4-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын.
51. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
21-баптың 2-1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) тасымалдаушының мөрі (ол болған кезде).».
52. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) көлiк құралының иесi - көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 25-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сақтанушының (сақтандырылушы) немесе көлік құралын басқаратын адамның жүргізуші куәлігінің көшірмесі және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.».
53. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 67-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын ақпаратты алу және шарттың талаптарын орындау кезiнде құжаттарға қол қою құқығы бар эмитент өкiлдерiнiң, эмитент мөрiнiң (ол болған кезде) бедерi бар қолтаңба үлгiлерiнiң карточкасын ұсынуға мiндеттi. Бұл карточка нотариаттың куәландыруына жатады.»;
2) 108-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
54. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 13-баптың 16) тармақшасы алып тасталсын;
2) 54-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«54-1-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы Заңның 1-бабының 2) және 9) тармақшаларында белгiленген, автовокзалдар мен автостанциялар аумағының алаңына қойылатын талаптар 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалануға қабылданған автовокзалдар мен автостанцияларға қолданылмайды.
2. 37-баптың 1-1-тармағының қолданысы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
55. «Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 19-20, 149-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 4, 95-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, дәрiлiк заттардың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
2) 4-бап алып тасталсын;
3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Уәкілеттi органның құзыреті
Уәкілеттi орган өз құзыретi шегінде:
1) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргізедi;
2) йод тапшылығы ауруларының тiзбесiн бекiтедi;
3) йод тапшылығы ауруларының алдын алу бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру жөнiндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңнамасы талаптарының орындалуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2) өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімінің жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;
3) тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн йодтау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгiлейдi;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:
1) балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарын, бiлiм беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарын йодталған ас тұзымен және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделеріне орай, Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 9-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы өкілеттiктерi»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:»;
7) 11-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндiру және өткiзу тәртiбiн халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.».
56. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-бапта:
1 және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік жарнама - адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;
1-1) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;»;
мынадай мазмұндағы 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) жарнама құрылысы - жарнама бейнесі мен жарнамалық ақпаратты салуға, орналастыруға немесе бейнелеуге арналған әртүрлі көлемді немесе тегістікті сыртқы (көрнекі) жарнама оъектілері, оның ішінде электрондық және бейнесуреттерді көрсетуге арналған экрандар мен электрондық таблолар;»;
«1-3) сыртқы (көрнекі) жарнама - жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған және елді мекендер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі ашық кеңістікте көруге болатын жарнама;»;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) маңдайша - ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі жеке және заңды тұлғалардың меншікті (жалдайтын) ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыстарының шегіндегі шатырлар мен қасбеттерде орналастырылатын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың қызмет түрі туралы ақпарат.»;
мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) нұсқағыш - жерде немесе байланыс желісі мен жарық беру тіреулерінде орналастырылған, ұйымның, сауда объектісінің немесе өзге де объектінің тұрған жерін көрсететін және оған тікелей жақын жерде орналасқан, оның атауы туралы ақпарат, оны дараландыру және навигация құралдары бар, екі шаршы метрді қоса алғанға дейінгі көлемдегі жарнама құрылысы.»;
8) тармақша алып тасталсын;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Әлеуметтік жарнамада, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың нақты таңбалары (модельдері, артикульдері), тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері туралы және оларды дараландырудың өзге де құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтуға жол берілмейді.
Белгіленген шектеулер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды. Әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айтуға жол беріледі.
Радиобағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада демеушілер туралы айту ұзақтығы әрқайсысы туралы - үш секундтан, телебағдарламаларда, кино және бейне қызмет көрсету кезінде таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан аспауға тиіс және мұндай айтуға - кадр алаңының жетіден аспайтын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен аспайтын пайызы бөлінуге тиіс. Көрсетілген шектеулер әлеуметтік жарнамада өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды.»;
3) 7-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке тұлғалардың нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, кәсiбiне, әлеуметтiк жағдайына, жасына, жынысына, дiни және саяси нанымына қатысты қорлайтын сөздердi, теңеулердi, бейнелердi пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылдаған iзгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтiндiк, көрiнiстi, дыбыстық ақпаратты қамтитын;»;
4) 11-баптың 1 және 1-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру осы баптың 2 - 7-тармақтарында көзделген тәртіппен, плакаттар, транспаранттар, жалаулар, стендтер, жарық беруші таблолар, билбордтар, стеллалар, нұсқағыштар, афишалар түрінде және жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде жарнама бейнелері мен жазбаларын салу мен жазудың өзге де тәсілдерімен жүзеге асырылады.
1-1. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне сауда объектілері, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық көрсетілетін қызметтер саласының объектілері орналастыратын мынадай жарнама объектілері:
маңдайша;
жұмыс режимі туралы ақпарат;
жайма сөрелер мен терезелерді сырттан көзбен көру үшін мынадай:
тауар өнімінің үлгілері;
жеке дараландыру құралдары;
декоративті және мерекелік безендіру сипатындағы сыртқы немесе ішкі безендіру жатпайды.»;
5) 17-2-бап мынадай мазмұндағы екінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдарға сыртқы (көрнекі) жарнаманы реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға тыйым салынады.»;
«Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру фактілерін фото немесе бейнетіркей отырып, байқау арқылы бақылаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.».
57. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) бақылау және қадағалау органдарының тексерулерін үйлестіреді;»;
2) 12-баптың 3-тармағының 18) тармақшасындағы «сұрау салуларды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «сауалдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«19) бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жіберетін хабарламаларды;
20) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органдарының бақылау объектілеріне (субъектілеріне) баруымен жүргізілген бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын арнайы есепке алуды жүзеге асырады.».
58. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
1) 12-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Туристік қызметтер көрсету аумағы туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу аумағы болып табылады.»;
3) 20-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы алып тасталсын.
59. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
5-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы алып тасталсын.
60. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
Достарыңызбен бөлісу: |