Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін
мерекелеу туралы ақпарат.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ағымдағы жылғы 1 желтоқсанда барлық жерде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні мерекеленеді.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің күнін атап өту қарсаңында аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі іс-шаралар жоспары құрылып іске асырылды. Іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданымыздың барлық мектептерінде «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2012 жылғы қарашаның 16-сы күні аудандық өлкетану мұражайында «Жас дарындар тұңғыш Президент келбетінде» тақырыбында аудан әкімі - Құдайберген Бексұлтановтың ауданымыздың ең үздік (мектеп президенттері, облыстық, Республикалық олимпиада жүдегерлері, спортшылар, оқу озаттары) оқушыларымен кездесуі өткізілді. Кездесудің соңында оқушылар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, естелік фотосуретке түсірілді.
Аталған мереке аясында «Туған елім-туған жерім» тақырыбында оқушылардың ұлттық қол өнер туындыларының және суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 20 мектептен 264 жұмыс ұсынылды.
Көрменің қорытындысы бойынша оқушылар мен олардың жетекшілері мадақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Киевка №3 орта мектебінде 7-11 сынып аралығында аудандық ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға ұсынылған жоба жұмыстарының тақырыптары өлкетану және экология бағыттарын қамтыды. Жүлделі орын алған оқушылардың жоба жұмыстары облыстық кезеңге ұсынылды.
Киевка №2 қазақ орта мектебінің базасында мамандыққа баулу мақсатымен Киевка №1,2,3 орта мектептерінің 11 сынып оқушылары зейнеткер ұстаздармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ардагерлер ой толғап, оқушылар қойған сауалдарға жауап берді.
Мереке қарсаңында оқушылар арасында қазақша күрес спорттық сайысы өтті. Жарыс екі кезеңде, яғни мектепішілік және аудандық кезеңде өткізілді. Жарысқа салмақ дәрежелеріне қарай 9 мектептен оқушылар қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған мектеп оқушылары грамоталармен, естелік кубокпен және медальдармен марапатталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің күнін атап өтуге байланысты 5-11 сыныптар арасында «Елбасы бастаған даңқты Қазақстан» атты шығармалар байқауы өткізілуде. Шығарма байқауының қорытындысы 30 қарашада шығарылады.
Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президентіміздің тарихи мәдениет орталығына бекітілген кестеге сәйкес ауданымыздың келесі мектептерінен оқушылар саяхатқа барды. Олар: Қ.Шайменов атындағы ОМ, Щербаковский ОМ, Жараспай ОМ, Нұра ОМ, М.Сүлейменов атындағы ОМ оқушылары.
Мереке қарсаңында ауданымыздың барлық мектептерінде «
Достарыңызбен бөлісу: |