Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Көркем - технологиялық тәсіл



бет4/40
Дата16.11.2023
өлшемі2,16 Mb.
#191538
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
бейнелеу 1

Көркем - технологиялық тәсіл. Бұл бейнелеу өнерінің материалдары, құралдары, заңдары мен ережелері туралы білімдерін пайдалану, жобалау және модельдеу және шығармашылық объектілерді дайындаудың технологиялық бірізділігін таңдау мәселелерін шешуге бағытталған оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі АКТ-ның негізгі дағдыларына негізделген, қарым-қатынас үшін технологияны дұрыс және шығармашылықпен пайдалануды қамтиды.

Бұл тәсілдерді іске асыру мыналар арқылы жүзеге асырылады:


- оқушылардың пікіріне құрметпен қарау, олардың бойында бар құзыреттіліктерді одан әрі дамыту үшін пайдаланудың маңыздылығын мойындау;

  • мұқият таңдалған іс-әрекеттер мен тапсырмалар арқылы жүзеге асырылатын дамытушы және ынталандырушы оқыту;

  • оқушыларға түсінікті мысалдар арқылы мәселелерді шешу стратегияларын құру;

  • оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;

  • шығармашылық орта құру мақсатында оқытуды саралау;

  • пәнаралық байланысты қолдау;

  • шығармашылық әрекет процесіне белсенді қатысу: оқу процесінде шығармашылық жұмысты зерттеу, бақылау, құру, бағалау және талдау;

  • оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту;

  • оқушылардың шығармашылық жұмыстарының презентациясы (демонстрациясы), одан әрі шығармашылық белсенділікті ынталандыру.



«Бейнелеу өнері» оқу пәнін меңгерудің жоспарланған нәтижелері




Жалпы бастауыш білім беру деңгейінде:
Жеке нәтижелер оқушылардың жұмыс жасау процестерінде сапалық қасиеттерін көрсетеді.

«Бейнелеу өнері» бағдарламасы бойынша оқу пәнін меңгеру:


    • Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне деген мақтаныш сезімі;

    • еліміздің және әлемнің басқа халықтарының мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарау;

    • әрбір жеке адамның және жалпы қоғамның өміріндегі мәдениет пен өнердің ерекше рөлін түсіну;

-көркем-шығармашылық ойлау, байқау және қиял, эстетикалық сезім қалыптастыру;
-қажеттіліктердің қалыптасуы, табиғатпен қарым-қатынаста, қоршаған әлеммен еркіндікті сезіну арқылы өнерде орын алады;

    • мұғалімнің басшылығымен бірлескен ұжымдық және топтық іс-әрекет дағдыларын шығармашылық жұмыс процесінде меңгеру;

    • шығармашылық міндеттер оқушының көркемдік құралдары тұрғысынан белгілі бір тақырыпта сыныптастарының жұмысын талдау және талқылау қабілеті қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет