Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері. Құқық бұзушылық жəне заңды жауапкершілік
Орындаған:Сайлау Назым
Қабылдаған:Телесбаев Б
1
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері
1
2
3
5
4
6
- LҚылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын - заң нормаларының жиынтығынан тұратын, құқық саласы.
Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) — мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады.
Қылмыстық заң жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының
нормативті актісі.
Қазақстан Республикасында қылмыстық заңның ең маңыздысы 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодекс.
Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады.
Олар:
қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
- Қылмыстық құқық - қылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды.
- Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау қылмыстық құқықтың міндетіне жатады.
Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады:
қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.
Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады:
9
Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |