Дәні салыстырмалы түрде қысқа, арқасы ісіңкі, ұшы доғал және ішкі гүл қабыршағы ашық. Дәні ірі (1000 дән салмағы 32-38 г), қабықтылығы 24-27 пайыз.
Сабағы, жапырағы, түптену түрі. Сабағы өте ұзын, берік, жуандығы орташа. Түптену түрі тік, жапырағы жалпақ, түсі ақшыл-жасыл.
Шаруашылықтағы бағалы белгілері. Орташа мерзімде піседі, вегетациялық кезеңі 75-85 тәулік, құрғақшыллықа төзіңмділігі жоғары. Сабақ татымен орташа залалданады. Тозаң күйесіне шалдығуына бейім. Жоғары өнімді сорт, иілгіш, құрғақшылық жылдары орташа өнім береді. Орташа өнімділігі 9,5-21,5 ц/га. Суландыру жағдайында 44,3 ц/га алуға болады. Алматы, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырьиған.
Орел. Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу инстиутының өсімдік шаруашылығында бірнеше рет швед буданын сұрыптау арқылы (Победа х Лоховский) алды. Авторы А.И. Мордвинкина, 1957 жылы аудандастырылған.
Ботаникалық сипатгамасы. Түршесі: мутика (Mutica). Ақ дәнді, қылтықсыз, сыпыртқысы қысыңқы. Масақша қабыршақтарының ұзындығы орташа, ені орташа. Масақшаларының көпшілігі қос дәнді. Қылтықтығы нашар, тік, жіңішке. Дәні аралық түрге жатады. (Москвалық пен Харьковтық) толығуына байланысты москвалыққа ұқсас. Гүл қабыршағының түсі ақ, крем түсті дағы бар. Төменгі дәннің негізі жалаңаш. Дәні ірі (1000 дәннің салмағы 33г не одан көп), қабықтылығы (25-30 пайыз).
Сабағы, жапырағы. түптенуі. Сабанның биіктігі орташа(75-85см), берік, жуандығы орташа. Сабақ буындары әлсіз, түкті. Төменгі жапырақтарының қынабы жалаңаш.
Шаруашылықгағы бағалы белгілері: Орташадан кеш пісетін сорт, вегетациялық кезеңі 83-97 тәулік, құрғақшылыққа төзімділігі орташа, сонымен қатар ылғалды кажетсінеді. Жатып қалуға төзімділігі жоғары және шашылуға төзімді. Аурулармен аз залалданады. Жоғары өнімді сорт. Өнімділігі 21,9 ц/га-дан 43 ц/га дейін болады.
Сельма. Шығыс Қазақстан, Павлодар обыстарында аудандастырылған. Вейоуллехольма (Швеция) селекциялық институтында Лалух Саксо сорттарын будандастыру арқылы алынды.
1986 жылы аудандастырылады.
Ботаникалық сипаттамасы: Түршесі мутика (Mutica). Ақ дәнді, қылтықсыз. Батыс еуропалық ендіктегі экологиялық топқа жатады. Сыпыртқысы жартылай қысыңқы масақша қабыршақтары қысқа және жалпақ. Масақшасының көпшілігі қос дәнді, кейде әлсіз қылтықты, қылтықтары тік, жіңішке, негізінің түсі қара жөне сәл бұратылған. Дәні жуан жемісті түрге жатады. Ісіңкі, жақсы толыққан.
Төменгі дән негізі жалаңаш. Дәні ірі. 1000 дән салмағы 30-32
г. Қабықтылығы (27-30 пайыз).
Сабағы, жапырағы, түптену түрі. Сабанның ұзындығы орташа (90-100см), жатып қалуға төзімді, сабақ буындары мен жапырақ қынабы жалаңаш.
Шаруашылықтағы бағалы белгілері: Орташа мерзімде піседі, ылғал сүйгіш, кұрғақшылыққа төзімділігі нашар. Өзек тоты мен тозаң күйесіне орташа заладданады. Солтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған.
Битик. А.И.Бараев атындағы Қазак астық шаруашылығы ҒЗИ-де будандық популяциядан [368Н (ЗВ) 17020хАльбгольд] шығарылған.
Мутика түршесі. орташа піскіш, вегетациялық кезеңі 70-93 күн. Синельниковский 14 сортымен қатар піседі. Өсімдіктер биіктігі 75-20см. Жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімді. 1000 дәннің массасы 28-32 г. Ақуыздың мөлшері 16-18 пайыз, қауыздылығы 23-25 пайыз, натурасы 466-544 г.
Ақмола облысында аудандастырылған.
Целинный 91 - А.И.Бараев атындағы "Қазақ астық шаруашылығы" ҒЗИ-де шығарылған.
Медикум түршесі. Орташа піскіш. Биіктігі 63-92см. Жатып қалуға орташадан жоғары (4 балл). Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. 1000 дәннің массасы 42-50г. Ақуыздың мөлшері 14,5-16,3 пайыз, қауыздылығы 23-25 пайыз, натурасы 466-544г.
Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында аудандастырылған. Карабалыкский -150 - Қарабалық тәжірибе стансасында шығарылған.
Медикум түршесі. Орташа піскіш, вегетациялык кезеңі 64-73 күн. Өсімдіктер биіктігі 55-68см. 1000 дәннің массасы 41-50 г. Ақуыздың мөлшері 11,8-14,5 пайыз тас тәріздес қара күйеге төзімді.
Қарағанды облысында аудандастырылған.
Тапсырмалар:
Сұлының сорттық белгілерін 5-кестеде сипаттаңыздар.
Сұлының аудандырылган сорттарының сипатын 6-кестеге жазыңыздар.
Сұың экологиялық-географиялық топтарымен танысыңыздар.
1. 4 ЖҮГЕРІ
1) Ботаникалық ерекшеліктері
2) Жүгерінің түр тармақ белгілері
Ботаникалық сипаттамасы: Жүгері бір жылдық, бір жапырақты, бір үйлі, айқас тозаңданатын, аталық пен аналық гүлден тұратын арнайы гүл шоғырлары бар өсімдік.
Жүгері (Zea mays Z) астық тұқымдасына жатады. Басқа астық тұқымдас өсімдіктерден айырмашылығы бойының биік өсуінде. Ірі сабақты, жапырақты, тұқымды өсімдік.
Тамыр жүйесі. Тамыр жүйесі жан-жақты тармақталған, алымы 1 м дейін, топыраққа 3 м тереңдікке бойлап өсе береді. Өсудің алғашқы кезеңінде, топырақтың терең қабаты өлі жылығанша тарымы топырақтың беткі қабатында өседі де, одан кейін тереңдейді. Жүгері төрт тамыр түрін қалыптастырады: негізгі, бүйірлік, түрақты және ауа тамырларын. Тұқымы өну кезеңінде негізгі ұрықтың түбіршек, содан кейін біртіндеп сабақ дами бастайды. Жүгерінің негізгі ұрықгың түбіршегі пайда болғаннан кейін, бүйір жапырақтарынан таға 3-5 алғашқы түбіршектері өсіп шығады. Бұлар өсімдіктің ары қарай өсіп дамуы үшін негізгі ролді атқарады.
Өсімдіктің сабағы топырақтың бетінен 3-5 см биіктегенде сабақтық буын пайда болады. Жүгерінің көптеген сорттарында бірінші сабақтық буын пайда болғаннан кейін, ауалық немесе тіректік тамырлар пайда болады. Бұл өсімдіктің желден құлап қалмауын қамтамасыз етеді. Өсімдіктің вегетативтік массасының дами бастауымен, жас тамырларда топырақтың беткі қабатына жақын орналасқан.
Сабағы. Жүгерінің сабағы биік, толық, цилиндр тәрізді. Сорттарына (будандарына) және өсіп-даму кезеніндегі әр түрле жағдайларға байланысты өр өсімдіктің бойы және сабақ буындарының саны әр түрлі болады.
Кейбір кеш пісетін сорттарда өсімдіктің биіктігі 4-5 м, ал буындардың саны 30-35-ке дейін жетеді. Ертепіскіш сорттардың сабақтары аласа, биіктігі 50 см, ал буындарының саны 8-10 болады. Республиканың солтүстігіне қарай көптеген жүгері сорттарының биіктігі арта түседі. Ол буын аралықтарының ұзаруына байланысты болады. Жүгерінің буын аралықтары бірдей емес: ең қысқасы топыраққа таяу жері, ең ұзыны жоғарғы жағы, сілсебас орналасқан бөлігі. Сабақтың төменгі буындарынан өгей бұтақша дамиды. Мұнда аталық гүл шоғыры - сіпсебас жөне аналық гүл шоғыры - собық тузіледі. Аласа бойлы ерте пісетін кремнийлі және қантты тұр тармақтарының сорттары өгей бұтақшаны көп түзеді, ал биік өсетін тіс тәріздінің сорттары аз түзеді, жүгерінің басқа астық тұқымдастарынан ерекшелігі, сабағының іші бос емес, жеңіл паренхим ұлпасымен толтырылған. Жас шырынды сабақтардың өзегінде 5 пайызға дейін қант болады, ол сіпсебастың гүлдеу кезеңінің соңына қарай азаяды.
Жапырағы сағақсыз, жалпақ, таспа пішінді. Жапырағы жапырақ қынабынан, жапырақ тақтасынан және тілшеден тұрады. Жапырақ қынабы қорғайды және беріктік касиет береді. Сортына жөне өсіру жағдайына байланысты бір өсімдік 8 -45 жапырақ тузеді: ауданы 0,5 -1,3 м. Жүгерінің осындай үлкен жапырақ беті оның күн сәулесін және ауадағы көмірқышқыл газын сіңіруге, органикалық заттарды түзуге және ыстық күндері ылғалды реттеп отыруына жақсы жағдай жасайды. Жапырақ қолтығында бүршік түзеледі. Бұлардың әрқайсысының собық түзу қабілеті бар.
Собықтың басым бөлігі ортаңғы және жоғары жапырақ қолтығында түзіледі.
Гүл шоғыры. Жүгері дара жарнақты бөлек жынысты өсімдік. Аталық гүл шоғыры - сіпсебас сабақ ұшында. Ал аналық гүл шоғыры - собық-жапырақ қолтығында орналасқан.
Аналық жөне аталық гүл шоғырының бөлек болуы айкас тозаңдануға мүмкіншілік жасайды. Жүгерінің аталық гүл шоғыры күрделі сіпсебас, негізгі жене бүйірлік сабақтың ұшында орналасқан. Ол сабақ бұтақшасы бойымен орналасқан, көптеген қос масақшадан тұрады. Қос масақшалардың кейбіреулеріне масақ діңгегінен алшақ орналасқан, ал кейбіреулері отырғызылған. Әр масақта екі гүл түзіледі, оның біреуі толық дамымаған. Бір сіпсебаста 500-ге дейін гүл және орташа 5000-7000 тозаңқап болады. Әр тозаңқапта 2000-3000 сары алтын түсті тозаң түйіршігі және бір гүл шоғырында 4-16 млн дейін дән түзіледі. Жүгері желмен тозаңданады. Өздігінен тозаңдану өте сирек: табиғи жағдайда гүлдердің өздігінен тозавданатын 5 пайыз артпайды.
Температура мен ауаның салыстырмалы - ылғалдылығы жеткілікті болған жағдайда тозаңдардың тіршілік қабілеті одан да алысқа таралады.
Жүгерінің тозаңдануы жөне ұрықтануы, әсіресе сағат 8-ден 12-ге дейін жақсы жүреді. Жүгерінің аналық гүл шоғыры жапырақ қолтығында түзіледі де, сабақ буданынан өсе бастайды. Собық түрі өзгерген жапырақтармен қапталған. Собық діңгегіне кішігірім ұяшықтарда аналық гүл масағына көлденең қатарда орналасқан. Масақ екі гүлді болғанымен, оның жоғарғысы ғана жетіледі. Собықтағы дән қатары әркашан жұп және оның орташа саны 10-20 болады.
Собықтың гүддеу кезеңінде (ол сіпсебас гүддегеннен кейін 2-3 күннен соң басталады) оның ұшында екі қалақты тозаңқап пен жібек тәрізді жіпшелер түзіледі. Кейде кейбір собықтар сіпсебаспен бірге немесе ерте гүлдейді. Сіпсебас пен собықтың гүддеу аралығы ауа райына байланысты өзгереді. Қатты қуаңшылықта бұл аралық 15-20 күн, кейде одан да ұзақ болуы мүмкін. Жіпшелер ұзына бойына түкті больш келеді; олар жақсы тозанды ұстайды және тозаң түтігі жіпшелер ұлпасына енеді. Жүгерінің тозандануы тозаңның тозаңқапқа немесе жіпшелеріне түсуіне байланыссыз жүреді. Тозандану процессі 20-24 сағатқа созылады. Тозанданғаннан кейін түйін, айтарлықтай тез дамиды және 20 күнде дән сүттене піседі, ал дән, ұрығының өсуге қабілеті болады.
Жүгері дәні басқа астық тұқымдастарға қарағанда айтарлықтай үлкен. 1000 дәннің массасы сортына (буданына) және өсіру жағдайына байланысты 100-ден 500 г дейін болады. Дән қабық, эндосперм жене ұрықтан тұрады. Ұрық дән массасының 10-12% , қабық 6-7%, эндосперм-81-83% алады. Жүгері дәнінің ұрығында 40 % май, ақуыз, крахмал негізінен эндоспермде жиналған. Дән, консистенциясы эндосперм құрылысымен анықталады. Оның ішкі қабатын ұнды және мүйізді бөлікке бөледі. Эндоспермнің мүйізді бөлігі тығыз құрылысты және шыны тәрізді жылтырлы. Крахмалды дән аралығы акуыздық заттармен және коллоидты көмірсулармен толтырылған. Ұнды бөлігі борпылдақ құрылысты, ақ түсті және негізінен крахмал дәндерінен тұрады.
Биологиялық ерекшеліктері.
Тозаңдануы және ұрықтануы. Жүгері өсімдігі жасушасындағы хромосом саны (дигоюидт)20, ал ұрықтануға қатысатын генератавтік клеткаларда (гаплоидты) екі есе аз. Аналық гүл туйінікде түйін қапшығында, бірнеше түзілістер оның ішінде жұмыртқа жасушасында және екі полярлы ұрық қапшығы ядросында 10 хромосом болады. Әрбір тозаң дәнінде екіден спермия дамиды, олардың ядросында да 10 хромосом болады. Тозаң дәні тозаңқапқа түсіп, ұлпа бағасына еніп тозаң түгігін түзе өсіп ұрық қапшығына жылжиды. Жүгерінің ұрықтануы қалыпты жағдайда тозаңданғаннан 1 күннен өткен соң жүреді. Егер будан алу үшін эндосперм белгілерінің айырмашылығы бар аталық жөне аналық түрлерін алсақ, қант жүгерісінен басқаларының бірінші алынған будан аналық белгілерін сақтайды. Осылайша, алынған аналық түрі кремнийлі және аталығы тіс тәрізді аталықпен шағылыстарғанда алынған будан кремнийлі болуы керек, ол тісті тәрізді дән береді. Жартылай тісті аналык дәндердің пайда болғаны сорттың тазалығының төмендеуін көрсетеді, бұл будан жылдары ластанудың нәтижесі болуы мүмкін.
Келесі жылы өсімдік собығында бірінші түзілетін екінші ұрпақтағы эндоспермде аздаған аталық жөне аналық белгілері дәндерге кешкенінен аралық қасиеттер пайда болады.
Ескерту - бірінші жылғы тозаңдануында қант жүгерісінің эндоспермі аналығы сияқты әжімді емес, тегіс болады. Сонымен бірге әртүрлі түсті дәнді ата-аналық түрлеріне шағылыстырғанда тозаңдандырушы белгілері бірнеше жыл тозаңдағанда байқалады.
Ақ дәнді жүгері түрлері кремнийлі, крахмалды, жапырылғыш және қант жүгерісін сары дән түрімен тозаңдандырғанда бірінші жылғы тұқым түсім ашық сары. Егер сары дәнді түрін ақ дәнді тіс тәрізді түрімен тозандандырғанда тұқым ұшы ақ және жаны ақшыл сары, себебі эндоспермнің мүйізді бөлігінде сары жақсы байқалады, жүгерінің кейбір түрлерінде көк және қара түсті дәндер болады, бұл түрлері шағылыстырғанда ақ және сары түстері жақсы түседі және өз түсінің басымдығы көрсетеді. Дәннің түсінің өзгеруі келесі жылдардағы ұрпақта байқадады.
Егер ақ дәнді сорттың қызыл қабықшасы және жасыл эндоспермді сортпен тозаңдандырсақ, собықта дамитын аналық ақ дәнді сорт дәні ақшыл сары түсте болады.
Жүгерінің түр тармақ белгілері
Дәннің құрылыс және консистенциясы бойынша, сонымен бірге кауыздың онда болу-болмауына байланысты 9 түр тармағына бөлінеді. Жүгеріні (zea mays) кезде анықтағанда ең қолайлы тәсіл жүктеу Стартеванта-Керникенікі, эндоспермнің морфологиялық ерекшеліктеріне негізделген. Сонымен қатар басқа да белгілері ескеріледі. Оны бұрынғы совет ғалымдары И.В.Кожухов пен Кулешов дәлелдеп отыр.
Tic тәрізді жүгері - (Zea mays Z. indentatata Start) ат тісі, үлкен ұзынша дәнімен ерекшеленеді. Эндоспермнің мүйізді бөлігі тек дәннің бүйірінде, ал басқа бөлігі ұнды эндосперммен толтырылған. Бұл бөлігі көлемі бойынша кішірейеді және дән ұшында ойық пайда болады. Tic тәрізді жүгері өнімділігі біршама жоғары.
Кремнийлі жүгері: - (Zea mays Z. indurata Start). Дәні ірі және ұсақ, жоғары жағы дөңгелек, тығыз жылтырлы, бір түсті.
Мүйіз түстес эндоспермі басымырақ және дәннің сыртын қоршай орналасқан, ал ұнды эндосперм, аз мөлшерде, дәннің ортаңғы бөлігінде орналасқан.
Дән құрамында ақуыз пайызы жоғары. Бұл топ сорттары вегетациялық өсу-даму кезеңінде әр түрлі. Ол қуаңшылыққа төзімді келеді, бірақ өнімділігі жағынан тіс тәрізді жүгеріден төмен болады.
Одесский 80МВ. Линиялық будан. Бүкілодақтың селекция-генетикалық институты мен Жеребков стансасында шығарылған. Авторлары Ю.К.Кобелев, П,Ф.Ключко, Э.Н.Кобелева,
П.М.Скоробрела, В.А.Сериков, 1986 жылы аудандастырылган. Аналығы Донецский ІМ (линия ВИР 44 М х линия ВИР 40 зм)х линия Г-380 зМ. Аталығы - Дунай MB (Линия ВИР26 М х линия 91-1 ) линия ВИР MB.
Өсімдік биіктігі 220-280 см дейін жетеді, жуандығы 2-3 см, түптелуі орташа (1,3 -1,5), сабақтағы буындар саны 12-13, собықтарының бекітілу биіктігі 67-75 см. Жапырылуға төзімділігі жоғары.
Жапырақ екі 6-7 см, ұзындығы 50-60 см. жасыл аз түкті, негізгі сабақта 15-16 дейін.
Сабақтың ұзындығы 15-17 см, диаметрі 4-6 см, сәл конус тәріздес, дән қатары 14-16. Собықтың орташа салмағы 250-280 г. Өзек түсі қызыл және ақ, жоғары ұшының дәнденуі жақсы, дәнге аздап бастырғанда шығымдылығы 80-82 пайыз. Дәні тіс тәрізді аздап кремнийлі, ұзынша, түсі ақ және сары.
Шаруашылық маңызды белгілері: Өсіп-даму ұзақтығы 110-120 күн, орташа ерте пісетін топқа жатады, Днепровский 247 MB буданымен бірдей. Буданның ең басты ерекшелігі - тұқым өнімділгі тек аналық түрлерінде емес аталықтарда бар.
Сүрлемдік үшін аудандастырылган облыстар:
Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола обыстарында, ал тұқымға Алматы облысында өсіріледі.
Днепропетровский 247 MB БҒЗИ-да шығарылған. Өсімдік биіктігі 210-240 см, негізгі сабақтағы жапырақ саны 14-16, дәндері сары және ақ түсті, бірінші ұрпақта кремнийлі, екіншіде - тіс тәрізді-кремнийлі. 1000 тұқымның массасы 260-350г. Ортадан ерте пісетін топқа жататын будан. Солтүстік Қазақстаннын барлық облыстарында аудандастырылған.
Молдавский 215 СВ Молдован жүгері ҒЗИ-да шығарылған. Өсімдік биіктігі 136 см дейін, жапырақ саны 12-14, дәні тіс тәріздес және собық діңгегінің түсі қызыл, 1000 тұкымының массасы 260 г.
Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында
аудандастырылған.
Моддавский 257 СВ: Моддаван жүгері ҒЗИ-да шығарылған. Өсімдік биіктігі 150-209 см дейін, жапырақ саны 15-ке дейін, дәні ашық сары түсті, жартылай кремнийлі және қызыл собықты сорт түріне жатады. 1000 тұқымының массасы 218 г.
Қостанай, Солтүстік Казақстан облыстарывда аудандастырылған. _. Алтай 250 MB : Казақ ЕШҒЗИ және Зырянов селекциялык станциясының қызметкерлері шығарған. Өсімдік биіктігі 250 см дейін, жапырақ саны 16-ға дейін, собығы сөл конус төріздес, ұзындығы 20 см, массасы 243 г, дөні сары, орташа тіс тәріздес, діңгегі ақ және қызыл түстес, 1000 тұқымьшың массасы 334г.
Орташа ерте піседі, өсіп- даму мерзімі 120 күн. Республиканын солтүстік облыстарында сүрлемге өсіріледі.
Цединный 166 MB : Қазақ ЕШҒЗИ-да шығарьшған. Сары
жартылай тіс тәрізді сорттық топқа жатады, діңгегі ақ. Өсімдік биіктігі 253 см дейін, жапырақ саны 14-ке дейін, собығы сел конус төріздес, ұзындығы 118 см, массасы 236 г, 1000 тұқымының массасы 317г дейін. Ерте пісетін, өсіп, даму мерзімі 97 күн, Республиканьщ соліүстік облыстарывда сүрлемге өсіруге үсынылған
Тапсырмалар:
Жүгерінің түршелерімен және сортотиптерімен келесі айырмашылықгары арқылы танысыңыз: дәннің тұсі. діңгектін және собықтың түсі (7 кесте).
Жүгерінің сорттық белгілерін оқып танысыңыздар (8 кесте).
Жарамандық дақылдар.
ТАРЫ
Ботаникаяык сипаттамасы:
Егістік немесе кәдімгі тары (Panicum miliaceum) қоңырбастылар тұқымдасына жатады. Тамыр жүйесі-шашақ, топырак терендігіне және жан жағына 1м шамасында таралады. Тамыр жүйесінің күштілігі сортқа, топырақ және агротехникалык жағдайларына байланысты. Тарының өскіндері жасыл түсті, тығыз түкті.
Сабағы 45-230 см, бұтақсыз немесе бұтақты цилиндр тәріздес, іші қуыс, көлденең аса ірі емес, науасы бар, жапыраққа карағанда көбірек нэзік сирек немесе қалың түкті кылшыктары бар. Жоғарғы түйін аралығы жалаңаш кейде түкті, науасыз. Туйін аралыктар саны 2-10. Бір бүтада 1-5 жемісті сабактар бар. Бұтанын түрі шашақгану-түптену кезеңінде косалқы, жартылай қаусаған болады.
Жапырағы табакша тәрізді- ұзывдығы 18-15 см, ені 1,5-4 см, сызықты-кандауырлы, ұзынды жалаңаш жеке түкті, түсі ашық жасылдан кара жасылға дейін өзгереді. Жапырақ қынабы - түкті. Тілшесі қысқа, кірпікті. Жопырақ табақшасында және кынапта кейде күлгін түс болады.
Гүл шоғыры - шашақбас ұзындығы 10 см-ден 60 см-ге дейін. Шашақбастың негізгі бөлігінің білікшесі әр түрлі деңгейде иілген .Шашақбас бұтақтары жалаңаш немесе түкті, кыска, қысқарған, ұзын және өте ұзын, дөрекі, катты, созылмаған немесе назды, созылған бір '. немесе жан жағына. Шашақбас піскен кезде ашық-сары кейде күлгін түсті болады. Масақша - сағақга орналасқан жалаңаш, сопақ, жұмыртқа тәріздес, домалакша ушты, жоны кырлы, қылтыксыз 3-6 мм ұзынынан, 2-4 мм көлденеңінен екі гүдці, нашар дамыған астынғы гүлі мен.
Масақдпа кабыршағының саны - 3, .оның ішінде бірінші мен астыңғы екіншісі масақты, ал үшіншісі екінші қабыршағына морфологиясы бойынша ұқсас. Бірінші немесе астыңғы, масақты кабыршақ жалпақ жумырткз тәріздес, үшкірленген 5-7 жүйкелі, екінші кабыршакгың 2/3-не тең. Екінші, ішкі масақша қабыршағы жумыртқа. тәріздес, үшкірі кыскд, 11-13 жүйкелі. Пішіні мен көлемі бойынша үшінші қабыршаққа үқсас.
Гүлі-ұзын бағаншада орналасқан екі шашақгүлді ашық, көк аталық ауызынан тұратын түйін аталығы - 3 (үшеу).
Жемісі-Дәнек, қауызды, көлденең сызықсыз, домалақ, сопақ, ұзынша, өте үсақган іріге дейін 1000 дән массалары 4-9 г. Жеміс түсі, ақ, ақшьиі қоңыр, акдіыл сары, қоңыр, сүр, қола түсті.
Жармасы-кішкене қысылған, жалаңаш, жылтыр, түп жағы сопақ кірленген-қоңыр немесе сарғылт дақты, жарма түсті ашық сары, сары, кірленген сары және ақ.
Биологиялык ерекшеліктері; Тары-бір жылдық мәдени өсімдік. Оның тұқымының бидай, сұлы, арпа түкымдарынан айырмашылығы-ол алғашқы түппен өсе алады. Содан соң өскін шығады, ол тотшрақ бетінде тамыр мойынын және түптену күрады. Түптену түйнектер 2-3 жапырақ пайда болған кезде қосалкы негізгі тамырлар пайда болады. Ылғалды және жылынған топыраққа себілгенде 5-10 тәулікте егін көгі шыға бастайды, түптену ауа температурасына байланысты кө ктегеннен кейін 15-20 тәулікте басталады, ал шашақтануы сортына байланысты 20-100 тәулікгердей, өсу-даму кезеңінід үзақтығы 50-130 күн. Тары аз мөлшерде айкас тозанданатын факультативті өсімдіктерге жатады. Гүддену кезіңде егістік үстінде баяу желдің эсерінен ауада көп тозаң пайда болады. Гүлдену көлемінде (масивте) тозаңньщ баяу және орташа желде ушу қашықгығы 500-700м
1 жететіндігі байкалады. £ұны тұқым шаруашылықтарында сорттык егістіктерді орналастырғанда еске алу керек. Тары-өте жылу суйгіштігімен ерекшеленеді. Оның тұқымы 8-10° С-да өне бастайды, бірақ баяу каркынды өсуі 30°С-да журеді. Оның өскіндері төменгі температураға сезімтал өсу кезеңіне байланысты -2 -3°С суык аяз, өсімдікті закымдайды, Тары-қысқа күн өсімдігі, сондыктан Солтүстікте онын өнім беруі ұзаққа созылады, ал Онтустікте өнім беруі ерте. Ол баска Дәнді дакылдарға карағанда топырак және ауа құрғақшылығына төзімді. Оның тамыр жүйесі топырақтың әр бір қабатындағы су қорын сіңіре алады.
Баска Дәнді дакылдарға қарағанда бұл бір өлшем кұрғақ зат түзу үшін ылғалды аз шығындайды. Сонымен қатар ол топырак ылғалдануына көп әсер етеді, сондықтан күзгі, қысқы және көк-темгі кезендегі топырақтағы ылғадды сакгап калу-агротехникасының негізгі мақсаты. Тары әр түрлі топырактарда -кара топырақ, қара коңыр, сүр, шымды-күлгін, және кептірілген торфы - сазды, сонымен қатар сортаңдарда өсе алады. Топырақта коректік заттардың болуына үлкен талап кояды, топырақтан олардың альш шығуын бірінші орынға қояды.
Тарыны түр тармақ белгілері бойынша анықгау
Егісті апробациялау кезінде тарының сорттарын анықтау үшін Ф.Амфельд және Ф.Корникс (1885) сосын И.В. Поповпен қосымша дәлелденген ботаникалык жіктеуін қолданады.
Тары гүл шоғырыньщ пішіні бойынша 5 түр тармағына бөлінеді: өте шашыраңкы тармақты, шашыраңкы тармақты, жиі тармакты, жартылай ұйық тармақты және ұйық тармақты (4 сұрет).
4 сұрет. Тары түршелерінің шашақгүлдері:
1- өте шашыраңқы тармақты
2- шашыраңқы тармақты
3- жиі тармақты
4-жартылай ұйық тармақты
5- ұйық тармақты
Сонымен қатар бұтақтары өз бөлігіне жақын немесе алшақ орналасу деңгейімен ерекшеленеді және негізгі білікпен сьшырткыбүгактарының орналасуы 0-90° арасында, негізгі бұтақгаі жастықшалардың болу немесе болмауында: ұзындығы, бұтақтың нәзіктігімен немесе дөрекілігімен бұтак ұзындығы, төменнен екінші бұтақ ұзындығымен анықталады: қысқа-5-10 см: қысқарған - 10-15 см,г ұзын 15 см көп сыпыртвды тығыздығы сыпыртқының негізгі білік ұзындығы, бірінші реттік бұтақ санына бөледі: борпылдақ-1 артықемес; орта тығыз -1-1,2; тығыз -1,2 артық .
Тары әрбір топ ішінде түршеліктерге бөлінеді.Масақ кауызының түсі, масақтарда сия көк тустің болуы немесеболмауы, Дән түсі және гул қабыкдіаларының опырылуы (жүкдкабыкшалы формалары қол мен жеңіл опырылады) бойынша. Егер масақ қауызшаларында сия көк бар болса, түршелердің атауына "sub"сөзі қосылып оқылады. Әр түрлі экологиялык-географиялык топтарда және соларға жататын сорттарда масақ қауызындағы сия кәк түсті әр гүрлі деңгейде байқалады. Күшті, айкын байқалатыннан өте нашарға. масақ үшында және аналық ауызында ғана байқалатындыкқа дейін болады.
Дән түсі бойынша тары ак сарғылттан сары түске дейін, дағы бар ақшыл сары қоңыр қызыл ақшыл қоңырдан кара конырға дейін, дағы бар коңыр, бронзалы сұр және ақшыл сұр, сары және ала болып бөлінеді. Дәннің қауызынан ажыратылуына байланысты оңай және қиын ажыратылатын болъш бөлінеді.
Оңай ажыратылу әдетте Дәннін ақ түсімен байланысты болады.
Негізгі сорттық белгілері:
Сорттарды сипаттау үшін ботаникалық белгілерден басқа биологиялык және шаруашылық белгілерде маңыздыларға мыналар жатады: шашақбастың ұзындығы, пішіні, ірілігі, қабықтылығы, Дән натурасы, опыртғыштылығы жармалығы, консистенциясы және ядро түсі, өсімдік биіктігі, буынаралыктың ұзындығы, сабағының жапырылуға төзімділігі, жатып қалуына, пісу кезінде Дәннің шашылмалығы, аурулар мен зиянкестерге, қүрғакдіылыкка және төмен температураға төзімділіп, өсу-даму кезеңінің ұзақтығы.
Шашақбастың ұзындығы бойынша сорттарды бөлу: қысқа шашақбасты -17-19 Дәннің ұзындығы, гүл қабығы, жоғарғы Дәннің алшақ орналасуы, сопақ, сопақ-ұзынша. Дән ұзындығы, ені мен қалыңдығынан басым, жоғары Дән гүл кабығы жүмыдған.
Дән өлшемі өзгермелі: ұзындығы -2,3-3,1 мм, ені-1,7-2,5 мм және қалыңдығы 1,2-2,1мм.
Дәннің ірілігі елеуішпен еленіп аныкталады.
Ірілері-тесігінің диаметрі - 1,8 мм елеуіштен өтпегендері, орташалары 1,5-1,7 мм өтпегендері, үсақтары -1,4 мм өтпегендері.
Сорттарға түсінектеме бергенде оның 1000 массасын келтіреді.
Дәннің қабықтылығына қарай мынадай сорттар болады: төмен немесе аз қабықтылығы төмен -15-20%, орташа қабықты .-15-20% және жоғары қабыкгы 20% жоғары. Дәннің опырылғыштығына карай былай бөлінеді: жеңіл опырылатын (тары тартатын машинадан өткізгенде 1-2% опырылмаған дән калса), орташа опырылатын. (опырылмаған Дән 3-4%), қиын опырьшатын (опыръілмаған Дән 5% , жоғары).
Дән натурасына (көлемдік салмағы, сонымен қатар 1л Дән салмағы) қарай сорттар былай белінеді: жоғары натуралы-700 г/л, жоғарыдан төмен натуралы 700 г/л дейін. Жарма шығымына қарай: төмен 75 % дейін, орташа (76-79 %) және жоғары 80 %- тенжоғары жармалық сорттары бар. Жарма шығымы көбірек беретін сорт ірі, тегістелген, нашар қабыктылығы мен Дән пішіні шар тәрізді.
Сопақ Дән нашар түлейді және оның қалдығы көп болады.
Ядро консистенциясына карай тары шыны тәрізді; жартылай діыны тәрізді және ұнтақты болып бөлінеді.
Ядро түсі-ақшыл сары, сары, және ақшыл сары кремді және ақшыл кремді ағарыңқы және ағарыңқы сұр дақты болуы мүмкін.
Ядроның ашық сары түсті каратиноидты заттың көп жиналуына байланысты.
Ботқа дәмділігі балмен бағаланады: 5- өте жақсы, 4-жақсы, 3- орташа және 2- нашар.
Ботқасы жақсы және өте жаксы дәнімен ерекшеленетіндерге Саратовское 853, Саратовское 3, Саратовское 6, Стандарт және Уральское 109 сорттары жатады. Бытыраңқы және жабысқақ ботқа кұрамы сорттың ерекшелігіне және қайнаткандағы су көлеміне байланысты. Ботка түсі ашық-сары, сары кремді, ақшыл кремді, сары сұр дакіы және кремді сұр дақты болады. Өсімдік бойьша байланысты сорттар ұзын бойлы - 100 см жоғары, орташа бойлы - 70-100 см және қысқа бойлы -70 см төмен болып бөлінеді.
Сабақ жуандығы бойынша: жуан сабақты, 5см биіктіктегі диаметрі 0,6 см жуан, орташа жуан 0,4-0,5 см және жіңішке сабақты 0,4 см кем. Буынаралық саны бойынша сортгы былай ажыратады: көп 8-ден жоғары, орташа 6-8және буынаралықгары аз санды 2-5.
Жоғарғы буынаралыкгың ұзындығымен ен соңғы жоғарғы буынның шашақбастың негізіне дейін сортка былай бөледі: ұзын (20-25 см), орташа (17-20 см), қысқа (14-17 см) және жоғары буын аралығы өте қысқа (10-14 см). Сабанның жапырылуға төзімділігі бойынша сорттарды ажыратады: тік-жапырылмайтьш; орташа жапырылатын және күшті жапырылатын сабанды.
Шашылу денгейіне карай сорттарды былай бөледі-аз шашылатын. Өсу-даму кезеңнің ұзақтығына карай тарының сорттары былай ажыратады: өте ерте (40-60 тәулік), орташа (80-100 тәулік), кеш пісетін (100-120 тәулік) және өте кеш пісетін (120-тәуліктен көп). Тез пісетін : сорттар солтүстік арал белігінде, кеш және өте кеш пісетіндері оңтүстікте тараған. Құрғақшылыкқа катынасына карай барлык сорттар негізінен Құрғақшылықкд төзімді белгілерімен анықгалған.
Достарыңызбен бөлісу: |