Ұқсастығы болып екi нысанның да алдын-ала сөз байласу арқылы пайда болуы табылады.
Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобының ұйымдасушылық дəрежесi аз болады, олар негiзi алдын-ала келiсу арқылы көрiнiс табады. Ұйымдасқан топтың мiндеттi белгiсi болып тұрақтылығы, яғни қылмыстық əрекеттi жалғастыру, бiрнеше қылмысты жасау, ал кейбiр кезде ауырлығымен ерекшеленетiн қылмысты жасау мақсатында бiрнеше адамдардың бiрлесуi табылады.
Ұйымдасқан топтың қатысушылары тұрақты қылмыстық қатынасқа, ұйымдастырушылық мезеттерге ие болады: басшылықтың бар болуы, қылмыс iстеудiң жоспарын құруы, конъюнктурамен танысуы, қатысушыларды жинауы, рольдердi бөлуi жəне т.б.
Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) – даму деңгейi жағынан жоғары ұйымдасқан қылмыстық құрылым болып табылады. Олар ұйымдасқан қылмыстың ең қауiптi нысаны болып табылады. Қылмыстық сыбайластықтың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнiң жоғарылығы бiрнеше адамның қылмыс жасауымен, олардың рольдерiнiң бөлiнуiмен ғана емес, сонымен бiрге қылмысқа қатысушылардың арасында тұрақтылықтың, ұйымдасушылықтың жəне тығыз топтасқандықпен ұзақ қатынастың болуымен сипатталады.
Қылмыстық қауымдастық əдетте ұзақ уақытқа құрылады. Ол ауыр жəне аса ауыр бiрнеше қылмыстарды жасау, сонымен бiрге күрделiлiгiмен ерекшеленетiн бiр қылмысты жасау мақсатын көздеуi мүмкiн.
Ұйымдасқан топты, қылмыстық сыбайластықты құрған адам ұйымдасқан топты не қылмыстық сыбайластықты басқарғаны жəне ұйымдастырғаны үшiн, сонымен қатар өзiнiң ниетiмен қамтылған барлық жасаған қылмыстары үшiн Ерекше бөлiмнiң тиiстi баптарында көрсетiлген жағдайларда жауаптылыққа тартылады.
3. Қылмыстық жауаптылық
Қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы айыптауын қылмыстық жауаптылық деп түсінеміз. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік орын алған соң туындайды.
Қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы айыптауын қылмыстық жауаптылық деп түсінеміз. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік орын алған соң туындайды.