Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз


-бап Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз: 2007.21.05. № 254-III



бет14/21
Дата05.12.2022
өлшемі65,99 Kb.
#161256
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2022.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

57-бап
Парламенттәр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерiнiң тең жартысына өкiлеттiк бередi;
3) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын сайлайды;
4) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөніндегі құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерiн шешедi;
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi;
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен оны қызметінен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;
7) Палаталардың үйлестiрушi және жұмыс органдарын құрады;
8) өз қызметiнiң регламентiн, Палатаның ұйымдастыру және iшкi тәртібіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешiмдер қабылдайды.
58-бап
1. Палаталарды мемлекеттік тiлдi еркiн меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметiне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президентi ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметiне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
2. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшiн Палаталардың депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қызметтен керi шақырылып алынуы мүмкiн, сондай-ақ олар өз еркiмен орнынан түсуге хақылы.
3. Парламент Палаталарының төрағалары:
1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етедi;
2) Палаталардың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеуге жалпы басшылық жасайды;
3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметiне сайлау үшiн Палаталарға кандидатуралар ұсынады;
4) Палаталар қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi;
5) Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды;
6) Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды;
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) Палаталарға Конституциялық Соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;
8) өздерiне Парламент регламентi жүктейтiн басқа да мiндеттердi атқарады.
4. Мәжіліс Төрағасы:
1) Парламент сессияларын ашады;
2) Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етедi.
5. Палаталардың төрағалары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
59-бап
1. Парламент сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi.
2. Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады.
3. Парламенттiң кезектi сессиялары жылына бiр рет қыркүйектiң бiрiншi жұмыс күнiнен маусымның соңғы жұмыс күнiне дейiн өткiзiледi.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Парламент сессиясын, әдетте, Республика Президенті ашады және сессия Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында жабылады. Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президенті өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.
5. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары оларға әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда өткiзiледi.
6. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстар болып табылады. Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн. Республика Президентінің, Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiнiң, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 14.07.99 ж. № 13/2; 30.06.99 ж. № 14/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
60-бап
1. Палаталар әр Палатада саны жетiден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.
2. Палаталардың бiрлескен қызметтерiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға хақылы.
3. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
4. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкiлеттiгi және қызметiн ұйымдастыру тәртібі заңмен белгiленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет