Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


Жалпы білім беретін мектептерде CLIL әдістемесінің негізін келесідей постулаттар құрайды



бет10/13
Дата20.11.2023
өлшемі103,84 Kb.
#192323
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Құрманбек

Жалпы білім беретін мектептерде CLIL әдістемесінің негізін келесідей постулаттар құрайды:

  • тілді білу пән мазмұнын оқып білу құралы болып табылады;

  • сабақтар еліктіргіш түрде өткізіліп, оқушылар ғылыми тәжірибелерді орындайды және түрлі эксперименттерді іске асырады;

  • тіл жалпы білім беру бағдарламасына кіріктірілген;

  • тілді қызықты тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретіндей етіп пайдалануға үйренудің мотивациясы арта түседі;

  • сабақтар тілдік ортаға енуге негізделеді;

  • мәтіндерді шет ел тілінде оқу қажетті дағдылар болып табылады.

Кіріктірілген сабақтарды әзірлеу және өткізудің бірнеше кезеңдері бар:
1. Пәндерді (біздің жағдайда олардың төртеуі тілдік емес және біреуі тілдік
пән) оқу кезінде жалпы ұғымдарды түсіндіруде пәндер бойынша оқу бағдарламаларын қиыстыру. Оқу бағдарламаларын талдау, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді ұсыну барысында мұғалімдермен оны зерделеу, пысықтау, жинақтау және бақылау кезінде оқушылар білімін кіріктіруді талап ететін материалдар іріктеп алынады. Бұл үдерісте терминологиялардағы, түрлі оқу пәндеріндегі сол бір шамаларға арналған бірліктердегі келіспеушіліктер жойылады. Тақырыпты өту мерзімдері, қалыптасатын ұғымдар, пәнаралық байланыстардың түрі және т.б. көрсетілген кестені құру осы жұмыстың нәтижесі болуы мүмкін.
Көрсетілген пәндер бойынша өзара байланысқан тақырыптардың кіріктірілген мазмұнын қарастыру, пәнаралық байланысы бар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таңдау.
Кіріктірілген сабақтың түрін таңдау. Сабақтың жоспарын құру, бақылау әдістері және мектеп оқушыларының оқыту әдістері мен тәсілдерін бағалауды анықтау. Оқыту мазмұнының өзара әрекеттесуіне (өзара байланысуына), болашақ сабақтың уақытына алдын ала хронометражын өткізуге ерекше көңіл бөлінеді.
Сабақты жоспарлаған кезінде пән мұғалімі сабақтың оқу мақсаттарын да, тілдік мақсаттарын да тұжырымдай алуы керек. Тілдік мақсаттарды белгілегенде, пән мұғалімі көмек алу үшін тілдік пәндер мұғалімдеріне жүгіне алады. Мұғалімдердің мұндай серіктестігі сыныпта қолайлы білім беру ортасының құрылуына мүмкіндік туғызады.
Бірақ ең бастысы – сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер «барлық мұғалімдер тілді үйретеді» деген жаһандық тұжырымды ұстануы тиіс [10].
Пәнді-тілдік кіріктірілген сабақта пәнді-тілдік кіріктіре оқытудың түбегейлі амалдарның бірі мәтінмен жұмыс істеу болсада, сабақта сөйлеу іс-әрекеттерінің барлық түрлері болуы керек. Оқу материалын таңдап алғанда оқушылардың жас ерекшеліктеріне және тілдік дайындық деңгейіне жауап беретіндей, стилі жағынан алуан түрлі түпнұсқалық мәтіндерді таңдау қажет. Егер мәтіндер шағын бөлімдерге бөлінсе және иллюстрациялармен, сызбалармен, суреттермен және т.б. сүйемелденетін болса, жақсырақ қабылданады.
Мәтіндерде мәтіналды (prereading) және мәтінсоңы (afterreading) тапсырмаларды болуы керек. Бұл тапсырмалар тек тілдік, сөйлеу дағдыларын ғана емес, сонымен қатар когнитивтік дағдыларды да қалыптастыруы керек. Соңғыларына қатысты есте сақтайтын бір жағдай, олар когнитивтік дағдыларды қарапайым ой операцияларынан (тану, сәйкестендіру, ұғыну) ойлаудың күрделі нұсқаларына (талдау, синтездеу, бағалау) қарай өсірумен қалыптастыру қажет. Құрамында диаграммалар немесе кестелер бар мәтіндер тану кезеңі үшін идеалды түрде сай келеді. Материалды мәтіннен кестеге түсіру оқушыға ақпаратты жіктеп, бастысын екінші дәрежелі материалдан ажыратуға көмектеседі.
CLIL сабақтарында тілдік біліктер мен пәндік білімдерді дамытудың маңызы бірдей болғандықтан, ондай сабақ көбіне төрт сатылы сызбаға негізделеді:
Мәтінді өңдеу. Мінсіз мәтінді оқу барысында оның визуалдылығын қамтамасыз ететін безендірулер болуы керек. Шет ел тіліндегі мәтінмен жұмыс жасауда, оқушыларға мәтінмен жұмысты айтарлықтай жеңілдететін, мәтінді құрылымдық белгілеу (қатарларды, азат жолдарын нөмірлеу, бөлімдерге, шағын тарауларға аталым беру) қажет.
Жете түсіну және алған білімдерді ұйымдастыру. Мәтіндер көбіне сызба түрінде беріледі, бұл оқушыларға мәтіннің идеясын, онда берілген ақпаратты анықтауға көмектеседі.
Мәтіннің тілдік ұғынуы. Оқушылардың мәтіннің идеясын өзінің сөзімен жеткізе алатынына үміт етіледі. Оқушылар қарапайым тілдік тәсілдерді де, сонымен қатар айтарлықтай алға басқан түрлерін де қолдана алады, бұл жағдайда қандай да лексиканы таңдауда анық үдеме болмауы тиіс, дегенмен де, мұғалімнің оқушылардың назарын тақырыбы мен пәні бойыша сай келетін белгілі лексикалық бірліктерге аударуы қажет. Оған қоса, мұғалім назарын тек арнайы лексикаға ғана емес, сонымен бірге сабақтың тақырыбы мен пәнге байланыссыз қажет болатын фразалық етістіктер, тұрақты сөз тіркестері, салыстыру дәрежелері секілді әмбебап тілдік бірліктерге де аударуы тиіс.
Тапсырмалар оқушылардың дайындық деңгейіне, оқыту міндеттеріне, сонымен қатар оқушылар талғамына байланысты болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет