Қазақстан ресубликасының білім және ғылым министрлігі



бет1/4
Дата27.08.2017
өлшемі0,89 Mb.
#29773
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 деңгей құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042–18-9.1.72/03 -2013


ПОӘК

«Сапа жүйесі» пәнінің бағдарламасы


18.09.2013ж.

1 баспа



6М073200 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»

мамандағына арналған


«САПА ЖҮЙЕСІ»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013

МАЗМҰНЫ
1. Дәрістер

2. Тәжірибелік сабақтар

3. Магистранттардың өздік жұмыс тақырыптары

1 ДӘРІС


Тақырып: Сапа концепциясы: анықтамасы мен құрылымы. Сапаны басқару жүйесінің принциптері.

Жоспар:

1. Сапаның қазіргі заманғы конценциясы.

2. Сапаны басқару принциптері.
1. Сапа – бұл бекітілген немесе болжанған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетіне жататын объектінің сипатының толық жиынтығы.

Сапаны төрт кілттік аспектіге бөлу қабылданған: нарықтық талаптар мен болжамдарға сәйкестігіне негізделген сапа. Сапаның бұл аспектісі тұтыныушының қажеттіліктері мен болжамдарын олардың тұтынушы талабын қанағаттандыру және нарықтың мүмкіндігін нақты талдау мақсатында, жобаны әзірлеу мен жоспарлау сапасын тиімді анықтау мен тұтынушының қажеттілігі мен мүмкіндіктерін өзектендіру арқасында жетеді.



Екінші аспекті жобаның өзі мен оның өнімдерін мұқият дайындау арқасында жететін сапа; жоспарлық құжатқа сәйкес жоба бойынша жұмыс орындау сапасы; тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар үшін өндірістік құндылықтар мен жоба өнімдерінің әзірленген сипаттамасын қамтамасыз ету және жоспары бойынша жобаны жүзеге асырудың сәйкестігін қолдау бойынша қамтамасыз етілетін сапа.

Сапа менеджментінің қазіргі заманғы концепциясы өзінің негізінде келесідей негіз қалаушы принциптері бар: сапа – жобаның тұтас бөлінбейтін элементі; сапа – бұл дайындаушы емес, ол тұтынушының айтқаны; сапа жауапкершілігі адресті болуы тиіс; сапаны нақты арттыру үшін жаңа технологиялар қажет; сапаны тек кәсіпорынның барлық жұмысшыларының күш салуы арқылы арттыруға болады; үрдісті бақылау нәтижеден қарағанда тиімдірек; сапа жөніндегі саясат кәсіпорынның жалпы саясатының бөлігі болуы тиіс.

Бұл принциптер сапаны басқарудың ең танымал және әдістемелік мықты бағытының негізі – сапаны жалпыға бірдей басқаруда жатыр.

Жетекшілік рөлі. TQM принциптері негізіндегі сапаны басқару бойынша шараларында ең басты рөл басшылыққа беріледі. Басшылық құрылысты басқару бойынша іс-әрекеттерді басқаруы тиіс. Ол жүйені қалтқысыз ұстанып, оның құндылығына сенуі тиіс. Басшылық сапаны басқару жүйесін жобаны басқарудың жалпы моделіне біріктіруі тиіс. Басшылық стилі авторитарлық, әкімшіліктен кооперативтік, либералдыққа алмасуы тиіс. Негізгі назар – клиенттерге. Клиентетрмен өзара әрекеттің тиімділігін арттыруда жобаның ақпараттық жүйесі үлкен рөлге ие, ол, сөзсіз, негізгі клеинттердің ақпарттық жүйесімен үйлесімді болуы тиіс.

Стратегиялық жоспарлау. TQM-да жалпы жоспарлау үрдісіне үлкен мән беріледі және стратегиялық жоспарлауға жартылай. Бұл ретте тек дәстүрлі өндірістік-шаруашылық мақсаттарға жету ғана жоспарланбайды, сонымен қатар соңғы уақытқа дейін, тұтынушылардың қанағаттануы деңгейі, компанияның оңтайлы іскерлік бейнесі, сауда белгілерінің мәртебесі ретінде, сезiлмейтiн және өлшенбейтін ретінде қарастырылған мақсаттарға жету де жоспарлануда.

Барлық қызметкерлерді тарту. TQM-да үлкен жауапкершілікті төменгі деңгейдегі басқаруға табыстау ұсынылады.

Бұл ретте қызметкерлер олар үшін мұндай жауапкерішілікті қабылдау үшін арнайы дайындалған болуы тиіс. Қатардағы қызметкерлердің жауапкершілігін артыруда кері байланыс рөлі артады, ол кәсіпорынның негізгі ақпараттық жүйесін құрайды.

Әрине, мұндай бағыт дәстүрлі басқарудың қажеттілігін алып тастамайды, бірақ басқарудың жоғары деңгейлеріне арналған стратегиялық тапсырмаларды шешу үшін көп уақыт қалдырады. Бұдан басқа, әлеуметтік және психологиялық факторлар да маңызды рөлге ие. Өзіндік бақылау мен әріптестер тарапынан бақылау үстіден формальды бақылағаннан қарағанда тиімдірек жұмыс істейді.

Қызметкерлерді дайындау. Функционалдық мүмкіндіктерді байыту мен өкілеттіктерді кеңітуде қызметкерлерді үнемі дайындаудың қажеттілігі туындайды, оған қоса тек тар мамандықты емес. TQM-да дайындаудың басқа жаңа сипаты оқытудың тиімділігін міндетті түрде бағалау.

Марапаттау мен мойындау. Жаңа жүйе жұмыс істеу үшін, ол мотивацияның сәйкес жүйесіне нығайтылуы тиіс. Бұл ретте ресми мадақтаулар мен мойындаулар ресми еместермен үйлесуі тиіс. Осылайша, сапа менеджменті жүйесі белгілі ұйымдастыру мәдениетін қалыптастыра отырып, басқарудың корпоративтік жүйесіне бірігеді.

Өнімдер мен қызметтерді әзірлеу. Тұтынушылардың үнемі өзгеретін және күрделетін қажеттіліктері мен болжамдарына теңбе-тең әсер етуі тиіс. Маңыздылары - дайындау сапасын жақсарту сияқты көрсеткіштер болып табылады, яғни дайындамалардың клиент талаптарына сәйкестігі, сонымен қатар дайындау-енгізу кезеңінің ұзақтығы.

Үрдісті басқару. TQM негіз қалаушы принципі болып нақты үрдістерге күшті шоғырландыру, әсіресе жобаның соңғы өнімінің сапасына тікелей әсер ететін процесстерге.

Жеткізушілер сапасы. Жеткізушілер өнімінің сапасына талаптар өзіңнің меншік талаптарыңа ұқсас. Сәйкесінше жұмысқа тиімді бақылау ұйымдастырып, қызметтерден уақытында бас тарту қажет.

2. Сапаны басқару принциптері.

Сапаны басқару жүйесін жүзеге асыру бойынша қазіргі заманғы әзірлемелерде негіз ретінде сапаны жалпыға бірдей басқарудың (TQM) 14 принципі қолданылады.

Өнімдер мен қызметтердің сапасын жақсарту процесстерін тұрақты мақсат ету. Бұл ретте ресурстарды тиімді орналастыруды, ұзақ мерзімді қажеттіліктерді қанағаттандыруды, өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін, бизнесті, жұмыспен қамтуды және жаңа жұмыс орындарын өсіруді қамтамасыз ету қажет.

Жаңа философияны қабылдау. Басқарудың стилін өзгерту қажет, ешқандай жағдайда компания ішіндегі қызмет процесстерінің, жүйелерінің сапасын үнемі жақсарту.



Жұмыстың тексеріске тәуелділігін тоқтату. Бұл үшін жаппай тексеруді сапаға жету тәсілі ретінде шеттету қажет. Бұл мақсатқа жету тек, егер де сапа сұрақтары өндіруші үшін бірінші орындау тұрған жағдайда ғана мүмкін.

Төменгі бағалар негізіндегі келісім-шарт бекіту тәжірибесін тоқтату. Бұл мақсатқа жету үшін сапаны бағамен өлшеу қажет (алатын төнімнің сапасымен салыстырылмаса, баға мәнге ие емес), өнімнің бір түрін жеткізу үшін бр жеткізушіні таңдау, сенім негізінде жеткізушімен ұзақ мерзімді қатынастар орнату.

Кәсіпорынның қызмет жүйесін үнемі жақсарту. Жоспарлау, өндіру және қызмет көрсету жүйелерін үнемі және үздіксіз жақсарту туындаған мәселелерді жылдам шешудді, сапаны үнемі жақсарту және өнімділікті арттыруды қарастыралы. Жүйені жақсарту нәтижесі: шығыс материалдарына, жобалауға, қолданылатын құралдарға, қызметкерді оқыту мен қайта дайындауға, сапаны бақылауға шығынды үнемі төмендету болып табылады.

Жұмыс орнында оқыту. Кәсіпорынның немесе мекеменің барлық қызметкерлерін жұмыс орнында оқытуды жүргізу үшін оқытудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу қажет. Басшылық тарапынан көмек институтын құру. Алға қойылған тапсырмалады шешуде қызметкерге көмке көрсету мақсатында басшылық институтын құру, яғни басқарма мүшелерінің басшы мен бағыныштылары арасындағы, олардың еңбек тиімділігі мен өнімділігін арттыру үшін екі жақты байланысты орнату қабілеті белсендіріледі.

Қорқынышты жою. Кәсірорын немесе мекеменің жұмысшысы өзгерістерден қорықпауы тиіс, ол оларға ұмтылуы керек. Кедергілерді жою, кәсіпкерлік кедергілер ұжымның жеке топтарға бөлінуніе кедергі болмауы керек. Ұйымның кадрлары бір команда ретінде әрекет етуі тіис. Тек осы жағдайда ғана сапаны үздіксіз қамтамасыз ету талаптары орындалуы мүмкін.

Бос ұрандардан аулақ болу. Бос лозунгтар қысқа уақыт аралығында ғана тиімді. Оған қоса, төменгі сапа ондағы адамдар жақсы жұмыс істей алмағандықтан емес, кәсіпорын немесе мекемедегі қолданыстағы жүйе оның кәсіптік қызметінің сапалы шартын қамтамасыз етпейтіндіктен.

Жұмысты басқару үшін сандық квоталарды шығарып тастау. Сандық квоталар кесімді жұмыстарға тән. Келісімді жүйе бір команда ретінде жұмыс істейтін ұжымда сапа мен өнімнің өсуін қамтамасыз ететін жүйемен алмастырылу қажет. Нақты компанияға, кәсіпорынға, мекемеге тиістімен мақтануына мүмкіндік беру. Егер шығарылатын өнім жақсы беделге ие болмаса,өз жұмысыңды мақтан ету қиын. Білім мен өзіндік жетілуді мадақтау. Кәсіби шеберліктің шыңына өз бетімен шығу, қызмет басаплдағы бойынша алға басу мамандардың құзыреттілігімен, білім деңгейімен анықталуы тиіс. Компанияны қайта құру бойынша жұмыста әрбір маманды тарту.

Сапаға қол жеткізу процессіне басшылықтың сенімділігі жетістіктің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Басшылық сапа мен өнімділікті арттыру процессінің декларациясымен шектелмеуі тиіс, әрекет ету керек.

Ең алғаш Э.Демингпен ұсынылған бұл принциптер мынадай шарттарда жүзеге асады:


  • Ұйымның адами ресурстармен дамуын басқару;

  • Басшының қоластындағылармен өзара әрекетін басқару;

  • Әртүрлі бөлімшелер арасындағы өзара қатынастарды басқару;

  • Қызметкерлердің мүдделерінің мотивациялық саласын басқару.

Стандарттың жаңа нұсқасында (ИСО 9000:2000) кәсіпорынның сапаны басқару жүйесінің талаптары түрінде сапа менеджментінің сегіз негізгі принциптері қабылданған.

1 принцип. Тапсырыс берушіге «фокус». Ұйым тапсырыс беругілерге тәуелді және сол себепті ағымдағы және болашақтағы тапсырыс берушінің қажеттілігін түсінуі, тапсырыс берушінің сенімін артуға ұмтылуы тиіс.

2 принцип. Басшылық (лидерлік). Басшылар ұйымның мақсаты мен стратегиясын орнатады; олар жұмысшылардың кәсіптік қызметінің кеңістігін, ортасын құрып, ұстайды, бұл қызметкерге масқатқа жетуге қатысуына мүмкіндік береді.

3 принцип. Қызметкердің қатысуы (тартылу). Қызметкер – ұйымның ең негізгі байлығы; қызметкерлердің ұйым қызметіне саналы, белсенді қатысуы қосымша табыс береді.

4 принцип. Үрдістік тәсілдеме. Ресурстарды және қызметтерді басқару процесс ретінде қарастырылғанда, қалаған нәтижег қол жеткізу біршама тиімдірек. Үрдістік тәсілдеме ұйымға өзара байланыс қызметін орнатуға және байқауға көмектеседі.

5 принцип. Менеджментке жүйелік бағыт. Берілген мақсаттарға жеткенде өзара әрекет ететін процесстерді сәйкестендіру, түсіну және басқару ұйымның тиімділігін, экономикасын жақсартады.

6 принцип. Үздіксіз жақсарту. Қызметті үздіксіз жетілдіру ұйымның тұрақты мақсаты болуы тиіс.

7 принцип. Дерек негізінде шешімдер қабылдауға бағыт. Тиімді шешімдер мәліметттерді, ақпараттарды және құзыреттілікті фактологиялық талдауға негізделуі тиіс.

8 принцип. Жеткізушілермен өзара тиімді әріптестік. Ұйымдардағы сапаны басқарудың барлық процесстері нәтиженің мақсатынан бастап бағасына дейінгі толық қызмет кезеңін құрайтын қызметтерден тұрады.: мақсатты болжалдау, бағдарламалау (жоспарлау арқылы жобалау), бағдарламаны, талдауды және бақылауды (баға) жүзеге асыру.


Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Сапаға анықтама беріңіз.

2. Сапаны басқару принциптерін атаңыз.

2 ДӘРІС



Тақырып: Сапа категориясының көп аспектілігі. Сапаны арттырудың мәні.

Жоспар:

1. Сапа категориясының көп аспектілігі

2. Сапаны арттырудың мәні.
1. Сапа бұл - орнатылған немесе болжанған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетіне жататын объектінің толық сипатының жиынтығы. Сапаның бірнеше аспектілері бар. Оларды қарастырсақ.

Сапа түсінігінің философиялық аспектісі.

Сапа дүниенің барлық жақтарын төмендетеді және адамдардың әлеуметтік құрылымы мен қызметінің негізгі факторы болып табылады. Сапалық сипат сонымен қатар адам мәнін, рухани мәдениетті түсіну үшін негізгі мәнге ие. Осылайша, сапа табиғи және әлеуметтік дүниенің толықтығын және оның көптүрлілігімен негізделген. Сапа бұл өзінің негізінде арнайы болмысына ие болатын заттың, нәрсенің, құбылыстың, үрдістің анықтылығы болып табылады және басқа заттардың, нәрселердің, үрдістердің және құбылыстардың көптүрлілігінен туындайды. Сонымен қоса сапа заттың болмыстан бөлінбейтін оның мәндік айқындылығын көрсетеді, соның арқасында ол басқа зат емес, дәл осы зат болып табылады. Әдетте сапаның мәнін талдау осыған тоқталады. Бірақ заттың айқындылығы дегеніміз не? Біріншіден, заттың сыртқы анықтылығы, оның пішіні, осы және басқа қасиеттері, сипаттары барр. Ішкі анықтылық негізіндегі Сезімдік қабылдау деңгейінде адамда (жануарларда да) заттарды ажыратумен бөлу қабілеті бар. Заттардың айырмашылығы ең алдымен олардың қасиеттері негізінде қабылданады. Екіншіден, заттардағы (құбылыстардағы, үрдістердегі) ең маңызды және мәнділері жүйе, құрылым, қызмет және т.б. категориялар қатары негізінде ашылатын ішкі аайқындылығында болады. Заттың ішкі айқындылығының синтетикалық сипаттамасы оған сапалық өзіндік ерекшелік тұтастығы болып табылады. Осылайша, сапа бұл заттың (құбылыстың, үрдістің) ішкі және сыртқы айқындылығы, оның тұтастығының негізгі сипаты болып табылады. «Сапа» категориясының мәнін, оның логикалық мазмұнын айқындау үшін оның генезисін қарастыруға тоқталайық. Жалпыланған күйде адамзат санасының күрделі және көпқырлы тарихында сапаны түсінудің келесідей көптеген кезеңдерін бөлуге болады:


  • Субстратты – ежелгі мәдениетке тән және негізгі космостық стихия, «болмыс стихиясына»: от, су, жер, ауа және т.с.с. сипатына апаратын;

  • Заттық – өндірістік қызметтің әсеріне, ғылыми және техникалық пәндердің қалыптасуына негізделген;

  • Жүйелік – ғылыми зерттеудің және практикалық қызметтің объектілері объектілері білім жүйесі боып табылғандығымен байланысты мәнді болады;

  • Функционалдық – сапаны сандық көрсетікштер арқылы анықтайтын үрдісті көрсетеді;

  • Интегралдық – барлық жақтарды, факторларды синттеикалық, толық қамтуға бағыталады.

«Өнім сапасы» түсінігінің экономикалық мазмұны.

Өнім сапасы түсінігінің экономикалық мазмұны оның пайдасына негізделген, нақты мөлшері әрбір затқа тұтынушы құнын жасайды.

Өнімдердің сапасы өнімдердің талаптары жиынытығының есептеу өлшемін әрбір нақты қоғамның қажеттілігімен сәйкес дайындауға, өндіруге және қолдануға дайындаушы мен тұтынушы қатынасында тұтыну заты немесе өндіру құралы ретінде көрсетеді. Сондықтан өнім сапасын пайдалы қасиеттерінде көрінетін жетілуі өлшемінде анықтаған жөн, олардың жиынтығы мен мәні нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы ретінде қоғамның талабының осы сатысында пайда болады.

МЕСТ 15467-79 сәйкес «Өнімнің сапасы – оның тағайындалуына сәйкес нақты қажеттіліктерді қанағаттандырудың жарамдылығын қамтамасыз ететін өнімдер қасиетінің жиынтығын көрсетеді».

Стандарттау бойынша халықаралық ұйымда (ИСО) сапа өнімнің немесе қызметтің сипаты мен қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады,бұл олардға болжанған қажеттіліктерді қанағаттандыруға неізделген қасиет береді.

Қажеттіліктер адамның тіршілігінің физикалық, экономикалық және әлеуметтік процесстерін алдын ала анықтайтын шындықты көрсетеді. Қажеттіліктерді қанағаттандыру осы үрдістерді қамтамасыз етеді және адамзат қызметінің табиғи құрамы болып табылады. Сондықтан сапаны басқару халық шаруашылығы қажеттіліктерін өндірістік құралдармен, ал тұрғындар – халықтық қажеттілік пен қызметтер тауарлармен зерттеуге негізделеді. Қажеттіліктерді білу жаңа өнімді жасаушыларға, құрастырушыларға нақты тапсырма беруге және өндірісті барлық қажеттіліктер ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай жоспарлау үшін қажет. Қажеттіліктерді анықтаудағы қателіктер сұранысқа ие емес өнім дайындалып, шығарылады, ал халық шаруашылығы мен тұрғындардың қажеттіліктері қанағаттандырылмайды, ал нәтижесінде – экономикалық және әлеуметтік шығындарға әкеледі.



Осы себепке сәйкес, өнім шығаруды жоспарлаушылар, құрушылар және жасаушылар тапсырыс берушінің сұраныстарын, тұтынушылардың сұраныстарын мұқият зерттеуі тиіс. Бұл сапа мәселелерін шешу бойынша жұмысты тиімді ұймдастыру маңызды принцип болып табылады. Қажеттіліктер адам қызметін оларды қанағаттандыру құралын іздеу бойынша ынталандырады. Қажеттіліктердің туындауы және қолданылуы адам мен қоғам өмірінің табиғи күйі болып табылады. Қажеттіліктер адамды қызметіне түрткі болатын орасан зор қозғалыс күшіне ие. Адамдар үнемі өз қажеттіліктерін қанағаттандыру құралдары мен тәсілдерін іздейді.

Қажеттіліктерді қанағаттандырудың өзі тұтыну үрдісі. Тұтыну үрдісінде тек бір ғана қажеттіліктерді қанағаттандыру емес, сонымен қатар басқа, бөгде сипаттағы, бұрын болмаған қажеттіліктердің туындауы жүреді. Қажеттіліктер жеке заңдар бойынша тұрады деуге болады. Қажеттіліктер туындайды, жетіледі, көптеген адамдар санын қамтиды, нәтижесінде көлемі артып, белгілі уақытта өзінің дамуының ең жоғары шегіне жетеді. Олардың орнына жаңа, жоғары қажеттіліктер туындайды. Жаңа қажеттіліктер әсерінен бұрынғы қолданыстағылар жойылып, уақыт өте келе мүлдем жоғалады. Жаңа қажеттіліктер көптеген жағдайда ескі қажеттіліктердің өзгеруі, олардың дифференцияциясы мен тереңдеуі нәтижесінде туындайды. Жаңа қажеттіліктер әрқашан да біршама жоғары деңгейдегі қажеттіліктерді көрсетеді.



Сапаның әлеуметтік көрсеткіштері тұрғындардың сұранысы арқылы көрсетіледі. Өнімнің әлеуметтік қасиеттерін адам-машина жүйесі түрінде сипаттайды: адамдардың денсаулығын пайдаланудың жоғары жайлылығы көмегімен сақтау (антропометрикалық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық, психолого-физиологиялық және гигиеналық көрсеткіштер), адамзат тұлғасын жан-жақты дамыту.

Техникалық көрсеткіштер (аспектілер).

Тағайындау көрсеткіштері (функционалдық талаптар). Өнімнің өз қызметін тиімді орындау қабілетін сипаттайды. Оларды келесідей топтарға бөлуге болады:

  • Өндірістік талаптар. Қажетті қуат, жүк тасымалдау, жылдамдықты дамыту және басқа да орындалатын қызметті сипаттайтын көрсеткіштерден тұрады;

  • Тиімділік талаптары. Өнімді тағайындалуы бойынша қолданудың тиімділігі деңгейін сипаттайды, мысалы, энергетикалық (шығындар), кинематикалық (ауысудың дәлдігі), күштік (жүктеу тұрақытылғы) және т.с.с.

  • Құрылымдық қажеттіліктер. Таңдалған құрылымның сапасын сипаттайды, мысалы, салмағы, өлшемі.


2. Өнімнің сапасын арттырудың мәні.

Қазақстанда экономикалық реформалардың даму шарасына сәйкес сапаға аса үлкен мән беріледі. Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар үшін ең үлкен мәселелердің бірі бәсекеге қабілетті өнімді өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сапа жүйесін құру болып табылады. Сапа жүйесі шет елдік тапсырыс берушілермен келіссөз жүргізгенде маңызды болып табылады, ол өндірушіде беделді сертификациялаушы органмен берілген жүйе мен сертификаттың міндетті түрде болуы керек деп есептелінеді. Сапа жүйесі кәсіпорынның ерекшеліктерін, өнімді дайындау шығындарын азайтуды қамтамасыз етуді және оны енгізуді есепке алу керек. Тұтынушы жеткізілетін тауар сапасының тұрақты және орнықты болатындығына сенімді болғысы келеді.

Сапаны басқару теориясы мен тәжірибесінде екі мәселеге бөлінген:

Өнімнің сапасы.

Сапа менеджменті.

Сапаны қамтамасыз ету көптеген шығындарды қажет етеді. Осы уақытқа дейін сапағы шығындардың негізгі үлесі дене еңбегімен анықталды. Бірақ қазіргі кедзе интеллектуалдық еңбек үлесі жоғары. Сапа мәселесі ғалымдардың, инженерлердің, менеджерлердің қатыуынсыз шешілуі мүмкін емес.

Сапаны арттыру мәні сапалы өнімнің төлемге қабілетті батыстық нарыққа экспорттық жол ашады. Қазақстандық өндірушілердің өнім сапасын арттыруда және әлемдік нарықта ұтымды бәсекесі арнайы байқауларға қатысуға шақырылады.

Байқаудың негізгі мақсаты – қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарға әлемдік нарықтағы отандық өнімнің бәсекеге қабіеттілігін арттыруға көмектесу. Сонымен қатар байқауда мақсаттар:

  • 9000 сериялы және TQM концепциясы негізіндегі халықаралық стандарттар ИСО негізіндегісапаны қамтамасыз ететін кәсіпорын шеңберін кеңіту;

  • Сапа саласындағы мамандардың кәсіптік деңгейін арттыру;

  • Сапа бойынша тиімді жұмыс істейтін менеджерлердің тәжірибесін тарату;

  • Сапа бойынша қазақстандық менеджерлердің жетістіктерін елде және шет елдерде насихаттау.

Негізінен, үлгі жалпыға бірдей сапа менеджменті принциптерімен құрылған:

  • Тұтынушыға бағытталу;

  • Мақсаттарға жетуде басшылықтың лидерлігі және жүйелілігі;

  • Үрдістер мен фактілерді қабылдау негізіндегі менеджмент;

  • Қызметкерлерді тарту;

  • Үздіксіз танымдық қызмет және иннвациялар;

  • Әріптестікті дамыту;

  • Қоғаммен өзара іс-әрекет;

  • Нәтижелерге бағытталу.

Жүлдегер компаниялар өз жұмысының тәжірибесімен таныстыруда қызығушылық танытқан ұйымдарға көмектесуге міндетті. Байқауға қатысу ерікті. Оған қоса, оған қатысуға ұйымдық-құқықтық формасына және шығарылатын өнім немесе қызмет түріне тәуелсіз кәсіпорындардың барлығы үміткер бола алады.

Сапа үшін құрылған сыйлық дипломнан, Үкіметтің алғысхатынан және өнімге сапа белгісін бейнелеу құқығынан тұрады. Өнімнің ең жақсы сапасы байқауының жеңімпаздары осының арқасында жарнама тиімділігін арттыра алады.

Әлемдік нарықтағы ең жоғары сапа үшін мәртебелі марапат Болдридж сыйлығы мен Деминг жүлдесі болып табылады.

Юолдридж сыйлығы – АҚШ үкіметімен және стандарттар мен технологиялар Ұлттық институтымен тағайындалатын жыл сайынғы марапат. Байқау қатысушлыары 7 негізгі салада бағаланады:


  • Басшылық, ақпарат және талдау;

  • Стратегиялық жоспарлау;

  • Кадрларды басқару;

  • Тауарлар мен қызметтер сапасының кепілдігі;

  • Сапа бойынша және тұтынушылардың қанағаттануы бойынша нәтижелер.

Деминг жүлдесі жапон үкіметінің жоғары баға белгілейтін марапаты болып табылады. Бұл жүлдені беруде компанияның жұмысының сапаны статистикалық бағалау жүмысына, сапаның мұқият тәптіштелген бағдарламасын әзірлеу жұмысына аса мән беріледі.

Сапаны арттырудың мәні көп түрлі. Бұл мәселені микродеңгейде шешу маңызды және жалпы экономика үшін маңызды, себебі салалар мен ішкі салалар арасындағы жаңа және озық қатынастарды орнатуға мүмкіндік береді, мысалы, металлургиялық өнеркәсіп пен машина жасау арасында.

Егер сапаға маңызды зер салмаса, қателіктерді түзетуге біршама қаражат қажет болады. Қателіктерді жою бойыша ұзақ мерзімді бағдарламалар әзірлеу арқылы біршама тиімділікке жетуге болады.

Сапаны арттырудың мәні Жапония мысалында жақсы сипатталады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жапондық өнеркәсіпшілер өндіріс пен өнім сапасының тиімділігін арттыру жолы іздеумен белсенді айналысты. Жапондық басқару топтары бүкіл әлем бойынша тәжірибелерді зерттеді. Барлық тиімділері ұлттық топыраққа енгізілді. Жапондық басқарушыларды статистикалық бақылау сапасы мен сапаны кешенді бақылау сияқты түсініктер қызықтырды. Әртүрлі елдердің тірибесін зерттей отырып, жапондық басқарушылар алдағы фирмалар өздерінің жұмысшылары мен өнім сапасына жоғары талап қоятынына назар аударды.

Жасалған зерттеулер мен орындалған әзірлемелер нәтижесінде жапондық сапа стандарттары пайда болды. Жапонияда жаңа түсінік – сапа мәдениеті пайда болды. Жапония кәсіпорын қызметінің жаңа әдістемесінің тегі болып, сапаны жалпы бақылауға көшті. Жаңа жүйе микродеңгейдің шеңберінен шығып, өнімді нарықта өткізуден, нарықтық конъюнктураны талдаудан, сатудан кейінгі қызмет көрсетуден тұрады. Бұл ретте сапаны дәстүрлі басқару жойылмайды, ол жетілдіріледі.
Сұрақтар:

  1. Сапаның қандай аспектілері бар?

  2. Деминг постулаттарын атаңыз.

  3. Сапаны арттырудың мақсаты

3 ДӘРІС



Тақырыбы: Сапа жүйесінің әдістемесі және терминологиясы.
Жоспар:

1. Сапаны басқарудың әдістемесі.

2. Негізгі түсініктер.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет