Қазақстан республикасының



бет1/11
Дата27.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#5788
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.03

/03-2013


«Педагогикалық сихология» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар

Басылым №




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Педагогикалық психология»

«5В050300» – «Психология» мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



Семей

2013




Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық жұмыс (проект)

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ




Термин атауы

Термин мазмұны

1

Ақыл-ой әрекеті

Сананың ішкі жоспарында орындалатын адам әрекеті.

2

Ақыл-ой іс-әрекеті

Адамның танымдық жан қуаттарының жалпылама атаулары

3

Аналогиялық экспермиент

Грек тілінен аударғанда ұқсас, тура деген мағынада қолданылады, эксперименттік зерттеуге алынған объектілердің ұқсастығы.

4

Анализатор,

талдағыш


Организмнің сыртқы және ішкі ортасынан келетін тіріркендіргіштерді талдау және синтездеу қызметін атқаратын жүйке аппараты.

5

Анкета

Зертетудің негізгі міндетімен логикалық түрде байланысты сұрақтар жүйесінен тұратын алғашқы әлеуметтік-психологиялық ақпараттарды алудың әдістемелік құралы.

6

Ассоциация

(лат.)1) неғұрлым жалпы мағынасы – екі (не одан да көп) элементтердің арасындағы анықталған кез келген функциялық байланыс.

5) Психологияда - сыртқы және ішкі тітіркендіргіштердің әсер етуінен туатын адамның психикалық процестері мен қимыл- әрекеттерінің байланысы.



7

Әлеуметтік мотивтер

Оқушының басқа адамдармен әр түрлі өзара әрекеттерге түсуі.

8

Әлеуметтік ынтымақтасу мотиві

Оқушы басқа адамдармен қарым-қатынас жасап және өзара әрекеттескісі ғана келмей, сонымен қатар, сынып бойынша жолдастарымен немесе мұғаліммен өзінің ынтымақтастығының және өзара әрекетінің формасын сапалауға, талдауға, бұл формаларды әрқашан жетілдіруге ұмтылады.

9

Әлеуметтік ұстаным

Субъектінің мінез-құлық стилін анықтайтын топ ішіндегі орны.

10

Әрекеттің бағдарлаушы негізі

Орындалатын немесе жүзеге асатын әрекеттің мақсаты, жоспары және құралдары жайлы адамның түсініктерінің жүйесі. Бұл терминді П.Я.Гальперин енгізді (ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы).

11

Бағдар

Белгілі бір объектінің қайта жаңғыртлуы жағдайында соған бағытталған әрекетке дайындық күйі.

12

Бақылау

Жұмыстың басталуы алдында болатын бақылау

13

Бихевиоризм

ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптасқан психологияның пәні ретінде сырттай бақыланатын, мінез-құлықты түсінетін механикалық түсініктегі психологияның классикалық бағыттарының бірі.

14

Өзін-өзі болжаушы, перспективалы, жоспарлаушы генетикалық әдіс

Грек тілінде туылуға, шығу тегіне тқатысты айтылады. Психогенетика адамның жеке психологиялық ерекшеліктерінің пайда болуын, олардың қалыптасуында орта мен генотип рөлін анықтау болып табылады.

15

Елес

Бұрын қабылданған заттардың мидағы жалпылама бейнелері

16

Жастық дағдарыстар

Шұғыл психологиялық өзгерістермен сипатталатын онтогенездің салыстырмалы қысқа мерзімді (шамамен бір жылға дейін) айырқша кезеңі.

17

Жасөспірімдік кезең

Балалық шақтан балаң жасқа өту кезеңі (11-15 жас аралығын қамтиды).

18

Жетекші іс-әрекет

Тұлға дамуының берілген кезңінде оның психикалық қасиеттерінде мәнді өзгерістер тудырып, психологиялық жаңа түзілістердің пайда болуын шарттандыратын іс-әрекет түрі.

19

Иллюстративтік рөл

Жаңа материалдарды меңгерту кезінде көрнекілікті рөлді пайдалану.

20

Индивид

1)жеке табиғи мақұлық ретінде Адам, Homo sapiens өкілі, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өкілі;

2)адамзат қауымының жеке өкілі.



21

Индукция

Білімнің жеке-жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай ілгерілеуі. Индукция дедукциямен тығыз байланысты.

22

Интериоризация

Сыртқы әлеуметтік қызметтің игеруі арқасында адам психикасының ішкі құрылымындарының қалыптасуы.И.ұғымын француз психологтары П.Жане,Ж.Пиаже, А.Валлон т.б. енгізді.

23

Кең әлеуметтік мотивтер

Білім алуға ұмтылу. Отанға, қоғмға қажетті болу, өзінің міндеттерін орындауға ықылас, оқудың қажеттілігін және жауапкершілік сезімін түсіну.

24

Кинестезиялық түйсік

(грек)дененің жеке мүшелерінің бір күдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. К.т.кейде қозғалыс түйсігі деп атайды.

25

Қадамдық, операциялық өзін-өзі бақылау

Жұмыстың барысын бақылау

26

Қарым-қатынас

Бірлескен іс-әрекет қажеттілігімен және ақпарат алмасумен тудрылатын адамдар арасындағы байланыс орнатудың күрделі, көпсатылы процесі.

27

Қорытынды өзін-өзі бақылау

Жұмыстың нәтижісі бойынша бақылау

28

Қызығушылық

Тұлғаның іс-әрекет мақсатын саналауға бағыттылығын қамтамасыз ететін танымдық қажеттіліктердің көрініс табу түрі.

29

Логика

(гр) – философияның нормативті саласы; ойлаудағы сәйкестік критерийіне, дұрыс предикация заңдарына, ой тұжырымдау принциптеріне қатысты.

30

Мақсат

Бұл оқу іс-әрекетіне кіретін жекелеген әрекеттерді орындауға оқушының бағыттылығы.

31

Манипуляция

(гр) жануарлардың кеңістіктегі орта компоненттерінің барлық формаларымен белсенді араласуын қамтитын қимыл-қозғалыс белсенділігінің туындауы.

32

Мотивация

Тұлғаның мотивтер жүйесі

33

Өзін-өзі бағалау

Оқушының оқу кезеңдерінің өзі үшін тең өлшемін бағалау.

34.

Оқу іс-әрекеті

Ғылыми түсініктерді меңгеруде әрекеттің қорытынды тәсілдерін игерудің өзінің мазмұнына кіретін , бағытталған іс-әрекет (Д.Б.Эльконин).

35

Психикалық жаңа құрылымдар

әрбір жас кезеңінде психикалық даму нәтижісінде қалыптасатын оның бүкіл алдыңғы дамуын анықтайтын сапалы өзгерістер.

36

Разряд

Ондық бөлшектердің өлшемдік дәрежесі

37

Рефлексия

(лат) субъектінің психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі.

38

Тест

Сынақ.

39

Топ

әлеуметтік ортадан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы бірлестігі.

40

Тұлға

өзіне-өзі тұтас дүниемен өзара қатынастарын ылғи баяндайтын және ойдағы әңгімелесушімен ішкі полемика барысында өзін-өзі анықтайтын, кінәлайтын, қоғайтын, өзін-өзі жетілдіріп, өзгертетін адам.

41

Ұғым

Заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы.

42

Ұстаным

Ақиқаттың белгілі бір жақтарына тұрақты қатынастар жүйесі


2 ДӘРІСТЕР

1-тақырып: Педагогикалық психология ғылым ретінде

Жоспар:

  1. Педагогикалық психология пәні, мақсат-міндеттері

  2. Педагогикалық психологияның құрылымы

  3. Педагогикалық психологияның қалыптасу кезеңдері

1. Педагогикалық психология ұғымы зерттеушілердің пікірлері бойынша ғылыми айналымға 1877 жылы орыс педагогы П.Ф.Каптеревтің (1849-1922) «Педагогикалық психология» атты кітабы жарық көрген соң енгізілген.

Педагогикалық психология – оқыту мен тәрбиелеу барысында солардың болмысының даму заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін жүйелейтін психология ғылымының саласы.

«Педагогикалық психология жалпы психологияның заңдылықтарын, баланың оқу – тәрбие ісінде психикасын түсінуге тікелей әкеліп қана қоймай, оқушының психикасын оқу әрекеті үстінде зерттеп, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын өзінше бөлек мақсат деп есептейді» (Л.С.Выготский).



«Педагогикалық психология білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру заңдылықтарын, осы процестердегі жеке даралық өзгешеліктерді, оқушылардың өз бетімен шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын өзгерістерді зерттейді» (В.А.Крутецкий).

«Педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді» (А.В.Петровский).

«Педагогикалық психология белгілі даму кезеңдеріне сәйкес қоғамда қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін меңгеру заңдылықтарын зерттейді.Сонымен қатар ол үйрету процесі мен даму процесі арасында байланыс орнатып, қандай жағдайда үйрету даму мүмкіндіктерін тудыратындығын анықтайды» (Т.В.Габай).

«Педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы адамның даму заңдылықтарын зерттейді» (Л.И.Божович).

«Әлеуметтік – мәдени тәжірибені адам тарапынан игеру фактілері, механизмдері, заңдылықтары және осыдан туындаған оқу әрекеті субъектісі ретінде адамның интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму деңгейіндегі өзгерістерді меңгеру, білім беру процесінің әр түрлі жағдайда ұйымдастарылуы педагогикалық психологияның пәні болып табылады» (И.А.Зимняя).



«Педагогикалық психологияның пәні – білім алушы, тәрбиеленуші сондай-ақ, осы оқыту мен тәрбие процестерін ұйымдастырушылар (педагог,тәрбиеші) тарапынан оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу» (И.Логвинов, С.Сарычев,А.Силаков).

«Педагогикалық психология балалар психикасының оқу – тәрбие жұмысындағы өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, мектеп тәжірибесінің дамуына үлес қосып отырады. Педагогикалық психология сабақ үстінде оқу материалдарын балалар қалай ұғынады, не тәрбие жұмысында үлкендердің тілін алып, тәртіп сақтауға қалай көнеді, міне осымен шұғылданады.Осыған орай педагогикалық психология бұл мәселелермен айналыса отырып, өзінің ізденетін объектісін мынадай үш түрге бөледі: оқыту психологиясына, тәрбие психологиясына және ұстаздық психологияға» (М.М.Мұқанов).

Педагогикалық психология тәрбие мен оқытудың психологиялық заңдылықтарын зерттейтіндіктен осы ұғымдарға тоқтала кетейік.



Тәрбие мен оқытуға әр тұрғыда түсінік берілгенімен олар педагогикалық әрекеттің бір – бірімен тығыз байланысқан екі жағы. Ақиқатта тәрбие мен оқыту үнемі бірге жүзеге асырылады, сондықтан оларды бір-бірінен ажырату да мүмкін емес. Баланы тәрбиелей отырып, біз оны бірдеңеңге үйретеміз,оқытамыз,оқыта отырып тәрбиелейміз. Әйтсе де, мақсаттары, мазмұндары, әдістері және т.б әр түрлі болғандықтан болар осы прцестер педагогикалық психологияда жеке – дара оқытылады. Мәселен, оқыту әдістері адамның әлемді,материалдық мәдениетті қабылдауымен түсінуіне негізделсе, тәрбие әдістері – адамның адамды, адам моралын, рухани мәдениетті қабылдауы мен түсінуіне негізделген.

Тәрбие көбінекей адамдардың өзара іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады да дүниеге көзқарасты, мотивацияның және жеке тұлғаның мінезін дамытуды, сондай – ақ оның қасиет – сапалары мен адами қылықтарын қалыптастыруды көздейді. Оқыту пәндік теориялық және практикалық іс-әрекеттің әр түрлері арқылы жүзеге асырыла отырылып, баланың интеллектуалдық және когнитивті дамуына бағытталған.

Педагогикалық психологияның зерттейтін мәселелері:

  • Оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы мәселесі;

  • Дамудағы сензитивтік кезең мәселелері;

  • Балалар дарындылығы мәселесі;

  • Бала дамуының жүйелік сипаты және педагогикалық ықпал етудің кешенділігі мәселесі;

  • Баланы педагогикалық қараусыз қалдыру мәселесі;

  • Балаларды мектептегі оқуға даярлау мәселесі;

  • Оқытуды жекелендіру (индивидуалдандыру) мәселесі;

  • Психологиялық – педагогикалық диагностика мәселесі;

  • Мұғалім мен тәрбиешіні психологиялық – педагогикалық даярлау мәселесі;

  • Әлеуметтік адаптация және әлеуметтік реабилитация мәселелері және т.б.

Педагогикалық психологияның міндеттері:

  • Оқу – тәрбие процесінде білім алушылардың интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін зерттеу,анықтау;

  • Білім алушылардың әлеуметтік – мәдени тәжірибені, оның құрылымын меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, өзіндік санасында сақтау;

  • Оқыту мен тәрбиелік әсер ету форма, әдістерінің білім алушының интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму деңгейлері арасындағы байланысына әсерін анықтау;

  • Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің интеллектуалдық, жеке тұлғалық дамуы мен іс-әрекеттің психологиялық негізін зерттеу;

  • Дамыта оқытудың фактілерін, заңдылықтарын, механизмдерін анықтау;

  • Білімді меңгеру, заңдылықтарын, шарттарын, критерийлерін (өлшем), осылар негізінде іс-әрекеттің құрамын анықтау;

  • Меңгерудің диагностикалық деңгейі мен сапасының психологиялық негізін анықтау және білім беру стандартына сәйкестендіру.

  • Педагогикалық психология принциптері:

  • Детерминизм принципі;

  • Сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципі;

  • Жеке тұлғаның дамуы принципі және т.б.

2. Педагогикалық психология құрылымы:

  • Оқыту психологиясы;

  • Оқу психологиясы;

  • Тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы;

  • Педагогикалық іс-әрекет және ұстаз тұлғасы психологиясы.

  • Оқыту психологиясы

Пәні: Жүйелі оқыту (білім беру) жағдайында танымдық сфераның дамуы.

Негізгі міндеттері:

  • Әр түрлі дидактикалық жүйе жағдайында танымдық әрекеттің ерекшелігін ажырататын сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын ашу;

  • Оқыту жағдайында мотивациялық жіне тұлғалық дамудың өзара байланысын зерттеу;

  • Баланың дамуы мен оқыту процесін басқару мүмкіндіктерін ашу;

  • Оқыту тиімділігінің психологиялық – педагогикалық критерийлерін бөліп алу.

  • Тәрбие психологиясы

Пәні: Бала мен ұжым іс-әрекеттерін мақсатты үйымдастыру жағдайында жеке тұлғаның дамуы.

Негізгі міндеттері:

  • Оқушының мотивациялық сферасы мазмұнын, оның бағытын,адамгершілігін,т.б, зерттеу;

  • Әр түрлі жағдайда тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілердің өзіндік санасының ерекшелігін анықтау;

  • Балалар мен жасөспірімдер ұжымының құрылымы мен олардың жеке тұлғаның қалыптасуына әсерін зерттеу.

  • Педагогикалық іс – әрекет және ұстаз психологиясы

Пәні ; Кәсіптік педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының психологиялық аспектілері, сондай-ақ осы әрекеттің қарқынды дамуына немесе тежелуіне әсер ететін жеке тұлғалық ерекшеліктер.

Негізгі міндеттері:

  • Педагогтың шығармашылық әлеуетін және олар арқылы педагогикалық стереотиптерді жою мүмкіндіктерін анықтау;

  • Ұстаздың эмоционалдық тұрақтылығын зерттеу;

  • Ұстаз бен оқушы қарым – қатынасы даралық стилінің оңды ерекшеліктерін анықтау.

  • Педагогикалық психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы. Педагогикалық психологияның басқа ғылым салаларымен байланысу себептері:

Біріншіден, ол ғылыми білім үшбұрышының ортасында орналасқан жалпы психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады.Ғылыми білім үшбұрышының Б.М.Кедров ұсынған түсіндірмесі (оның шыңы – жаратылыстану ғылымдары,оның тағандарының бұрыштары – философия және қоғамдық ғылымдар, ал ортасында осы ғылымдармен психология түйісіп тұр).

Екіншіден,білім беру процесі өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені тасымалдаушы болып табылатындығында және осындай мәдениетте өркениеттік білімдердің таңбалық,тілдік формада шоғырлануында.

Үшіншіден, пәннің өзі танып білуші, тануға үйретілуші, басқа да көптеген ғылымдар тарапынан зерттелетін адам болып табылуында.

  • Педагогикалық жас ерекшелігі психологиясының өзара байланысы зерттелу объектісі – бала, жеткіншек,жасөспірім – ортақтығымен түсіндіріледі.Жас ерекшелігі психологиясы әр жас кезеңдеріндегі адам психикасының дамуын зерттесе, педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы адамның даму заңдылығын зерттейді.

  • Жас ерекшелігі психологиясының принциптері:

  • Белгілі бір жас кезеңі жеке дара зерттелмейді, ол жалпы тенденция бойынша осы жасқа дейінгі мен кейінгілерді ескере зерттеледі;

  • Жас ерекшелігі (хронологиялық шеңбер және мазмұн) статистикалық емес, олар қоғамдық – тарихи факторлар арқылы анықталады;

  • Әрбір жастың қоршаған ақиқат орта мен өзінің іс-әрекетіне қатысты ұйымдастырылған даму резервтері болады;

  • Бір жастан екінші жасқа өту ондағы психологиялық жаңа сапалардың қалыптасуымен, яки басты әрекет типінің өзгеруімен, дамудың әлеуметтік жағдаяттарымен, адамның қоршаған ортамен қатынас типімен және т.б. анықталады.

3. Педагогикалық психологияның қалыптасу кезеңдері.

I кезең. XVIIғ.ортасы – XIX ғ.аяғы (жалпы дидактикалық) Ян- Амос- Коменский (1592-1670), Жан – Жак-Руссо (1713-1778), Генрих Песталоцци (1746-1827), Иоганн Гербарт (1776-1841); Адольф Дистервег (1790-1866), П.Ф.Каптерев (1849-1922). Қарастырылған проблемалар даму,оқыту және тәрбие ұғымдарының өзара байланысы,оқушының шығармашылық белсенділігі,баланың қабілеттілігі және оны дамыту,мұғалімнің рөлі,оқытуды ұйымдастыру.Демек, аталған ұғымдардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге алғашқы әрекеттердің жасалуы.

II кезең. XIX ғасырдың аяғы мен ХХғ.ортасы.Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы кезең ғалымдарының педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық , психофизиологиялық, эксприменталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады.А.П.Нечаев, А.Бине (1896-1990) мен француз психологы Бергсон Анри (1859-1941),М.Оффнер, Э.Мейман,В.А.Лай,Г.Эббингауз, Женевадағы генетикалық психология мектебінің негізін салушы швейцар психологы Ж.Пиаже (1886-1980), француз психологы Анри Валлон (1872-1962), Дж.Дьюи (1859-1952), С.Фрэне өз зерттеулерінде есте сақтау ерекшеліктері, тіл дамыту,интеллектіні дамыту,дағды қалыптастыру ерекшеліктері және т.б. мәселелерді қарастырды.

ІІ кезең ерекше психологиялық-педагогикалық бағыт - педологияның пайда болуымен сипатталады.Педология (грек. Paidos-бала, logos- ілім) ұғымын 1893 жылы американдық психолог О.Хризман ұсынды.Осы ағымның негізін қалаушылар - С.Холл, Дж.М.Болдуин, Э.Киркпатрик, неміс психологы Эрнст Мейман (1862-1915), В.Прейер,П.П.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934) және т.б. Бұл ағымның мазмұның жасөспірімдердің дамуы туралы психологиялық анатомиялық – физиологиялық,биологиялық,әлеуметтік сияқты көзқарастардың жиынтығы құрады.



Негізгі идеясы: бала – тұтас жүйе. Ол жеке – жеке зерттелуге, демек бір бөлігін физиология, бір бөлігін психология, бір бөлігін неврология зерттеуге тиіс емес.

  • Баланы оның психикасына ғана емес, дамудың антропоморфиялық көрсеткішіне әсер ететін әлеуметтік ортасын ескере отырып қана зерттеуге болады.

  • Бала туралы ғылым теориялық қана емес, практикалық та болуы тиіс.

  • Баланы, оның үнемі даму үстінде екендігін ескерген кезде ғана түсінуге болады.

Генетикалық принцип дамудың динамикасы мен тенденциясына зейін қоюды білдіреді.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет