888-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуынкейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту
Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан айыру немесе айыппұл түрінде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының заңда белгiленген мерзiмдерде орындалуы мүмкiн болмайтын мән-жайлар болған кезде, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган өзiне қатысты қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген адамның арызы бойынша қаулының, нұсқаманың орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |