Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз



Pdf көрінісі
бет7/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk
Konaev D
11-
бап
1. Республиканың халықаралық шарттарында
өзгеше белгiленбесе, Қазақстан 
Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды. 
2. Республика өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға 
қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.
12-
бап
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен 
бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. 
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi 
деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық 
актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. 
3. Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер 
атқарады. 
4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген 
құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай
-
ақ мiндеттер атқарады. 
5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа 
адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен 
қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс.



13-
бап
1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары 
мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық 
тәсiлдермен қорғауға хақылы. 
2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. 
3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi 
тегiн көрсетiледi. 
ҚР Конституциялық Кеңесінің 22.03.99 ж. № 7/2; 15.02.02 № 1 қаулыларымен берілген 
түсініктемелерді қараңыз 
 
14-
бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. 
2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне
ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез 
келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды. 
ҚР Конституциялық Кеңесінің 10.03.99 ж. № 2/2; 22.03.99 № 7/2 қаулыларымен берілген 
түсініктемелерді қараңыз 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет