Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат


Қазақтардың ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы



бет21/36
Дата05.11.2016
өлшемі7,94 Mb.
#574
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36

Қазақтардың ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы

Мазмұны


  • 1 Ұлт-азаттық қозғалыстардың негізгі ерекшеліктері

  • 2 Ұлт-азаттық қозғалыстардың кезеңдері

    • 2.1 1 кезең

    • 2.2 2 кезең

    • 2.3 3 кезең

    • 2.4 4 кезең

    • 2.5 5 кезең

    • 2.6 6 кезең

    • 2.7 7 кезең

  • 3 Дереккөздер

Ұлт-азаттық қозғалыстардың негізгі ерекшеліктері


Ресей империясының үстемдігіне қарсы қазақ халқының ең қуатты қозғалысы 1837—1847 жылдардағы көтеріліс — өзінің сипаты, қозғаушы күштері, негізгі мақсаты жөнінен отаршылдыққа қарсы бұқаралық көтеріліс болды. Көтерілісшілердің сан жағынан артықшылығы, батылдығы кейде олардың жазалаушылармен белдесіп күресуі үшін жеткіліксіз болды. Қазақстандағы көтерілістердің бір ерекшелігі, міне, осында.

Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі мақсаты — ұлтты отарлық езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтынмемлекеттілігін, тәуелсіздігін қалпына келтіру. Ұлт-азаттық қозғалыс тек ұлтты азат етумен шектелмеуі мүмкін, шаруалардың жер үшін, халықтың демократиялық дамуы үшін болған қозғалысын да осыған қосуға болады. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс көп қырлы. Ал ұлт-азаттық көтеріліс — ұлтазаттық қозғалыстың бір түрі, ол көп халық қатысқан қарулы түрі. Көбіне онша ұзақ болмайтын, белгілі бір нақты аймақты қамтитын бір оқиға аймақтық шеңберден шығып, қамтитын аймағы ұлғайып бүкілхалықтық дәрежеге көтерілсе, ол ұлт-азаттық қозғалыс, ұлтазаттық революция дәрежесіне жетеді.


Ұлт-азаттық қозғалыстардың кезеңдері


Қазақстан тарихшылары кейінгі уақытта бұған дейін жеке-жеке қарастырып келген ұлтазаттық көтерілістер мен қозғалыстарды енді тұтас қарастыратын болды. Шынында да, Ресей патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы алғашқы көтеріліс нышаны XVIII ғасырдың 70-жылдарында байқалса, сондай оқиғалар біріне-бірі жалғасып, бірі басыла бергенде, екіншісі басталып жатпады ма?

Академик М.Қозыбаев Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарды төмендегідей кезеңдерге бөледі:


1 кезең


Сібір жұртын жаулап алуға қарсы қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың азаттық қозғалысы. Оны Ешімдаласында Көшім хан басқарды. Сібір халқы шапқыншыларға қарсы 1590—1617 жылдар арасында 30-дан астам қарсылық көрсетті. Көшім хан мен оның балалары Ешім, Абылай, Дәулеткерей орыс мемлекетінің шапқыншыларымен ұзақ жыл арпалысты. Бүкіл түркі тілді қандас халықтар қазақ елінің сұлтаны Мұртазаның баласы Көшімнің әулетін колдап, қол ұшын берді.

2 кезең


Қазақ елінің оңтүстігі — Жетісу, Сыр бойы жоңғарларға, Қоқан, Хиуа хандықтарына тәуелді болды. Ал XVIII ғасырдың бір сәтінде жоңғарлар Сарыарқаның бір бөлігі мен Алтай өңірін, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуды басып алып, халқын бодан етті. Жоңғарлармен соғыс Отан соғысына айналып, ұлт-азаттық қозғалыс үш жүзді одан әрі қабыстырды, біріктірді, бүкілхалықтық дәрежеге көтерді.

3 кезең


Әбілқайыр ханның Кіші жүздің бір бөлігімен Ресей қол астына өтуінен басталады. Мұны өте тез әрі тиімді пайдаланған патша өкіметі қазақ жеріне тереңдей ене берді. Осы мақсатта тек қаруды ғана емес неше түрлі қитұрқы саясатты да пайдаланды. Империяның құрығы қанша ұзын болса да, қазақ даласы тұзаққа тез түспеді. Қазақстанды жаулап алу ұзаққа созылды.

