Қазақстан республикасынын білім және ғылым министрлігі


Электрондық сандық қолдың жұмыс жасау принциптері



бет9/13
Дата23.01.2023
өлшемі63,27 Kb.
#166121
түріМазмұндама
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
желі практика Азиза
тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар, тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар, Автоматтандырылған басқару жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлері, Tema-4-Arhitektura-EVM, osn mpt uch p, Вариант №1, Технологии, Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу, Алгоритм практика Азиза 2пвт (1), 2пк, 8, 1пк, «Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «, «Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «
Электрондық сандық қолдың жұмыс жасау принциптері
Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) – бұл электрондық құжаттың деректемесі, жасанды көшірмеден осы электрондық құжатты қорғау үшін арналған. Электрондық сандық қолтаңба ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АҚҚҚ) пайдалануымен ақпаратты қайта жасау нәтижесінде қалыптасады және кілттің қол қою сертификатының иесін сәйкестендіруге, сондай-ақ электрондық құжатта ақпараттың бұрмалануының жоқ болуын белгілеуге рұқсат етеді
Электрондық сандық қолтаңба – бұл заңды тұлғаның өз қолтаңбасының нақты электронды көшірмесі. ЭСҚ электронды құжаттың заңды күшіне енуіне арналған. Ол құжатты жасанды көшірмеден қорғайды.
Ұлттық куәландыру орталығының сертификаты бойынша электрондық қолтаңба Сізге билікпен, барлық деңгейдегі кәсіпорындар және ұйымдармен қарым-қатынастарға жол ашады.
ЭСҚ пайдаланушысына ашық және жабық криптографиялық кілттер беріледі.
Құпия кілттің көмегімен электрондық құжаттарды шифрлеу жүргізіледі және электрондық сандық қолтаңба қалыптасады. Құпия кілт пайдаланушыда қалады және оған дискета, смарт-карта немесе флеш-карта арқылы тасымалдауға берілуі мүмкін. Оны басқа да жүйені пайдаланушылардан құпия сақтау керек.
ЭСҚ шынайылығын тексеру үшін ашық кілт қолданылады. Қазақстан Республикасы Куәландыру орталығында ашық кілттің дубликаты бар, ашық кілттердің тіркеу куәліктерінің кітапханасы құрылған.
Куәландыру орталығы ашық кілттерге тіркеу және бұрмалау мен жасанды түрлерін жасаудан сенімді сақтауды қамтамасыз етеді.
Ашық кілт тек жабық кілтпен бірге ғана жұмыс істейді.
Электрондық қолтаңбамен жұмыс жасау қиындық туғызбайды және ол үшін арнайы білімнің қажеті жоқ.
Мысалы, сіздің жылжымайтын мүлікті иелену анықтамасын алуыңыз керек. Ол үшін электронды үкімет порталы - www.e.gov.kz сайтына кіріп, тіркеліңіз. Тіркелген соң сайтта сіздің «Жеке кабинетіңіз» пайда болады. Осы жерден «Азаматтарға қызмет» бөлімін таңдаңыз, тізімде керекті анықтаманы іздеңіз. Тапқан соң арнайы үлгідегі тапсырысты толтырып, өзіңіздің электрондық қолтаңбаңызбен қол қойып жіберіп, Әділет министрлігінен жауап күтесіз.
Ең көбі 5 күннен кейін сізге заңды анықтама келеді, оны сіз принтерден басып шығарып алып, тиісті мекемелерге ұсына аласыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет