Құрал-жабдықтар: Ротатор; бөлгіш воронка; 20 мл-лік пробиркалар; тығынды 200 мл-лік конустық колбалар; 1; 5; 10 мл-лік пипеткалар; бюретка; 100 мл; 1000 мл-лік өлшеуіш колбалар; ССІ4–тегі қорғасынның диэтилдитиокарбонатты ерітіндісі; 5 % лимон қышқылды аммоний; сұйытылған аммиак, мыстың стандартты ерітіндісі, 1Н НСІ ерітіндісі; мыспен ластанған топырақ.
Сабақтың жоспары:
І. Зертханалық жұмысты орындау
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру
ІІІ. Блиц тест
ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы
Топырақтағы мысты анықтау
Топырақта мыстың мөлшері шамамен 15-20 мг/кг болып кездеседі. Мыс және оның қосылыстары топырақтағы микрофлора, судағы флора мен фауна өкілдері және жылы қанды организмдер мен адам организмі үшін улы болып саналады. Мыс және оның қосылыстары қоршаған ортаға түсті металлургия өндірісі, транспорт, тыңайтқыштар мен пестицидтер арқылы, көміртекті отындардың жануы, металлдарды балқыту мен гальванизация процестері кезінде түседі. Мыс және оның қосылыстарын анықтаудың ең кең таралған әдісі қорғасын диэтилдитиокарбонат арқылы экстракциялау әдісі болып табылады. Мысты анықтау диэтилдитиокарбонатпен әрекеттесу нәтижесінде органикалық еріткіштерде еритін Сu.+ түсті комплексті ионының түзілуіне негізделген. Бұл реагент түсті комплексті иондарды тек қана мыспен емес, сонымен қатар басқа да элементтермен түзе алады, сондықтан анализ дәл болуы үшін, реакция ортасы (рН) қатаң сақтау қажет. Реакция сілтілік ортада жүреді, бұндай жағдайда мыспен тұнбаға түсетін бірнеше элементтер гидроксиді түзілуі мүмкін, сондықтан анализде хлорлы көміртектегі (ССІ4) қорғасынның диэтилдитиокарбонат ерітіндісі қолданылады. Түзілген мыстың комплексін лимон қышқылының аниондары қатысында хлороформда ерітеді. Бұл кезде темір, мырыш, марганец, т.б. элементтер гидроксидтері сулы фаза күйінде қалады.
Жұмыстың барысы:
Бөлгіш воронкаға 10-25 мл топырақ сіріндісін құйып, 5 мл 5 % лимон қышқылды аммоний құяды да фенолфталеин арқылы алқызыл түске дейін сұйылтылған аммиакпен бейтараптайды. Одан соң воронкаға бюреткадан 15 мл төртхлорлы көміртектегі қорғасын диэтилдитиокарбонатын құйып 2 мин шайқайды. Фазаларға бөлінген соң қоңыр түсті ССІ4 төменгі қабатын тығынды пробиркаға немесе фотоколориметрдің 2 см-лік кюветасына фильтрлейді. Фильтраттың оптикалық тығыздығын 436 нм- де (көк түсті светофильтрде) анықтайды. Стандартты ерітінділердің шкаласын да осы әдіспен дайындайды. Үлгідегі мыстың мөлшерін калибрлік график арқылы анықтап, одан тәжірибедегі бос үлгінің мөлшерін алып тастайды. Мыстың мөлшерін төмендегі формула бойынша есептейді:
а * V0
Х = —————; (5)
Н * V1
бұндағы:
Х – мыс мөлшері, мг/кг;
а – график бойынша табылған мыстың мөлшері, мкг;
V0 – сіріндінің бастапқы көлемі, мл;
V1 – анықтауға алынған сіріндінің көлемі, мл;
Н – топырақтың салмағы, г.
Зерттеу нәтижесінде алынған топырақтағы мыс мөлшерін ШМК мәнімен салыстырып, топырақтың ауыр металдармен ластануы туралы экологиялық тұрғыдан сипаттама беріңіздер.
Блиц-тест
1. Қоршаған табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте нашар жағдайдың туындауы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру қандай мониторинг түріне жатады?
А. Химиялық мониторинг
В. Құрама экологиялық мониторинг
С. Биологиялық мониторинг
D. Экобиохимиялық мониторинг
Е. Физикалық мониторинг
2. Еденнен немесе жұмысшы тұрақты тұратын жердегі 2 метр биіктіктегі кеңістік қалай аталады?
А. Дұрыс жауабы жоқ
В. Жоғары кеңістік
С. жұмыс орыны
D. Ауа кеңістігі
Е. Жұмысшы аймақ
3. Экологиялық жүйенің адамның көмегінсіз, өздігінен қайтадан бастапқы қалпына келу процестері қалай аталады?
А. Өздігінен тазалану процесі
В. Эвтрофикация
С. Сублимация
D. Қалпына келу
Е. Тотықсыздану
4. В.Ұ.Ұ.-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972ж. маусым) бақылау ұғымын толықтыру ретінде пайда болған термин ?
А. популяция
В.экология
С. мониторинг
D.экологиялық тұрақтылық
Е.Адам экологиясы
5. Жоғары температурада рудалардан металдарды қайта құруға негізделген әдістер бірлестігі?
А. Газды хроматограф
В. Пирометаллургия
С. Фотоэлектроколориметр
D. Газанализаторы
Е. Полиметаллургия
6. Атмосфераның пайыздық құрамы:
А. Азот – 76%, оттегі - 23%,аргон – 0,93%, көміртегінің 2 оксидінен тұрады.
В. Азот – 75%, оттегі - 23%,аргон – 0,95%, неонның, гелидің, криптонның, ксенонның аз мөлшерінен 0,03%, көміртегінің 2 оксидінен тұрады.
С. Азот – 76%, оттегі - 23%,аргон – 0,93%, неонның, гелидің, криптонның, ксенонның аз мөлшерінен 0,03%, көміртегінің 2 оксидінен тұрады.
D. Азот – 76%, оттегі - 23%,аргон – 0,93%, неонның, гелидің, криптонның, ксенонның аз мөлшерінен тұрады.
Е. Азот – 86%, оттегі - 13%,аргон – 2,93%, неонның, гелидің, криптонның, ксенонның аз мөлшерінен 0,02%, көміртегінің 2 оксидінен тұрады.
7. Экожүйенің эволюциялық уақыт кесіндісінде толық өзінен-өзі қалпына келуі және өзін-өзі реттеуге қабілеттілігі қалай аталады?
А. Экологиялық беріктілік
В. Экологиялық шығын
С. Экологиялық норматив
D. Антропогенді жүктеме
Е. Жылулық жүктеме
8. Биологиялық мониторинг қалай жүргізіледі?
А. тазартқыш құралдар көмегімен
В. биоиндикаторлар көмегімен
С. радиометриялық қондырғылармен
D. фотоэлектроколориметрмен
Е. Химиялық реактивтермен
9. Импактілі мониторинг дегеніміз?
А. ерекше қауіпті зоналардағы антропогенді әсерлер
В. ғаламдық мониторинг
С. аймақтық мониторинг
D. ерекше қауіпті зоналардағы табиғи әсерлер
Е. барлығы дұрыс
10. Биоиндикаторлардың көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс тұрысына қарап пішіп-кеседі)түрі:
А. Физикалық мониторинг
В. Химиялық мониторинг
С. Биологиялық мониторинг
D. Экобиохимиялық мониторинг
Е. Құрама экологиялық мониторинг
Бақылау сұрақтары:
1. Топырақтың ластануы қандай жолдармен жүреді?
2. Топырақ ластануының қандай категориялары бар?
3. Тыңайтқыш ретінде су шөгіндісін пайдаланғанда қандай шарттарды орындау
қажет?
4. Топырақтағы әртүрлі химиялық элементтер мен заттардың өзгеру деңгейін
қалай анықтайды?
5. Неліктен зиянды заттардың ШМК-сын жыртылған топырақтан анықтайды?
Глоссарий
Литосфераны бағалау белгілерінің геодинамикалық тобы – табиғи және техногенді белсенді геологиялық процестердің дамуын және рельефтің күйін бағалау
Топырақ эрозиясы – топырақтың беткі ұнтақ қабатының желмен ұшып немесе су ағынымен ағып құнарлығының азаюы
Топырақты фитомелиорациялау - әртүрлі өсімдіктер өсіру арқылы топырақтың жылжуын, желге ұшуын, оның құнарын, құрылымын арттыру, жақcарту үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Алексеев Ю.В. «Тяжелые металлы в растениях и почвах». Л., агропромиздат,1987.
2. Безуглая Э.Ю. «Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.
3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации
химических веществ в окружающей среде». Л: Химия, 1985.
4. Василенко В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д. «мониторинг загрязнения снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.
5. Израэль Ю.А. «Экология, климат и влияние возможных его изменений на селькое хозяйство страны». М., Высшая школа, 1987.
6. Израэль Ю.А. «Экология и контроль состояния природной среды». М., 1979.
7. Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы земли». М., Наука, 1991, 111 с.
8. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.
9. Рыспеков Т.Р. «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті, 2003, 156 с.
10. Санитарные парвило по охране атмосферного воздуха населенных мест. (Минздрав РК.), 1997.
11. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995, 160 с.
12. Чигаркин А.В Региональная геоэкология Казахстана. Алматы, 2000, 224 с.
13. Шамен А. Гидрометеорология и мониторинг природной среды Казахстана. Алматы, Ғылым, 1996, 296 с.
№11 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың ШМК мәні
Жұмыстың мақсаты: Зиянды заттардың тағам өнімдеріндегі шекті мөлшердегі концентрациясы, улылығына байланысты химиялық осылыстардың қауіптілік кластарымен таныстыру, тағам өнімдерін даярлау кезіндегі ауаны микробиологиялық бақылау әдісімен таныстырып, меңгерту.
Құрал-жабдықтар: Петри табақшалары, термостат, қоректік агар, микроскоп.
Сабақтың жоспары:
І. Зертханалық жұмысты орындау
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру
ІІІ. Блиц тест
ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы
Тағам өнімдерін даярлау кезіндегі ауаны микробиологиялық бақылау. Ауа тазалығын микробиологиялық бақылау седиментция (тұндыру) әдісімен жүзеге асырылады. Балқытылған қоректік агарды алдын-ала залалсыздандырылған Петри табақшаларына құйып, суытады. Агар суытылып, қатырылғаннан кейін Петри табақшасының қақпағын тағам өнімдерін даярлайтын өндіріс орынының ішінде ашады. Жабылмаған күйінде Петри табақшаларын 5 минутқа қалдырады, содан соң оларды жауып, бактериологиялық зертханада бөлме температурасында 3-4 тәулік ұстайды. Белгіленген уақыт өткеннен кейін Петри табақшаларында өскен дрожж, бактериялар мен плесеннің колонналарын есептейді. Есептеу нәтижелерін келесі кестеде келтірілген нормалармен салыстырады.
Агарда өскен колонналардың санын есептеу нәтижелері
№ Ауаның тазалығын бағалау
Бактериялар саны
Дрожждар мен плесень
1 Өте жақсы 20 дейін 0
2 Жақсы 20 – 50 2ге дейін
3 Қанағаттанарлық 50 – 70 5ке дейін
4 Нашар 70 жоғары 5тен жоғары
Блиц- тест
1.Заттың улылық дәрежесі дегеніміз не?
А. ең аз концентрация В. физиологиялық қызметтің бұзылуы
С. ластану индикациясы
Д. белгілі бір улы әсерге әкелетін заттардың мөлшері
Е. барлығы да дұрыс
2. ЕАК дегеніміз не?
А. ең аз көлем
В. ең аз концентрация
С. летальды доза
Д. ластану индикациясы
Е. суперэкотоксиканттар
3. Ағызынды сулар дегеніміз қандай сулар?
А. ішуге арналған сулар
В. жауын-шашын сулары
С. тұрмыстық қалдықтардан қалған сулар
Д. тазартылған сулар
Е. қолданысқа дайын сулар
4. ЛЛК дегеніміз не?
А. лас заттардың көзі
В. лимиттеуші лас көздер
С. ластаудың лимиттік көрсеткіштері
Д. шектеулі мөлшер концентрациясы
Е. барлығы дұрыс
5. СЛИ дегеніміз не?
А. судың летальды фазасы
В. судың лимиттеуші индексі
С. салыстырмалы ластану индексі
Д. судың ластанған индикациясы
Е. салыстырмалы лимиттеуші фактор
6. Мониторинг деген термин қандай мағынаны білдіреді?
А. мақсаттандырушы, кедергілеуші
В. сақтандырушы, қадағалаушы
С. белгілеуші, қараушы
Д. сызбашы, көздеуші
Е. түсіндіруші, басқарушы
7. Экологиялық мониторинг неше сатыдан тұрады?
А. 4
В. 7
С. 6
Д. 3
Е. 5
8. Базалық мониторинг дегеніміз не?
А. 1 мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізіледі
В. жергілікті антропогенді әсерлердің мониторингі
С. елді мекендер мониторингі
Д. жалпы биосфералық табиғи құбылыстарды бақылау
Е. ұлттық мониторинг
9. Дүние жүзінің 140 елі қатысқан қ.о. мониторингінің ғаламдық жүйесі қай жылы құрылды?
А. 1970
В. 1980 С.
1990 Д. 1999
Е. 2000
10.ГАЖ дегеніміз не?
А. геофизикалық араласу жағдайы
В. біркелкі заңдар жинағы
С. генетикалық ақпараттар жинағы
Д. географиялық ақпараттық жүйе
Е. барлығы да дұрыс
Бақылау сұрақтары:
1. Қоршаған ортаның ластануы мен тағам өнімдерінің ластануы арасында
байланыс бар ма?
2. Канцерогендер дегеніміз не?
3. Мутагендердің зияны қандай?
4. Тағам өнімдеріне қойылатын талаптар қандай?
Глоссарий
Токсикология – улар және олардың организмдердің әртүрлі түрлеріне әсерлері туралы ғылым
Ксенобиотиктер - өзінің құрылымы мен биологиялық қасиеттері бойынша биосфера үшін жат және тек химиялық синтез нәтижесінде алынатын заттар
Биоаккумуляция – организнің химиялық заттармен қоршаған ортадан және тағаммен қабылдау арқылы байытылуы.
Биоконцентрлеу – тамақтану арқылы ластануды ескермей, организмнің химиялық қосылыстармен тікелей қоршаған ортадан қабылдауы арқылы байытылуы
Биокөбею – организмнің химиялық заттармен тікелей тамақтану нәтижесінде байытылуы. Табиғи сулы ортада бұл процесс биоконцентрлеумен қатар жүреді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Алексеев Ю.В. «Тяжелые металлы в растениях и почвах». Л., агропромиздат,1987.
2. Т.Р. «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті, 2003, 156с.
3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации
химических веществ в окружающей среде». Л: Химия, 1985.
4. Василенко В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д. «мониторинг загрязнения снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.
5. Израэль Ю.А. «Экология, климат и влияние возможных его изменений на селькое хозяйство страны». М., Высшая школа, 1987.
6. Израэль Ю.А. «Экология и контроль состояния природной среды». М., 1979.
7. Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы земли». М., Наука, 1991, 111 с.
8. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.
9. Кабата-Пендиас А., Пендиас Х. Микроэлементы в почвах и растениях. М.,1989.Рыспеков
10. Санитарные парвило по охране атмосферного воздуха населенных мест. (Минздрав РК.), 1997.
№12 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Тағам өнімдерінің ластануы мен оның салдарлары
Жұмыстың мақсаты: Күнделікті тағам өнімдерінің ластану жолдары мен олардың адам денсаулығына зиянды әсерлері, көкөністер мен жемістердің нитраттармен ластануы, нитраттарды анықтау әдістемесімен таныстыру, алынған білім деңгейін жоғарылату
Құрал-жабдықтар: Кішкентай келі мен келісап; заттық шыны; дәке орамал; тығыны бар пенициллин шынылары; аптекалық тамызғыш; 5 мл-лік химиялық тамызғыш; скальпель; күкірт қышқылындағы 1%-тік дифениламин ерітіндісі; калибрлі сызық тұрғызуға арналған NаNO3 бастапқы ерітіндісі; дистильденген су; көкөністі қайнатуға арналған 0,5-1 л-лік отқа төзімді химиялық стақан; электр плиткасы; құрамында нитраттың мөлшері көп, сөлі түссіз болып келетін, әртүрлі көкөністер ( қырыққабат, қияр, асқабақ, картоп және т.б.).
Сабақтың жоспары:
І. Зертханалық жұмысты орындау
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру
ІІІ. Блиц тест
ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы
Көкөністердің құрамындағы нитраттар мөлшерін анықтау
Пенициллин шыныларының біріне, көкөністегі нитраттардың концентрациясының максимальды мөлшері (кесте бойынша)-3000 мг/кг сәйкес келетін NаNО3 ерітіндісінен 10 мл құяды. Ескерте кететін жағдай, өсімдіктердің кейбір жекелеген мүшелерінде нитрат концентрациясы жоғары болады. Калибрлі ерітінділердің сериясын, бұрынғы ерітіндіні жартылай сұйылту арқылы (мысалы, 3 мл бастапқы ерітіндіге 3 мл дистильденген су құйып, шайқайды және т.б.), даярлайды. Құрамында әртүрлі мөлшерде нитраттары бар ерітінділер алынады: 3000, 1500, 750, 375, 188, 94, 47, 23 мг/кг. Заттық шынының астына ақ қағаз қойып, әйнек бетіне 2 тамшы зерттелетін ерітінді және 2 тамшы дифениламин тамызып, үш рет қайталайды. Калибрлі ерітінді үшін де, анализдің екі типі үшін де қолдануға болатын төмендегі градацияға сәйкес реакцияны сипаттайды. (Церлинг бойынша,1965). балл Түсінің сипаттамасы Нитрат мөлшері,мг/кг
6 Сөл немесе кесінді қанық қара түске тез боялады. Бояуы тұрақты және тез жойылмайды. >3000
5 Сөл немесе кесінді қаракөк түске боялады. Бояуы біраз уақытқа дейін 3000 50 сақталады.
4 Сөл немесе кесінді көк түске тез боялады. Бояу бірден пайда болмайды. 1000
3 Бояуы ашық көк түсті, 2-3 минуттан кейін жойылады. 500
2 Бояуы тез жойылады, ең бастысы өткізгіш желілері ғана боялады. 250
1 Бояуы көгілдір із қалдырып, тез жойылады. 100
0 Көгілдір түске де, көк түске де боялмайды. Бүтін өсімдік қызғылт тартуы мүмкін.0
Көкөністерді бөлшектейді: қабығы, сыртқы қабаты, ортаңғы бөлігі, көсеу сабағы (қырыққабатта), желілері, желісіз жапырағы. Кесілген бөліктерін пышақпен ұсақтап турап, келіге тез ұнтайды, сөлін 2-3 қабат дәкеге салып, сығады. 2 тамшы сөлді, ақ қағаздың үстіне қойылған таза заттық шыныға тамызып, үстіне 2 тамшы дифениламин қосады. Кесте бойынша байқалған барлық құбылыстарды тез жазып отырады. Тәжірибені 3 рет қайталайды. Көкөніс бөліктерінің құрамында нитраттың бар екендігіне сенбестік болған жағдайда, қасына белгілі бір концентрациядағы калибрлік ерітіндіні тамызады және дифениламинмен реакцияны қайталайды. Анализ картоп пен қырыққабаттың сөлінен басталады. Сонан соң бұл көкөністерді қайнап жатырған суы бар отқа төзімді химиялық стақанға салып, 10-15 минут қайнатады.Одан кейін піскен көкөністі және оның сорпасына анализ жүргізеді. Қайнатып жатырған уақытта басқа көкөністердің бөліктеріне анализ жүргізе береді.Нәтижесін дәптерге жазады. Әр түрлі көкөністер құрамындағы нитраттардың мөлшері Зерттелетін өсімдіктер. Бөлігі Балл саны Нитрат мөлшері,мг/кг
Картоп а) қабық асты б) орта бөлігі
Пісірілген картоп а) қабық асты б) орта бөлігі
Қырыққабат а) желілері б) көсеусабақ в) жапырақ
Піскен қырыққабат а) желілері б) көсеусабақ в) жапырақ
Сорпасы
Б. Нитраттарды бүтін өсімдіктерде анықтау
Өсімдіктердің бөліктерін қалың етіп турайды: сабағы, жемісінің кесінділері. Тегіс ақшыл сұр қағазға салады. Кесіндінің әртүрлі бөлігіне күкірт қышқылындағы 1 % - тік дифениламин ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызады да, жоғарда келтірілген шкалаға сәйкес боялуын белгілейді. Бұл жағдайда тағамдағы нитраттардың мөлшері аз немесе мүлде жоқ болған жағдайда ұлпалар қызғылт тарта бастайды, нәтижесінде дифениламин реактивіндегі күкірт қышқылының әсерінен қарая бастайды.
Блиц - тест
1. Атмосфераның, жауын-шашынның, жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпті тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамын бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе:
А. Физикалық мониторинг
В. Химиялық мониторинг
С. Биологиялық мониторинг
D. Экобиохимиялық мониторинг
Е. Құрама экологиялық мониторинг
2. Зерттейтін обьектілерді байланыстырып және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылатын авиациялық, космостық мониторинг:
А. Экобиохимиялық мониторинг
В. Химиялық мониторинг
С. Биологиялық мониторинг
D. Дистанциялық мониторинг
Е. Құрама экологиялық мониторинг
3. Адам аптаның 8 сағаттық жұмыс күнінде немесе аптасына жалпы 41 сағаттан аспайтын жұмыс істеген кезде, еңбекке жарамды жасының соңына дейін ешқандай ауру тудырмаған, яғни қазіргі зерттеу әдістері оның ешқандай ауруын тіркемеген немесе денсаулығында ешқандай ауытқулар туындатпайтын концентрация?
А. ШМКбш
В. ШМКм.б.
С. ШМК о.т
D. ШМКс
Е. ШМКж.з.
4. Атмосферадағы азот және күкірт қостотықтары шығарындыларының су тамшыларымен қосылуы нәтижесінде пайда болатын қосылыстар?
А. Фотохимиялық смог
В. Қышқылдық жауын-шашын
С. негіздік жауын-шашын
D. Шаң-тозаң
Е. Тотықтырғыштар
5. Табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері.
А. Экологиялық мониторинг
В. экологиялық сараптама
С. Экологиялық аудит
D. Экологиялық инспекция
Е. Дұрыс жауабы жоқ
6. Ластағыш көздердің ауданын, шығу тегін, таралу көлемі мен ластағыштардың сапалық құрамын анықтауға арналған табиғи ортаның жеке компоненттерінің (ауа, су, топырақ) сапалық анализі қалай аталады?
А. Ластану индикациясы
В. Улылық дәрежесі
С. Суперэкотоксиканттар
D. Зиянды әсер табалдырығы
Е. Зиянды әсер
7. XXғасырдың 70 жылдарының басында «қышқылдық жаңбыр» терминін енгізген ғалым?
А. Г.Одум В.
В.И.Вернадский
С. А. Смит
D. А.Тенсли
Е. В.Шелфорд
8. Аз дозасының өзінде ферменттерге айтарлықтай күшейтуші немесе тежеуші әсерін тигізуге қабілетті заттар қалай аталады?
А. Поллютанттар
В. Ксенобиотиктер
С. Гидрохимия
D. Эпидемиология
Е. Суперэкотоксиканттар
9. Поллютанттар деген не?
А. қолайсыз жағдайлар туғызатын бактериялар
В. қолайсыз жағдайлар туғызатын химиялық қосылыстар
С. қолайсыз жағдайлар туғызатын вирустар
D. пайдалы табиғи ресурстар
Е. ағынды сулар түрі
10. Топырақтың санитарлық жағдайы қандай факторға байланысты?
А. топырақтың ластануына
В. топырақтың өздігінен тазаруына
С. топырақ құрамына
D. ауыр металдарға
Е. ластану индексіне
Бақылау сұрақтары:
1. Көкөністердегі нитраттардың артық мөлшері қалай пайда болады?
2. Тыңайтқыштардың қандай түрлерін білесіздер?
3. Топырақтың мелиорациясы дегеніміз не?
4. Жемістер мен көкөністерді тағам түрінде пайдалану шарттары қандай?
Глоссарий
Өсімдіктегі ластағыш заттектердің шекті рауалы концентрациясы - өсімдіктердің өнімділігін төмендетпейтін және өсуін тежеп тоқтатпайтынзиянды заттектердің мөлшері.
Пестицидтер - өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне, жануарлар эктопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Алексеев Ю.В. «Тяжелые металлы в растениях и почвах». Л., агропромиздат,1987.
2. Безуглая Э.Ю. «Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.
3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации
химических веществ в окружающей среде». Л: Химия, 1985.53
4. Василенко В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д. «мониторинг загрязнения снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.
5. Израэль Ю.А. «Экология, климат и влияние возможных его изменений на селькое хозяйство страны». М., Высшая школа, 1987.
6. Израэль Ю.А. «Экология и контроль состояния природной среды». М., 1979.
7. Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы земли». М., Наука, 1991, 111 с.
8. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.
9. Рыспеков Т.Р. «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті, 2003, 156 с.
10. Санитарные парвило по охране атмосферного воздуха населенных мест. (Минздрав РК.), 1997.
11. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995, 160 с.
12. Чигаркин А.В Региональная геоэкология Казахстана. Алматы, 2000, 224 с.
13. Шамен А. Гидрометеорология и мониторинг природной среды Казахстана. Алматы, Ғылым, 1996, 296 с.
14. Бельгибаев М.Е. некоторые принципы ландшафтно-экологического
обонования природопользования и природоустройства//Науч.-прак. Конф. Ландшафтно-экологические основы природопользования и природоустройства. Целиноград: 1991. С. 5-10.
15. Востокова Е.А. Картографическое обеспечение космического мониторинга экологических условий//Научно-прак. Конф. Ландшафтно-экологические основы природопользования и природоустройства. Целиноград: 1991. С. 14-18.
16. Жекулин В.С. Введение в географию: Учебное пособие – Л-д, 1989.
17. Кабата-Пендиас А., Пендиас Х. Микроэлементы в почвах и растениях. М., 1989.
№13 Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |