Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Қоғамдық бiрлестiктi мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу



Pdf көрінісі
бет53/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
13-бап. Қоғамдық бiрлестiктi мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу 
Республикалық, аймақтық қоғамдық бiрлестiктердi, шетелдiк және халықаралық 
коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiн 
(филиалдары мен өкiлдiктерiн) мемлекеттік тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет 
министрлігі жүзеге асырады.
Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердi, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттік тiркеудi 
аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.
Қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттік тiркеу мен қайта тiркеу заңды тұлғаларды 
мемлекеттік тiркеу туралы заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүргiзiледi.
Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу үшiн ол құрылған күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде 
тiркеушi органға өтiнiш берiледi. Өтiнiшке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай 
съезiнiң (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, бiрлестiктi құру бастамашылары 
туралы мәлімет және қоғамдық бірлестіктің тұрған жерін, сондай-ақ заңды тұлғаларды 
мемлекеттік тiркеуден өткiзгенi үшiн алымның төленгенiн растайтын құжаттар қоса 
тiркеледi.
Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу туралы өтiнiш беру үшiн белгiленiп, дәлелдi себептермен 
өткiзiп алынған мерзiмдi тiркеудi жүзеге асыратын орган қалпына келтiредi.
Заңдарда көзделген реттерде қоғамдық бiрлестiк қайта тiркелуге тиiс.
Қоғамдық бiрлестiктердi тiркеу және қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының 
Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеуден 
өткiзгенi үшiн алым алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет