Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз


-бап 2007.21.05. № 254-III



бет15/21
Дата05.12.2022
өлшемі65,99 Kb.
#161256
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2022.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

61-бап
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.
Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауына жатады.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
3. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, мыналарға:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігiне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi мен жауапкершiлiгiне;
2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға;
3) мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттік және әскери қызметтiң негiздерiне;
4) салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге;
5) республикалық бюджетке;
6) сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiне;
7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға;
8) кәсiпорындар мен олардың мүлкiн жекешелендiруге;
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына;
11) мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты негiзгi принциптер мен нормалардың белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы.
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелдi актiлермен реттеледi.
Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген заң жобалары Парламентке енгізілген жағдайда, Республика Үкіметі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға өзінің жауапкершілігімен хақылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданыста болады.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
4. Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған заң Сенатқа беріледі, ол онда алпыс күннен асырылмай қаралады.
Мәжіліс заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұтастай қабылдамауға хақылы. Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң Мәжіліске қайтарылады. Бұл ретте Сенат Мәжіліске заңның жекелеген баптарының редакциясын ұсынуға құқылы.
Егер Сенат алпыс күннің ішінде тиісті шешім қабылдамаған жағдайда, заң Президенттің қол қоюына беріледі.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
5. Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мәжіліс заңды жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.
Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына сол көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, сондай-ақ егер Сенат заңды тұтастай мақұлдамаған жағдайда, Палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Заңның келісу комиссиясы тұжырымдаған редакциясы осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен Мәжілістің және Сенаттың қарауына жатады.
Мәжіліс келісу комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мәжіліс бұрын қабылданған редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргізеді.
Егер қайтадан дауысқа салу кезінде Мәжіліс Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді бекітсе, заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.
Егер заң Мәжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын алмаса, заң қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
5-1. 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Мемлекеттік кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары Республика Үкіметінiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенім туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз сағаттан ерте өткізілмейді. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 12.03.99 ж. № 3/2; 27.09.99 ж. № 18/2; 03.11.99 ж. № 19/2; 15.06.00 ж. № 9/2; 03.07.00 ж. № 15/2; 08.06.01 ж. № 8/2 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз
62-бап
1. Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжілістiң қаулылары түрiнде заң актілерін қабылдайды.
2. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.
3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi.
4. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
5. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен заңдарды Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды.
Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Парламенттің және оның Палаталарының қаулылары Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша, конституциялық заңдардың жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.
7. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиiс.
8. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 03.07.00 ж. № 15/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
ҚР Конституциялық кеңесінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 1 нормативтік қаулысын қараңыз
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 63-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
63-бап
1. Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.
V БӨЛIМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет