Қазақстан рспубликасы ғылым және білім министрлігі



Дата08.02.2022
өлшемі63,86 Kb.
#118440
Байланысты:
Әлеуметтану. Эссе. 208 топ. Көпжан Ақнұр
У әрпінің жазылуы №2, 8 КТЖ геом олкылыктар, РУП. 4 курс Параз. и инв.бол. ВМ рус. 21-22 г.

ҚАЗАҚСТАН РСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


Абай аатындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті


Филология және көптілді білім беру институты


Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СОӨЖ
Тақырып: Қоғамдағы белгілі бір құбылысты әлеуметтанулық перспектива екі әдісі арқылы талдау


6В017 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы
2 курс
208-топ
Орындаған:Көпжан Ақнұр
Қабылдаған: Қантаева Құралай
Алматы 2021
Қоғамдағы белгілі бір құбылысты әлеуметтанулық перспектива екі әдісі арқылы талдау


Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.
Әлеуметтік стратификация - әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық құрылымды біз мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы және т.б. арқылы құрылылатынын көрсетуге талпындық. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және еңбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал қазіргі замандағы қоғамда - мәртебелер көптеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.
Әлеуметтік құрам әлеуметтік стратификацияға айналады вертикальды тәртіппен орналасқан әлеуметтік жіктердің жиынтығы, дәлірек айтқанда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.
Адамдар әрдайым қозғалыста болып, өздерінің мәртебесін өзгертіп отырады. Қаржы буржуазиясы жер аристократиясының орнына келіп, оны алмастырды, қазіргі өндірісте біліктілігі шамалы мамандықтарды " ақ жағалылар" деп аталатындардың өкілдері инженерлер, программистер, роботталған кешендердің операторлары ығыстырып шығарады. Соғыстар мен революциялар қоғамның әлеуметтік құрылымын қайта жасап, пирамиданың кейбіреулерді көтерсе, басқаларын төмендетті. Олар қазір де ж.үріп жатыр, партиялық элитаны бизнес - элита келіп алмастырды.
Өрлеу мен құлдыраудың арасында белгілі бір асимметрия бар: бәрінің де көтерілгісі келеді және ешкімнің әлеуметтік сатыда төмендегісі келмейді.
Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір - бірі біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік - экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан тұрады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мұның мәнін өздерінің теорияларында О. Конт, Г.Спенсер, К.Маркс, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет