Қазақстан Республикасының Конституциясы


-1-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет89/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
 
6-1-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік 
тіркеудің хабарлама тәртібі
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін 
құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігі белгілеген нысан бойынша электрондық құжат нысанында толтыру арқылы 
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді және оны 
«электрондық үкіметтің» веб-порталында толтырады. 
Тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге 
асырылады немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға 
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын 
түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі. 
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары 
мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды. 
Шетелдік қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды 
мемлекеттік 
тіркеу 
шағын 
кәсіпкерлік 
субъектілеріне 
жататын 
Қазақстан 
Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер 
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, 
қосымша: 


құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды 
тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс 
тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе 
басқа да заңдастырылған құжат; 
нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік 
құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да 
құжат ұсынылуға тиіс. 
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті 
жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып 
табылады. 
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті 
жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс 
күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет