Қазақстан Республикасының Конституциясы


-1-бап. Заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден шығару



Pdf көрінісі
бет101/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден шығару
Филиал (өкiлдiк): 
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша 
филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы заңды тұлғаның өтiнiшi; 
2) филиал (өкiлдiк) туралы ереже; 
3) филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн бюджетке тіркеу алымы 
төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат негiзiнде есептік тіркеуден 
шығарылуға тиiс. 
Салық қызметі органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің 
мәліметтері негізінде шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) 
жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар 
бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не шетелдік заңды 
тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық 
міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас 
тартады. 
Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шығарылған заңды тұлғаның филиалын 
(өкілдігін) есептік тіркеуден шығару: 
1) филиал (өкілдік) туралы ереже; 
2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарғаны үшін бюджетке тіркеу алымы 
төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат қоса беріле отырып, осындай шешім 
негізінде жүзеге асырылады. 
Заңды 
тұлға 
филиалының 
(өкілдігінің) 
қызметін 
тоқтатудың 
Қазақстан 
Республикасының заңнамалық актiлерінде белгіленген тәртібінің бұзылуы анықталған 
кезде, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) салық берешегі, міндетті 
зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не шетелдік 
заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық 
міндеттемесін орындамаған жағдайда салық қызметі органдары берешегі туралы аталған 
мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) 
есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады. 
Заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару қажетті 
құжаттарымен қоса филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлғаның 
өтініші берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет