Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап .  Жылдық жиынтық табысты түзету



Pdf көрінісі
бет105/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
99-бап

Жылдық жиынтық табысты түзету
1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан: 
1) егер осы тармақтың 1-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тәуекелдiк 
инвестициялаудың 
жабық 
пайлық 
инвестициялық 
қорлары 
мен 
тәуекелдiк 
инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiндердi қоспағанда, 
дивидендтер; 
1-1) мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде: 
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеуші тәуекелдік инвестициялаудың осындай 
акционерлік инвестициялық қорының акцияларына немесе қатысу үлестеріне үш жылдан 
астам иелік етсе; 
технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының тәуекелдік 
инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының жарғылық капиталына 
қатысуы жиырма бес пайыздан астамды құраса, тәуекелдiк инвестициялаудың 
акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiн дивидендтер; 
2) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым 
алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы; 
3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының 
міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы; 
4) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым 
мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен 
төленген кепілдікті және өтемақылық төлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру 
тәртібімен алған ақша сомасы;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына 
сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар; 
6) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына 
сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға 
бағытталған инвестициялық табыстар;
7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес 
инвестициялық қызметтен акционерлiк инвестициялық қорлар алған және акционерлік 
инвестициялық қордың кастодианы ескерген инвестициялық табыстар; 
8) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру 
туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы 
компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар; 
9) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару 
құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда 
алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс; 
10) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры 
мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы


11) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры астық 
қабылдау кәсіпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы; 
12) мақта (астық) қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру 
қоры кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен 
алатын ақша сомасы; 
13) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаны басқару процесінде ислам 
банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына арналған және 
соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің 
сыйақылары қосылмайды;
14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет