Қазақстан Республикасының Конституциясы


Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет71/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
Қазақстан Республикасының 
Президенті 
Н. Назарбаев
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Н. Назарбаев 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ЗАҢЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС ТУРАЛЫ
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес 
ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруы процесінде 
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені; 
1-1) әлеуметтік жоба - әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге 
бағытталған, бір және одан да көп жылдар ішінде іске асырылатын 
ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы; 
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге 
асыруға шарт жасасу арқылы бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілген 
республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге 
бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асырудың 
нысаны; 
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға арналған конкурс (бұдан әрі - конкурс) 
- тапсырыс берушінің үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын, көрсетілген 
қызметтерін сатып алуға бағытталған және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 
ықтимал өнім берушілері арасында ашық әрі адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін 
ықтимал өнім берушіні анықтау әдісі
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт - тапсырыс 
беруші мен өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен жасалған шарт; 
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі - өнім беруші) - 
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша 
әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес 
ұйым; 
6) 
тапсырыс 
беруші 

республикалық 
және 
жергілікті 
бюджеттік 
бағдарламалардың әкімшілері; 
7) үкіметтік емес ұйым - ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) 
мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік 
одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда); 
8) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi 
кеңестер - құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың 
өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-
қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін 
құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар; 
9) ықтимал өнім беруші - конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйым;
10) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі - мемлекеттік 
әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау; 
11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - 
уәкілетті орган) - мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 
саласындағы қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган; 
12) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - 
мемлекеттік орган) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске 


асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық 
атқарушы және жергілікті атқарушы орган; 
13) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімі - мемлекеттік 
әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік 
бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысқан үкіметтік емес 
ұйымдардың тізбесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет