БАЯНДАМА Тақырыбы: Ұлттық ұлан штабтарының классификациясы
Орындаған: тыңдаушы капитан Ахметов М.Н.
Петропавл қ. 2023 жыл 1-слайд: Штаб-бірлестіктің негізгі басқару органы болып табылады
Орындалатын міндеттер ауқымына байланысты штаб бөлінеді:
1.жедел-стратегиялық
2.жедел-аумақтық
3.тактикалық
2-слайд. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы - жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған.
Ұлттық ұланның штаб құрамы келесідей ұйымдарға жіктеледі:
1) Ұлттық ұланның әскери басқару органдарынан;
2) жедел мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлімдерден;
3) маңызды мемлекеттік объектілерді және арнайы жүктерді күзету жөніндегі арнайы әскери бөлімдерден;
4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзету және айдауылмен алып жүру жөніндегі құрамалар мен әскери бөлімдерден;
5) арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлімдерден;
6) Ұлттық ұланның әскери полиция органдарынан;
7) Ұлттық ұланның жоғары әскери оқу орнынан;
8) Ұлттық ұланның қызметін қамтамасыз ететін әскери бөлімдерден (оқу-жаттығу, байланыс, тылдық, медициналық, техникалық қамтамасыз ету және басқалар);
9) авиациялық бөлімдерден;
10) арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерден (бөлімшелерден) тұрады.
3-слайд: Ұлттық ұланның Комитет құқығындағы Бас қолбасшылығы Ұлттық ұланды әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы басқарады.
Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілі бір аумақта өз қызметін жүзеге асыратын әскери басқарудың жедел-аумақтық органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына тікелей бағынатын құрамалар мен әскери бөлімдерді қоспағанда, құрамалар мен әскери бөлімдер Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының құрамына кіреді.