4 кезең


Қазақ даласы таланып, патша өкіметі мен оның қарулы күші — қазақтар жасағы хан, сұлтандармен бірігіп, зорлық-зомбылық мемлекеттік дәрежеде өрбіген кезде ұлт-азаттық қозғалыс та өрши түсті. Бұл кезеңде қазақ сахарасында отарлау саясаты толық қалыптасты. Бүкіл қазақ даласына патша өкіметі өз билігін үстем етті. Хандық билік жойылды. Ен далада жазалаушы отряд сайрандады. Халық тығырыққа тірелді, қазақ мемлекеттігінің соңғы буындары жойылды, шаруалар жерінен айырылып, кұмды, шөлейт далаға ысырылды. Халық басына ауыр күн туды. Сырым Датұлы менИсатай Тайманұлы көтерілістері осындай жағдайға байланысты шықты.

5 кезең


Хан Кене бастаған ұлт-азаттық қозғалыс лаулады. Он жылдан астам уақытқа созылған бұл қозғалыс үш жүздің басын қосып, Ресейге протекторат негізінде мемлекеттілігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталды, оны халықтың көпшілігі қолдады. Жеңілгеніне қарамастан бұл Еуропаға даңқы жеткен ең ірі қозғалыстардың бірі еді.

6 кезең


XX ғасырдың басында ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық бағытпен дамытпақ болған реформатор зиялы қауым бастады. Олар бүкілхалықтық мүддені алға қойды. Федеративті Ресейдің құрамында демократиялық автономия алуды көздеген Алаш елінің буржуазиялық демократия жолымен даму бағытын ұстады. Қазақ зиялы кауымының бір бөлігі — демократия мен дамудың еуропалық бағытын, ал екінші бөлігі социал-демократиялық дамудың радикалды бағытын ұстады.

1916 жылы Қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс революцияға ұласты, 1917 жылы Ресейде Ақпан революциясыбасталған сәтте оның құрамдас бөлігіне айналды. 1916 жылдың екінші жартысында отаршылдыққа карсы наразылық Қазақ хандығының негізін қайта калпына келтіруден көрінді. Қазақ даласында хандар сайланды, сардарбектер тағайындалды, әскер құрылды, хан кеңесі, қазылар алқасы, ел бектері, қазынашылар, басқаша айтқанда, билік жүйесі қалыптасты. Міне, осылай қазақ мемлекеттігінің құрамды белгілері қалпына келтірілді. Бұл — Ресейге бодан болғаннан бергі ең ірі қозғалыс. Халық каһарына мініп, өз ерлігін керсеткен 1916 жыл ұлтазаттық қозғалысының ең жоғары шыңы болды.


7 кезең


Ұлт-азаттық қозғалыстар мен 1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазан төңкерісі азаматтық қарама-қарсылықтар кезінде дамыды да, үлкен көтеріліске ұласты. Бұл күшпен ұжымдастыру 370-тен астам шаруалар қарсылығының жеңілісімен аяқталды...[1]

Исатай Тайман ұлы сен Махамбет Өтемісұлы

бастаған көтеріліс.

1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс

Мазмұны


  • 1 Көтерілістің шығу себептері

  • 2 Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы

  • 3 Тастөбе түбіндегі шайқас

  • 4 Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті

  • 5 Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары

  • 6 Көтерілістің тарихи маңызы

  • 7 Дереккөздер

Көтерілістің шығу себептері


1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.

Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды.Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.

1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.

Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.

Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.

Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В. И. Дальменжақсы таныс болды. В.И. Даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс.

«Өздеріндей хандардың,

Қарны жуан билердің

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім,

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім,

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім!», —

деп Махамбет халық-азаттық күрестің мақсаты туралы шабыттана жырлады.



1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашық- таншық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдарды қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды.

1836 жылғы көктемде көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді. Оған қарсы Исатай Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жігітті өзі бастап шықты. Ол қолына ту ұстап шығып еді. Қарсыласын жекпе-жек шайқасқа шақырды. Бірақ Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның төңірегіндегілер де жекпе-жек шайқастан бас тартты, батырдың ұсынысын қабыл алмады. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Таймановтың көтерілістің басшысы ретіндегі атағы бүкіл Кіші жүзге мәлім болды.

Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті. Бір барымта кезінде сойылға жығылып қаза тапқан бір жылқышы қарттың өліміне Исатайдың және оның адамдарының қатысы бар дегенді дәлелдеуге тырысты. Исатай Тайманұлы бұл жаланы Жәңгір ханның келісімімен Қарауылқожаның ұйымдастырғанын жақсы түсінді. Қарауылқожаның үстінен Жәңгір ханға шағым түсіру ұйғарылды.

1836 және 1837 жылдары шағым мен петиция беру арқылы Исатай Тайманұлы Жәңгір хан және оның төңірегіндегі жандайшаптарды қалың көпшіліктін көз алдында әшкерелемек болды. Шағым-петиция жолдау жаппай наразылық шеруіне ұласты. Мұндай алғашқы шеруге 1836 жылы өте көп адам қатысты, Жәңгір хан халықтың қаһарынан шошып кетті. Исатай батыр халық қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өтінішін табыс етті. Жәңгір хан оның айтқан талаптарын түгел тындап шығып, қордаланып қалған проблемаларды 12 күннің ішінде шешуге уәде берді. Бірақ ол уәдесінде тұрмады. Сөйтіп Жәңгір хан халық алдындағы беделінен айырыла бастады.

1836 жылдың күзінде Исатай Тайманұлы әр түрлі рулардың ауылдарын аралап жүріп, Жайық қазақ әскерлерінің иемденіп отырған жерлерін өз беттерінше тартып алуға шақырды. Көтеріліс көсемінің халық арасындағы беделі менабыройы күн санап арта берді. Көтерілісшілер хан жасағына есеңгірете тойтарыс берді. Ханның төңіресіндегі жандайшаптардың бірі би Б. Құдайбергенұлы серкеш руының қазақтарына шабуыл жасады. Серкештер көтерілісшілердің жағында еді. Исатай серкештерге шабуыл жасағандарды жазалау үшін құрамында 270 сарбазы бар қарулы жасақты жұмсады. Олар әлгі бидің ауылын шауып, толық күйзелтіп кетті.

1837 жылдың бас кезінде көтерілісшілерге байбақты руының бе- делді старшыны Жүніс Жантеліүлының қолы келіп қосылды. Енді көтеріліс аумағының шекарасы кеңейе түсті. Көтерілісшілердің қатары да ұдайы арта берді. Көтеріліс ауқымынан қауіптенген Орынбор шекара комиссиясы Исатай Таймановты ұстап алып, ісін сотта карауға тапсырма береді. Бұған қарсы көтерілісшілердің басшысы генерал-губернатор В.А. Перовскийге шағым жасады. Өлке басшысының қазақтарға деген көзқарасы жаман емес еді. Бірде үйлену тойын өткізіп жатқан қазақтарға шабуыл жасап, тонап кеткені үшін Перовскийдің жүзбасы Бухматов пен бір топ қазақты мың адамдық саптың ортасынан өткізе дүре соққызып, оларды әскери қызметтен біржола қуып жібергені белгілі болатын. Бірақ ол өлке билеушісі ретінде патшаүкіметінің отаршылдық саясатын жүргізді.

Исатай батыр оған жолданған өтініш-шағымында былай деп жазды: «Біздің өтініштеріміз бен шағымдарымызга ешкім де құлақ аспайды. Біздің мал-мүлкімізді талан-таражға салып, тонап кетеді. Сөйтіп біз императортақсырдың қол астына адал ниетпен берілгендігіміз жөнінде ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешеміз».



1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер ірі байлардың ауылдарына шабуылды күшейтті. Сол жылы күздеқұрамында 200 сарбазы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, құл-талқан етіп кетті. 50 адам, соның ішінде 2 сұлтан тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің елеулі күші бірте-бірте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерілісшілер Жәңгір ханды жақтаушылардың мал-мүлкі мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды.

Көтерілісшілер Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағын да басып өтті. Онда қалмақтар мен қарақалпақтардыңжәне татарлардың ауылдарына шабуыл жасап, талқандап кетті.



Көтерілісшілердің келесі бір шағын жасағы Балшықты қамалы маңында сұлтан Медетқали Шоқаұлының ауылын шауып кетті. Сұлтанның дүние-мүлкі мен малын олжалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет