Қазақстан республикасының ТҰҢҒыш президенті


ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЫҒАЮЫ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ



бет5/12
Дата28.11.2016
өлшемі3,17 Mb.
#2754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЫҒАЮЫ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ
Ұлттық қауіпсіздік – қоғамның және жеке тұлғаның дамуы мен өмір сүруінің үйлесімді шарттарын ұстану бойынша тиімді қызметті қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар жағдайын сипаттайтын ғылыми және тәжірибелі мәселе. Ұлттық қауіпсіздік саяси ғылым деңгейі ретінде, тарихи қалыптасқан нақты жағдайдағы ұлттық қызығушылықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық институттар мен олардың әрекетін, қоғамдық түсінік пен қарым-қатынастарды қарастыратын толық жүйе ретінде сипатталатын қауіпсіздіктің ұлтпен байланысын көрсетеді.

М.У. Спанов мен Г.К. Ахметжанованың пікірі бойынша, қауіпсіздік «ішкі және сыртқы қауіптен қорғану жағдайы» деп түсіндіріледі [1, 32 б]. Бұл, ғылыми әдебиеттердегі қауіпсіздік анықтамасының көптігімен сипатталатын орталық жағдай болып келеді.

Ұлттық қауіпсіздікте қауіпсіздіктің үш деңгейі ерекшеленеді: жеке тұлға, қоғам және мемлекет. Олардың орны мен ролі қоғамдық қатынас сипатымен, саяси құрылғылармен, ішкі және сыртқы қауіптер сипатымен анықталады. Ұлт үшін қысылшаң кезеңдерде қоғам қауіпсіздігі немесе мемлекет қауіпсіздігі іске қосылады.

Ұлттық қауіпсіздік түсінігінде саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, ақпараттық қауіпсіздік пен ұлттың мәдени даму қауіпсіздігі қарастырылады. Осының барлығы 1999-2005 жылдары кезеңіндегі Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік Стратегиясында көрсетілген. Бұл құжатта мүмкін болатын қауіптер талданып, олардың алдын алу жолдары алты маңызды салаларда – сыртқы, әскери, экономикалық, әлеуметтік-саяси, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік салаларында қарастырылған. Жалпы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сұрақтарға мұндай кешенді талдау мемлекет ұйымдарына осы салада жүйелік және дәйекті сипаттама берді. Бүгінгі күнде қойылған басымдықтардың дұрыстығы туралы нық сеніммен айтуға болады.

Бірақ, халықаралық жағдай мен геополитикалық орта динамикалық түрде өзгеруде және әрдайым жақсы жаққа емес. Солтүстік Африкадан және Шығыстан Солтүстік-Шығыс Азияға дейін тұрақсыздық кеңінен жайылды.

Күш теңгерімі әлемдік деңгейде, сонымен қатар жер шарының басқа да аймақтарында күшті өзгерістерді бастан кешіруде. Сәйкесінше, БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК және т.б. сияқты аймақтық қауіпсіздік механизімінің ролі артуда. Орталық Азияда ұлттық қауіпсіздіктің жаңа қауіптері пайда болды.

Бұл жағдайда, Қазақстанның сыртқы саясаты, ішкі саясат тәрізді басым болу керек.

Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессионалды қоғамның табысының негізі болып келеді.

«Берілген бағыттағы біздің басты мақсатымыз айқын және түсінікті: біз қоғамдық келісімділікті сақтап, оны бекітуіміз керек. Бұл – біздің ұлт ретінде, қоғам ретінде, мемлекет ретіндегі тіршілігіміз үшін бұлжымас шарт.

Қазақстандық патриотизм негізі – бұл барлық азаматтардың теңдігі және олардың Отан ар-ожданы үшін жауапкершіліктері.

Болашаққа деген сенімсіздікпен толыққанды мемлекет құру мүмкін емес. Мемлекет мақсаты мен азаматтың басты мақсаттары барлық негізгі бағыттар бойынша біртұтас болу өмірлік маңызды болып келеді. Осы мемлекеттің басты міндеті болып саналады» [2].

Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев Жаңа Қазақстандық Патриотизм – бұл, этникалық айырмашылыққа қарамастан, барлық қоғамды біріктіру» деп атап өтті.

Біз - көп ұлтты халықпыз. Ұлтаралық қарым-қатынастарда ешқандай екілік стандарттар болмауы керек.

Қазақстан – бірегей мемлекет. Біздің қоғамда әртүрлі мәдени элементтер бір-бірін сіңіріп, толықтырып, бірігіп кеткен.

Қазақстан Республикасының мемлекет Басшысының Жолдауында «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ұлттық зиялылардың ролі аталып өтті.

Зиялылар құрылған мемлекет деңгейінде жалпы ұлттық құндылықтарды бекітуде басты күш болулары керек.

Зиялылар Қазақстан – 2050 жаңа саяси бағыты негізінде мемлекеттің болашағының дүниетанымдығы мен ментальдылығын жобалауда негізгі роль атқара алады және атқару керек.

Барлық қазақстандық бірлестік біздің халықтың тарихи санасының негізі болуы керек.

Бүгінгі кез келген этникалық немесе діни сенімдегі қазақстандық – бұл өз елінің тең құқылы азаматы болып саналады.

Біз бірлік құндылығы мен келісімділікті қоғам негізі қылдық, біздің ерекше қазақстандық толеранттылығының негізі еттік.

Біздің мемлекеттің зайырлы сипаттамасы – бұл Қазақстанның табысты дамуындағы басты шарт болып келеді.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы барлық Қазақстан халқы үшін рухани шақырту болды.

Халықаралық және ішкі саясаттың шарттарының өзгеруін ескере отырып, Қазақстан Республикасының тарихи дамуындағы қағидалы айқындама мен қисынды жалғасы Президенттің 18.01.2014 жылғы Жолдауы болды. Бұл жолдау есеп бойынша 18-ші жолдау болды және оны халық тағатсыздана күтті.

2012 жылдың желтоқсан айында жарияланған Стратегиядан «Қазақстан-2050» кейін, оны іске асыру үшін бірқатар жұмыстар іске апсырылды, жоғарғы старт қойылды және келешектегі шамшылдық мақсаттарды іске асыру үшін қандай қадамдар жасалатындығы туралы қазақстандықтарға жарияланды. Мемлекет басшысының ауызынан мемлекет жетістіктері мен қоғам алдына қойылған жаңа міндеттер туралы есту маңызды болды. Ал, 2050 жылға дейін республиканың даму Стратегиясындағы басты мақсат Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттер қатарына қосылу болғандықтан, Президенттің сөз сөйлеуіндегі осы жалпыға маңызды міндетті іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жоспарын айқындағаны таңқалдырмады.

Көптеген жоспарлар бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның –ауқымды түрде алға ілгерілеуінің «мүмкіндік терезесі» болады деп мемлекет Басшысы атап өтті. Осы уақыт аралығында біз үшін сыртқы орта оңтайлы болып келеді, яғни, ресурстардың, қуат көзінің және саудадағы сұранымы артады, Үшінші индустриалды революция жетіледі. Біз осы уақытты тиімді қолдануымыз керек.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында жұмыстың жеті басымдылық бағытын ерекше атап өтті. Бұл – инновациялы индустриализация трендын жөндеу және арттыру, агроөндірістік кешенді инновациялы рельске ауыстыру, ғылымға сыйымды экономика құру, агломерацияның қарқынды дамуы, көлік пен энергетика саласын өзіндік «үштік инфрақұрылым» жасау, орта және кіші бизнесті дамыту, қазақстандықтардың әлеуеттігін ашу үшін жаңа мүмкіндіктер ашу, сонымен қатар мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Осы берілген бағыттар бойынша, қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін жеке-жеке белгілі міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, Президент алға қойылған бастамаларға барлық халықтың қолдауының маңыздылығын, мемлекет пен халықтың дамуы мен гүлденуіне байланысты болатын барлық бастамаларға республиканың барлық азаматарының атсалысуының маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қазақстандарға Жолдауында Президент біздің біріккен халық екендігімізді еске салып, «Мәңгілік ел» атты жаңа патриоттық актіні қабылдауды ұсынды, бұл актіде халықтың ата – бабаларының арманын іске асыру және бірігіп абзал және ұлы тәуелсіз Қазақстан құру ынтасына негізделген жалпы ұлттық ой тұжырымдалған [2].

«Егеменді дамудағы 22 жыл ішінде басты құндылықтар жасалды, олар барлық қазақстандықтарды біріктіріп, біздің болашақ еліміздің негізін құрайды. Олар ойдан шығарылған қағидалар емес. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстан жолының тәжірибесіә деп жариялады Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Елбасымыз, осы құндылықтар ішінде – Қазақстан тәуелсіздігі және оның астанасы Астана қаласы, ұлттық бірлестік, бейбітшілік пен ынтымақтастық, зиялы қоғам мен жоғары руханилылық, инновация мен индустриализация негізінде экономикалық даму, тарихи тұтастық, мәдениет пен тіл тұтастығы, ұлттық қауіпсіздік пен біздің елдің аймақтық және жалпы әлемдік мәселелерді шешуге жаһанды қатысуын ерекшелеп өтті. Дәл осы мемлекет түзуші, жалпы ұлттық құндылықтар Жаңа Қазақстандық патриотизмнің бірегейлі негізі болып саналады.

Сөз соңында, Елбасы, барлық ұлы мақсаттар ел игілігі үшін қойылады деді және барлық қазақстандық қоғамдарды, оның ішінде ел жастарын өз елінің тағдырына немқұрайлы қарамауға, Стратегия-2050 басты мақсатына жету бойынша атқарылатын жұмыстарға белсенді қатысуға шақырды.

Қазақстанда, елдің көп түрлі этностық мәдениетін қоғамдық дамудың позитивті факторына айналдыруға барлық алғышарттары бар, себебі барлық қлт өкілдері өздерін Қазақстан халқының – жаңа мәдени қоғамының бастамасы екендіктерін сезінеді. Тәуелсіз Қазақстанда бүгінгі таңда этносаяси, этномәдени процестер өзекті болып келеді. Олар жан-жақты саяси талдауды қажет етеді. Қазақстан – әлеуметтік дифференцияланған саяси этникалық одақ, бұл жерде субъектілер үшін түрлі қызығушылықтар мен түрлі мәдени деңгейліктері мен саяси белсенділігі сипатталады. Саяси және мемлекеттік құрылғының Қазақстандық моделі демократиялық дамудың жалпы қабылданған заңдылықтарымен үйлеседі.

Тәуелсіз ел болғалы осы 22 жыл ішінде мемлекетте қоғамдық қалыптылықты қамтамасыз етудегі өзіндік моделі, ұлтаралық келісім, қазақстандық теңдік пен жалпы қазақстандық патриотизм – Қазақстан халқының Ассамблеясы қалыптасты.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясының ХХ сессиясында ҚР Президентә Н.Ә. Назарбаев «Біз ашық демократиялық, гүлденуші қоғам және құқықтық мемлекет құрудамыз, онда дамыған демократия жетістіктері мен біздің көп ұлтты қоғамымыздың үздік салттары үйлеседі» деп атап өтті [2].

ҚР Статистика жөніндегі агенттік ақпараттары бойынша бүгінгі күнде республикада 120 этнос пен этникалық топтар өмір сүруде. Жалпы республика халқының басым бөлігі қазақтар – 58,6 % және орыстар – 26,1 %. Басқа этностар мен этникалық топтар республика халқының 15,3 % құрайды.

Халықтың саяси этникалық құрамы әлемнің жаңа заманғы мемлекеттеріне сәйкес. Дәл осы жағдай мемлекет үшін, сонымен қатар жалпы қоғам үшін этника аралық қалыптылықты қамтамасыз етуді қарастырады. Этника аралық қалыптылықты айта отырып, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптандыруды біз ұлттық қауіпсіздіктің жалпы концепциясын құрастырушы ретінде қарастыруымыз керек. Қазақстан саяси этностық одақ болып саналады, мұнда түрлі этно мәдениеттің мүшелері өмір сүреді.

Ұлтаралық қарым-қатынастың сипатына ықпал ететін факторлар саяси және әлеуметтік шарттар, сонымен қатар, әртүрлі мәдениеттермен қарым-қатынасын негіздейтін тұлғалық бағыттар болып саналады. Қазақстан ұлтаралық қарым-қатынастардың моделі ретінде БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да бірнеше қатар беделді халықаралық ұйымдардың жоғары бағасына ие болуы кездейсоқ емес.

Бүгінгі таңда бірде бір мемлекетте ұлттық саяси құралының осындай беделді және өкілді саясаты жоқ.

Біздің көп ұлтты мемлекетіміздің барлық халқының қызығушылығын ескере отырып, Ассемблея депутаттары Қазақстандағы этника аралық бейбітшілік пен ынтымақтастықтың берік болуында маңызды роль атқаруда. Осы бірлікті арттыру мақсатындағы қазақстандық институт ары қарай дамуда. Ассамблеямен сайланған депутаттар аса маңызды жауапкершілікті сезінуде, әрдайым Ассамблеямен және оның жергілікті ұйымдарымен байланыста. Осылайша, Қазақстандағы халықаралық және конфессия аралық бірліктің кепілі ҚР конституциясы болып саналады. Конституцияның 14 бабында заң мен сот алдындағы теңдік туралы айтылады, ешкім әлеуметтік, қызметтік, қоғамдық жағдайына байланысты, жынысы, ұлты, тілі, діні, тұрғылықты орны мен басқа да жағдайларға қарамастан заң алдында барлығы тең болады. Осының барлығы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің конституциялық негізі болып саналады.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы негізінде аймақтық, этностық, ұлттық саясатты іске асырудың тиімді механизмі құрылған деп нық сеніммен айтуға болады. Берілген ұйым ұлтаралық қарым-қатынастағы үйлесімділіктің орталық буыны болып келеді және саяси қалыптылық және бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтауда маңызды роль атқарады.

Ұлтаралық қатынастың мәдениетін арттырудағы маңызды құрылымдық рольді Қазақстанның әр аймақтары бойынша әрекет ететін ұлттық-мәдени бірлестіктер атқарады.

Қарағанды облысы біздің еліміздің саяси этникалық аудандарының бірі болып саналады. Бұл жерде 115 этнос өкілдері өмір сүреді. Облыстың 74 этностық мәдени бірлестіктің жетекшілері өз одақтарында басты мемлекеттік ұлттық саяси жол сілтегіштері болып келеді.

Этномәдени бірлестіктің жұмысы ұлттық тілді дамытуға, мәдениетті және ұлттық салттарды дамытуға және ұлтаралық бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтау. Этномәдени ұйымдар барлық қоғамдық-саяси іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Ұйымның барлық жұмыстары және облыстың этномәдени бірлестіктерінің консолидациясының әрекеттері Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халқының кіші Ассамблеясының хатшылығымен жүйелі түрде басқарылып отырады [3].

2014 жылдың 6 қаңтарында облыстық әкімшілікте Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халқының кіші Ассамблеясының ХV сессиясы өтті. Сессияға Ассамблея мүшелерін қоспағанда, барлық мемлекеттік ұйымдардың жетекшілері, қала және аудан әкімдері және БАҚ қатысты. Сессияны қорыта келе, облыс әкімі Бауыржан Әбдішев Қазақстан халқының бірлігін ортақтастыратын фактор болып табылатын қазақстан халқының консолидациясын, этносаралық бейбітшілік мәдениетін қалыптандыру бойынша облыс халқы арасында күнделікті жұмыс жүргізу қажеттілігін айтып кетті.
Әдебиеттер тізімі
1. Спанов М.У., Ахметжанова Г.К. Вызовы социальной безопасности

Казахстана // Саясат. 1999. №6 (49) С. 32.

2. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

3. Под общим шаныраком. – Караганда: Экожан, 2010. – 270 с.


А.К. Жарылқасынова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Кәсіпорын менеджменті

кафедрасының аға оқытушысы

е-mail: аriko.52@mail.ru



Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет