ектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізі басым бағыттары айқындалған.
Әдістемелік нұсқау хатта 2021-2022 оқу жылындағы негізгі міндеттер белгіленген, ол мынадай бағыттарды қамтиды:
- әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құруды; - балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін)тәрбиелеу, оқыту және дамытуды; - баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану; - ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруды; - мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы); - әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесінегізгі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:
ойын арқылы оқыту;
білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту.
Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру үшін өте маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатына сәйкес келесі күтілетін нәтижелерге жету ұсынылды:
мектепке дейінгі ұйым деңгейінде:
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға;
вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, оқытудың әртүрлі әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалануға;
баланың даралығы мен субьективтілігін қолдауға бағытталған трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті дамытушы орта құруға;
ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға;
отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге;
ерте жастағы балалар үшін жағдай жасауға;
балаларға:
физикалық аман-саулықты;
әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті;
когнитивтік және қарым-қатынас дағдыларын дамытуды;
таным мен зерттеуге деген жоғары ішкі мотивацияны дамытуды;
бастамашылықты, дербестікті және жауапкершілікті дамытуды;
өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсетуді;
өз бетінше саналы таңдау жасай білуді;
командада жұмыс істей білуді;
сын тұрғысынан ойлауды дамытуды;
креативтілікті қолдауды;
психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуге;
3) ата-аналарға:
білім беру процесінің қатысушылары болуға;
баланың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге;
баланың жеке мүмкіндіктерін дамытуға;
көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға;
үйде баланың толық дамуы үшін жағдай жасауда консультациялық көмек алуға мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқау-хат қосымшасы өтпелі тақырыптар үлгісін, перспективалық жоспар үлгісін, циклограмма, жас ерекшелігі бойынша күн тәртібінің үлгісін қамтиды.
Әдістемелік нұсқау-хат жыл бойы www.rc-dd.kz сайтында қолжетімді болады.