Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет82/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

 
51-бап
. Еңбек шартын тоқтату негіздері 
Мыналар: 
1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу
2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы; 
3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 
4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 
5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар; 
6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы; 
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда
қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын 
жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы; 
8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы; 
9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында 
көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады. 
52-бап
. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу 
1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. 
2. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға тілек білдіруші еңбек 
шартының бір тарапы екінші тарапына хабарлама жібереді. Хабарлама алған тарап үш 
жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда 
хабарлауға міндетті. 
3. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні қызметкер мен жұмыс 
берушінің арасындағы келісу бойынша айқындалады. 
4. Еңбек шартында қызметкермен келісім бойынша, жұмыс берушінің қызметкерге бір 
жылғы орташа жалақысынан кем емес мөлшерде өтемақы төлей отырып, осы баптың 2-
тармағында белгіленген талаптарды сақтамай-ақ еңбек шартын бұзу құқығы көзделеді. 
53-бап
. Мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек шартын тоқтату 
1. Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты, мерзімінің аяқталуына байланысты 
тоқтатылады. 
2. Еңбек шартында келісілген мерзімге сәйкес, қызметкердің соңғы жұмыс күні белгілі 
бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады. 


3. Жұмыстың аяқталған күні белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына жасалған 
еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады. 
4. Жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердің жұмысқа шыққан күнінің 
алдындағы жұмыс күні уақытша болмаған қызметкердің орнын ауыстыру уақытына 
жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады. 
5. Егер еңбек шартының мерзімі аяқталғанда еңбек қатынастары іс жүзінде жалғасып, 
тараптардың ешқайсысы оның тоқтатылуын талап етпесе, шарттың қолданылуы 
белгіленбеген мерзімге ұзартылды деп есептеледі. 
54-бап
. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздері 
1. Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша: 
1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі 
тоқтатылған; 
2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған; 
3) біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе 
орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 
4) өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі 
салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес 
келмеген; 
5) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған; 
6) қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан 
да көп сағат бойы жұмыста болмаған
7) қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық 
масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде 
алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын 
заттарды пайдаланған; 
7-1) тиісті актімен расталған, алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық күйге 
түсіретін заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден 
бас тартқан; 
8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп 
соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру 
қауіпсіздігі ережелерін бұзған; 
9) қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ ұрлық), 
оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен немесе 
қаулысымен анықталған; 
10) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі 
әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс 
берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса; 
11) тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен 
сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған; 
12) қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік 
құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария 
еткен; 
13) егер тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап 
орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған; 
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қызметкердің 
мемлекеттік құпияларға жіберілу рұқсаты тоқтатылған; 
15) еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде түпнұсқа құжаттар 
немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға 
негіз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе 
мәліметтер ұсынған; 


16) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс 
беруші бөлімшесі басшысының еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс берушіге материалдық 
залал келтіруге әкеп соққан; 
17) қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер 
ауру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің анағұрлым 
ұзақ мерзімі белгіленген аурулар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет