Қазақстан Республикасының Конституциясы


-ТАРАУ. ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI



Pdf көрінісі
бет57/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
3-ТАРАУ. ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI.
ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТIҢ МЕНШIГI
19-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi 
Қоғамдық бiрлестiктер жарғыда және Қазақстан Республикасының заңдарында 
берiлген өкiлеттiк шегiнде жұмыс iстейтiн басшы органдары арқылы құқықтарға ие 
болып, өздерiне мiндеттер алады.
Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
- өз қызметi туралы ақпарат таратуға;
- соттар мен басқада мемлекеттік органдарда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде өз 
мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға;
- бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
- жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге;
- баспа қызметiн жүзеге асыруға;


- халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктерге кiруге;
- Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де өкiлеттiктi жүзеге 
асыруға құқылы.
Қоғамдық бiрлестiк:
- Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды 
сақтауға;
- өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен және 
шешiмдермен олардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
- ақша қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуы туралы өз мүшелерiн хабардар етуге;
- тұрақты жұмыс iстейтiн басшы орган орналасқан жердiң және Бизнес-сәйкестендіру 
нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде басшылар туралы 
деректердiң өзгергенi туралы тiркеушi органға хабарлап отыруға мiндеттi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет