Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні
Темпераменттің табиғи қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшкліктері бүркемеленеді.
Темперамент баланың жеке басының реакциясынң негізгі түрі болып келетін қасиет. Балалық шақта сол таза күйінде де кездеседі. Бірте-бірте өмір сүру барысында саналық өзгеріске түсіп отырады. Даму барысында темпераменттің бір белгісінің әлсіреп, екіншісінің күшеюі салдарынан мінез-құлықтың кейбір жақтарының өзгеріске ұшырап отыруы да ықтимал. Даму барысында туындайтын осындай сапалы өзгерістердің осы күрделі үрдісінің бәрі сайып келгенде тұрмыс-салтына әрекеттері мен тәрбиесіне тәуелді. Өйткені өмір жағдайлары темпераментке материалдық негіз болып табылатын жүйке жүйкесі қызметінің өзгешеліктеріне ықпал жасайды. Мысалы бір жағдай психикалық үрдістердің әсерлілігі мен эмоциялық қозуына ағысы мен күшінің дамуына жағдай туғызуы, ал басқа жағдайлыр керісінше психикалық даму қарқынын баяулатып, оның белсенділігін басып, тежеуі мүмкін.
И.П.Павлов шартты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке қызметінің және жүйке жүйесінің, негізгі қозу және тежелудің заңдылықтарын ашты. Жүйке жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік қозғалғыштығы бойынша төрт тип те жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін күшті тип, біреуін әлсіз тип деп атайды. Мысалы күшті типтің біріншісі ұстамсыз тип. Олардың жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу үрдістері бір-бірімен сәйкес келмейді. Қозу типі басым келіп отыратын ерекше қозғалыстағы тип күшті типтің екіншісі ширақ тип. Мұның қозу мен тежелу үрдістері бір-біріне тең келіп тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі қозу мен тежелу үрдістері баяу көрініп отырады. Ұстамсыз тип -холерик, сангвениктерде ширақ тип, қозу мен тежелуі тең, қозғалысы баяу – флегматик, жүйке жүйесі әлсіз тип – меланхолик деп анықталған. Бір топтағы немесе сыныптағы балалардың ішінде әртүрлі темперамент типтерінің өкілдері кездеседі. Кеңес психология ғылымының профессоры Вольф Соломонович Мерлин темпераменттің көрінуі түралы сапалы психологиялық қорытынды таблица жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |