№
|
Термин атауы
|
Термин мазмұны
|
1
|
Акселерация
|
Физиологиялық және психикалық даму процесінің тез қарқында өтуі
|
2
|
Білім беру
|
Бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерілуін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек қабілеттерін детілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді.
|
3
|
Байқау әдісі
|
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерешеліктерін қадағалауы.
|
4
|
Даму
|
Төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс.
|
5
|
Даралық
|
Бір адамның басқа бір адамнан айырмашылығы, өзіне тән ерекшелігі бар, ешкімге ұқсамайтындығы туралы сипаттама.
|
6
|
Жеке тұлға
|
әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субьектісі.
|
7
|
Индивид
|
Латын тілінен аударғанда «жекелік» деген мағынаны білдіреді.
|
8
|
Инстинкт
|
Туа пайда болған импульстардың әсерлерге жауабы, қимыл-қозғалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі
|
9
|
Қозу
|
әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі
|
10
|
Психикалық процестер
|
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері
|
11
|
Психология
|
Психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
|
12
|
Психикалық қасиеттер
|
Бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер
|
13
|
Рефлекс
|
Сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы
|
14
|
Сана
|
Психиканың тек адамға ғана тән ең жоғарғы сатысы, обьективтік болмыстың адам миындағы бейнесі
|
15
|
Тәжірибе
|
Зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнең кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды
|
16
|
Тест
|
Аадмның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс
|
17
|
Тәрбиелеу
|
әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғарға адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді
|
18
|
ұжым
|
Қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы
|