1. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс: 1783-1797 жж. 2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс: 1837-1847 жж. 3. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс: 1856-1857 жж. 70. «Дүниежүзілік алғашқы қазақ құрылтайы» болған жыл: 1992 жылы 71. Орта Азия мен Қазақстанда орналасқан су құбырлары мен моншасы бар қала: Тараз 72. 1986 жылы «Желтоқсан оқиғасы» көтерілісінің туындау себебі: Республика жұртшылығының өмірлік мүдделеріне қатысты мәселені шешудегі Орталықтың әділетсіздігі 73. Оғыздарда 24 тайпа болғандығын жазған тарихшы: Махмұд Қашқари 74. XIX ғасырдың 60-жылдарындағы реформаларды бекіткен Ресей императоры: ІІ Александр 75. 1867-68 жж. реформадан кейін бүкіл қазақ жері бөлінді: 3 генерал-губернаторлыққа 76. Тәуке ханның үш жүз билерімен бірге шығарған заңы: Жеті Жарғы 77. Қазақ КСР-інің алтын және алмаз қорының қалыптастырылған жылы: 1991 жылы 78. Қазақстан Республикасы Туының авторы: Шәкен Ниязбеков 79. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс болған жер: Тастөбе 80. 11-13 ғғ. ауыз әдебиетінің өкілдері: Кетбұға, Доспамбет 81. «Қасым ханның – қасқа жолы» негізінде жазылған: «Жеті Жарғы» 82. Арабтарға қарсы күрес жүргізген билеуші: Сұлу қаған 83. Мемлекеттерді хронологиялық ретімен орналастыр: 1. Түрік қағанаты / 2. Батыс Түрік қағанаты / 3. Түргеш қағанаты / 4. Қарахан мемлекеті / 5. Қарақытай мемлекеті 84. Қазақстанда жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталған жыл: 1993 жылы 85. 1854 жылы салынған бекініс: Верный 86. 1886 жылы Ереже бойынша Сырдария, Ферғана, Самарқанд кірген генерал-губернаторлық: Түркістан генерал-губернаторлығы 87. 1992 жылы нарықтық жүйеге көшуге байланысты туындаған қиыншылықтар: шаруашылықтың құлдырауы, бағаны босату 88. Шығыс Қазақстанда орналасқан қорым: Берел қорымы 89. Батыйдың батысқа қарай жүрген жорығы қанша жылға созылды: 6 жылға (1236-42 жж.) 90. Қарахан мемлекетінде Ислам дінін қабылдаған хан: Сатұқ Боғра-хан 91. 1856 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлы қоршауға алған бекініс: Қазалы 92. Үшлік қаған негізін салған мемлекеттің жазғы ордасы: Күнгіт 93. 1962 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы болып сайланды: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 94. Бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа бір мемлекеттің ішкі істеріне зорлық-зомбылықпен қорлық сұғуы қалай аталды: интервенция 95. Жошы әулетінің тарихы жазылған шығарма: Шыңғыснама 96. 13 ғ. Қарахан мемлекетіне шабуыл жасаған мемлекеттер: Наймандар мен Хорезм мемлекеті 97. Қаңлылар экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасаған мемлекеттер: Қытай, Рим, Кушан 98. Сақтардың Парсы әскерлері құрамында болып, Марафон шайқасына қатысқан уақыт: Б.з.б. 490 ж. 99. Емельян Пугачёв бастаған ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан жүздер: Орта және Кіші жүз 100. Жайық бойында мал жаюға өкімет алғаш шек қойды: 1756 жылы 101. Қазақ-орыс сауда байланысы кеңейген мерзім: 16 ғ. 102. Оғыздардың жоғарғы билеушісі: Жабғу 103. 1841-1889 жылдары өмір сүрген жазушы: Ыбырай Алтынсарин 104. Беғазы-Дәндібай мәдениеті орналасқан өңір: Орталық Қазақстан 105. Ақтау бекініс орналасқан өзен бойы: Есіл өзенінің бойында 106. Қарлұқтар 9 тайпадан тұратындығын жазған араб тарихшысы: Әл-Марвази 107. Үржар ханшайымын қай тайпалық одақ қалдырды: Сақтар 108. 1925 жылы Қазақ КСР астанасы Орынбордан өзгерді: Қызылорда (Ақмешіт) 109. 1979 жылы КСРО әскері кірген мемлекет: Ауғанстан 110. Балта, қайық, садақ пен жебе пайда болған дәуір: Мезолит 111. Шығыс Қазақстанда орналасқан Қола дәуіріне жататын тұрақ: Мало-Красноярка 112. Үйсіндер туралы жазба-деректер кімдерге тиесілі: Қытайлар 113. 1255 жылғы жазба бойынша Отырар Сырдария бойындағы ірі қалалардың бірі болған, сауда байланысында делдалдық рөл атқарған деп жазды: армян саяхатшысы 114. Қарахан мемлекеті өмір сүрген мерзім: 940 (942) – 1212 жж. 115. Қарахан мемлекеті кезіндегі қанаудың бір түрі: коммендация 116. Сырдария өзенінің бойында, Қаратау жотасында орналасқан көне қала: Түркістан 117. Қожа-Ахмет Йасауидің кезінен бастап атақ-даңққа бөлене бастаған қала: Түркістан 118. Атбасар маңында орналасқан мезолит дәуіріне жататын тұрақ: Тельман 119. Қытай деректерінде «гуньмо» сөзінің мағынасы: Күн би 120. Дамыған орта ғасырға жататын мемлекеттер: Қарахан, Қарақытай 121. 24 руға бөлінген және олар «түменбасы» аталған бекзадалар билеген ел: ғұндар 122. Алтын Орда ханы Батыйдың (Бату) билік еткен мерзімі: 1227-1255 жж. 123. 1950-60 жж. Қазақстан солтүстік аймағында демографиялық ахуалына әсер етті: Тың және тыңайған жерлерді игеру 124. 1932 жылы БК (б) ІІ өлкелік комитетіне аштық туралы қазақ зиялылар жазған хат: «Бесеудің хаты» 125. Қазақстандағы ұлттық-саяси партиялар мен ағымдардың жұмысы жанданды: Ақпан төңкерісінен кейін 126. 20 ғ. басында жарық көрген «Қалқаман-Мамыр» поэмасының авторы: Шәкәрім Құдайбердіұлы 127. 20 ғ. 70 жылдары Алматы облысында ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын енгізген кеңшар басшы: И. Худенко 128. Қазақстан Коммунистік партиясының орнына келген партия: Социалистік партия 129. 2004 жылы Президент бастамасымен қабылданған бағдарлама: Мәдени мұра 130. Түркістан аймағында оғыздардың елтірі қой көп өсіретіндігін жазған тарихшы: Ибн Хаукәл 131. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды мекендеген тайпа: Исседондар 132. 19 ғ. отарлық езгіге қарсы азаматтық күрес басшысы: Кенесары Қасымұлы 133. Сақ малшысы – «Шырақ» туралы жазған грек тарихшысы: Полиэн 134. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңдай еңбек құралдары табылған қоныс: Бөріқазған мен Шабақты 135. «Томирис – әйел болса да қорыққан жоқ» деп жазған Рим тарихшысы: Ктесий 136. 1946 жылы диссертация қорғаған кім: Ермұхан Бекмаханов 137. Қарахан мемлекетін екіге бөлген хан: Ибраһим ибн Насыр 138. Ирандықтар сақтарды қалай атады: Жүйрік атты турлар 139. Қазақ хандығын саяси күшейткен қалалар: Сыр бойындағы қалалар 140. 1538-80 жж. Қазақ хандығын билеген Қасым ханның баласы: Хақназар хан 141. Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегі: «Тарихи Рашиди» 142. Жужан мемлекетінің ханы – Анағұйды жеңген соң, Елхан атағын алған қаған: Бумын 143. Неолит кезеңінде қолданылған зат: дән үккіш, келі, балта, қайла 144. Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов өмір сүрген ғасыр: 19 ғ. 145. Қола дәуірі қауымы ішінде әлеуметтік теңсіздікті тудырған: мал-мүлік теңсіздігі 146. Ежелгі адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы: пиктография 147. Кейінгі палеолитке жататын Жетісу өңіріндегі тұрақ: Майбұлақ 148. 1986 жылы көтеріліс болған қала: Алматы 149. Кенесары Қасымұлының соңғы шайқасы өткен жер: Кекілік-Сеңгір (Майтөбе) 150. Іле жағалауында орналасқан қорым: Есік 151. Қазақ елінің атын шығарған қалалар: Созақ, Сығанақ, Сауран 152. Қаңлылардың мәдениеті таралған аймақ: Оңтүстік Қазақстан 153. Карантия қаласын өз картасында көрсеткен тарихшы: Әл-Идриси 154. Жылқы сүйектері өте көп табылған энеолиттік тұрақ: Ботай 155. Қазақстан Республикасында кеңестер өзін-өзі тарата бастады: 1993 жылы күзінде 156. 1210 жылы Шығыс Қарахан мемлекетін басып алған тайпа: Наймандар 157. 16 ғ. Қазақ хандығын бір уақытта билеген хандар: Тұрсын және Есім хан 158. Жалын сұлтанның баласы кім: Тұрсын 159. Қай көтеріліс тұсында хандық билік қалпына келтірілді: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 160. 985 жылы Оғыздар Киев Русімен бірігіп, талқандады: Еділ бұлғарлары 161. Жетісу облысына кірген уезд: Верный 162. Қазақстанда шетелдік интервенция және азамат соғысы болған жылдар: 1918-20 жж. 163. Мезолит дәуіріндегі аңшылықтың негізгі құралы: Садақ пен жебе 164. Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен жағдай: Әбілхайыр мен Моғолстанның әлсіреуі 165. 1867-68 жж. реформа бойынша облыстар бөлінді: уездерге 166. Қаңлылардың металл өндірісінің орталығы болған қала: Шаш-Илақ 167. Абай Құнанбаевтың және оның туыстарымен жақын таныс болған поляк азаттық қозғалысының өкілі: С. Гросс 168. 1917 жылы 1-ші Жалпықазақ съезі өткен қала: Орынбор 169. Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған: Алексеев 170. Ғұн әміршісінің сарайы туралы сипаттап жазған Византия елшісі: Прийск 171. Моғолстан ханы Абдар-Рашидпен 16 ғ. 50-60 жж. Қазақ хандығымен қай жерлер үшін соғысты: Жетісу мен Ыстықкөл 172. Кир сақтарға қай жылы басып кірді: Б.з.б. 530 ж. 173. Қасым ханның әскер саны 300 мыңға жеткендігін жазған кім: Бабыр және Мұхаммед Хайдар Дулати 174. Батыс Қарахан мемлекетінің астанасы: Үзкент 175. Сталин өлгеннен кейінгі кезең: «Хрущёв жылымығы» 176. Ресей империясында патшалық билік жойылды: 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін 177. Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен жерлер: Құсмұрын, Сырымбет 178. 1789 жылы Омбыда ашылды: Азия мектебі 179. 1801 жылы құрылды: Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) 180. 1831 жылы құрылған уезд: Аягөз 181. Шығыс Қазақстанда орналасқан неолиттік тұрақ: Усть-Нарым 182. 1741 жылы қазақ жеріне басып кірді: жоңғарлар 183. Уақытша ереженің талаптарына қарсы көтеріліске қатысқандар саны: 3.000 184. Жер бетінде 40-35 мың жыл бұрын өмір сүрді: саналы адам 185. Ғұн мемлекетінің ру саны: 24 186. Қай мемлекеттің бөлінуінен Ноғай Ордасы пайда болды: Алтын Орда 187. Оңтүстік Қазақстан өңірінен тас ғасырына жататын тұрақтарды тапқан археолог: Х. Алпысбаев 188. 1910 жылы жарық көрген Міржақып Дулатовтың романы: «Бақытсыз Жамал» 189. Қазақ елшілігіне жауап ретінде 1595 жылы жіберілді: В. Степанов 190. Аргиппейлер қалдырған мәдениет: Ұлыбай – Тасмола 191. Қазақстан Республикасы БҰҰ мүше болып қабылданды: 1992 жылы 2 наурызда 192. Беклербек атағын алған Ноғай Ордасының негізін салушы: Әмір Едіге 193. 1446 жылы Әбілхайыр хандығының орталығы болған қала: Сығанақ 194. 568 жылы дипломатиялық қарым-қатынас жасасқан елдер: Түрік қағанаты мен Византия 195. Абылай ханның билік еткен мерзімі: 1771-81 жж. 196. Көшім хан Батыс Сібірдің жергілікті халқына тарата бастаған дін: Ислам 197. «Шанхай бестігі» қай мемлекеттің қосылуынан кейін «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы» деп аталды: Өзбекстан 198. Қазақстанда 7-ші қысқы Азия ойындары өтті: 2011 жылы 30 қаңтар 199. «EXPO - 2017» көрмесінің басты тақырыбы: Болашақ энергиясы 200. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялар: Социалистік партия, Қазақстан Халық Конгресі, Қазақстан Республикалық партиясы 201. Оғыз билеушілерінің сыртқы саясатында Қара теңізі жағалауы және Дон өзенінің бойындағы жақсы жайылымды қолға қаратуға бөгет жасады: Хазарлар 202. ҚР 1992 жылы 6 қаңтарда қабылданған шешім: бағаны босату туралы 203. Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдарға мүше бола бастады: 1992 жылдан бастап 204. 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасының туындауына түрткі болды: КОКП ОК пленумының төтенше қабылдаған шешімі 205. Көне-түркі жазуларымен жазылған жәдігер: Орхон-Енисей ескерткіштері 206. Ежелгі түркілер дәуірінде тасқа қашалған тарихтың құнды мұрасы: балбал тастар 207. Ислам дінін алғаш болып мемлекеттік дін ретінде жариялаған Алтын Орда ханы: Өзбек хан 208. Ұлы Отан соғыс жылдарында үздік табыстарға жеткен қазақ колхозшылары: Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Ыбырай Жақаев 209. Ұлы Отан соғыс жылдарында - Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Ыбырай Жақаев дамытқан сала: егіншілік 210. ҚР Туы мен Елтаңбасы енгізілген мерзім: 1992 жылы 4 маусымда 211. Көне Отырар қаласы және Сырдария өзенінің бойында орналасқан кесене: Арыстан баб кесенесі