5-бап .
Қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi Қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени
құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау, белсендiлiгi мен ынталылығын
дамыту; кәсiби және әуесқойлық мүдделерiн қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және
көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған
табиғи ортаны қорғау; қайырымдылық қызметке қатысу; мәдениет-ағарту, спорт-
сауықтыру жұмыстарын жүргiзу; тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау;
патриоттық, құқықтық және адамгершiлiк тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастық
кеңейту және нығайту; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге
де қызметтi жүзеге асыру мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi.
Экстремистiк мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың
қызметiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген
әскерилендiрілген құралымдарды құруға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендiрiлген құрылымы, түрi, арнаулы
айырым белгiлерi, гимндерi, жалаулары, вымпельдерi, iшкi тәртiп пен басқарудың ерекше
ережелерi, қаруы, соның iшiнде қару iспеттес заттары бар әскерилендiрiлген құрамалар
үлгiсіндегі қоғамдық бiрлестiктер құруға тыйым салынады.
Басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi
партиялардың қызметiне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк
заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
қаржыландыруына жол берiлмейдi.
Азаматтардың денсаулығы мен адамгершiлік негiздерiне қастандық жасайтын
қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ тiркелмеген қоғамдық
бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi.