Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап .  Салық салуға жатпайтын табыстар



Pdf көрінісі
бет111/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
156-бап

Салық салуға жатпайтын табыстар
1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып 
тасталады: 
1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер
2) жеке тұлғалардың лицензия негізінде банктер мен банк операцияларының 
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін 
сыйақылар;
3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар; 
4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша 
сыйақылар; 
4-1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетін 
табыстар; 
4-2) агенттiк облигацияларды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар; 
5) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының 
аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы 
қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар; 
6) пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп 
сатып алған кездегі пай бойынша табыстар; 
7) бір мезгiлде мынадай: 
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің олар бойынша дивидендтер төленетін 
акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер 
қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері 
құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері 
жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар 
(жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау 
талаптары орындалған кездегі дивидендтер. 
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан: 
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып 
табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың 
бір бөлiгi; 
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде салған мүлкін 
қоспағанда, заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар 
салымдарының 
мөлшерiн 
барабар 
азайту 
жолымен 
не 
құрылтайшылардың, 
қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды 
азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғадағы қатысу үлесiн алып 
қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтер бойынша 
қолданылады. 
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып 
табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлға 
активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады; 
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер 
қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның 
мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды; 
8) әскери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін орындаумен байланысты, құқық 
қорғау органы қызметкерінің (кеден органының қызметкерін қоспағанда) қызметтік 
міндеттерін орындаумен байланысты арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің, 
табыстары; 
8-2) әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп 
жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қызметтік 


міндеттерін басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында 
(кеден органдарын қоспағанда) атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық 
түрлері; 
9) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай ұтыстарды есептеу 
күнi қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша 
ұтыстар; 
10) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы 
заңда 
белгіленген 
және мұндай төлем күні қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінде, қоғамдық 
жұмыстарды орындауға және кәсіптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар 
қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер; 
11) егер осы тармақтың 11-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, гранттар қаражаты 
есебінен төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа); 
11-1) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек 
көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын 
үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер; 
12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар 
салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін төлемдер; 
13) мыналардың: 
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдардың; 
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн 
бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдардың; 
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген 
(қызмет өткерген) және ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз 
әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен 
марапатталмаған адамдардың; 
I, II, III топтардағы мүгедектердiң; 
мүгедек баланың; 
«мүгедек бала» деген санаты бар адам он сегiз жасқа толғанға дейiн - мұндай адамның 
ата-анасының бірiнiң; 
«бала кезiнен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмiр бойына - 
оның ата-анасының бірiнiң республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi 
қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 55 еселенген 
мөлшерi шегiнде бір жылдағы табыстары; 
15) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу 
кезінде құн өсімінен түсетін табыстар. Осы тармақша бір мезгілде мынадай: 
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды 
немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі; 
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе 
қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер 
қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері 
құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері 
жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар 
(жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау 
талаптары орындалған кезде қолданылады. 
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер 
қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның 
мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды; 
16) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор 
биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық 
сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар; 


17) бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбегіне ақы төлеу 
түріндегі төлемдерден басқа); 
18) күнтізбелік жыл ішінде әрбір төлем түрі бойынша республикалық бюджет туралы 
заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең 
төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегінде медициналық қызмет көрсетулерге 
(косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшін, бала туылған кездегі, 
жерлеуге арналған төлемдер. 
Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (косметологиялық қызмет 
көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды 
растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және 
қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады; 
19) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық 
немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары; 
20) шет мемлекеттің мемлекеттік қызметіндегі, сол елдегі табысы салық салуға 
жататын шетелдіктердің ресми табыстары; 
21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан 
Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және соларға теңестірілген 
өкілдіктерінде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен шетелдік 
валютамен төленетін ресми табыстары; 
22) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы 
төлемдері; 
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет 
қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша 
сыйлықақылар (мемлекеттің сыйлықақысы); 
23-1) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау 
салымдары бойынша мемлекет сыйлықақылары; 
24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша 
қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, бiлiктiлiгiн 
арттыруға немесе қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушiнiң мынадай түрдегі 
шығыстары: 
басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдеу кезінде - қызметкерді оқыту, оның 
бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары
басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдемей: 
қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау үшін төлеуге 
нақты жұмсалған шығыстары; 
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде қызметкердің 
тұруына нақты жұмсалған шығыстары; 
қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе 
қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына нақты жұмсалған шығыстары жатады; 
жұмыс берушiнің:
қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан 
немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - қызметкердің оқытудан, бiлiктiлiгiн 
арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық 
бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста 
болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi; 
қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, бiлiктiлiгiн 
арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - қызметкердің оқытудан, 
бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күні үшін 
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 
қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде 
қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы жатады; 


25) осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жұмсалған, 
оқытуға бағытталған шығыстар; 
26) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер; 
27) 
білім 
беру 
ұйымдарында 
оқитындарға 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында мемлекеттік стипендиялар үшін белгіленген мөлшерде төленетін 
стипендиялар; 
27-1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және білім беру 
ұйымдарында білім алушыларға осындай ұйымдар Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлейтін Қазақстан Республикасы 
Президентінің арнайы стипендиялары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 
стипендиялары; 
27-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және білім беру 
ұйымдарында білім алушыларға осындай ұйымдар Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлейтін мемлекеттік атаулы 
стипендиялар; 
27-3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын 
тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарының оқуын және тағылымдамадан өтуін 
ұйымдастырумен байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлеуге арналған төлемдер; 
28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы 
тармақшаның ережелері дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға 
арналған мүлікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 
тәртiппен мұраға қалған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы 
жинақтарына қолданылмайды; 
29) қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны; 
30) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны; 
31) осы Кодекстің 175-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, шарттың 
қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез 
келген түрі кезінде төленетін сақтандыру төлемдері; 
32) жұмыс беруші өз қызметкерлеріне міндетті және (немесе) жинақтаушы 
сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйлықақылары; 
33) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты 
бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері; 
34) 
жинақтаушы 
зейнетақы 
қорларына 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіби зейнетақы жарналары; 
36) сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын резидент жеке тұлғадан алынған, 
сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не 
сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен 
басқарудан түсетін таза табысы; 
37) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген процентсіз кезең ішінде 
төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны 
үнемдеуден түсетін материалдық пайда; 
38) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша 
төлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын 
ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;
39) осы Кодекстің 224-бабының 1-тармағында көрсетілген резидент емес заңды 
тұлғадан алынған, пайдадан немесе оның бір бөлігінен бөлінген, осы Кодекстің 224-
бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығы салынған дивидендтер. 
40) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс; 
41) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы 
тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi 
тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін 


және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс 
жүзінде жүргізген:
осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері;
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметін көрсету 
бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын; 
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін 
резидент емес заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей 
орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын резидент 
шетелдiк тұлға алған материалдық пайда; 
42) осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында айқындалған 
дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай 
шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған 
мамандық бойынша осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында 
айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке 
тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде осы дербес 
білім беру ұйымының шығыстары: 
жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға іс жүзінде 
жүргізілген шығыстар; 
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардың шегінде оқытылатын 
тұлғаның тұруына іс жүзінде жүргізілген шығыстар; 
қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына дейін баруға және оқуды, біліктілігін 
арттыруды немесе қайта даярлауды аяқтағаннан кейін қайтар жолына арналған жолақыға 
іс жүзінде жүргізілген шығыстар; 
дербес білім беру ұйымының мыналардың шегінде: 
оқытылатын адамның Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін 
арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде - қызметкер оқытудан, 
біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін 
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 
қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінде; 
оқытылатын адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, 
біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде - қызметкер 
оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн 
үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 
қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінде 
жеке тұлғаға төлеуге белгілеген ақша сомасы. 
Егер шығыстар осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында 
айқындалған, осындай шығыстарды жүзеге асырған дербес білім беру ұйымының оқыту, 
біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау мақсатында алған өтеусіз көмек есебінен және 
соның шегінде жүзеге асырылса, осы тармақшаның ережелері қолданылады. 
2. Осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстарды 
салық салудан босату мұндай босатуды қолдану үшін негіздер болатын салық кезеңдері 
үшін беріледі. 
Салық төлеуші (салық агенті) табыс төлеу күнінен бұрын түзету қолдану үшін негіз 
туындаған күні растау құжаттарын табыс еткен жағдайда, осы баптың 1-тармағының 12) 
және 13) тармақшаларында көзделген түзетулерді мұндай түзетулерді қолдану үшін негіз 
болатын салық кезеңіндегі табысқа қолдануға құқылы. 
3. Осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстар: 
жеке тұлғаның осы бапта белгіленген шектерде осындай түзетудің мөлшерін көрсете 
отырып, салық салынуға жататын табыстарға түзетулерді қолдануға берген өтінішінің; 
растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң негiзiнде салық салуға жататын табыстардан 
алып тасталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет