Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж
Жалпы кәсіптік ПЦК
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС АДАМГЕРШІЛІК САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Мамандық атауы: 01140600 Негізгі орта білім берудің тіл мен әдебиетін
оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Біліктілік: 4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Пән: Педагогика
Орындаған: ҚБ1121 тобының студенті
Сабыр Аружан Сержанқызы Ғылыми жетекші: п.ғ.м. Мухамеджанова Г.С.
Курстық жұмысты қорғаған бағасы ___
ПЦК төрағасы______Мухамеджанова Г.С.
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі:
Адамгершілік - адам бойындағы ең құнды, басты қасиеттердің бірі. Ол адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынастарды реттеудің негізі. Егер адамда адамгершілік сана, адамгершілік қасиеттер дамымаса, ол толыққанды жеке тұлға болып қалыптаспайды.
Тәрбие тиімділігін жетілдіру қоғам қажеттілігіне сай дамып отырады. Сондықтан да дұрыс тәрбие беру, адамгершілік сананы қалыптастыру қай кезеңде болсын өзекті.
Зерттеудің нысаны:жеке тұлғаның адамгершілік санасын қалыптастыру үдерісі. Зерттеудің пәні: адамгершілік сананы қалыптастырудың тиімді жолдары. Зерттеудің мақсаты:адамгершілік сананы қалыптастыру әдістерін анықтау,оны тәжірибе жүзінде зерттеу. Зерттеу міндеттері: 1.Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістерін ғылыми-теориялық,әдістемелік әдебиеттерді қарастыру арқылы зерделеу. 2.Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістерінің тиімділігі мен өзекті мәселелерін экпериментальды-тәжірибелік жұмыстарды жүргізу арқылы зерттеу. 3.Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістерінің тиімді түрлерінің қорытындысын шығару және ұсыныстар жасау. Зерттеудің болжамы: егер, адамгершілік сананы қалыптастырудың әдістері тиімді қолданылса, онда тұлға бойына жағымды мінез-құлықты, моральдық сапаларды қалыптастыру жүзеге асады. Зерттеу әдістері: теориялық зерттеу әдістері: әдеби көздерді зерттеу,анализ,талдау,синтез,индукция,дедукция. эмпирикалық зерттеу әдістері: бақылау,сұхбат,сауалнама. Зерттеу көздері: зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық,психологиялық еңбектер,ғылыми әдістемелік әдебиеттер,ресми құжаттар мен материалдар. Зерттеудің теориялық маңызы:жеке тұлғаның адаргершілік санасын қалыптастырудың әдістерінің тиімділігі психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен ресми құжаттарды және материалдарды талдау арқылы айқындалады. Зерттеудің практикалық маңызы:зерттеу барысында жинақталған ақпараттар мен жасалған қорытындыларды және ұсыныстарды оқу-тәрбие беру үдерісінде қолдануға болады. Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу:Солтүстік Қазақстан облысы,Айыртау ауданы,Жұмысшы ауылы, «Заря негізгі мектебі» КММ Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.