Дидактика-оқыту теориясының мәселелерін зерттейтін педагогиканың бөлімі.
Қашықтық талдауыштары (анализаторлары)- рецепторлары зат іс әрекетінің тікелей ықпалдарына шалынатын талдауыштар .бұған есту және көру талдауыштары жатады. Тәртіптілік адамның жеке басының дағдысы үнемі тәртіп сақтауды қажет ететіндігі, өзі және қоғам алдындағы міндетін түсіне білуі. Мектепке дейінгі шақ-психикалық даму сатысы, үштен жетіге дейінгі жас аралығына сәйкес келеді. Рухани қажеттілік - тек адамға ғана тән мәдени қажеттілік . мәдени қажеттіліктерде адамның белсенді іс әрекетінің адамзат мәдениеті жемістеріне байланыстылық көрінеді .әр түрлі экономикалық және қоғамдық құрылыста осы құрылысқа тән мінез құлықты игеру мен тәрбиеге байланысты адам әр түрлі мәдени қажеттілікке йе болады. Тәбиғи қажеттілік - белгілі сыртқы ортаның жағдайларына организмнің өмір сүруіне қолдануға керекті қажеттілік. бұған тамақ ішу қажеттілігі дем алу қажеттілігі жылыну қажеттілігі т. б .жатады. Күнделікті ұғымдар - арнаулі үйретусіз, өмір тәжірибесі нәтижесінде меңгерілген ,ғылымға дейінгі ұғымдар. Нышандар - қабілеттіліктер дамуының тәбиғи жағдайлары түрінде көрінетін организмнің іштей туа біткен автономиялық физиологиялық ерекшеліктері ( нерв жүйесінің типі рецепторлар құрылысының ерекшеліктері т б). Есте сақтау - болмыстағы заттардің немесе құбылыстардың бейнелерін есте берік сақтауға мүмкіндік беретін ес процесі .есте сақтау үнемі таңдамалы келеді: біздің сезім мүшелерімізге тигізгендердің бәрі бірдей есте сақтала бермейді . Қорғаныш рефлексі - шартсыз қорғану рефлексі Белгі - болмыстың өзге элементінің баламасы ретінде көрінетін оның кез келген элементі. белгілі адамның психикалық іс әрекеттің тәсілі ,бұл не қоғамдағы орган ,не әлеуметтік құрал .әлеуметтік құралдың белгісі болып тіл, жазу, есептеу, сурет, салу саналады . Ойын іс әрекет(қызметі )- негізінен үлкендердің іс әрекеттері мен қарым қатынастарын ерекше түрде елестетумен сипатталатын мектеп жасына дейінгі балалар іс әрекетінің басты түрі . Мотивтер иерархиясы( сатысы )_ мінез құлықтың түрткі күштерінің жүйесі. мәні төмен түрткі күштер мәні жоғары түрткі күштерге бағынады . Бейнелеу іс әрекеті - сурет салудың ,жапсырудың құраудың т б жалпы аты .бейнелеу іс әрекетінің жемісі/ ерекше формада көрсетілген объективтік болмыстың көрнекі бейнелері.
Достарыңызбен бөлісу: |