41-бап 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады. Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. 3. Республика Президентінің кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.
2011 ж. 02.02. № 403-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі. 4. алынып тасталды 5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 09.10.98 ж. № 9/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 42-бап өзгертілді 42-бап 1. Қазақстан Республикасының Президентi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара) 2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың экс-Президенттерінің қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді. 3. Республика Президентінің өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады.
4. Алынып тасталды 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді 5. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды.
43-бап 1. Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
2. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) 3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс. 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) 4. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ.