Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Өтініш берушілер. Өтініш берушілердің құқықтары



Pdf көрінісі
бет93/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

110-бап. Өтініш берушілер. Өтініш берушілердің құқықтары
 
      1. Лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру 
органына жүгінген немесе хабарлама жіберген мынадай кәсіпкерлік субъектілері өтініш 
берушілер бола алады:
 
      дара кәсіпкер;
 
      заңды тұлға;
 
      заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі;
 
      лицензиат;
 
      екінші санаттағы рұқсатты иеленуші.
 
      2. Өтініш берушілердің:
 
      1) рұқсаттар және хабарламалар туралы толық және анық ақпарат алуға;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-
бабының 
6-тармағынан
 қараңыз.
 
      2) рұқсат беру органдарының және хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын 
мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, «Азаматтарға 
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің 
лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін немесе хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру 
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
 
      3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 
ережелерін ескере отырып, рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу немесе хабарлама 
жіберу үшін өтініштің электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға, сондай-ақ берілетін 
рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға құқығы 
бар.
 
      3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының 
халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, оралмандар және шетелдік заңды тұлғалар 
Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең дәрежеде рұқсаттар 
алады және хабарламалар жібереді.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет