Қазақстан республикасының жоғары білім және ғылым министрлігі


VІ. Ӛзін-ӛзі тексеруге арналған тесттер



Pdf көрінісі
бет40/40
Дата29.12.2021
өлшемі494,17 Kb.
#106418
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
ИСАЕВА Л.Н. Саясаттану
ИСАЕВА Л.Н. Саясаттану, ИСАЕВА Л.Н. Саясаттану, ведение проф
 

VІ. Ӛзін-ӛзі тексеруге арналған тесттер. 

1.  Саясаттану  ғылымының  білім  берудің  жеке  саласына  айналуына  жағдай 

жасалған кезең: 

А) 1965 ж. 

В) 1880 ж. 

С) 1948 ж. 

Д) 1970 ж. 

Е) 1865 ж. 

2. «Саясат» терминін ең алғаш рет ғылымға енгізген: 

А)  Аристотель; 

В)  Цицерон; 

С)  Платон; 

Д)  Конфуций

Е)  Макиавелли. 

3. Саясаттың негізгі объектісі: 

А)  Саясат; 

В)  Қоғам; 

С)  Мемлекет; 

Д)  Саяси институттар; 

Е)  Саяси жүйе. 

4.  Саясаттанудың  қалыптасуына  ықпал  еткен  позитивистік  әдістеменің 

принциптерін анықтаған: 

А)  Ч.Мерриам; 

В)  О.Конт; 

С)  М.Фрейд; 

Д)  Г.Лассуэл; 

Е)  З.Фрейд. 

5. Ең алғаш рет саясаттанудың оқытыла бастауы: 

А)  1857 ж. АҚШ,  Коллумбия колледжінде; 

В)  1948 ж. ЮНЕСКО басшылығымен, Парижде; 

С)  1871 ж. Франция, Саяси ғылымдар мектебінің құрылуы; 

Д)  1989-1990 жж., Балтық бойы елдерінде; 

Е)  Ежелгі дәуір – Греция мен Римде. 



 

22 


6.  Ежелгі  грек  философиясының  саяси-құқықтық  ойының  шарықтап  дамыған 

кезеңі: 


А)  Б.з.д. V-IV ғасырлар; 

В)  Б.з.д. VІ- IV ғасырлар; 

С)  Б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырлар; 

Д)  Б.з.д. ІІ-І ғасырлар; 

Е)  Б.з.д. І ғасыр. 

7. Платонның саяси ойлары баяндалған еңбегі: 

А)  «Саясат»; 

В)  «Пікірлер мен әңгімелер»; 

С)  «Мемлекет»; 

Д)  «Патша»; 

Е)  «Заңдар рухы туралы». 

8. Қайта ӛрлеу дәуірінің кӛрнекті ойшылы, жаңа буржуазиялық идеология: 

А)  Т.Гоббс; 

В)  Дж.Локк; 

С)  Ф.Аквинский; 

Д)  Н.Макиавелли; 

Е)  Т.Мор. 

9.  Ежелгі  Шығыстың  кӛрнекті  саяси  ойшылдарының  бірі  –  Конфуций  іліміндегі 

дұрыс мемлекеттің негізгі шарты не? 

А)  Халық егеменділігі; 

В)  Заңға қатал бағыну; 

С)  Биліктің бӛлінуі; 

Д)  Дұрыс заңның болуы; 

Е)  Халықтың сословиеге бӛлуден. 

10.  Орта  ғасырларда  теология  мен  философияны  синтездеп  заңдар  теориясын 

жасаған кім? 

А)  Ф.Аквинский; 

В)  Н.Макиавелли; 

С)  А.Августин; 

Д)  Т.Компанелла; 

Е)  Аристотель. 

11. Аристотельдің саяси ойға қосқан үлесі: 

А)  Коммунистік идеяны сынады, жеке меншікті жақтады; 

В)  Жалпының мүддесі, жеке меншікке қарсы шықты; 

С)  Саясат пен моральдың ара қатынасы туралы мәселені кӛтерді; 

Д)  Биліктің  бӛлшектенуі теориясын жасады; 

Е)  Діни және мемлекеттік биліктің ара-қатынасы. 

12. Жаңа дәуірдегі негізгі саяси идеялар: 

А)  Ізгілікті мемлекет, меншік мәселелері; 

В)  Табиғи құқық, биліктің бӛлінуі, халық егеменділігі; 

С)  Билікті екіге бӛлу; діни (рухани) және мемлекеттік; 

Д)  Адам мәселесі, оның мемлекетпен ара қатынасы; 

Е)  Тап күресі, социалистік революция, пролетариат диктатурасы. 

13.  Қазақ  халқынан  шыққан  ұлы  ұстаз,  ағартушы  Ы.Алтынсариннің  саяси 

кӛзқарастарын білдіретін еңбегі: 

А)  «Сот реформасы жайындағы хат»; 




 

23 


В)  «Бақыттылық жайлы ілім»; 

С)  «Рақымды қала тұрғындарының кӛзқарастары»; 

Д)  «Қазақ даласындағы жұт жӛнінде»; 

Е)  «Оян, қазақ!». 

14. Конфуций іліміндегі меритократия ұғымы нені білдіреді: 

А)  Атаққұмарлар билігі; 

В)  Азғана бай адамдар билігі; 

С)  Ақсақалдар билігі; 

Д)  Қабілеттілер билігі

Е)  Діни адамдар билігі. 

15. «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары» деген еңбектердің авторы: 

А)  Ж.Баласағұн; 

В)  Ибн Халдун; 

С)  Әл-Фараби; 

Д)  А.Құнанбаев; 

Е)  Қ.А. Яссауи. 

16. Т.Гоббстың саяси кӛзқарастарын білдіретін еңбегі: 

А)  «Қоғамдық келісім»; 

В)  «Мемлекет»; 

С)  «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат»; 

Д)  «Заңдар рухы туралы»; 

Е)  «Левиафиан». 

17.  Саяси  идеялардың  дамуында  радикализмнің  негізін  салушы  «Қоғамдық 

келісім» еңбегінің авторы: 

А)  Т.Гоббс; 

В)  Ж.-Ж. Руссо; 

С)  Дж.Локк; 

Д)  Ш.Монтескье; 

Е)  И.Кант. 

18.  Теориялық  білімдердің  қай  бағыты  саясаттанудың  ғылым  ретінде 

қалыптасуына ықпал етті: 

А)  Диалектика; 

В)  Материализм; 

С)  Саяси тарих; 

Д)  Саяси философия; 

Е)  Саяси әлеуметтану. 

19.  Саясатты  теологиялық  түсіндіруден  арытып,  саяси  ойды  қоғамдағы  табиғи 

ӛмірден туған мәселелерді шешуге бейімдей бастаған кім? 

А)  М.Вебер; 

В)  Дж.Локк; 

С)  Н.Макиавелли; 

Д)  А.Августин; 

Е)  Т.Мор. 

20. Жаңа дәуір кезінде «халық егеменділігі» идеясын кӛтерген кім? 

А)  Ж.-Ж. Руссо; 

В)  Дж.Локк; 

С)  К.Маркс; 

Д)  Ш.Монтескье; 




 

24 


Е)  Т.Гоббс. 

21. Ӛз еркін басқаларға жүргізіп, олардың әрекетіне, қызметіне т.б. ықпал ете алу 

қабілеті және мүмкіндігі: 

А)  Бақылау; 

В)  Үстемдік; 

С)  Бедел; 

Д)  Билік; 

Е)  Ұйымдастыру. 

22. Саяси билікті қолданушы, жүргізуші адамға  табыну: 

А)  Биліктің легитимдігі; 

В)  Биліктің тармақталуы; 

С)  Биліктің фетишизмі; 

Д)  Биліктің жариялылығы; 

Е)  Биліктің ұсынылуы. 

23. Олигархиялық билік жағдайында билікті кімдер іске асырады? 

А)  Элита; 

В)  Азғана бай адамдар; 

С)  Діни адамдар; 

Д)  Халық; 

Е)  Қабілетті адамдар. 

24. Билікті бӛлшектеу теориясының мәні: 

А)  Билікті шектеу мақсатында тармақтарға бӛлу; 

В)  Бірнеше қоғамдық пікірлердің қатар ӛмір сүруі; 

С)  Азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын шектеу; 

Д)  Халықты саяси сауаттандыру; 

Е)  Биліктің құқықтық нормаларға сәкес келуі. 

25. Биліктің легитимдігі дегеніміз... 

А)  Жалпы ережелер мен нормаларды қабылдау; 

В)  Тӛмендегілердің билікті мойындауы; 

С)  Саяси-тарихи процесті жеделдету; 

Д)  Биліктің заңдарға  сәйкес келуі; 

Е)  Билікті қолданушы, жүргізушіге басқаның табынуы. 

26. Харизматикалық билік дегеніміз: 

А)  Жеке кӛсемнің басшылығы; 

В)  Ұжымдық түрде басқару; 

С)  Топтық түрде басқару, 

Д)  Қабілетті адамның басқаруы; 

Е)  Салт-дәстүрге сүйеніп басқару. 

27. Биліктің бӛлінуі бойынша атқарушы билікті кім жүзеге асырады: 

А)  Парламент; 

В)  Саяси партия; 

С)  Сот; 

Д)  Үкімет; 

Е)  Элита. 

28. Жеке адамның, таптың, топтың т.б. саясатта ӛз билігін жүргізе алу  мүмкіндігі 

нені білдіреді: 

А)  Саяст жүйені; 

В)  Саяси ұйымдасуды; 




 

25 


С)  Саяси билікті

Д)  Саяси режимді; 

Е)  Үстемдікті. 

29.  Сенат  пен  Мәжіліс  –  бұл  Қазақстан  Республикасындағы  қай  билікті 

бейнелейді. 

А)  Жергілікті; 

В)  Сот; 

С)  Атқарушы; 

Д)  Заң шығарушы; 

Е)  Экономикалық. 

30. Билікті жүргізудің заңды әдіс-тәсілдерін, қоғамдағы демократияның дәрежесін 

кӛрсететін не: 

А)  Саяси процесс; 

В)  Саяси жүйе; 

С)  Саяси идеология; 

Д)  Саяси режим; 

Е)  Саяси билік. 

31. Әкімшілік-әміршіл жүйе жағдайындағы саяси режим түрі: 

А)  Демократиялық; 

В)  Авторитарлық, 

С)  Тоталитарлық; 

Д)  Либералдық; 

Е)  Әскери-оккупациялық. 

32. Абсолюттік және конституциялық – бұл ұғымдар қайсысына қатысты: 

А)  Республика; 

В)  Тоталитарлық; 

С)  Монархия; 

Д)  Демократия; 

Е)  Элитаризм. 

33. Саяси жүйенің негізгі институты: 

А)  Саяси партия; 

В)  Мемлекет; 

С)  Саяси қозғалыс; 

Д)  Армия; 

Е)  Кәсіподақ ұйымы. 

34. Мемлекетті басқару формасына (биліктің түріне) байланысты қалай бӛледі: 

А)  Унитарлық, федерация; 

В)  Монархия, республика; 

С)  Құл иеленуші, феодалдық; 

Д)  Демократиялық, тоталитарлық; 

Е)  Бюрократия, элитизм. 

35. Саяси институттар, саяси қатынастар, саяси нормалар, саяси сана мен мәдениет 

– бұлар саяси жүйені қай жағынан сипаттайды: 

А)  Элементтері; 

В)  Түрлері; 

С)  Қызметтері; 

Д)  Теориялары; 

Е)  Ӛлшемдері. 




 

26 


36. Теократия қандай мағынаны білдіреді. 

А)  Атаққұмарлар билігі; 

В)  Діни адамдар билігі; 

С)  Халық билігі; 

Д)  Тобыр билігі; 

Е)  Ақсүйектер билігі. 

37. Саяси жүйе теориясын жасаушылар: 

А)  Парето, Моска; 

В)  Макиавелли, Мор; 

С)  Аристотель, Платон; 

Д)  Алмонд, Истон; 

Е)  Маркс, Энгельс. 

38.  Қоғамдағы  басқаруды  жүргізіп,  тұрақтылық  пен  тәртіпті  қамтамасыз  ететін 

әлеуметтік  топтар,  таптар,  ұлттар,  мемлекетер  арасындағы  саяси  ӛзара 

қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы: 

А)  Саяси партия; 

В)  Саяси режим; 

С)  Саяси жүйе; 

Д)  Саяси билік; 

Е)  Саяси мәдениет. 

39.  Алмондтың  саяси  жүйені  жіктеуіндегі  –  саяси  мәдениетте  –  ескі  жүйенің  де, 

жаңаның  да  элементтері  араласып,  түрлі  партиялардың  ескі  дәстүрлерді  сақтап 

отыруы қай саяси жүйеге тән: 

А)  Ағылшын-Американдық; 

В)  Индустрияландыруға дейінгі және жартылай индустриялы елдерге; 

С)  Европалық-континенталдық; 

Д)  Тоталитарлық; 

Е)  Авторитарлық. 

40. Демократия: 

А)  Әскери басқару; 

В)  Діни негізде басқару; 

С)  Шексіз басқару; 

Д)  Биліктің бӛлінуіне жол бермеу; 

Е)  Халықтық басқару. 

41. Саяси ӛмірді ұйымдастырудың белсенді формасы: 

А)  Ірі әлеуметтік қоғамдастықтар; 

В)  Билеуші топтар; 

С)  Мемлекет; 

Д)  Жеке тұлға; 

Е)  Саяси партия. 

42. Мемлекеттің негізгі функциясы: 

А)  Әскери бақылау; 

В)  Саяси ұйымдастыру; 

С)  Экономикалық байланыстар жасау

Д)  Шетелдермен қарым-қатынас жасау; 

Е)  Әлеуметтік функция. 

43. Мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіретін концепция: 

А)  Қоғамдық келісім; 




 

27 


В)  Патриархалдық; 

С)  Теологиялық; 

Д)  Географиялық; 

Е)  Күш кӛрсету. 

44.  Мемлекеттік  биліктің  барлық  жоғары  органдары  белгілі  бір  уақытқа 

сайланатын немесе ӛкілділік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекет түрі: 

А)  Монархия; 

В)  Федерация; 

С)  Унитарлы; 

Д)  Республика; 

Е)  Авторитарлық. 

45.  Біртұтас,  әкімшілік-аумақтық  бірлестіктерден  тұратын,  саяси  билік  бір 

орталыққа бағынатын мемлекет: 

А)  Федерация; 

В)  Унитарлы; 

С)  Конфедерация; 

Д)  Автономия; 

Е)  Отар. 

46. Белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп 

одақтық жаңа мемлекет құруы: 

А)  Федерация; 

В)  Унитарлы; 

С)  Конфедерация; 

Д)  Автономия; 

Е)  Отар. 

47.  Әрбір  округте  депутаттық  орындар  белгіленген  дауыстың  кӛпшілігіне  ие 

болған үміткерге тиюі қандай сайлау жүйесіне жатады: 

А)  Пропорционалдық; 

В)  Аралас; 

С)  Муниципалитеттік; 

Д)  Мажоритарлық; 

Е)  Конституциялық. 

48.  Мемлекеттік  құрылымнан  тыс  қалыптасатын  әлеуметтік-экономикалық  және 

мәдени-рухани  қоғамдық  қатынастардың  жиынтығы,  жеке  тұлғаның  емін-еркін 

дамуы: 

А)  Дәстүрлі қоғам; 

В)  Индустриялы қоғам; 

С)  Әлеуметтік қоғам; 

Д)  Азаматтық қоғам; 

Е)  Информациялық қоғам. 

49.  Заңның  жоғарылылығы,  оның  алдында  бәрінің  тең  болуы,  жеке  адам 

құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін мемлекет: 

А)  Әлеуметтік; 

В)  Құқықтық; 

С)  Монархиялық; 

Д)  Либералдық; 

Е)  Метрополиялық. 

50.  Аумағы,  халқы,  егеменділігі,  заңы,  басқару  аппараты,  күштеу  органдары, 




 

28 


салық жүйесі т.б. Бұл мемлекеттің ... 

А)  Қызметтері; 

В)  Тұрпаттары; 

С)  Түрлері; 

Д)  Басқару формалары

Е)  Белгілері. 

51.  Белгілі  бір  әлеуметтік  топтардың  мүддесін  кӛздейтін  ӛз  мақсаттарына  жету 

бағытында  мемлекеттік  билік  үшін  күресіп,  оны  қолдануға  ұмтылатын 

адамдардың ерікті тобы: 

А)  Қоғамдық-саяси қозғалыс; 

В)  Кәсіподақ ұйымы; 

С)  Қысымшы топтар; 

Д)  Саяси партия; 

Е)  Мемлекет. 

52.  Белгілі  бір  саяси  мақсатқа  жету  үшін  билікке  ықпал  ету  үшін  құрылатын, 

ұйымдық  құрылымы  әлсіз,  әлеуметтік  базасы  кең  болатын  адамдардың  ерікті 

ынтымақтастығы: 

А)  Діни бірлестіктер; 

В)  Саяси партиялар; 

С)  Қоғамдық-саяси қозғалыстар; 

Д)  Қысымшы топтар; 

Е)  Халықаралық ұйымдар. 

53. Идеологиясына байланысты партиялардың түрлері: 

А)  Басқарушы және оппозициялық; 

В)  Фашистік және коммунистік; 

С)  Кадрлық және бұқаралық; 

Д)  Жұмысшы және буржуазиялық; 

Е)  Парламенттік және сайлаушылар. 

54. Тоталитарлық режимге  қандай партия жүйесі тән: 

А)  Бір партиялы; 

В)  Екі партиялы; 

С)  Кӛп партиялы; 

Д)  Екі жарым партиялы; 

Е)  Жалған кӛп партиялы. 

55. Саяси партияның ең басты функциясы: 

А)  Заң шығару; 

В)  Қоғамдағы саяси тәрбие жұмысы; 

С)  Саяси билік үшін күрес; 

Д)  Үлкен әлеуметтік топтарды шоғырландыру. 

Е)   Халық мүддесін қорғау.  

56. Саяси партияның мәні неде: 

А)  Сайлау арқылы заң шығарушы органдарға үміткерлер ұсынуында; 

В)  Кімнің мүддесін кӛздеп, қорғайтындығында; 

С)  Идеология мен саяси доктриналарды қалыптастыруында; 

Д)  Саяси билік үшін күресуінде; 

Е)  Ӛз қатарын, әлеуметтік базасын кеңейтуінде. 

57. Коалициялық немесе блоктық басқару дегеніміз: 

А)  Ұйымдар, қозғалыстардың билігі; 




 

29 


В)  Партиялардың бірлесіп басқаруы

С)  Жеке адамның басқаруы; 

Д)  Элитаның билігі; 

Е)  Олигархтар басқаруы. 

58. Капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай реформалап, ӛзгертуге 

тырысатын партия: 

А)  Коммунистік; 

В)  Буржуазиялық-демократиялық; 

С)  Фашистік; 

Д)  Консервативтік; 

Е)  Социал-демократиялық. 

59. Қазақстандағы алғашқы либералдық-демократиялық партия: 

А)  Алаш; 

В)  Үш жүз; 

С)  Желтоқсан; 

Д)  Отан; 

Е)  Азат. 

60. Қазақстандағы әлеуметтік бағыттағы ұйымдар: 

А)  «Невада-Семей»; 

В)  «Лад», «Азат»; 

С)  «Мемориал», «Ақиқат»; 

Д)  «Жерұйық», «Шаңырақ»; 

Е)  «Жастар», әйелдер ұйымдары. 

61. Саясаттың субъектілері: 

А) Басқарушы органдар; 

В) Кӛршілес мемлекеттер; 

С) Элита; 

Д) Жеке адам, ұйымдар, әлеуметтік топтар; 

Е) Атқарушы органдар. 

62. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды? 

А) 1948 жылы; 

В) 1776 жылы; 

С) 1789 жылы; 

Д) 1991 жылы; 

Е)  1945 жылы. 

63. Бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен біріккен адамдар жиынтығы : 

А) Тап; 

В) Ұлт; 


С) Әлеуметтік топ; 

Д) Саяси партия; 

Е) Саяси ұйым. 

64. Ұлттық қатынастар мен ұлтаралық мәселелердің басты субъектілері : 

А) Әлеуметтік-этникалық қоғамдастықтар; 

В) Әлеуметтік топтар, таптар; 

С) Саяси партиялар мен қозғалыстар; 

Д) Элита және басқарушы ұйымдар; 

Е) Мемлекеттер. 

65.  Жер,  тіл,  экономикалық  қатынастар,  мәдениет  ерекшеліктері  мен 




 

30 


психологиялық  құрылымының  ортақтығы  негізінде  қалыптасқан  адамдардың 

тарихи әлеуметтік-этникалық бірлестігін не деп атайды : 

А) Ру; 

В) Тап; 


С) Ұлт; 

Д) Мемлекет; 

Е) Топ. 

66. Жеке адамның мәдени құқығы –  

А)    оның  тұтыну  заттарын,  жеке  меншігін,  жұмыс  күшін,  іскерлігін,  еркін  

пайдалануға  мүмкіндік береді 

В)  оның рухани ӛмірін ӛрбітіп, ӛрістетуге мүмкіндік береді; 

С)  оның лайықты ӛмір деңгейін және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді; 

Д) оның мемлектті  басқаруға  және  қоғам ӛміріне  белсенді қатысуына мүмкіндік 

береді; 


Е)  Одақтар мен ассоциациялар құруға, сайлауға қатысуға мүмкіндік береді. 

67.  Ұлттық  мүдделерді  жүзеге  асыруға,  ұлттық    қатынастар  саласындағы 

қайшылықтарды шешуге бағытталған шаралар : 

А) Ұлттық мүдделер; 

В) Ұлттық саясат; 

С) Ұлттық сана-сезім; 

Д) Ұлтаралық қайшылықтар; 

Е) Ұлттық қатынастар. 

68. Саясаттың қозғаушы күші : 

А) Билік; 

В) Ұйым; 

С) Партия; 

Д) Жеке адам; 

Е) Мүдде. 

69. Қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтардың жиынтығы : 

А) Саяси құрылым; 

В) Әлеуметтік жіктелу; 

С) Экономикалық жіктелу; 

Д) Мәдени құрылым; 

Е) Таптық жіктелу. 

70. Шығу тегі, тарихы, мәдениеті, тілі ортақ адамдар тобы : 

А) Партия; 

В) Тап; 

С) Топ; 


Д) Мемлекет; 

Е) Этнос. 

71.  «Саяси  мәдениет»  ұғымын  теориялық  жағынан  негіздеу  кімдердің  есімімен 

байланысты : 

А) Г. Моска, Д. Истон, В.Парето; 

В) Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай; 

С) З.Фрейд, А.Токвиль, К.Маркс; 

Д) О.Шпенглер, И.Шумпетер; 

Е) Ж. Руссо, Ш.Монтескье, М.Вебер. 

72.  Саяси  іс-әрекетке  қатысу  процесінде  адам  және  оның  бірлестіктері  жасайтын 




 

31 


құндылықтар,  білімдер,  түсініктер,  құралдар  мен  әдістердің  және  олардың  саяси 

билікке қатынасын бейнелейтін: 

А) саяси мәдениет; 

В) саяси идеология; 

С) саяси процесс; 

Д) саяси режим; 

Е) саяси сана. 

73.  Қоғамдық  процестер  нәтижесінде  жеке  адамның  белгілі  бір  саяси  роль 

атқарып, әлеуметтік-саяси қалыптасуын қалай атайды ? 

А) Саяси әлеуметтену; 

В) Электорат; 

С) Субмәдениет; 

Д) Саяси даму; 

Е) Саяси бейімделу. 

74. Жеке адамның саяси әлеуметтенуінің негізгі агенті не? 

А) Мектеп; 

В) Отбасы немесе баланы тәрбиелеуші; 

С) Мемлекеттік мекемелер; 

Д) Ресми емес ұйымдар; 

Е) Бұқаралық ақпарат ұйымдары. 

75.  Қоғамда  үстемдік  еткен  мәдени  бағыттан  айтарлықтай  ерекшеленетін  саяси 

бағдар: 


А) Ұлттық мәдениет; 

В) Бодандық саяси мәдениет; 

С) Субмәдениет; 

Д) Саяси мәдениет; 

Е) Индивидтің саяси мәдениеті. 

76.  Саяси  білімдер,  саяси  ойлау,саяси  сезімдер,  саяси  іс-әрекеттер,  бұлар  саяси 

мәдениеттің ... 

А) элементтері; 

В) түрлері; 

С) қызметтері; 

Д) дәрежелері; 

Е) типтері. 

77. Саяси мәдениетке қатысты ұғымдарды анықтаңыз : 

А) Саяси идеология, саяси психология, саяси мінез-құлық; 

В) Саяси әлеуметтену, саяси жауапкершілік; 

С) Саяси әдіс-тәсілдер, саяси құралдар; 

Д) Саяси дағдарыс, саяси жанжалдар, саяси қайшылықтар; 

Е) Саяси сана, саяси іс-әрекеттер. 

78. Бодандық (қоластылық) саяси мәдениеттің белгілерін кӛрсетіңіз : 

А)  Азаматтар саяси ӛмірге белсене араласады, саяси істер туралы жақсы хабардар, 

саясаттың  жасалуына ықпал етеді

В)    Азаматтардың  жергілікті  құндылықтарға  бағдар  алуы,  саяси  жүйе  туралы 

білімнің болмауы; 

С)    Қоғамда  үстемдік  еткен  мәдени  бағыттан  айтарлықтай  ерекшеленетін  саяси 

бағдар; 

Д)  Әлеуметтік қауымдастықтың саяси мәдениеті; 




 

32 


Е)    Азаматтардың  саяси  ӛмірге  әлсіз  қатысуы,  немқұрайлылығы,  саяси 

институттар қызметіне сенімнің күшті болуы. 

79. Азаматтық саяси мәдениет белгілері: 

А)  Азаматтар саяси ӛмірге белсене араласады, саяси істер туралы жақсы хабардар, 

саясаттың  жасалуына ықпал етеді; 

В)    Азаматтардың  жергілікті  құндылықтарға  бағдар  алуы,  саяси  жүйе  туралы 

білімнің болмауы; 

С)    Қоғамда  үстемдік  еткен  мәдени  бағыттан  айтарлықтай  ерекшеленетін  саяси 

бағдар; 

Д)  Әлеуметтік қауымдастықтың саяси мәдениеті; 

Е)    Азаматтардың  саяси  ӛмірге  әлсіз  қатысуы,  немқұрайлылығы,  саяси 

институттар қызметіне сенімнің күшті болуы. 

80.  Азаматтардың  жергілікті  құндылықтарға  бағдар  алуы,  саяси  жүйе  туралы 

білімінің болмауы қандай мәдениетке жатады ? 

А) Азаматтық саяси мәдениет; 

В) Патриархалдық саяси мәдениет; 

С) Бодандық саяси мәдениет; 

Д) Субмәдениет; 

Е) Тоталитарлық саяси мәдениет. 

81. Халықтар,  мемлекеттер арасындағы  дүниежүзілік  деңгейде жүргізілген саяси, 

шаруашылық-экономикалық,  құқықтық,  ғылыми-техникалық,  дипломатиялық, 

әскери,  мәдени  т.б.  байланыстар  және  оларды  іске  асырушы  күштер  арасындағы 

ӛзара қатынастар жиынтығы: 

А)  Халықаралық қатынастар; 

В)  Халықаралық саясат; 

С)  Ішкі саясат; 

Д)  Сыртқы саясат; 

Е)  Геосаясат. 

82.  Бір  ұлттың,  бір  мемлекеттің  дүниежүзілік  дәрежедегі  ӛз  мүдделерін  қорғау 

үшін  жүргізген іс-әркеттері: 

А)  Халықаралық қатынастар; 

В)  Халықаралық саясат; 

С)  Ішкі саясат; 

Д)  Сыртқы саясат; 

Е)  Геосаясат. 

83. Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері. 

А)  Ру, тайпа, халық; 

В)  Әлеуметтік-этникалық бірлестіктер; 

С)  Мемлкеттер, халықаралық ұйымдар; 

Д)  Әлеуметтік топтар, таптар; 

Е)  Мемлекеттік ұйымдар мен органдар. 

84. Халықаралық саяси немесе әскери-саяси ұйымдар: 

А)  Халықаралық денсаулық сақтау Ұйымы, Халықаралық Валюталық қор; 

В)  Біріккен Ұлттар Ұйымы; Солтүстікатлантикалық Одақ; 

С)  «Жасылдар әлемі», «Невада-Семей»; 

Д)  ЮНЕСКО, «халықаралық амнистия»; 

Е)  Европалық Одақ, Трансұлттық корпорациялар. 

85.  Ӛз  халқының,  мемлекетінің  мақсат-мүддесін  сезініп,  біліп,  оны  іске  асыруға 




 

33 


тырысушылық: 

А)  Сыртқы саясат; 

В)  Геосаясат; 

С)  Ұлттық қауіпсіздік; 

Д)  Ұлттық мүдде; 

Е)  Халықаралық қатынас. 

86. Сыртқы саясатты географиялық жағдайларға байланысты жүргізілетін саясат: 

А)  Биосаясат; 

В) Геосаясат; 

С)  Геостратегия; 

Д)  Экосаясат; 

Е)  Психосаясат. 

87. Алғаш рет «геосаясат» терминін ғылыми айналымға енгізген: 

А)  Р.Челлен; 

В)  Ф.Ратцель; 

С)  К.Хаусхофер; 

Д)  А.Мэхэн; 

Е) Х.Маккиндер. 

88. Геосаясатқа тікелей қатысты ұғымдар: 

А)  Шекара, аумақ, күш; 

В)  Саяси тұрақтылық, экономика; 

С)  Әлеуметтік әділеттілік, теңдік; 

Д)  Халық, ұлт, тайпа; 

Е)  Ішкі, сыртқы саясат. 

89. Геосаясаттың негізіне алынған «құрлықтағы басымдық» қалай аталады: 

А)  Хартленд;                                           Д)  Талассократия; 

В)  Римленд;                                             Е)  Биостратегия. 

С)  Геостратегия; 

90. Алғаш рет геосаяси мәселелермен айналысқан кім: 

А)  Р.Челлен;                                            Д)  А.Мэхэн; 

В)  Ф.Ратцель;                                          Е) Х.Маккиндер. 

С)  К.Хаусхофер; 

91. Геосаясаттағы «rimland» (римленд) ұғымы нені білдіреді: 

А)  Құрлықтағы басымдық;                          Д)  Мемлекеттің аумағы; 

В)  Теңіздегі Басымдық;                               Е)  Жағалаулық зона. 

С) Халықтың тығыздығы; 

92. Халықаралық қатынас бойынша қаралмайтын мәселе: 

А)  Халықтың саны мен тығыздығы; 

В)  Мемлкеттің аумағы, шекарасы; 

С)  Ішкі аумақтық ӛзен-сулар; 

Д)  Елдің, халықтың ұлттық құрамы; 

Е)  Мемлкеттің әскери күші. 

93.  Әлемдік  қауымдастықтың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ететін  халықаралық 

қатынастардың жағдайы: 

А)  Сыртқы саясат;                                        Д)  Әлемдік соғыс; 

В)  Ұлттық қауіпсіздік;                                 Е)  Халықаралық қауіпсіздік. 

С)  Ұлттық мүдде; 

94. Халықыралық қауіпсіздікке байланысты ұғымдар: 




 

34 


А)  Күштер, мүдделер балансы; 

В)  Ұлттың тәуелсіздігі, жақсы тұрмысы; 

С)  Ықпал ету аймағын кеңейту; 

Д)  Халықаралық қоғамдық ұйымдар; 

Е)  Шетелдермен дипломатиялық байланыстар. 

95. 1992 жылы Қазақстан қандай халықаралық ұйымға кірді: 

А)  Солтүстікатлантикалық Одаққа (НАТО); 

В)  Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ); 

С)  Европалық Одаққа (ЕС); 

Д)  Варшава Шартына 

Е)   Шанхайлық бестікке 

96. Қай жылдан бастап Қазақстан ӛзін ядролық қарусыз мемлкет деп жариялады: 

А)  1991 ж;                                                         Д)  1994 ж; 

В)  1992 ж;                                                         Е)  1995 ж. 

С)  1993 ж; 

97.  Геосаяси  жағынан  алғанда  Қазақстанның  қай  елдермен  халықаралық 

байланыстарының мәні зор: 

А)  АҚШ, Батыс Европамен

В)  Таяу Шығыс елдерімен; 

С)  Ресей және Қытаймен; 

Д)  Ресей және Жапониямен; 

Е)  Үндістан және Жапониямен. 

98.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  қалыптасқан  биполярлы  деп  аталған 

жаһандық геосаяси жүйеде қандай мемлекеттер негізгі роль атқарды: 

А)  АҚШ, Ұлыбритания; 

В)  Ресей, Франция; 

С)  Жапония, Қытай, 

Д)  АҚШ, КСРО; 

Е)  Германия, Ұлыбритания. 

99.  Қазақстанның  егеменділігін  нығайту,  ұлттық  және  халықаралық  қауіпсіздік 

пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету, бұл... бағыттары: 

А)  Әлеуметтік саясат; 

В)  Демографиялық саясат; 

С)  Сыртқы саясат; 

Д)  Әскери саясат; 

Е) Ішкі саясат. 

100. Дипломатия - ... 

А)  Сыртқы саясатты жүзеге асыру құралы; 

В)  Мемлекеттің алып жатқан аумағы; 

С)  Мемлекеттің ӛмір сүруі мен қауіпсіздігі; 

Д) Сыртқы саясатқа әсер етуші маңызды фактор; 

Е)  Ішкі саясатты жүргізу құралы. 

 

 

 



 

 

 




 

35 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Исаева  Ляззат  Ныгметовна. 

 

 



050202 - «Халықаралық қатынастар» мамандығы  

 студенттеріне арналған «Саясаттану» пәнінен оқу-әдістемелік нұсқау  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Пішімі 60х84 1/12 



Кӛлемі 35 бет 3 шартты баспа табағы 

Таралымы 20 дана. 

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ 

Редакциялық - баспа бӛлімінде басылды. 



Ақтау каласы, 27 ш/а. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет