1. Технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты немесе дербес білім беру
ұйымы құрған, индустриялық-инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар
жасалатын, бiрыңғай материалдық-техникалық кешенi бар аумаққа меншiк құқығында немесе
өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн заңды тұлға технологиялық парк (бұдан әрi –
технопарк) болып табылады.
2. Технопарктер қызметiнiң негiзгi түрi индустриялық-инновациялық қызмет
субъектiлерiнiң жұмыс iстеуiнiң бастапқы кезеңiнде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру,
бухгалтерлiк есеп жүргiзу, заңдық, ақпараттық және консультациялық қолдау, инвестициялар
тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық
жобаларды iске асыру үшiн қажеттi өзге де қызметтер көрсетуді бiлдiретiн технологиялық
бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерiн
көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидаларын
индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган
әзiрлейдi және бекiтедi.