Қазақстан Республикасының Министерство Білім және ғылым образования и науки


– тақырып жүктерді тасымалдаудың ережелері



бет2/3
Дата19.02.2017
өлшемі461 Kb.
#10522
1   2   3

3 – тақырып жүктерді тасымалдаудың ережелері

Жүктің автомобиль тасымалы шарттарын жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі


Тасымалдаушылар жасалған шарттардың негізінде жүктерді тасымалдауды жүзеге асырады және тасымалдауға қатысты қосымша қызметтерді орындайды. 

Жүкті автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтуші сеніп тапсырған жүкті, оны тасымалдау шарттарын сақтай отырып, межелі пунктіне жеткізуге және оны жүкті алуға уәкілетті тұлғаға (жүк алушыға) беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүкті тасымалдағаны үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Жүкті тасымалдау шарты 1-қосымшаға сәйкес тауар-көлік жүкқұжатын жасау арқылы ресімделеді.

      Жүкті автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған шарт тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне , "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жасалады.

      Жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау шартты тараптарының бірі екінші тарапқа шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныспен, осындай өтініш үшін негіз болатын себептерді көрсету арқылы хабарласуы мүмкін. Шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныс алған адресат келіп түскен ұсынысты онкүндік мерзімде қарауы және ұсыныстың қабылданғаны туралы, не оның қабылданбағаны туралы хабарлама жіберуі тиіс. 
      Тараптар шарттың талаптарын өзгерту туралы немесе оны бұзу туралы келісімге қол жеткізген кезде, шартты өзгерту немесе бұзу туралы келісім де шарттың нысанында жасалады.

  Жүктерді тасымалдауға қабылдау тәртібі



      Жүктерді жүк жөнелтушіден қабылдауды тасымалдаушы тауар-көлік жүкқұжаты мен жүкке ілеспе құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Жүк жөнелтуші автомобиль тиелуге келгенге дейін жүкті тасымалдауға дайындауы (ыдысқа салу, буып-түю, жүк жөнелтушілер бойынша топтау), тауар-көлік жүкқұжаты мен ілеспе құжаттарды, ал қажет жағдайда, жүктер тиелетін орынға өту құқығына арналған рұқсат қағазын дайындауы тиіс.

      Жүкті жүк жөнелтуші буылып-түйілген, ыдысқа салынған, пломбаланған, таңбаланған түрде, санын, тура салмағын (көлемін) көрсетіп тапсырады.

      Тасымалдауға тапсырылатын жүктің орамасында бүтіндігін бұзушылықтар немесе жүктің зақымдалған іздері (аққан, жыртылған, майысқан жерлер және тағы басқа) болмауы тиіс.

      Ыдысты қажет ететін жүктер, оларды тасымалдау кезінде жоғалудан, жетіспеуден, бұзылудан және зақымдалудан сақтау үшін тасымалдауға мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келетін, олардың толық сақталуын қамтамасыз ететін жарамды ыдыспен ұсынылуы тиіс. 
     

  Жүктерді пломбалау тәртібі



      Бір жүк алушыға баратын тиелген жабық жүк автомобильдерін, тіркемелерді, автокөлік құралдарының жеке секцияларын, контейнерлерді және цистерналарды жүк жөнелтуші пломбалауы тиіс, ал жәшіктердегі, қораптардағы және басқа ыдыстағы майда даралы тауарларды пломбаланбаған автокөлік құралымен немесе контейнерлермен тасымалдау кезінде пломбалануы немесе бандерольденуі тиіс.

      Жүкті пломбалау кезінде тауар-көлік жүкқұжатында пломбаның бар екенін көрсетіп белгі жасалады.

      Бірнеше мекен-жай бойынша тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз ету үшін фургон-шанақтың ішіне тасымалдаушы шанақты жеке пломбаланатын секцияларға бөлуге мүмкіндік беретін қоршаулар орнатуы мүмкін.

            Пломбалар

      1) фургондарда немесе автокөлік құралдың секцияларында - барлық есіктерге бір пломбадан; 

  2) контейнерлерде - есіктерге бір пломбадан; 

     3) цистерналарда - люктің қақпағы мен құйып алу саңылауына бір пломбадан; 
      4) жүк орнында - бірден төрт пломбаға дейін жиектеу жолақтарының немесе басқа байлау материалдарының түйіскен нүктелеріне ілінеді.


      Жүктерді тиеу және түсіру.

Жүктерді тиеу және түсіру пункттеріне қойылатын талаптар



      Егер шартта өзгеше көрсетілмесе, жүктерді автокөлік құралына тиеуді, жүктерді бекітуді, жабуды және байлауды - жүк жөнелтуші, ал жүктерді түсіруді, бекіткіштер мен жапқыштарды алуды жүк алушы жүргізуі тиіс.

      Жүк жөнелтуші мен жүк алушы тиісінше автокөлік құралының ернеулерін және цистерналардың люктерін ашу мен жабуды, цистерналардың люктеріне шлангаларды салу мен алуды, шлангаларды бұрау мен ағытуды жүргізеді.

      Жүк жөнелтушінің (жүк алушының) бақылау-өткізу пункттерінде брезентті алып жүкті тексеру және тексеруден кейін жүктерді жабу, цистерналардың люктерін ашу және жабу және тағы басқа жүргізілген жағдайларда, көрсетілген операциялар жүк жөнелтушінің (жүк алушының) күшімен орындалады.

  Тасымал құжаттарын ресімдеу



      Жүктерді тасымалдау тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделуі тиіс, ал үйіп (бос) тасымалданатын жүктердің кейбір түрлерін тасымалдаған жағдайларда, өлшеу актісімен немесе таразыға тарту актісімен ресімделуі мүмкін. 
      Автокөлік құралдарды уақыттық тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу бір жұмыс күні (ауысым) ішіндегі сағаттық есеппен жасалады) автокөлік құралдың жүрісін және жүк жөнелтушінің (жүк алушының) қарамағында болған уақытын, жүргізушінің түскі үзіліс уақытын шегеріп жолдама парақта N 4-п нысаны бойынша жазумен ресімделеді (5-қосымша). 
      Автокөлік құралдарды, олардың жұмысын кесімді тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу тасымалданған тонналар үшін жасалады) жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жолдама параққа N 4-с нысан бойынша жазуымен ресімделеді (6-қосымша). 
      Кесімді және уақыттық тарифтер бойынша жолдама парақтарды ресімдеу тәртібі осы Ереженің 86-88-тармақтарында келтірілген.


      Жүк жөнелтуші тасымалдаушыға тасымалдауға берілген жүкке төрт данада жасалған тауар-көлік жүкқұжатын ұсынады, ол негізгі тасымал құжаты болып табылады және ол бойынша жүк жөнелтуші осы жүкті есептен шығарады және жүк алушы оны іске жаратады.

      Тауар-көлік жүкқұжатын толтыру осы Ереженің 80-84-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдауға арналған тауар-көлік жүкқұжатын жүк жөнелтуші әрбір жүк алушының атына, мынадай деректемелерді: жүк алушының атауын, жүктің атауын, тасымалданатын жүктің санын, салмағын, салмақты анықтау тәсілін (таразыға тарту, трафарет, стандарт, өлшеу бойынша), орама түрін, тиеу және түсіру тәсілін, автокөлік құралдың тиелуге берілген уақыты мен тиеліп біткен уақытын, тұрып қалған уақытын толтыру арқылы жасайды. 
  Жүктерді басқа мекен-жайға жіберу

      Жүк жөнелтуші жүкті, оны жүк алушыға беретін сәтке дейін басқа мекен-жайға жіберуі мүмкін. Жүк алушы жүкті тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша қабылдаудан бас тартқан жағдайларда, жүк жөнелтуші оны басқа жүк алушыға жіберуі мүмкін.

      Жүк жөнелтушінің тасымалдаушыға жүкті басқа мекен-жайға жіберу туралы ұйғарымында мынадай деректер болуы тиіс: 
      1) бірінші тапсырыстың және тауар-көлік жүкқұжатының нөмірлері; 


     2) бастапқы бару мекен-жайы; 

     3) бастапқы жүк алушының атауы; 

     4) жаңа бару мекен-жайы; 

     5) жаңа жүк алушының атауы; 

     6) басқа мекен-жайға жіберу себептері. 

      Жүк жөнелтушінің басқа мекен-жайға жіберу туралы ұйғарымы жазбаша түрде ресімделуі тиіс және факсимильдік байланыспен берілуі мүмкін, егер шартта өзгеше көзделмесе.

      Жүк жөнелтушінің жүктерді басқа мекен-жайға жіберу туралы ұйғарымы бір тауар-көлік жүкқұжаты бойынша бара жатқан барлық жүк жөнелтіміне ғана қолданылады.

      Егер жүк жөнелтушінің жүктерді басқа мекен-жайға жіберу туралы ұйғарымын орындау мүмкін болмаса, тасымалдаушы бұл туралы жүк жөнелтушіні хабардар етеді. Бұл жағдайда тасымалдаушы жүкті жүк жөнелтушіге қайтарады. Жүкті басқа мекен-жайға жіберуге байланысты барлық қосымша шығыстарды жүк жөнелтуші көтереді. 
      Тасымалдаушы жүк жөнелтушінің басқа мекен-жайға жіберу туралы тасымалдау ақысын ұлғайтатын ұйғарымын орындауға қабылдаған кезде, жүк жөнелтуші қосымша алып жү
ру ақысын енгізеді және тасымалдаушының басқа мекен-жайға жіберуге байланысты барлық шығыстарын өтейді.

      4 - тақырып. Таралық-даналық жүктерді тасымалдау.

Жүктердің тасымалдауға жарамдылығы көбіне олардың буып-түйілуіне – қаптамасына байланысты. Қаптама дегеніміз – бұл тасымалдау ыдыстарының, сондай-ақ қосалқы буып-түю құралдарының жиынтығы.

Тиеу-түсіру жұмыстарының барысында өнімге, оның тасымалдануы мен сақталуына сыртқы факторлардың мынадай негізгі үш тобы – механикалық, климаттық және экологиялық факторлар әсер етеді. Жүктердің қаптамасы осы факторлардың әсерін ескере отырып таңдалуы тиіс. Қаптама өзінің негізгі қызметімен қатар, тиеу-түсіру, қойма жұмыстарының орындалу ыңғайлылығын, жүкті көп қабатқа қатарлап жинау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
5 - тақырып. Үйіліп төгілетін жүктерді тасымалдау.

Үйілген жүктер мынадай үлкен екі топқа бөлінеді:



  • ашық орында сақталатын – бұларға жауын-шашын (жаңбыр,жел және т.с.с.) зиян келтірмейді;

  • жабық орында сақталатын – бұлар жауын-шашыннан қорғауды қажет етеді.

Көмір, темір кені, құрылыс материалдары және т.с.с. ашық орында сақталатын кең таралған жүктер болып табылады.

Астық, минералды тыңайтқыштар және т.с.с. жабық орында сақталатын кең таралған жүктер деп есептеледі.

Үйілген жүктер мынадай қасиеттеріне қарай сипатталады:


  • кесектілігі немесе жүктердің гранулометриялық құрамы, мысалы, ірі кесекті (160 мм-ден астам), орташа кесекті (60-160 мм), ұсақ кесекті (10-60 мм), ұсақ түйіршікті (0,5-2 мм), ұнтақ тәрізді (0,05-0,5 мм) және тозаң тәрізді (0,05 мм-ден кем), оны жүктің арнайы таңдалған үлгісін електен өткізу әдісімен анықтайды;

  • көлемдік массасы немесе тығыздығы табиғи күйдегі үйілген жүктің көлем бірлігінің массасын сипаттайды, кг/м3:

,

мұндағы: m -жүктің массасы, кг;

v –жүктің (үйіндінің)жалпы көлемі,м3 ;

табиғи еңістік бұрышы – p, градус;



  • нығыздалғыштығы, яғни кейбір үйілген жүктердің ұзақ сақтаудан сусымалылығы мен бөлшектерінің өзара қозғалғыштығынан айрылу қасиеті. Тасымалдау және сақтау барысында жүк нығыздалып қалуы мүмкін, бұл тиеу-түсіру машиналарының жұмысына әсер етеді. Цемент, әк (известь), саз, сода, мырыш тотығы, ұнтақ кремний тотығы, әр түрлі минералдық тыңайтқыштар және т.с.с. нығыздалатын жүктерге жатады. Жүктердің ас тұзы, құмшекер секілді кейбір түрлері аса ылғалдылықтан ғана нығыздалады. Үйілген жүк қабатының биіктеуіне қарай оның нығыздалғыштығы да артады. Қысымның көптігінен үйілген жүктің төменгі қабаты нығыздалғыш келеді;

Үйіп тасымалданатын жүктерді тасымалдау

      Үйіп тасымалданатын жүктерді тасымалдау үшін тасымалдаушылар өзіаударғыш шанақтары бар автокөлік құралдарын бөлуі тиіс.

      Тасымалдаушылар тасымалдау шарты бойынша өзіаударғыш шанақтарды жылыту жүйесімен жабдықтауды, бұл жұмыстарды жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының есебінен төлеу арқылы өздеріне алуы мүмкін.

      Үйіп тасымалданатын жүктерді тиеу үшін жүк жөнелтуші ожауының көлемі автокөлік құралының шанағы көлемінің 1/3 аспайтын тиегіш тетіктерді бөледі.

      Үйіп тасымалданатын жүктерді тиеу кезінде тиегіш тетіктің ожауы автокөлік құралы шанағының түбінен 0,5 м аспайтын қашықтықта болуы тиіс.

     

6 - тақырып. Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау.


Тез бұзылатын жүктерге тасымалдау және сақтау барысында жоғары немесе төмен темпереатура және ауа ылғалдылығы әсерінен қорғауды қажет ететін өнімдер жатады. Коммерциялық қатынаста тауардың тауарлық күйінің және тұтынушылық қасиеттерінің сақталуына үлкен мән беріледі. Тіпті ең сапалы тауарлардың өзі де коммерциялық үлестіру үрдісінің кез келген кезеңінде қайтымсыз бүлінуі мүмкін. Тез бұзылатын жүктер арнайы тоңазытқыш көлікпен тасымалдануы керек. Тоңазытқыш көліктің негізі мақсаты тез бұзылатын жүктерге кері әсер ететін физико-химиялық және бактериологиялық әсерлерден қорғау.

Тасымалдау және сақтау үрдістері барысында жүктің сапасына келесі факторлар әсер етеді:



  • Өнімнің жай-күйі, сапасы, тасымалдауға және сақтауға дайындығы, көліктік ыдыстары және жүктің пакеттеп оралуы;

  • Өнім тасымалданатын немесе сақталатын орынның температурасы, ылғалдығы, ауа айналымы және вентиляциясы және көлік құралдарының жүк тасымалдау орындары және камераларының ауасының тазалығы және санитарлық күйі;

  • Көлік құралында өнімдерді орналастыру әдістері және тасымалдау уақыты.

Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау азық-түліктерді тасымалдаудағы қажеттілікті қамтамассыз ететін техникалық құралдарды тиімді падалануды есепке ала отырып құрастырылатын жоспар бойынша орындалады. Тасымаладаулар келесі номенклатура бойынша жаспарланады:

  1. Ет, сүт және сүт өнімдері

  2. Балық

  3. Картофель, көкөністер және жеміс-жидектер

Тез бұзылатын жүктерді тасымалдауда тиеу аймағының және тасымал бағытының климатық жағдайларын да ескеру қажет. Негізі төрт күнтізбелі мезгіл бар: жас, қыс және екі өтпелі кезеңдер (күз, көктем). Сол мезгілдерге байланысты тасымалдау әдісі, қозғалмалы құрамның жабдықталуы, тасымалдау уақыты және т.б. анықталады.

Тасымалданатын жүк түріне байланысты қозғалмалы құрам әмбебап және арнаулы болып бөлінеді.



Әмбебап қозғалмалы құрамдар жаппай тез бұзылатын жүктерді (ет, көкөністер мен жеміс-жидектер, сүт өнімдері және т.б.) тасымалдауда пайдаланылады.

Арнаулы изотермалық қозғалмалы құрамдар тек қана белгеілі бір жүктерді тасымалдауға арналған: жүзімнен жасалған шараптар, шарап шикізаттары, тірі балық және т.б.

Изотермалық қозғалмалы құрамдар, сонымен қоса, жүк бөлімшелерінің салқындату және жылыту әдістері бойынша ажыратылады.



  • Рефрижераторлары бу-компрессорлы тоңазытқыш қондырғылары көмегімен салқындатылады

  • Мұздатқыштарында мұзға немесе мұз бен тұз қоспасына арналған ыдыстары бар болуына байланысты

  • Термостары суыту қондырғыларының көмегінсіз жылудан оқшаулауды қамтамассыз етеді.

Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау теміржол, су (өзен және мұхиттық), автомобиль және аз мөлшерде әуе көлігімен іске асырылады.
7 - тақырып. Контейнерлермен және пакеттермен жүктерді тасымалдау

Контейнерлер және олардың классификациясы.

Жүк контейнері бойынша Комитеттің ISO анықтамасы бойынша жүк контейнері көліктік жабдық болып табылады. Ол мыналарды игереді:1)көп қолдануға жететін техникалық сипаты мен мықтылығы;2)контейнерден уақытаралық шығарымсыз бір немесе бірнеше көлік түрімен жүктердін тасымалын қамтамасыз ететін арнайы құрылым;3)көліктің бір түрінен екінші түріне тез тиеу, түсіру және артық тиелуін қамтамасыз ететін құрылым;4)ішкі көлемі 1 м3 және одан артық;5)бекіту үшін контейнер бұрыштық фитингімен қуатталады, ал сыртқы төменгі бұрыштардың ауданы 14 м2 немесе үстінгі фитингілер болса онда 7 м2. Жүк контейнерлері алуан түрлі болып келеді, олардың бәрі ISO сұранысына байланысты жасалады. Контейнерлерді тиеу жүккөтергіштікті пайдалану коэффициентімен kа және жүк сыйымдылығын пайдалану коэффициенті kv бойынша сипатталады..Жүккөтергіштікті пайдалану коэффициенті контейнердің нақты салмағының qф, т оның номиналды жүккөтергіштігіне қатынасы бойынша анықталады qH, т:kа= qФ /qН. Жүксыйымдылығын пайдалану коэффициенті жүктің нақты алатын көлемінің VT, м3 VK, м3контейнерге қатынасы бойынша анықталады:kV= VT /VK. Ыдыстық коэффициент деп бос контейнердің массасының тК, т оның номиналды жүккөтергіштігіне qH, т қатынасы бойынша анықталады:kT= тК /qН. Әмбебап орта тонналы контейнерлердің штабельдеуінің мүмкін биіктігі – үш ярус, ал жоғары тонналы контейнерлердің – алты ярус. Сәйкесінше олардың қызмет ету мерзімі 20 және 10 жыл.



Контейнерлердің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Жүк контейнері бойынша Комитеттің ISO анықтамасы бойынша жүк контейнері көліктік жабдық болып табылады. Ол мыналарды игереді:1)көп қолдануға жететін техникалық сипаты мен мықтылығы;2)контейнерден уақытаралық шығарымсыз бір немесе бірнеше көлік түрімен жүктердін тасымалын қамтамасыз ететін арнайы құрылым;3)көліктің бір түрінен екінші түріне тез тиеу, түсіру және артық тиелуін қамтамасыз ететін құрылым;4)ішкі көлемі 1 м3 және одан артық;5)бекіту үшін контейнер бұрыштық фитингімен қуатталады, ал сыртқы төменгі бұрыштардың ауданы 14 м2 немесе үстінгі фитингілер болса онда 7 м2. Жүк контейнерлері алуан түрлі болып келеді, олардың бәрі ISO сұранысына байланысты жасалады.Контейнерлердің жіктелуі - Белгіленуі бойынша: жалпы (әмбебап) – бір ыдыста жүктерді немесе ұсақ ыдыста себілетін материалдарды сақтау және тасымалдау үшін арналған; Арнайы – жүктердің әртүрлі түрлерін тасымалдауға арналған (тезбұзылатын, сұйық, себілетін, газтәрізді және т.б.) Айналым ортасы бойынша: халықаралық; магистралдық: кең айналымдағы – аудандары шектеусіз екі не одан көп түрлі көліктің қолданысқа берілуі; шектелген айналым – көліктің тек бір түрінде ғана қолданысқа беріледі немесе белгіленген бағыттарда аралас хабарлауда; зауыт іші (технологиялық). Құрылымы бойынша: қатты (бөлектенбейтін, жинақтаулы, жиналатын-шашылатын); жұмсақ (эластикалық); аралас (жұмсақ, құрылымында қатты элементтері бар). Дайындалу материалы бойынша: бүтін металды (болаттан, алюминий қорытпаларынан); аралас (көміртек және легірленген болаттардан, алюминий қорытпаларынан және пластик жабылған көпқабатты кілейленген фанерадан, ағаш-металды); пластмассалы. Брутто массасы бойынша және көтергіш құрылғыларының құрылымы бойынша: аз тонналы (2,5 т аз); орташа тонналы (2,5 т 10 т дейін); ірі тонналы (10 т жоғары).
Жүктерді контейнерлер мен тегендерде тасымалдау

  Жалпы ережелер



      Жүктердің ұсақ топтарын ыдыссыз, бастапқы орамасымен немесе жеңілдетілген ыдыспен тасымалдау әмбебап контейнерлермен жүзеге асырылады. Ерекше тасымалдау шарттарын қажет ететін жүктердің жеке түрлерін тасымалдау жағдайында, тасымалдау мамандандырылған контейнерлермен немесе тегендермен жүзеге асырылады. Әмбебап контейнерлермен халық тұтынатын азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары, өнеркәсіптік және басқа ұйымдардың материалдық-техникалық бұйымдары, сондай-ақ азаматтардың үй мүліктері тасымалданады. 
      Тегендермен пакеттелген түрде ыдысты-майда даралы жүктер тасымалданады.


      Жүктердің автомобиль тасымалдары үшін қолданылатын әмбебап және мамандандырылған контейнерлер мен тегендер мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуі және олардың кімге тиістілігіне қарамастан мынадай таңбаламасы болуы тиіс: 

1) Қазақстан Республикасы; 

      2) контейнер тиесілі тұлғаның шартты (қысқартылған) атауы; 
      3) контейнердің нөмірі; 


      4) ыдыстың массасы, нетто массасы мен брутто массасы, кг; 

      5) ішкі көлемі, м 

6) жасалған орны, айы және жылы; 

      7) соңғы күрделі жөндеуден өткен орны, айы және жылы.

      Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған әмбебап контейнерлердің негізгі үлгілері, брутто массасы 2,5 (3) тонна (бұдан әрі - т), 5 т, 10 т, 20 т және одан артық контейнерлер болып табылады.

  Пакеттелген жүктерді тасымалдау ерекшеліктері



      Өздерінің өлшемдері мен қасиеттері бойынша пакеттеліп жасалуы мүмкін, жүктерді жүк жөнелтуші тасымалдауға, әдетте, пакеттелген түрде ұсынады.

      Пакет мағынасында ыдыстағы (жәшіктердегі, қаптардағы, кеспектердегі және басқалар) жеке орындардан құралған, бір-бірімен бір рет пайдаланылатын әмбебап немесе арнайы немесе көп айналымдық пакеттегіш құралдардың көмегімен байланыстырылатын тегендердегі немесе оларсыз, тасымалдау және сақтау барысында: 

    1) механикаландырылған тиеу (түсіру) мүмкіндігін; 

   2) пакеттердің бүтіндігін; 

   3) автокөлік құралдардың жүк көтергіштігін (сыйымдылығын) барынша пайдалануды қамтамасыз ететін ірілендірілген жүк орны түсініледі.

      Пакеттегі жүктерді бекіту құралдарында жүк жөнелтушінің бақылау белгілері болуы және бекіткіштер мен бақылау белгілерін бұзбай пакеттерден жеке жүк орындарын алу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. 
      Бақылау белгілері болып жүк жөнелтушінің атауы бар пломбалар, құлыпқа бекітілген бақылау таспасы, отырғызу пленкасы табылады. 
      Аталған талаптар дұрыс сақтамай құралған пакеттермен жүктерді тасымалдауға беруге рұқсат етілмейді.


      Жүктерді пакеттеуді тасымалдаушы, оларды тасымалдауға бергенге дейін жүзеге асыруы тиіс. 

      Жүк жөнелтуші пакетте пакеттегі жүк орындарының санын, сондай-ақ пакеттің брутто және нетто салмағын көрсетеді.

      Жүк жөнелтуші пакеттерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес құрастырады. 

  Әрбір пакетке бірдей орамадағы немесе орамасыз, бір жүк алушының мекен-жайына баратын біртекті жүкті ғана салуға рұқсат беріледі.

      Тегендердегі пакеттермен ыдысты және майда даралы жүктер тасымалданады. Жайпақ тегендерде стандартты ыдыстағы және орамадағы (жәшіктердегі, қораптардағы, қаптардағы және т.б.); тағанды тегендерде - беріктігі жеткілікті емес ыдыстағы майда даралы, тіреу беттері тегіс емес осал жүктер; жәшікті тегендерде орамасыз жүктер, машина жасау, парфюмерия, резеңке техникалық өнеркәсіптің ұсақ өнімдері тасымалданады. 
     Кейбір жүктер (түсті металдардың құймалары, шиналар, бумалар және басқалар) тегендерді қолданбай пакеттелуі мүмкін.


      Көп айналымдық пакеттегіш құралдарды қауіпті жүктер мен өзіне тән иісі бар жүктерді пакеттеу үшін пайдалануға рұқсат етілмейді. Мұндай жүктерге ерекше жағдайларда пайдаланылған пакеттегіш құралдарды тасымалдаушы жүк алушыдан - олар тазартылғаннан кейін, ал қажет жағдайларда жуып және дезинфекцияланғаннан кейін қабылдайды. 
      Жайпақ тегендердегі жәшіктерді бекіткіштердің схемалары Ережеге 11-қосымшада келтірілген.


      Жүктерді тегендерге шегелермен, қапсырмалармен немесе басқа жүкті немесе тегенді зақымдауы мүмкін осыларға ұқсас құралдармен бекітуге рұқсат етілмейді.

      Пакет құрастыру кезінде жүк жөнелтуші мынадай талаптарды сақтауы тиіс: 
      1) пакеттің салмағы тегендіктің көрсетілген жүк көтергіштігінен аспауы тиіс; 
      2) жайпақ тегеннің жан-жағынан пакеттің жиынтық асылмасы 40 мм аспауы тиіс.


      Жүк жөнелтушілерге (жүк алушыларға) тиесілі тегендер жүктерді тасымалдаудан кейін, егер шарттардың талаптары бойынша өзгеше көзделмесе, өздерінің иелеріне қайтарылуы тиіс. 
      Бос тегендерді тасымалдау құны уағдаласу тарифтері бойынша алынады.


      Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған жылдық шартта немесе бір жолғы тапсырыста: 

  1. пакеттелген жүктерді тасымалдау көлемі; 

2) тегендердің (пакеттердің) үлгілері мен параметрлері; 

3) пакеттерді тиеу және түсіру тәртібі мен тәсілдері; 
      4) тегендерді қайтару немесе алмастыру тәртібі мен мерзімдері; 
      5) пакеттелген жүктерді тасымалдауға тән басқа да жағдайлар қосымша келісіледі.


      Тауар-көлік жүкқұжатында жүк жөнелтуші: 

      1) пакеттердің санын, жеке орындардың буылып-түйілу түрін, мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес теген үлгісін; 
     2) пакеттегі жүктің нетто салмағын; 


  1. пакеттердің брутто салмағын көрсетеді. 

Тауар-көлік жүкқұжатының барлық қалған деректемелері Ереженің 7-тарауына сәйкес толтырылады.

 

Пакеттелген жүктерді қабылдау және 


тапсыру ерекшеліктері


      Жүктерді пакеттермен жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар пакеттердің санын сырттай тексеру бойынша пакеттерді бөлшектемей және салмағын тексермей тексеру арқылы жүзеге асырады.

      Бекіткіші бұзылып келген пакеттер жүк алушының талап етуі бойынша бөлшектеледі, ал зақымданған жүк орындары салмағы пакеттегі жүк орындарының санын тексеру арқылы беріледі. 
      Тиелген күйдегі ақаулы тегендерді жүк алушы қабылдайды.


      Бос тегендерді алуды, пакеттерді құрастыруды, оларды автокөлік құралдарына тиеуді және бекітуді - жүк жөнелтуші, ал пакеттерді босатуды, оларды автокөлік құралынан алуды, тегендерді түсіруді, автокөлік құралдарына бос тегендерді тиеуді жүк алушы жүзеге асырады. 
      Жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар пакеттелген жүктердің механикаландырылған тиелуі мен түсірілуін қамтамасыз етеді.


      Ақаулы бос тегендерді тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар қабылдамайды.

  8 - тақырып. Қауіпті жүктерді тасымалдау


Қауыпты жүкті тасымалдау. Қауыпты жүктерді тасымалдау барысында болатын зиянды алдын ала шешу тасымалдау процесін ұйымдастыру мен басқару шешеді.Ұйым және тасымалды басқару процесіне жылжымалы құрамды,тры және тиеп түсіру механизмдер жұмысын,қозғалыстың қауыпсыз маршруты мен қызмет көрсету жұмысшылар қызметін өзіне қосады.Жол қозғалысының қатысушыларының және халықтық қауыпты жүктерді тасымалдау барысында және де қоршаған ортаны қорғау ұйымдарына қатысты олардың қауыпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында»Қауіпті жүкті автомобил көлігімен тасымалдау тәртібінің инструкциясы»қызмет етеді.Жүкжабдықтаушы қауіпті жүктерді дұрыс орналастыруға жауапты .Сонымен қатар әр түрдегі қауіпті жүктерді бір жерге орналастыруға тыйым салынады.Кауіпті жүктерді тасымалдау жол полициясымен келісіліп жүргізіледі.Олар көрнекті жерлермен жүруне болмайды.Өте қауіпті жүктер үшін цистерна бар.Олармен яғни мұнай өнімдерін тасиды.ішкі ортаға қатысы жоқ цистерналар гидравикалық қысымы 1,5рет көп 50Cта тасымалдайды,мұндай цистерна арқылы өте қауіпті жүктерді тасымалдайды.2000 л цистернаның бетін клапаниен жабады.Ал кіші көлемдегі цистерналарды бір рет қолданатын қақпақтармен жабады.Автокөлік цистерналармен тасымалданатын жүктерге мынадай ерекше талаптар қойылған: жағылған газ,сұйық қышқыл, азот, ауа, нятон, этан,
9 - тақырып. Құрылыс жүктерді тасымалдау
  Кірпішті тасымалдау ерекшеліктері

      Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар кірпіш тасымалдауды пакеттік тәсілмен: балшық кірпішті - тегендерге "шырша түрінде" қалап, силикат кірпішті - тегендермен және тегендерсіз қоршау немесе тарту құрылғылары арқылы жүзеге асырады.

      Жүк жөнелтуші кірпіш тасымалдау үшін тегендер, таспа қоршаулар және пакеттерді бекітуге және бөлуге арналған құрал-жабдықтарды береді. Жүктерді автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушылар автокөлік құралдарына қоршағыш құрылғылар мен бекіткіш құрал-жабдықтарды дайындауды және орнатуды жүк жөнелтушінің есебінен өзіне алуы мүмкін.

      Кірпішті тегендермен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші автокөлік құралы тиелуге келгенге дейін жүктің тегендерге қалануын қамтамасыз етеді. 
      Тегендердің үлгілері мен параметрлері мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Төменгі қатарынан, пакеттің бұрыштарынан және тік жақтарынан кірпіштері түсіп қалған пакеттерді тиеуге рұқсат етілмейді.


      Кірпішті жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар стандартты түрде толтырылған пакеттердің саны бойынша жүзеге асырады.

      Кірпішті тиеуді, сондай-ақ пакеттерді бекітуді тасымалдаушы, ал бекіткіштерді ажырату мен кірпішті түсіруді жүк алушы жүзеге асырады. 
      Тасымалдаушылар жүкті автокөлік құралмен тасымалдау шарты бойынша бекіткіштерді орнату мен ажыратуды жүргізуі мүмкін. Түсіру аяқталғаннан кейін жүк алушы автокөлік құралы шанағының еденін кірпіш қоқымынан тазартады.


      Автокөлік құралының жүк көтергіштігі 7 тоннадан аспайтын жағдайларда, пакеттерді жүк жөнелтуші шанақ білігінің бойымен, ал автокөлік құралының жүк көтергіштігі 7 тоннадан артық болса, шанақ білігіне перпендикуляр түрде шахмат тәртібімен автокөлік құралдың қаптал ернеулерінің біріне тығыз қоюы тиіс. Кірпіштерді тегенге қалау тәртібі осы Ережеге 11-қосымшада келтірілген. 

      Пакеттерді шанаққа көлденең орналастыру кезінде жүк жөнелтуші қимасы 50х50 мм және ұзындығы 1 м ағаштарды қаптал ернеуге жанаспайтын шеткі пакеттер тегендерінің астына салуы тиіс.

     
Сақтау және тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      Бір-бірімен өзара әрекеттескенде, тұтану, жарылыс пайда болатын немесе жанғыш газдар түзетін жол-құрылыс материалдарын бірге сақтауға және тасымалдауға тыйым салынады.

Тас материалдарды сақтау материалдардың араласып кетуін болдырмайтын табиғи немесе арнайы дайындалған қатты бетте су қоймаларының суы қорғалатын аймағынан тыс жүргізілуге тиіс. 


      Тас материалдарды оларды бітеліп қалудан және ластанудан сақтандыратын жағдайларда сақтайды. Шығылтасты түйіршіктері бойынша бөлек сақтайды. 

      Тас материалдарды кез келген көлік түрімен үйінді түрінде тасуға рұқсат етіледі. 

      Минералды ұнтақтарды, цементті және органикалық емес тұтқыр материалдарды сақтау кезінде, олардың нығыздалуын (қотарып құю, ауамен қанығуы және т.с.с.) және ылғалдың әсер етуін болдырмау бойынша шаралар қабылдау керек. 



     

Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет