Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі



бет2/13
Дата20.11.2023
өлшемі103,84 Kb.
#192323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Құрманбек

КІРІСПЕ

4

1

Жаратылыстану пінін ғылымдарының ішкі құрылымы және тұтастану сабақтастық теориясының негіздемесі

5

1.1

Ағылшын тілі және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдары мен тәсілдері

5

1.2

Кіріктіріп оқытуды ұйымдастырудың түрлері



8

2

Ағылшын тілі және жаратылыстану пәнін кіріктіріп оқытудың педагогикалық технологиялары

14

2.1

CLIL технологиясы бойынша оқытудың мақсаттары

14

2.2

Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту сабақтарын ұйымдастыру әдістемесі

18




ҚОРЫТЫНДЫ

22




ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

23


КІРІСПЕ


Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі әлеуметтік-экономикалық тенденциялар жоғары сапалы білімге, сондай-ақ, тіл біліміне үлкен талаптар қойып отыр. Бүгінгі күннің сұранысы көп тілді маман дайындауды қажет етеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында:
«Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр», - деп бүгінгі білім беру жүйесінде жастарға әлемдік озық тәжірибелерді үйретумен қатар ұлттық білімді қатар алып жүруді міндеттеді [1]. Өйткені, тіл білімін үйрену тек ағылшын тілін білумен ғана емес, ана тілімізді жетік меңгеруді де ескеруді керек етеді. Олай болса, қазіргі мектеп оқушыларына тілдік білімді пән мазмұнымен сабақтастықта оқыту тиімді болмақ.
Қазақстан Республикасының президенті Қ. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты жазған мақаласында былай деген: «Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», – дейді. Демек өзімізден озық тұрған жұртпен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор. Ал, қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек.
Сонымен қатар, ағылшын тілін үйренуге де басымдық беру қажет. Жастарымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ, олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз [2].
Еліміздің тізгінін ұстаған басшыларымыздың ұстанған саясаты ана тілімізбен қатар ағылшын тілінің, сонымен қатар көптілді меңгерудің маңыздылығын алға қойып отыр. Яғни, жастарға орасан зор мүмкіндіктерге кол жеткізудің кілті өзге елдің тілін меңгере отырып, биік шыңдарды бағындыра алатындығын меңзеп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет