Ќазаќстан республикасыныѕ


Үш жас кезінде жаңадан пайда болатын заттық әрекеттер. Жетекші әрекет



бет11/36
Дата14.12.2021
өлшемі443 Kb.
#126700
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
П нні О У дістемелік кешені «Балалар психологиясы»

5 Үш жас кезінде жаңадан пайда болатын заттық әрекеттер. Жетекші әрекет.

1.Алғашқы заттық әрекет.

2. Баланың өзін – өзі бағалауы барысында сана – сезімінің дамуы.

3.Қарым – қатынас жасауға икемділіктің пайда болуы.

4.Әрекет арқылы өзін – өзі бағалай алуы.

Заттық әрекет – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. 

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Ең бастысы, жаңа туған нәрестенің өзіне ата-анасының, туған-туыстарының күле қарауынан, жылы-жылы сөйлеп, жақсы көруінен, иіскеп, аялауынан бақытты сезінетіні, олардың қарым-қатынасты түсіну қабілетінің артатыны есіңізде болсын. Жыламайтын, мазасызданбайтын, ауырмайтын сәби жоқ. Әсіресе, жас нәресте жылаған кезде қолыңызға алып, құшағыңызға қыспасаңыз да, жанында отырып уатуға тырысыңыз. Мұндайда сәби ата-ана ықыласынан, назарынан тыс қалмасын. Сонда оның бойында сенімділік сезімі қалыптаса бастайды, жалғыздық, керексіздіктен туындайтын үрей, қорқыныш, жалтақтық бойын билемейді. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, бала көбінесе, тісі өскенде, жүре бастағанында, сөйлеуге талпынғанында ерекше жылауық болып келеді. Бұл денелік, рухани қажеттіліктің салдары. Одан қорықпаңыз.

Кішкентай кезінде балалар қолына не болса, соны алады, бәрін де ұстап көргісі келіп, қызығады. Ұстауға болмайтын заттарды (өткір, қатты, иісті, кір нәрселерді, асыл бұйымдарды, қасиетті кітаптарды және тағы да басқаларды) қолынан аларда ата-анасы ашуланбай, ұрыспай, жылы сөзбен оны беруге көндіріп, жылатпауға, ренжітпеуге тырысқаны жөн. Тек мұндай заттарды баланың алуға болмайтынын кесімді түрде ескерткен де дұрыс. Мысалы: «мұны балаларға ұстауға болмайды», - дегендей. Психолог-дәрігер жас балаға ата-анасы бір нәрсе айтарда тізерлеп отырып, онымен бойы бірдей жағдай да сөйлескен жақсы әсер етеді дейді. Иә, әрбір жас бала ата-анасымен, туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болғанды, олардың алдында еркін жүріп, тұрғанды қалайды. Егерде ата-анасы жас сәбиімен үнемі жоғары отырып, түрегеліп тұрып «биіктен» сөйлесетін болса, бала «жоғары жаққа қарағыш» болып өседі, кемістік, әлсіздік сезімдеріне беріледі. Сәби де, ата-анасы да бір-біріне тура қарап сөйлессе, екеуі де әдемі қуатқа бөленеді. Баланың ойнайтын алғашқы ойындары бұл заттық ойын. Басқаша түсіндірсек бұл затты игеру. Сіз балаға беретін ойыншықтар арасында қуыршақта, аюда, сайқымазақта, ұсақ ойыншықтар да бар. Бастапқыда бұл ойыншықтардың барлығы үлкендер үшін – балалар ойыншықтарға басқа заттарға қарағандай қарайды, яғни олар үшін ойыншықтардың басқа заттардан айырмасы жоқ.. Екінші жылдың басында олардың ойыншықтармен ойнауы елеусіз болады.

Заттық ортаға бейімделу алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру, есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер: ес, қиял, ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көру не есту керек.

Адамның ақыл-ойының дамуына қабылдау мәнді рөл атқарады, әр түрлі іс-әрекетте әрқилы тәжірибелік істердің реттеушісі болады.Көркемдік шығармада заттық ортаның рөлі зор. Мысалы: музыкалық  шығармаларды музыкалық есту қабілетінсіз, бейнелеуді нәзік түстерді қабылдаусыз, поэзияны жетілген тіл сенімінсіз түсіну мүмкін емес.Психологиялық дамуда заттық үрдісінің рөлін бағалай отырып, белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруде баланың жеке қабілетін ескеру өте маңызды. Ақыл-ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы болашаққа қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін дамыту қажет, яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және дұрыс айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзіндік қасиеттерін дұрыс қабылдау қажет.

         Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болады. Дәл осы шақта баланың психологиялық дамуының негізі қаланады.

Заттық орта баланың көру, есту, тату, сипау,дәм,иіс сезімдерін тәрбиелейді. Осы алтауы бізді заттық  ортамен таныстырады.

  Заттық-дамытушы орта келесі талаптарға сай;


  • Жаңа құралдар мен өзгерістер енгізуге ашық және икімді болуы;

  • Сәбидің жас ерекшелік мазмұнына сәйкес және жан-жақты;

  • Ересектер мен балалардың бірігіп әрекеттесуіне лайықты ұйымдастырылуы қажет.

Баланың өз бетінше қолдануына ыңғайлы түрлі жабдықтар мен құралдар, оқу ортасын дұрыс жоспарлау мен ұйымдастыру даму деңгейі әр түрлі балалардың әрекет етуін қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет