Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба


Жауаптары: 1. С.Датұлы мен К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерге



бет8/12
Дата12.03.2018
өлшемі3,89 Mb.
#38956
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Жауаптары:

1. С.Датұлы мен К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерге салыстырмалы талдау жасаңыз.

Ұқсастығы:Сырым Датұлы мен Кенесары Қасымұлы бастаған топтың алдында өмірлік екі мәселені шешу міндеті тұрды:1) ыдырап бара жатқан дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін құтқару 2) жер мәселесін шешу. Олар өз күш-жігерлері мен өмірін осы екі мәселені шешуге жұмсады.Екі көтерілістің де басшылары халық тарапынан қолдау тапты. С.Датұлын Кіші жүздегі қазақ руларының барлығы дерлік қолдады. 1786 жылға қарай ол өз маңайына 7 мыңдай көтерілісшілерді жинақтады. Кенесарыны үш жүздің халқы дерлік қолдады, ол қазақ даласындағы көтерілісшілердің ішінде ең көп әскер (20 мың) жинай алды. Екі көтерілісте де отаршылдыққа қарсы күрес аясына саяси бағыттары өзара үйлеспейтін әр түрлі әлеуметтік топтар (сұлтандар, батырлар, билер, ру басылары,қарапайым халық т.б.) тартылды. Алайда Сырым мен Кенесары олардың барлығының мүддесін бір арнаға – отаршылдық жүйеге қарсы тоғыстыра білді.Сырым отаршылдыққа қарсы күрес тәжірибесін Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне(1773-1775жж.) белсене қатысу арқылы жинады десек, Кенесары туған ағасы Саржан Қасымұлы мен әкесі Қасым Абылайұлы бастаған көтеріліске (1825-1836жж.) қатыса жүріп күрес сабағын алды.Сырым Датұлы - дәстүрлі билік жүйесі Хандық Кеңестің (1797ж. Кіші жүзде көтерілісшілерді «тыныштандыру» үшін енді жаңа хан сайланбайтын болды. Кіші жүзді басқару Хандық Кеңеске берілді) қайта орнауына қол жеткізіп, осы арқылы мемлекеттіліктің соңғы нышандарын сақтап қалды. Кенесары Қасымұлы – Қазақ хандығын құрып, мемлекеттілікті қалпына келтірді. Екі көтерілістің жеңілуіне әсер еткен ортақ жайттар болды. С.Датұлы екі жақты күрес жүргізсе (патша үкіметі мен Нұралы хан мен оның төңірегіндегілерге қарсы), К.Қасымұлы патша үкіметі мен Қоқан хандығына қарсы күресті және өзін қолдамаған қырғыздар жеріне басып кірді.Жеке тұлғалық қасиеттерімен ерекше көзге түсті. Сырым батыр, шешен, ақын ретінде танымал болса, Кенесары да батыр, қолбасшы, хан, мемлекет қайраткері ретінде ел есінде қалды.Екеуі де өзге елдің жерінде қаза тапты. Сырым -1802 жылы Хиуа хандығында белгісіз жағдайда көз жұмса, Кенесары -1847 жылы қырғыз жерінде қайғылы жағдайда қаза тапты.Екі көтеріліс те тұтастай алғанда, кейбір қайшылықтарына қарамастан ұлттық сананың өсуіне септігін тигізді. Тәуелсіздікті мұрат етті.

Ерекшелігі: С. Датұлы бастаған көтеріліс қазақ даласындағы ең алғашқы, ең ұзақ (14 жылға созылды) және ХVІІІ ғасырдағы жалғыз көтеріліс болса, К.Қасымұлы көтерілісі қазақ жеріндегі ХІХ ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды.С. Датұлы көтерілісі барысында патша үкіметі Кіші жүзде хандық билікті жою әрекетін (1786-1791жж. О.Игельстром реформасы) жасаса, К.Қасымұлы көтерілісіне дейін патша үкіметі Орта, Кіші жүзде хандық билікті жойып үлгерген еді(1822, 1824жж. реформа), сондықтан, Кенесары хандық билік жойылып кеткеннен кейін, мемлекеттілікті қайта қалпына келтіру әрекетін жасады және сол мақсатына уақытша болса да жете алды.

Айырмашылығы:Сырым Датұлы Кіші жүз, байбақты руының басшысы болса, Кенесары хан ұрпағы, Абылай ханның немересі еді. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің құрамы көп ұлтты болды. Оған қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, поляк т.б. халықтар қатысты.Сырым Датұлы көтерілісіне негізінен қазақ халқы қатысты.Сырым отаршылдыққа қарсы көтерілістің алғашқы бастаушысы болды, ол көтерілістің әр кезеңінде өз мақсатын өзгертіп отырды (Орынбор губернаторымен уақытша келісімге келуі, заңды билеуші ханды тақтан тайдыруы, өз бетімен күресті тоқтатуы – осының барлығы қозғалыстың шешуші сәттерінде оның қайшылыққа толы ұстанымда болғанын аңғартады).Кенесары күрес тактикасын өзгертіп отырғанымен,көтерілістің басынан аяғына дейін өз мақсатынан айнымады, аяғына дейін күресті, сол мақсат жолында өз өмірін құрбан етті.
2. КСРО-ның ыдырауына әсер еткен негізгі себептерді атаңыз және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жариялауының тарихи маңызын анықтаңыз.

КСРО-ның ыдырау себептері.1990 жылдьң жазына қарайғы кезеңдегі саяси оқиғалар тағы сол КСРО-ның тағдырына қатысты өрбіді. Егеменді республикалар енді одақтық шарт қабылдау меселесіне келіп тірелді. Алайда шарттың жобасы Одақтың кейбір басшыларына өрескел қателік болып көрінді.Олар республикалар өкілдерінің шартқа қол қоюға жиналуына үш күн қалғанда мемлекеттік төңкеріс әрекетін жасады. Тарихта тамыз бүлігі деп аталған бұл акцияны ұйымдастырушылар өздерін "Кеңес басшылығы" деп атап, КСРО- ны қайта қалпына келтіруді мақсат eтіп қойғандарын мәлімдеді. Тамыз бүлігі күндері саяси оқиғалардың өpбуі.Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) дегеннің мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған қадамы КСРО-ның басқа өңірлері сияқты,Қазақстанда да үлкен абыржушылық туғызды. 1991 жылы 19 тамызда Президент Н.Назарбаев республикалық теледидар арқылы Қазақстан халқына арнап сөз сөйледі. 20 тамыз күні Н.Назарбаев жаңа мәлімдеме жасап:”Төтенше жағдай жариялау елдің негізгі заңына сәйкес емес,сондықтан да үш адамнан тұратын басшылықтың жарлықтары мен басқа құжаттарының заңды күші жоқ,сонымен қатар олар республикалардың мемдекеттік егемендік туралы декларацияларын аяққа басу болып табылады”,-деп жариялады.Тек жоғарғы шенді әскерилер мен партияның басындағы топтар ғана қолдаған,халық бұқарасы тарапынан қарсылыққа кезіккен ТЖМК 1991 жылғы 21 тамызда толық жеңіліс тапқан болатын.Бұл оқиға 70 жылдан астам өмір сүрген кеңес үкіметінің біржола құлауын тездетті.1991 жылы 20 тамызда қол қойылуға келісілген жаңа одақтық шарттың енді қажеті болмай қалды. Жекелеген республикалардың басшылары орталықтан аулақтау үрдісін күшейтіп,шын мәніндегі егемендік жолында батыл қадамдар жасай бастады.КСРО-ның ыдырауы. 1991 жылдың желтоқсаны ipi саяси оқиғаларға толы болды. Олардың ең бастысы - КСРО-ның ыдырауы еді. Желтоқсанның 8-күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны кұру туралы шарттың өз күшін жойғанын жариялады."Біз, — деп көрсетілген ол кұжатта,— Беларусь, Ресей, Украина 1922 жылғы Одақтық шартқа қол қоюшы, яғни КСР Одағының кұрылтайшылары болған мемлекеттер ретінде КСР Одағының халықаралық құқық субъектісі ретінде және геосаяси ақиқат тұрғысында өзінің өмip сүруін тоқтатқанын мелімдейміз”. Қол қоюшылар дайындаған бұл құжатта КСРО заңдарының күшін жойғандығы, одақтық органдардың жұмысын тоқтататындығы да атап көрсетілді.Сонымен қатар, аталған үш мемлекеттің басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының (ТМО) кұрылғандығы туралы мәлімдеді.1991 жылғы 13 желтоксан күні Ашхабадта Орта Азия республикалары мен Қазақстанның жетекшілері бас косты. Олар Минскіде қабылданған шешімдерді жақтайтындықтарын білдірді.Осылайша, дүние жүзіндегі аса ipi отаршыл империялардың соңғысы — Кеңес Одағы кұлады.Соның нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткізді.

Қазақстанда қалыптасқан саяси ахуал. 1991 жылдың желтоқсанына дейін бұрынғы КСРО-ның қарамағында болған республикалардың бәpi мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған болатын. Қазақстанның саясатшылары бұл үрдістердің баянды дамуының соңын тосты. Оның әлеуметтік-экономикалық, саяси және демографиялық cебептepi болды. Қазақ елі - Ресей кұрамында ең ұзақ уақыт болған ел.Қазақ халқы Кеңес үкіметі қалыптастырып қалыптастырып кеткен демографиялық саясат салдарынан өз жерінде ұлттық азшылыққа ұшараған болатын. Сондықтан республика тәуелсіздігі төңірегідегі айтыстар әлі де қызу журіп жатты.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы.1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға болатын қолайлы жағдай қалыптасты. Дүниежүзіндегі және бұрынғы КСРО-дағы саяси ахуал — 1991 жылғы тамыз бүлігі және оны ұйымдастырушылардың жеңілуі, КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуы, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының кұрылуы, одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялауын тездетті.1991 жылы желтоқсанның 16-сында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы" қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.
3. Әмір Темірдің жорықтары мен жаулап алған өңірлерін карта бойынша баяндаңыз.

Әмір Темір  Қазақстан мен Қырғызстан аумағына – Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісу мен Тянь-Шаньға басқыншылық мақсаттарын асқан қатыгездікпен жүзеге асырды. Ол  Моғолстанға, Ақ Ордаға және Алтын Ордаға жорық жасады. Әмір Темірдің Қазақстан жеріндегі ұзақ жылдар бойы жасаған жорықтары оның 1405 жылы Отырар қаласында қаза болуымен аяқталады. Бұл жорықтардың Қазақстан үшін, ондағы өмір сүрген ру тайпалар үшін адам айтқысыз ауыр зардаптары болды.



18 - Билет

1. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы ереженің» қабылдануы, оның мәні мен мақсаты.

2. Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.

3. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының аумағын карта бойынша анықтаңыз.


Жауаптары:

1. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы ереженің» қабылдануы, оның мәні мен мақсаты.

Сібір қазақтары туралы Жарғы. Бұл реформаның тарихи алғышарттары Қазақстандағы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты. Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінін әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ыкпалы кеміген қазақ хандары патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына ойдағыдай қарсылық ұйымдастыра алмады.1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты такка отырғызылған оның үлкен үлы Уәлидің қатыгездігі халықтың наразылығын туғызды. 1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды - Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін қажет етті. Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдің декабристермен жасырын байланыста болған Г. С. Батеньковтың мәлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындалған "Жарғының" басты мақсаты -Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып белінді. Ауыл - 50-70 шаңырақтан, болыс - 10-12 ауылдан, округ - 15-20 болыстан құралды.Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том жөне Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар - Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарагай (1834 ж.), кейінгі 40-50-жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмүрын, Алатау округтері(1856ж.) еді.Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметінің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сұлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады. Аға сүлтанды тек сүлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Өз өкілдерін -Шыңғыс әулеті тұкымдарын аға сүлтандыққа өткізуге тырысқан ақсүйектер арасында өзара қақтығыс, алдау, параға сатып алу үйреншікті құбылысқа айналып кетті.Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы басатын. Болыстық сұлтандар Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге теңелді.Ауыл старшындары да аға сұлтан секілді үш жыл сайын сайланатын. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыстық старшындар құқықтары жөнінен Ресейдегі селолық старосталармен теңестірілді."Жарғы" бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық баскармаға шағым айту. Қылмыстык істер империя заңдары негізінде округтік приказда каралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ биімен қатар бір орыс шенеунігі қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілетін. Округтік приказ шешімдерді қайта қарауға құқылы болды.Кейін Сібір қазақтарын билеу Шекаралық басқармаға жүктелді. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын. Шекаралық басқарма Батыс Сібір губернаторына бағындырылды, оның төрағасы шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды. 1822 жылғы "Жарғы" Ресей мен Қазақстан арасында сауда байланыстарын кеңейтуге мүмкіндіктер тудырды Жалпы алғанда, 1822 жылғы "Жарғы" Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында терең із қалдырды. Бұл реформаның өлке тарихындағы орны екі түрғыда бағаланды: біріншіден, Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық кырқыстарға біршама тыйым салды, бай өлкені шаруашылық жағынан игеруге колайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашқаны тез арада байқалып қалды.
2. Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.

Қазақстанның халықаралық ауқымда танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілгенін көрсететін оқиға - Қазақстанның 2010 жылы Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі. Осыған байланысты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, технология мен басқару тәжірибесін алып келуге, қазақстандық заңдарды жетілуге септігін тигізетін “Еуропаға жол” атты арнайы бағдарлама қабылданды.Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына төрағалыққа ұсынылуы жөніндегі шешім аталған ұйымға мүше 56 мемлекеттің 100 пайыздық келісімімен қабылданды,Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғанына 16 жыл толуына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде Президент Н.Назарбаев былай деді:”Қазақстан- ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі,ол-бірінші түркі елі,ол-тарихи тұрғыдан өркениетті ислам кеңістігіне жаттын бірінші ел,соңында,ол-бірінші азиялық ел.Сондықтан бұл біздің ортақ жеңісіміз”.2010 жылдың желтоқсанында Астанада аса ауқымды халықаралық кеңес- Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының (ЕҚЫҰ) саммиті өтті. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде мұндай ауқымды шараны өткізіп отырған бірінші мемлекет болды. ЕҚЫҰ-ға төрағалық Қазақстанға дамыған саяси демократиясы бар, барлық елдермен тең және ізгі қатынастар жасайтын қоғам ретінде сеніп тапсырылды. Ұйымға қатысушы елдер Қазақстанның төрағалығын қолдап дауыс бергенде, біздегі ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей моделіне, жүргізіліп жатқан нарықтық жетілдіруге де көңіл аударды.Қазақстан өзге елдермен көп мәселелерді қамтыған сұрақтар бойынша белсенді диалогтер жүргізе отырып, өзіне ғаламдық деңгейде ұжымдық қауіпсіздікке ұмтылатын мемлекет мәртебесін бекітті.Астана – 2010 саммитіне сарапшылар ЕҚЫҰ-ның даму үрдісіндегі жаңа сапалық кезең деп баға берді. ЕҚЫҰ төрағалығында қазақ елінің ұраны ретінде төрт «Т» таңдап алынды: «Trust,Traditions Transparency, Toleranse» («Сенім», «Дәстүр», «Транспаренттік», «Төзімділік»). Бірінші –сенім. Екіншісі – ЕҚЫҰ-ға негіз болған принциптер мен құндылықтарды қатаң ұстау. Үшіншісі – екіұдай стандарттар мен шекаралық сызықтардан ада халықаралық қатынастарда барынша ашық және қауіп төнуі мүмкін шабуылдарды жою жолында ынтымақтастықта болу. Төртінші – жаңа заманда аса үлкен маңызға ие болып отырған мәдениетаралық және өркениетаралық диалогті нығайту жолында трендтерді бетке ұстау.Бүгінгі күні еуропалық қауіпсіздік ұғымына тек дәстүрлі Еуропа мен еуроатлантикалық байланыстар емес, сондай-ақ Еуразияның кең-байтақ кеңістігі де кіреді. Сондықтан, Қазақстан еуропалық қауіпсіздік мәселелерін талқылауда ортаазиялық мүддені ескеріп, Ауғанстан мәселесін кіріктіре отырып, осы аймаққа ЕҚЫҰ қызметінің аса қажеттігіне баса көңіл аударды. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімдегі қоғамды құруда озық тәжірибеге ие болған Қазақстан мәдениетаралық диалог пен төзімділіктің ЕҚЫҰ кеңістігінде өзекті мәселе екендігін атап көрсетті. 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінің қорытынды құжаты ретінде астана декларациясы қабылданды. Ел президентінің пікірінше, Астана декларациясының қабылдануы еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздіктің біртұтастықта болуына жаңа негіз салып берді. «Біз дүниеге Батыс пен Шығыс немесе түстік пен теріскей деген кереғар түсініктермен емес, ендіктер мен бойлықтар үйлескен тұтас әлем ретінде қарауымыз керек. Сондықтан, біз бүгін Астанада еуроатлантикалық және еуразиялық біртұтас қауіпсіздікті қалыптастыру жолына қадам бастық», - деді өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев.
3. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының аумағын карта бойынша анықтаңыз.

ХVІ ғ. басында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлігін өз қол астына қаратты.Бұл кезде Қазақ хандығының шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сырдария бойындағы қалаларды қосып алды. Батыс Солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы бастапқы кезде Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығында, өмірінің соңғы кезінде Сарайшықта отырып, билік жүргізді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет